Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата26.01.2017
өлшемі17,27 Mb.
#2758
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Г Т О

шшт
•* 
~ П Т і і і   ■ П
і
Ж
і
Г і
М
І М
Ш
ИВЯкпИіях
н

т

N

ШШ0
К^.ірықбай  Мазанұлы  Алдабергенов,
Ерлан  Мұхтарұлы  Арын, 
Бақыт  Тілеубайіфізы  Баткеева
БІР  ТУАР  ДАРА 
ТҮЛҒАЛАР
Павлодар
2003

ББК 83.3 (5 каз) 
А-86
Қ.М.  Алдабергенов,  Е.М.  Арын,  Б.Т.  Бапхкеева
Бір  туар  дара  тұлғалар.  -   Павлодар  «Университет  баспа  орталығы»,
2003 -   «ЭКО»  Ғылыми  өндірістік  фирмасы  -  364  бет.
І8ВЫ  9965-610-27-1
Пікір жазғандар:
Мәпік-Аидар Хашпемірулы Асылбеков
 -  ҚР ҮҒА-ның академигі, тарих ғылы- 
мының докторы, профессор
Сагымбай Қабашулы Қозыбаев
 -  ҚР Журналистер Академиясының президенті, 
тарих ғылымының докторы, профессор
Қайдар Сеысенбаиүлы Алдажуманов
 -  ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы та- 
рих және этнология  институты директорының орынбасары, тарих  ғылымының 
кандидаты, профессор
Жарылқасын Нусқабаев
 -  «Білім» баспасының директоры, жазушы
Кітаптың алғы сөзін жазған Қазақстан халық жазушысы 
-Дихан баба Әбілев.
Кітаптың жауапты редакторы Павлодар облысы бойынша ақпарат және қоғам- 
дық келісім басқармасының бастығы 
-  Жеңіс Мананбаев.
Бұл кітапта Баянауыл өңірінен  шығып, соңына өлмейтүғын сөз қалдырған —
 
Бүқар жырау Қалқаманүлы, Көтеш, Жанақ ақындар, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, С.То- 
райғыров, Ж.Аймауытов, Қ.Тайшықов, Қ.Кемеңгеров сияқты көптеген ақын-жа- 
зушылардың өмір-жолдары мен творчестволық шеберліктері және туған халқы- 
ның нүрлы болашағы үшін білектің күшімен қатар білімнің қүдіреті арқылы да 
күресе білген Қалқаман, Сәти, Олжабай, Жасыбай батырлар, Едіге, Айдабол, Шоң, 
Шорман билермен қатар Қ. Сәтбаев, Ә. Марғүлан, Ш. Шөкин, Е. Бекмаханов, Ж. 
Досқараев сынды ғалымдардың жарқын бейнелері корсетіліп қана қоймай, бүкіл 
қазақ халқының рухани  байлығының, яғни  өнер мен мәдениетінің де мақтаны- 
шына айналған Жарылғапберлі, Жаяу Мүса,  Кәукен тектес әнші-күйші, сазгер- 
лердің де үрпақтан-^рйқ^ауысқаіідәстүр жалғастығы сөз болады.
ІЗВЫ  9965—
610—
27А-1 
•  ■
 
Ш
И   /
.4702250202  /
'
'
/
А
 
--------------------  
I
 
Г л  
* ' 
' 1  
I
001 (05) 103  '------ 
'•>.  /
© АлдШер?1шіқ|С.М
© Павлодарский государственный университет им. С.Торайгырова, 2003.
© Научно - производственная фирма «ЭКО», 2003.

2
Бул  еңбегімізді  аяулы  аналарымыз -   Шәмиіі  Сүлтанәлщызы, 
Райхан  Бердіқожақызы,  Нуркен  Боранбайқызы 
және  асқар  таудай  әкелеріміз
 -  
Мазан  Алдабергенулы, 
Мухтар 
Ғалиулы,  Тілеубай  Бәткейулдарына  арнаймыз.
Ө Т К Е Н   X X   Ғ А С Ы Р   С О Ң Ы   2 0 0 0 - Ш Ы   Ж Ы Л Ы  
Б А Я Н А У Ы Л   К Д Л А С Ы Н Ы Ң   І Р Г Е   Т А С Ы Н Ы Ң  
К Д Л А Н Ғ А Н Ы Н А   170  Ж Ы Л   Т О Л С А ,   А Л   Б И Ы Л ,  
Я Ғ Н И ,   2 0 0 3 - Ш І   Ж Ы Л Ы   Б А Я Н А У Ы Л   Д У А Н Ы Н Ы Ң
Ң Ү Р Ы Л Ғ А Н Ы Н А   170  Ж Ы Л

А Л Ғ Ы   С Ө З
Баянауыл  өңірі -   қазақ  еліне  Бүқар  жырау  Қалқаманұлы,  Көтеш 
Райымбекұлы,  Сақау  М әукеұлы ,  М әш һұр  Жүсіп  Көпеев,  Сұлтан- 
махмұт  Торайғыров,  Ж үсіпбек  Аймауытов,  Қош мұхамет  Кемеңге- 
ров,  Қадыр  Тайшықов,  Сәдуақас  Шорманов,  Зейтін  Ақышев,  Зейін 
Шашкин,  Қалижан  Бекхожин,  Қалмүқан  Исабаев,  Олжас  Сүлейменов 
сынды  ақын-жазушылармен  қатар  Едіге,  Шоң,  Шорман,  Қалқаман, 
С әти,  С үйіндік,  Бөкенбай,  Ш отана,  Ш оқпар,  О лжабай,  Ж асыбай, 
Айдабол,  Торайғыр,  Мұса  Шорманов  сынды  би-батырлар  мен  қоғам 
қайраткерлерін,  Әбікей  Сәтбаев,  Жұмат  Досқараев,  Қаныш  Сәтбаев, 
Әлкей  М арғүлан,  Ә бікен  Б ектүров,  Ерм ұқан  Бекм аханов,  Х амза 
Жұматов,  Серікбай  Бейсембаев,  Шапық  Шөкин,  Арықтай  Қайыпов, 
Әбілқас  С ағы нов,  Ж ақан  Ержанов,  Кемел  Ақыш ев,  Ш әмш иябану 
С әтбаева  сияқты  ағартуш ы лар  мен  ғүлама  ғалы мдарды ,  М ұстафа 
Бүркітбайұлы,  Ж арылғапберді  Ж үмабайұлы,  Қали  Байжанов,  Жаяу 
Мүса,  Ж ұмат  Ш анин,  Шәкен  Айманов,  Кәукен  Кенжетаев  сияқты 
көптеген  өнер  иелерін  дүниеге  әкелген  қасиетті  жер.
Бұл  елден  Қ.Сәтбаев  бастаған  Үлттық  Ғылым  академиясының  25 
академиктері  және  200-ге  тарта  ғылым  докторлары  мен  кандидаттары 
шыққандығын  айтсақ  та  жеткілікті.  Оның  үстіне  бүған  ондаған  ақын- 
жазушылар  мен  өнер  және  мәдениет  қайраткерлерін  қоссаңыз  киелі 
топырақтың  құнарлығына  таңданбасқа  амалыңыз  жоқ.
Мен  өзім  осы  өңірде  туып,  өстім.  Арғысы  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев, 
Жаяу  Мүса,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  бергісі  Қаныш,  Әлкей,  Ша- 
пық,  Зейін,  Зейтін,  Шәкен,  Кәукен,  Қалмұқандармен  аралас-құралас 
өмір  сүрдім.  Бұлардың  барлығы  да  халқы  үшін  қызмет  еткен,  етіп  келе 
жатқан  азаматтар.  Қазақ  халқы  үшін  патша  өкіметі,  одан  соңғы  ке- 
ңестік дәуір де оңайға соқпағаны  белгілі.  Әсіресе,  сонау  «Алқакөл сұла- 
ма,  ақтабан  шұбырындыдан»  бастап  «Асыра  сілтеу  болмасын,  аша тұяқ 
қалмасын»  заманы  аралығына  дейінгі  кезеңде  қазақтар  тек  озбырлық 
пен  бодандықтың  ащы  дәмінен  басқа  ешбір  жақсылық  көрмеді  деп 
айтуымызға  болады. 
>  -  • 

Сөйте  түра,  біздің  ата-бабаларымыз  өмірден  түңілмей,  болашақ- 
тарынан  мол  үміт  күткен.  Болашақ  үшін  күрескен.  Болашақ  үшін  жан

беріп,  жан  алысқан.  Жоңғардан  да,  қалмақтан  да,  орыс,  шүршіттен  де 
айылын  жимай,  керек  жерінде  қарумен,  әйтпесе  бауырмалдық,  дос- 
тықпен  жүнін  жығып,  адамгершіліктің  биік  мәнісін  танытып  отырған. 
Мәселен,  өз  кезеңінің  ақылгөй,  данышпаны  Бүқар  жырау  Қалқаман- 
үлы  үш  жүздің  басын  қосқан  Абылай  ханды  бірде:
Ллтын  тақтың  үстінде,
Үш  жүздің  басын  қүрадың.
Жетім  менен  жесірге,
Ешбір  жаман  қылмадың.
Әділетпен  жүрдіңіз,
Әдепті  текке  кірдіңіз.
Арманың  бар  ма,  хан  ием,
Мәртебелі  төбеге,
Жауыңды  алып  ж айладың,-
деп  мадақтаса,  енді  бірде:
Ай,  Абьілай,  Абылай,
Жеңбеген  жауың  қалмады-ау,
Алмаган  жерің  аз  қалды-ау.
Бетке  алсаң  әсте  қоймадың,
Алсаң  тагы  тоймадың,
Несібеңді  елден  ойладың.
Атаңды  білмес  қүл  едің,
Ата-тегіңді  сүраса,
Арһар  үранды  жан  едің,
Қай  жеріңде  тәре  едің?!
Жүлдызың  туды  оңыңнан,
Жан  біткен  ерді  соңыңнан.
Он  сан  Алаш  баласын,
Жусаган  қойдай  әргіздің.
Жүмсап  жүрсің  қолыңнан,
  —
деп  ханға  тура  тілмен  сөйлеп,  тәубаға  келуін  қалады.
Ал,  туған  халқының  ауыр  жағдайын  ойшыл  жырау:
Шүршітпенен  қүлақтас,
Қыргызбенен  жүбатпас
.
Ортасында  үйлыгып,
Кетпейін  десе  жері  тар,

6
Кетейін  десе  алды-артын,
Қориіап  алган  кәпір  бар.
Үйлыққан  қойдай  қамалып,
Буйірінен  шаншу  қадалып,
Сорлы  қазақ,  қалды  ойла!
 -
деп  тереңінен  ашып  көрсете  алды.
Оның  бүл  жан  айқайын  ел  жақсылары  мен  би-батырлары  бір  ауыз- 
дан  қолдап,  іске  кіріскен.  Сол  қиын-қыстау  кезеңде  бір  ғана  Баянауыл 
өңірінен  шүршіт,  қалмақ,  жоңғарларға  қарсы  Баян,  Қалқаман,  Сәти, 
Сүйіндік,  Бөкенбай,  Шотана,  Шоқпар,  Олжабай,  Жасыбай  батырлар 
қолдарына  қару  алып  шықты.  Ал,  Едіге,  Шоң,  Шорман,  Торайғыр  би- 
лер  болса  ел  арасындағы  бірлікті  сақтауға,  үш  жүздің  басын  қосуға 
күш  салды. 
і
г  •
Бүдан  соң  тарих  сахнасына  Мәшһүр  Жүсіп,  Сүлтанмахмүт  ақын-
дар  шықты.  Олар  ескілікпен  ғана  күресіп  қоймай,  сол  кездегі  қоғам
қүрылысына,  патша  өкіметінің  отарлау  саясатына  ашық  қарсылықта-
рын  білдірді.  Кейін  30-жылдардың  нәубәтіне  үшыраған  Жүсіпбек,
Қошке,  Қадыр,  Зейіндер  де  бүкіл  қазақ  халқы  үшін  қызмет  істеп, 
әділдік,  теңдік  іздеген  азаматтар  болатын.
Жер  қойнауының  білгірлері  Бүқарбай  Тәшімов  пен  Қосым  Пішен-
баевтар  сонау  патша  үкіметінің  түсында-ақ  жер  асты  байлықтарын  ел
игілігіне  айналдыру  мақсатында  қызмет  істеген  көкірегі  ояу  жандар
болған.  Олар  көздерінің  тірісінде  100-ден  астам  маңызды  кен  орында-
рын  тауып,  ашып  көрсеткен.  Соның  бірі  қазіргі  Екібастүз  көмір  орны.
Бүлардан  соң  өмірге  Қ.Сәтбаев  бастаған  Ә.Марғүлан,  Ә.Бектүров,
Ш.Шөкин,  Ә.Сағынов,  Х.Жүматов,  С.Бейсембаев,  Ж.Ержанов  сынды
академиктер  келді  дүниені  таңқалдырып.  Бүл  адамдар  қазақтар  жар-
тылай  жабайы,  көшпенді,  сауатсыз,  қолдарынан  түк  келмейді  деген  ла-
қап  сөздің  түбірімен  дүрыс  емес  екендігін,  керісінше,  қазақ  халқының
әр  нәрсеге  бейім,  әдебиет,  ғылым,  өнер,  мәдениет түрғысынан  өте  биік 
түрған  халық  екендігін  дәлелдеп  берді.
Осы  орайда  Баянауыл  өңірінен  өнерімен  аты  шыққан  Жарылғап- 
берді,  Жаяу  Мүса,  Жүмат  Шанин,  Шәкен  Айманов  пен  Кәукен  Кенже- 
таевтарды  да  орынды  мақтан  түтуымызға  болады.  Міне,  осы  жайлар- 
дың  барлығы  да  қүрметті  оқырман  алдарыңызда  жатқан  кітап  ішінде 
толық  болмаса  да  бірсыдырғы  жазылған  деп  айтуымызға  болады.  Се- 
бебі,  жоғарыда  айтқанымыздай,  бір  кітаптың  көлеміне  ондаған,  жүзде-

7
ген  асыл  азаматтардың  жақсылық  істерін  жинақтап  беру  мүмкін  емес. 
Сондықтан,  бүл  тек  жақсы  істің  бастамасы  ғана  деп  түсінгеніміз  жөн. 
Отаны,  елі,  жері,  туған  халқы  үшін  жан  аямай  қызмет  еткен  ата-баба- 
ларымызға,  олардың  соңдарынан  ерген  абзал  азаматтарға  бір  емес,  он 
кітап  арнаса  да  көптік  етпейтіндігі  бәсенеден  белгілі.  Олай  болса,  осы 
еңбекті дүниеге әкелген  азаматтарға алғыстан басқа айтар тілегіміз жоқ.
Д И Х А Н   ӘБІЛЕВ,
халы қ жазуьиысы

Б І Р І Н Ш І   Б Ө Л І М  
Б І Л Е К Т І   Б І Р Д І ,  Б І Л І М Д І   М Ы Ң Д Ы   Ж Ы Ғ А Д Ы
1.  Ңарадан  шығып  хан  болған  —  Ш оң  мен  Шорман  билер
1917  жылғы  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  байырғы  әдет-ғұрып  х а н -
билер  кеңесінің  «Ережелеріне» -   келісім  шарттар,  атақты  ел  басшыла-
рының  естеліктері  мен  биліктері,  түйінді  шежірелері,  сонымен  бірге
қазақ  жерінде  қолданылған  Ресей  империясының  заңдары  және  мүсыл-
мандық  шариғат,  қүқық  нормалары  жатады.  Әдет-ғүрыптардың  пат-
риархальды-феодалдық  нормалары  хан  мен  үш  жүздің  атақты  билері
бас  қосқан  кеңесінде,  заңдар  жинағы  ретінде  қабылданып,  ғасырлар
бойы  ауызша  сақталып,  сол  түстағы  ханның  атымен  «Қасым  ханның
қасқа  жолы»,  «Есім  ханның ескі  жолы»,  «Жеті  жарғы»  (Тәуке хан заңы) 
атанды. 
^
ХУІІ-ХІХ  ғасырларда  өмір  сүрген,  даңқы  үш  жүзге  тараған  билер 
Төле,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Әйтеке,  Шақшақүлы  Жәнібек,  Едіге,  Бек- 
болат  т.б.  «Жеті  жарғыны»  жазуда  атсалысып,  оны  жатқа  білген  және 
дау-шарды  шешу  үшін  кеңінен  қолданған.  XIX  ғасырдың  екінші  жар- 
тысы  мен  XX  ғасырдың  басында  қазақ  билерінің  төтенше  қүрылтайла- 
рында  жаңа  сипатты  «Ережелер»  қабылданып,  әдептік  қүқыққа  қосым- 
ша,  жаңа  деректер  енгізді.  Әлеуметтік  қатынастың  дамуына  сәйкес 
Ресей  империялық  заңдарына  сүйеніп,  соттық  істерді  жазбаша  жүргізу, 
үкім  мен  шешімдер  қабылдау,  айыпты  ақшалай  төлету  қылмысты  іске 
түрме,  жер  аудару  жазасын  кесу,  соттаушының  бас  бостандығына  шек 
Қою  т.б.  қүқық  нормалары  өріс  ала  бастады.  Ресей  империясы  қазақ

еліне  өз  үстемдігін  нығайту  максатымен  түрліше  арнаулы  заңдар  да 
(мысалы,  1822-24  ж.ж.  Сібір  қазақтарын  басқару  жарғысын,  1867-68
ж.ж.  Губерниялық  реформалар  т.б.)  шығарды.  Бүл  заңдар  бойынша 
қазақ  өлкесінде  хандық  жойылып,  әкімшілік,  сот  қүрылысы  бюрокра- 
тиялық  үстанымдарға  негізделді.  Ежелгі  әдет  қүкығына  шек  койылды.
Шоң  би  Баянауыл  округі  ашылғанда  Сібір  генерал-губернато- 
ры  ол  кісіні  аға  сүлтан  етіп  тағайындаған.  Сібір  генерал-губернато- 
ры  1822  жылы  Орта  жүз  қазақтарын  билеудің  жарғысын  жасады. 
Сол  жарғы  бойынша  хандық  жойылып,  орта  жүз  бірнеше  округқа 
бөлінеді.  Ал,  Шоңның  Баянауыл  дуанына  аға  сүлтан  болып  қойыл- 
ғаны  туралы:  «Біз  ашылуы  көзделіп  отырған  Баянауыл  дуанына  өз 
еркімізбен  кіру  арқылы  үлы  падишахтың  қайырымды  қамқорлығын- 
да  болатынымыз  туралы  осы  сенім  қағазға  Төртүлы  Айдабол  стар- 
шыны  Дулат  Олжабаев  таңбасын  салды »,-  деген  дерек  бар  [1].  Се- 
бебі,  ертеректе  қазақ  арасында  «Бөліп  ал  да,  билей  бер»  үстанымы- 
мен  тараған  шектеусіз  дау  бойынша  Шыңғысхан  үрпағы  Баянауыл 
ө ң ір ін е   а й т а р л ы қ т а й   ы қп ал   ж ү р г із у г е   т ы р ы с қ а н .  Б ір а қ ,  оған  
жергілікті  зиялылар  үнемі  қарсылық  көрсетіп  отырған.  Бүл  туралы 
Ш.Уәлихановтың  жазбаларында  Шоң  мен  Шорман  «өте  күшті  ықпа- 
лы  бар»  адамдар  деген  айғақты  деректер  бар.
Оның  үстіне  1897  жылы  Павлодар  уезі  бойынша  патша  әкімшілігі 
тарапынан  халық  санағы  жүргізілген.  Сол  санақтың  қорытындысында 
Баянауыл  тоңірегін  мекендейтін  ел  туралы:  «Ақтабан  шүбырындыдан 
кейін  Қ арж ас,  Қ үлболды ,  Ж ан болды ,  О рманш ы   рулары   бірігіп  
«Төртүлы»  деген  одақ  қүрып,  осы  өлкеге  келіп  Қызылтау  төңірегін 
қыс  қыстау  етіп,  Ақмола  уезінің  солтүстік  жағын  жаз  жайлау  еткен. 
Итемген,  Мамай  көлдерінің  аттары  солардың жағасында туған  Төртүлы 
билерінің  аттарымен  аталған», -   деп  жазылған.  «Төртүлы»  одағын  ал- 
ғаш  XVIII  ғасыр  басында  Шорманның  атасы  Сәти  жасаған  болса,  оны 
заманына  сай  қүрған  Шоң  би.
Осыған  орай  «Орыс-қазақ  қарым-қатынасы»  деген  еңбекте,  «1771- 
1867  жылдар  аралығында  қазақ  өміріне  байланысты  жүргізген  қағаз- 
дарда»,  соның  268-ші  бетінде  Н.Берденов  деген  биді  көпес  қатарына 
алу  жонінде  1834  жылы  жазылған  хат  тіркелген.  Хат  мазмүны:  «Омбы 
облысы  бастығының  осы  жылғы  22-ші  майдағы  (№ 1695)  қатынас 
қағазына  аға  сүлтан,  би  Шоң  Едігин  Н.Берденовтың  935  жылқысы,  814 
қой,  25  ешкісі,  19  сиыры,  әке-шешесімен  әйелі  бар,  бірақ  баласы  жоқ» 
деп  жазады.

Осыған  орай  Шоңның  жеке  басының  қадір-қасиетін  аша  түсетін 
тағы  бір  дереккөз  бар.  Бүл  орайда  округтың  аға  сүлтаны  Түрсын  Шың- 
ғысов  1825  жылы  Омбы  облысының  бастығына  жолдаған  хатында: 
«Дінсіз  Шоң  Қарқаралы  округі  ашылғанда  аға  сүлтанға  қызмет  еткісі 
келмей,  ант  беруден  бас  тартқан,  яғни  маған  бағынбай  кетті.  Ол  орыс- 
тар  атам  Бөкейді  хан  сайлағанда  оған  да  бағынбаған.  Бүгінде  ол  Шан- 
шар  руын  «Қарқаралы  округінен  шығып  Төртүлы  одағына  қосылың-
дар  деп  азғырып  жүр», -   деп  жазған.
1822  жылғы  жарғы  бойынша  қазақ  даласы нда  алғаш  екі  округ
ашылғанды.  Уәлихан  қайтыс  болғанда,  оның  мүрагер  үлкен  үлы  Ғүбай- 
долла  саяси  түтқында  отырады.  С онды қтан,  1821-1834  жылдары 
Шыңғыстың  анасы  Айғаным  басқарды  деген  деректер  де  бар.
1812  жылы  Барақ  ханның  үрпағы  Бөкей  Сібір  генерал-губернатор- 
лығына  хан  болғысы  келетіндігі  туралы  ойын  білдірген.  Ол  губерна- 
тордың  қазақ  билеріне  Бөкейді  хан  сайлауға  қалай  қарайтындары 
жөнінде  губернатор  сауал-жауап  алады.  Сонда  Шоң  би  «губернатор- 
ларға  «қазаққа  ханның  керегі  жоқ», -   деп  тіке  айтады.  Шоң  би  үлкен 
де,  білікті  адам  болған.  Елді  ақылмен,  әділ  және  іскер  басқарғаны  сон- 
ша,  оның  билігіне  хандар  да  қызыға  қараған.  Ол  заманда  төрелер  қара 
халықты  салық  сала  отырып,  қатты  қинаған.  Шоң  би  халықты  төре- 
лердің  ықтиярына  беріп  қойған  жоқ.  Ол  өмір  бойы  хандыққа  қарсы 
болған.  Қазақ  даласында  ескіден  қалыптасып  келген,  ол  кезде  басқа- 
лар  хансыз  елді  қалай  басқаруға  болады  деп  болмысқа  бас  иген  ескі 
дәуірді  ол  кісі  мансүқ  еткен.  Шоң  соларды  өзі  билеген  аймақтардан 
аластатып,  халқының  шексіз  сүйіспеншілігіне  бөленген.
Омбы  облысының  бастығы  С.Б.Броневский  Қарқаралыдағы  орыс 
жүздігінің  бастығы  И.С.Карбышевке:  «Ғүбайдолланың  шаңын  баса 
алатын  жалғыз  адам  сол  далада  Шоң  би  ғана.  Ықпалды  төрелерге  осы 
жөнінде хат жазып едім,  бірде-бірі  үндемейді.  Сіз  осы  жөнінде қүрметті 
биге  жолығыңыз», -  дейді.  Кезінде  Шоңның  мінезі  орыс  шенеуніктерін 
қатты  ойландырған.
1824 
жылы  Шоң  мен  Шорман  жазған  хаттарында  губернатордан 
Ғүбайдолла  мен  Торайғырды  түтқыннан  босатуын  сүрайды.  Мүны 
Омбы  облысының  бастығы  елеусіз  қалдырмайды.  Ол  Ғүбайдолла  мен 
Торайғырды  босатады  және  жайлауына  жетісімен  өзінің  аға  сүлтан- 
дық  қызметін  атқаруға  шақырады.  «Төртүлының»  ашылып  жатқан 
округтерінің  бірде-біріне  бағынбауы  орыстардың  дала  ісін  басқару 
жүмысына  кедергі,  тосқауыл  жасайды.
10

:
11
1825 
жылы  Қарқаралы  округындағы  әскер  бастығы  И.С.Карбышев- 
ке  хат  жазып:  «Елді  билеу  мәселесінде  Шоңның  не  ойы  барын  сүра, — 
деген.  Бүған  Шоң:  «Баянауылда  округ  дуанын  ашсаңыздар,  мен  шапа- 
ғаты  мол,  аса  қайырымды  патшаның  қол  астына  кіріп,  оның  нүсқаула- 
рын  орындап  отыруға  бармын», -   дейді.
Осында,  Омбы  бастығы  Шоңға  өтініштерін  қабылдаганын,  енді  Ре- 
сейге  ант  беру  керектігін  айтады.  1826  жылдың  9-шы  наурызында  Шоң 
бастаған  332  адам  мүз  қүрсауында  жатқан  Ертістен  өтіп,  Керекуде 
ант  береді  де  облыс  бастығына:  «Баянауыл  округін  ашқанда  біздің  де 
тіліміз  бен  әдет-ғүрпымызды  білетін  және  аңқау  халқымызға  қайыры- 
мы  мол,  шенеуніктер  тағайындаңыздар», -   деп  жазады.
Орыс  жағынан  Баянауыл  округына  тікелей  қатысты  шаруамен  ал- 
ғаш  келген  Леденов  деген  старшина  1830  жылы  жайлауларды  аралап, 
рулардан  Ресей  бодандығына  кіретіндері  жөнінде  ант  алады.  Осы  са- 
парында  ол  Шоң,  Шорман  көмегімен  2095  ауыл,  21700  түтіннен  ант 
жинайды.
Омбы  облысы  және  Сібір  корпусының  штаб  бастығы  С.Б.Бронев- 
ский:  «Орта  жүздің  көптеген  билері  мен  старшындары  өз  халқының 
арасындағы  салмақтарын  сақтай  отырып,  Россияға  шынайы  берілген- 
діктерімен  көзге  түседі.  Бүлардың  ішіндегі  ең  атақтылары  би  Шоң 
Едігин мен  Шорман...», -  деп  өз  кезінде жоғары  баға берген.  1833  жылы 
Баянауыл  округына  Шоңды  аға  сүлтан,  Шорманды  кандидат  етіп  та- 
ғайындайды.
Шоң  мен  Шорман  билер  қазақ  халқының  болашағын  орыстарға 
жақындасудан  көрген  екен.  Орта  жүз  даласында  қала  салуды,  халық- 
ты  отырықшылдыққа  айналдыруға  бастаған.  Патша  бекіткен  жарғы- 
ның  темірдей  қатаң  баптарын  бүздырып,  қазақта  қарадан  түңғыш  аға 
сүлтан  болған  Шоң  мен  Шорман  билер  халықтың  қанша  заман  өтсе  де 
үмытылмас  кемеңгер  үлдары  болып  қала  береді.


Е Л  
М Е Н   Ж Е Р Д ІҢ   Н А М Ы С Ы Н   К .О Р Ғ А П   К Д Л Ғ А Н
(Баян,  Қалқаман,  Сәти,  Сүйіндік,  Бөкенбай,  Шотана,
Шоңпар, 
Олжабай,  Жасыбай  батырлар)
Қалмақ,  жоңғарлармен  соғыс  кезінде,  жан  алысып,  жан  беріскен 
түста  қазақтардың  арасынан  қол  бастап,  жауға  шапқан  хас  батырлар 
көптеп  шыққан.  Халқымызды  бодандықтан,  жерімізді  талан-таражыға 
салудан  аман  сақтап,  алып  қалған  солар  болатын.  Міне,  осындай  атақ- 
ты,  халыкқа  бір  табан  танымал  ержүрек  батырлар  Баянаула  маңынан  да 
көптеп  шыққан.  Олар  Баян  батыр,  Қалқаман батыр,  Сәти  батыр, Сүйіндік 
батыр,  Бөкенбай  батыр,  Шотана  батыр,  Шоқпар  батыр,  Олжабай  ба- 
тыр,  Жасыбай  батыр,  Олжабайдың  баласы  Жалаңтөс  батырлар.
Енді  қолда  бар  деректер  мен  ел  аузында  сақталып  қалған  әңгіме- 
лер  негізінде  осы  батырлардың  өмірбаяндарына  қысқаша  болса  да тоқ-
талып  көруге  тырысалық.
Қалкаман  батыр.  Р у ы -   Арғын  ішінде  Қаржас.  Тәуке  ханның  90 
мың  колын  басқарған  атақты  қолбасшы  А қш аның  сарбазы  болған. 
Көбінесе  жеке  ерлігімен  аты  шыққан.  Қазір  оның  атында  Павлодардан 
90  шақырым  жерде  Қалқаман  деген  үлкен  елді  мекен  бар.  Батырдың 
сүйегі  де  сол  жерде  жерленген.  Бүл  атақты  Бүқар  жыраудың  өкесі. 
Екінші  батыр  Едіге  бидің  түстасы  Сәти  болып  табылады.  Руы -   Қар- 
жас.  Аумалы-төкпелі  заманда  Ходжентке  көшіп,  одан  1729  жылы  ру- 
ластарын  туған  жерге,  яғни  Баянауылға  қайтадан  көшіріп  алып  келеді. 
Осы  түста  Сүйіндіктен  шыққан  Баян  баты р,  Ер  Олжабай,  Жасыбай- 
лар  Сәтимен  қатар  Абылай  ханның  үлкен  қүрметіне  ие  болғандығын
айта  кетуіміз  керек.

Ал,  келесі  батырлар  туралы  «Анамның  шыққан  жері  Сүйіндіктен» 
деп  Мүхамед  Салық  жазған  «Шәйбанинамадағы»  жойқын  соғыстарда 
қолбасшы  болған  және  Түркістан,  Еділ  қалмақтарымен  болған  соғыс- 
та  қазақ  қолына  жеңіс  әперғен  дарынды  қолбасшы  Сүйіндік  батыр 
мен  Бөкенбай  жөнінде  Қожаберғен,  Дәстем  тарихи  қисса  жазған  екен. 
Онда  мынадай  жолдар  бар:
Сүйіндік  аргын  Бөкенбай,
Бозқозы  ердің  баласы.
Қазақты  жаудан  қоргап  тур,
Келгенініие  шамасы.
Орманшы  ақсары  Шотана  батыр  туралы  Мәшһүр  Жүсіп:  «Қызыл- 
тауда  Шотана  тасы  деғен  тас  бар.  Шотана  батырдың  үйі  сол  тастың 
түбінде  отырғанда  қорадан  екі  өғізін  түнде  үры  үрлап  кетіпті.  Алаке- 
уімнен  түрегеліп,  өгізді  үры  алып  кеткенін  біліп,  Шотана  батыр  тас- 
тың  басына  шығып  айғай  салыпты:
-  
Тастап  кет  менің  өгізімді,  атым  Шотана,  жердің  тесігіне  тығыл- 
саң  да  қоймаймын, -   дегенде  алған  үрылар  Түндіктің  өзенінен  асып 
барады  екен.  Артымыздан  қуып  келіп  қалған  екен  ғой  деп  малды  тас- 
тай  сала  қашқан  екен», -   деп  жазады  [2].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет