жасырмаған. Шөп басының қи мыл да ға-
нын соққан желден көруші едік қой. Ен-
рас. Қалай дегенде де ел эко но ми ка сын-
жол бер ген. Ресей Ішкі істер министрлігіне
қар жыны сүлікше сорған. Осындай опе-
млрд доллар қаржы шығарылыпты. Бұл
кен. Ал бұл қи сынға салып қарасақ, дағ-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№72 (298) 6.05.2010 жыл, бейсенбі
www.alashainasy.kz
3
e-mail: info@alashainasy.kz
Басы 1-бетте
ОЙ-КӨКПАР
Сұлушаш ҚУАТЖАНОВА,
Алматы қалалық балалар құқықтарын
қорғау департаментінің директоры
Айгүл ШӨПШЕКБАЕВА,
Алматы қалалық ІІД Кәмелеттік жасқа
толмағандар ісі бойынша инспекциясының
бастығы, полиция полковнигі
Отбасы ажырасқан кезде баланы
тек анасында қалдыру дұрыс па?
Өйткені қол даныстағы заң бойынша
бала 11 жасқа дейін анасымен бірге болуы
қажет деп айтылған. Ал 11 жастан кейін
анасымен немесе әкесімен қалуды ба-
ланың өзі шешеді. Осы жасқа толмаған
балалар үшін әдетте кімде қалдыру қа-
жеттігін сот шешеді. Ал сот шешімі көбіне
анада қалдыруды көздейді.
Әрине, бала үшін ана мен әкенің
қатар отырғанына не жетсін! Алайда ер-
лі-зайыптылар әртүрлі жағдайлармен
ажырасып жатқаны өкінішті. Ал мұның
нәтижесінде бала күйзеліске ұшырайды.
Оның үстіне көп жағдайда анасы баланы
әкесіне қарсы тәрбиелеп, көрсетпейді.
Мұндай жағдайда бала әкесінен мүлдем
алыстап кетеді. Ана баласын алып ал-
ғанымен қоймай, үнемі баласын әкеге
қарсы қойып отырса, ерегіскен әкелердің
алимент төлемей қоюы әбден мүмкін.
Өз кезегінде әйелдер эмоцияға тез бері-
летіндіктен, кейде ішкілікке немесе жеңіл
жүріске салынып, бала қараусыз қалып
жатады. Мұндай жағдайда бала нендей
күй кешеді? Яғни аналарға да әрқашан
сене беруге болмайды. Сондықтан шешім
шығарғанда сот төрағасы бала үшін ата-
анасының қайсысы жақсы тәрбие бере
алатынын, қайсысының бала үшін орны
бөлек екенін мұқият анықтауы керек.
Әсіресе ер бала тәрбиесіндегі әкесінің
орны бөлек. Әкесі де баласын өзінде
қал
дыруға мүдделі болған жағдайда
мұны сот төрағасы ескеруі тиіс. Бұрын ер
адамдарымыз түзде жүріп, балаларының
қасында көбінесе аналары болатын болса,
бүгінде көбінесе балаларының қасында
әкелері отыратындар да кездеседі. Мұн-
дай жағдайда балалары аналарынан гөрі
әкелеріне бауыр басатыны сөзсіз.
Тек ананың мүддесін ескергеніміз
соншалық – кейде ерлер балалары-
нан ға на айырылмайды, бала анасын-
ҚОҒАМ
Әуезнұр ҚАЖЕНОВ, Павлодар облыстық сотының төрағасы:
– Заң бойынша ананың да, әкенің де балаға деген құқығы бірдей. Өз
басым сот процесі кезінде ананың да, әкенің де жағдайын мұқият саралай
келіп, неғұрлым балаға ыңғайлы әрі бала тәрбиесіне жауапты әкенің
немесе ананың қолында қалдыру керек деп ойлаймын. Екеуінің де балаға
деген құқықтарының бірдей екенін ескере отырып, екеуіне тең дәрежеде
қарау керек.
БЕЙТАРАП ПІКІР
Дайындаған
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
Арықбай
АҒЫБАЕВ,
заң ғылымының
докторы:
Атамұрат
ШӘМЕНОВ,
экономика
ғылымының
докторы:
Мұрат
ӘБЕНОВ,
Мәжіліс
депутаты:
? А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л
Дайындаған Серік ЖҰМАБАЕВ
– Бізде экологияға қатысты БҰҰ тарапынан біраз талаптар бар, оның
үстіне әр мемлекеттің өзінің заңдары бар. Оны орындауға кез келген ком-
пания міндетті. Егер орындалмаса, қоршаған ортаға, адамзатқа, жан-
жануарларға кері әсер етеді. Ауа ластанса, ол барлық тіршілік атаулыға
зиянын тигізеді. Оны орындатудың жолы көп. Мәселен, бізде экология-
ны бұзғандарға аздаған айыппұл төлетеді. Бұл дұрыс емес. Шектіріл-
ген зиянның ақысын екі-үш есе емес, он есеге дейін ұлғайту қажет. Егер
шетелдік инвесторлар мұндай талаптарды бір емес, бірнеше рет бұзса,
онда келісімшартты жойып, басқа экологиялық талаптарды сақтайтын
инвесторлармен жұмысты жалғастыру керек. Бұл жерде келісімшартты
бұзсақ, инвесторлардан айырылып қаламыз деп қорқудың керегі жоқ.
Өйткені Қазақстанға келіп, мұнай, уран өндіргісі келетін шетелдік инвес-
торлар өте көп. Олардың барлығы Қазақстанның қазба байлығын алуға
ұмтылып отыр. Тек талапты орындамағандары болса, олармен жұмыс
істеуді тоқтатып, басқа инвесторлармен келісімшартқа отырғанымыз
жөн. Сонда ғана жұмыстың нәтижесін көреміз.
Еліміздегі шикізат өндіруші компанияларға экологиялық талаптарды барынша күшейтетін уақыт жеткен жоқ па?
– Әрине, АҚШ-тағы мұнай апаты бізге үлкен сабақ болды. Енді
Қазақстанда осындай жағдай қай жерден бұрқ ете қалады екен
деп күтпей, алдын ала шаралар жасауымыз қажет. Күні кеше ғана
Қызылордада құбыр жарылып, одан мұнай атқылап жатқанын естіп
жатырмыз. Каспийдегі балықтар да үсті-үстіне қырылып жатыр.
Осының барлығы үлкен апаттардың болуы мүмкін екендігін көрсетіп
отыр. Әрине, Алла сақтасын, бірақ «сақтансаң сақтаймын» демекші,
бұл жерде эколо гиялық талаптарды тағы бір қарап, оны күшейтуді
қолға алуымыз керек. Екінші жағынан, біз экологияны бұзғандардан
түскен төлемдерді дұрыс қолдана алмай отырмыз. Ауаны ластаған
мұнай компанияларынан түскен айыппұлдар экологиялық апат-
тарды болдырмауға, алдын алуға, зерттетуге, сондай-ақ жергілікті
тұрғындардың денсаулығын жақсартуға жұмсалуы қажет. Ал бізде
олай емес. Ол қаржыларды жол жөндеуге, ғимарат салуға жұмсап
жатамыз. Құдды бір мұнай өндіруші компаниялар бізге айыппұл
төлеп, жергілікті халықтың денсаулығын нашарлата беруге лицензия
алып отырған секілді болып көрінеді.
– Каспийден мұнай алып жатқан компаниялардан
экологиялық заңдылықтарды орындатуға, талапты
күшейтуге барынша ықыласты болғанымыз жөн.
Бүгінгі күні біз экологияны ластағандарға тек айыппұл
салумен ғана шектеліп отырмыз. Енді басқаша тәсілдер
ойлап табу қажет. Мұны тек мемлекеттік саясаттың
айналасында ғана шешпей, халықтың да экологиялық
сауаттылығын көтергеніміз орынды. Қазір өнеркәсіп
ассоциациясының айналасында жүргендер түрлі
заңдарды дайындауға араласып жүр. Олар заңды
өздерінің пайдасына икемдеуде. Сондықтан бүкіл ха-
лықтың экологиялық сауатын көтеру қажет. Егер үлкен
өндірістік компанияларға қатысты заң қабылданар
кезде оған тек Үкіметтің талабы ғана болмай, халықтың
да пікірі қосылып отырса, сонда ғана бұл мәселе
шешімін табады. Ал он жерден айыппұлды көтере
бергенімізбен, мәселе шешілмейді.
ЫҚПА
ЛДА
СТЫҚ
Сонда бала әкенің де, ананың да
жылуынан шет қалмайды. Әкесімен кез-
десуді барынша шектемеу қажет. Өйткені
қазір мектептерде де көбінесе әйелдер
сабақ береді. Тек қана анасының тәрбиесін
көріп, мектепте де тек әйел ұстаздардан
білім алған балалардың тәрбиесі біржақты
болып қалады.
СҮЙІНШІ!
да қал ғандықтан,
баспананың көбірек
үле сі әйе ліне тиесілі болып, үйсіз-күй-
сіз қалып жа тады. Мұның өзі мұқият
ой ластыруды қажет ететін дүние. Егер
балаға анасының дұрыс тәрбие бере
алмайтыны анықталып, бала әкесінде
қалған жағдайда бала кәмелеттік жасқа
толғанша анасы али мент төлейтін жү-
йені де ойластыру қа жет. Өйткені бұл
отбасы ажырасуының ке
муі
не өзіндік
әсерін тигізер еді. Баланың бо лашағына
бейжай қарап, біржақты шешім шы-
ғармай, ажырасу кезінде әкенің де рөлі
ескерілсе екен.
Әкелер көбіне түзде жүргеннен кейін,
бала да ең алдымен анасына бауыр басады.
Сондықтан бала ана жылуын тез аңсайды.
«Әкесіз жетім – мас жетім, шешесіз жетім
– хас жетім» деп те бекерден-бе
кер
айтылмаған ғой. Сондықтан қазіргі таң-
дағы қолданыстағы заң бойынша кәме-
летке толмаған балалардың анасында
қалдырылуы дұрыс деп санаймын. Ата-
анасының ажырасуы бала үшін үлкен
соққы. Сондықтан баланың мүддесі үшін
ата-анасы ажырасып кетсе де, қарым-
қатынасты үзбей, балаға қолайлы жағдай
туғызуы керек. Толықтай әкенің де қам-
қор
лығына сенуге болмайды. Өйткені
баласын өз қамқорлығына алмақ түгіл,
алимент төлеуден де қашып жүрген талай
әкенің бар екенін статистика аңғартып
отыр. Ал әкелік қамқорлықты түсінбейтін
мұндай әкелерге баланы қалай сеніп
тапсыруға болады?
«Алиментке бола ажырасуға әйелдер
мүдделі болады» деу – өте қате пікір.
Қай әйел алиментке бола шаңырағын
ортасына түсіруге тырысады дейсіз.
Ақылы бар әйел алиментке бола
балаларын әке жылуынан айырмайды.
Ажырасуға көбінесе отағасының араққа
немесе қандай да бір басқа жаман
әдеттерге әуес болуы, отбасындағы
әлеуметтік жағдайдың қиындауы себеп
болып жатады. Сондықтан кәмелеттік
жасқа толғанша балалардың анасының
қамқорлығында болғаны дұрыс.
Бүгінгі таңда орман өрттері үлкен
проб лемаға айналып отыр. Жалпы мәлі-
меттер бойынша, еліміздің мемлекеттік
орман қоры 26,2 миллион гектарды алып
жатыр. Яғни республика жерінің бар-жоғы
4,6 пайызы ғана жасыл желекті болып
есептеледі. Алайда көздің қарашығындай
ғана аумақ жылдан-жылға азайып бара
жатқаны белгілі. «Жалпы, еліміз шағын
ғана орманы бар мемлекет саналады.
Өт кен жылдың жаңбырлы болуына бай-
ланысты шөп бітік шықты. Биыл көктем
ерте келді. Алғашқы күн ысыған күндері
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды
облыстарында сол былтырдан қалған шөп
тұтанып, өрт шықты. Әсіресе биыл тіл-
сіз жау Павлодар облысын қатты қинап
отыр», – дейді Ерлан Нысанбаев.
Күтпеген жерден лап ете қалатын тіл-
сіз жаудың басым бөлігі далалық жер-
лерде шығады. «Мұндай өрт ауыл шаруа-
шылығы өндірушілері мен диқан
дар-
дың салақтығынан туындайды. Егістік
ал
қаптарда былтырдан қалған шөпті
өр теп, оны қараусыз қалдырудың арты
осындай апаттарға әкеліп соғады. Өрт
күллі алқапқа жайылып, еліміздің баға
жетпес байлығы – орман алқаптарын
жал мап жатыр», – дейді Орман және аң
шаруашылығы комитетінің төрағасы. Ос-
ындай салғырттықтардың салдарынан
би
ыл Солтүстік Қазақстан облысында
782 гектар жер өртке оранған. Оның 470
гектары — орман алқаптары. Мұның бар-
лығы далада шық қан өрттің кесірі. Қазір
комитет осы өрт шалған ормандардағы
ағаштардың қан шасы жарамсыз болып
қалғанын есеп теп жатқан көрінеді.
Басында айтып өттік, бізде орман
көлемі өте аз. Сол себепті биылдан бастап
еліміздің орманды аймақтары – Семей,
Көкшетау, Баянауыл, Қатонқарағай, Іле
Алатауы, Шығыс Қазақстанның Сайрам
аудандарында өртке қарсы күрес қызметі
күшейтіліп жатыр. Орман және аң шаруа-
шылығы комитеті төрағасының атап өт-
ке ніндей, биыл елімізде тұңғыш рет ор-
манды алқаптарға 24 сағаттық бақылау
қойылып отыр.
Бүркіт НҰРАСЫЛ,
Астана
ҚАУІП
Орманымызды
ойсыратып
алмайық
Биылғы жаздың аптап ыстық
болуына байланысты еліміздің
ор ман алқаптарында өрт қаупі
артуы мүмкін. Мұны кеше осы мә-
селеге байланысты баспасөз мәс-
лихатын өткізген Орман және аң
шаруашылығы комитетінің төр-
ағасы Ерлан Нысанбаев мәлім етті.
Рейхстагқа
Рахымжан
тіккен ту
Астанаға
әкелінді
Бұл жиынның еліміздегі Халық бір-
лігі күні қарсаңында ұйымдасты ры-
луында да бір гәп жатыр. Сауын ай-
тылған отырысты «Еуразия диалогы»
плат формасы» халықаралық қоғамдық
ұйымы ұйымдастырып отыр. 1998 жылы
Ыстамбұлда құрылған бұл ұйымның
кезеңдік төрағалығын екі жылдан бері
Қазақстан атқарып келе жатыр. Содан да
болса керек, алқалы жиын жұмысы
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың
құттықтау лебізімен басталды. Президент
Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Дархан Мыңбай жеткізген бұл лебізде
Мемлекет басшысы жалпы құндылықтар
негізінде елдердің этникалық бірегейлігі
мен саяси тәуелсіздігінің маңызын атап
көрсеткен. Елбасы бұл ретте Еуразиядағы
ықпалдасу барысына Қазақстанның өзіндік
үлес қосқанына ерекше мән берген. Соны-
мен қатар еліміздің Бас министрі Кәрім
Мәсімов те аталмыш форумға жолдаған
құттықтауында бірлік пен бауырмалдықтың
мәніне тоқталған. Ал «Еуразия диалогы»
платформасына» басшылық етіп келе
жатқан Қазақстан Жазушылар одағының
басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин
әлемдегі қазіргі қақтығыстар мен талас-
тартыстар төркініне үңілді. Нұрлан Мыр-
қасымұлының пікірінше, барша адамзат
баласы өзінің әзел күні Алланың демінен
жаралғанын ескерсе, соғысты ойлау
сезімінен бас тарта алады. Әйтпегенде
текетірестердің өзі қанды қырғындарға
ұласып, өкінішті жайларға жол берілмек.
Еуразияны ел етсек,
Алаштың да адымы ұзарады
Өткен аптада Астана төрінде екі күнге созылған «Еуразия:
Мәдениеттер мен ұрпақтар диалогы» форумы өткізілді. Әлемнің
16 елінен 200-ден астам өкіл қатысқан алқалы жиынның БҰҰ-
да Қазақстанның ұсынысымен биылғы жылды «Мәдениеттерді
жақындастыру жылы» деп жариялаған кезеңде өткізілуі
кездейсоқтық бола қоймас. Еуразия одағын құру бастамасын
көтерген Қазақстанда жыл сайын осыған қатысты көптеген ша-
ралар атқарылып жатады. Еуразиялық медиафорум бесігіне
айналған Алматыда да Еуропа мен Азия, батыс пен шығыстың
келелі мәселелері талқыланады. Мұның сыртында Астанада Лев
Гумилевтің атына бұйырған Еуразия ұлттық университеті жұмыс
істеп келеді. Осы ретте Еуразияға қатысты шараларға еліміздің
белсенді түрде атсалысу заңдылығын пайымдау қиын емес.
жайын байыптай келіп: «Мұндай келең-
сіздіктерге қарсы күрес барлық мемлекет-
тер мен халықаралық ұйымдардың са-
лиқалы сұхбат жүргізіп, күш-жігер бірік-
тіруін талап етеді. Осы тұрғыда Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық одақ
құру туралы идеясы барынша өзекті болып
табылмақ», – деді.
Алқалы отырыста Лев Гумилев атын-
дағы Еуразия ұлттық университетінің рек-
торы Бақытжан Әбдірайымның Л.Гуми-
левтің 100 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО
көлемінде атап өту ұсынысы толықтай
қол дау тапты. Жиында «Еуразия диалогы»
плат формасы» ұлттық комитетінің төра-
ғасы Харун Тоқақ форум делегаттары бұл
ұсынысты қуаттайтындығын жеткізіп,
Л.Гу милев еңбектерінің толық жинағын
шы ғарудың өзектілігін айтып өтті. Сөз
жоқ, бір кезде қалың түркіні тебіренткен
Еуразия тарихын зерттеп, зерделеудің
көш басында Л.Гумилевтей идеясына
мығым, бағы тына берік дегдардың тұруы
қазіргі ық палдасудың кездейсоқ емес
екендігін аң да тады. Ілгеріде руханият,
мәдениет және сауда-экономикалық
тұрғыда аралас, қо ра лас жатқан елдер
арасында саяси жігер дің орны толысатын
болса, Еуразияны ел қылудағы ұмтылыс
далаға кетпеген болар еді.
Өкінішке қарай, бүгінде аралас,
қора лас елдер тұрмақ, бір елдің ішінде
алау ыздық туындап, ықпалдасу тегер-
шігіне тежеу салып отырғаны да ақиқат.
Форумда талқыланған мәселелердің бір
парасы көршілес Қырғыз еліндегі
жағдайға арналды. «Еуразия диалогы»
платфор ма сы ның» басшысы ағайын-
гершілік ыңға йымен қырғыздарды бір-
лік жолында қажыр-қай рат жұмылдыруға
шақырды. Бір қызығы, Алатаудың ар
жағындағы анархиядан 10 күндей бұрын
ғана «Еуразия диалогы» плат формасы»
Қырғызстанның наурыз ай ындағы пре-
зиденті Құрманбек Бәкиевті Шыңғыс
Айтматов атындағы Еуразия орденімен
марапаттаған болатын. Бұл марапат,
әдетте, Еуразия кеңістігінде бейбітшілік
пен мәмілені баянды еткен тұлғаларға
арналған болатын. Алайда арада аз
уақыт өткен де керісінше жағдайға куә
болғаны мыз, әрине, өкінішті-ақ...
Аталмыш форум барысында Мәскеу
метросындағы жарылыстар түйткілі де на-
зардан тыс қалған жоқ. Бұл жерде мәсе-
ленің діни сипат алғаны алаңдатады.
Тұтастай алғанда, «Еуразия: Мәдениет-
тер мен ұрпақтар диалогы» форумы кезін-
де түрік елінің төрінде осынау ұлы қауым
жазушыларының, ғалымдарының және
қоғам қайраткерлерінің қатысуымен бас-
тау алған Еуразия кеңістігіндегі игі мәмі-
ленің жалғасы екендігін аңдатып, бола-
шақта бірігіп атқарар шаралардың ұшан-
теңіз екенін байқатты. Өйткені диалог –
Қа зақстан қоғамы үшін де, Қазақстан ор-
на ласқан Еуразия үшін де аса маңызды.
Шығыс пен батыстың арасын селбестіруде
Алаш жұрты өзінің Тәуелсіздігіне тіреу бо-
латын мақсатта Еуразияның да ел болғанын
тілейді. Өйткені бүгінгі даму көршіге қарап,
көз қысып отыра бергенді көтермейді. Ал
сондайда еуразияшылдықты өз мақсаты на
орайластыратындардың әрекеті де сақ-
тықты қажет етеді. Ал «Еуразия: Мәдениет-
тер мен ұрпақтар диалогы» форумы сол
үдеден көрінген тәрізді. Өйткені Еура зияны
ел етсек, Алаштың да адымы ұза ратыны
анық.
Иданбарыс ШОҢБАЙ
«Еуразия диалогы» платформасы» халықаралық қоғамдық ұйымы
1998 жылы құрылды. Мақсаты – Еуразия құрлығындағы (негізінен,
Түркия мен бұрынғы КСРО құрамындағы) елдер арасындағы мәдениет,
білім және гуманитарлық саладағы байланысты дамыту. Штаб-пәтері
Ыстамбұлда орналасқан. Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан,
Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Моңғолия, Украина және Ресейде
платформа өкілдіктері жұмыс істейді.
«Еуразия диалогы» платформасы» халықаралық қоғамдық ұйымы
98 жылы құрылды. Мақсаты – Еуразия құрлығындағы (негізінен,
ркия мен бұрынғы КСРО құрамындағы) елдер арасындағы мәдениет,
м және гуманитарлық саладағы байланысты дамыту. Штаб-пәтері
тамбұлда орналасқан. Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан,
рбайжан, Грузия, Молдова, Моңғолия, Украина және Ресейде
атформа өкілдіктері жұмыс істейді.
Т Ћ
Т Ћ
Т Ћ
«
199
Түр
білі
Ыст
Әзір
пла
ЕЛЕК ПЕН ДЕРЕК
Парламент Мәжілісінің төрағасы
Орал Мұхамеджанов форумда сөйлеген
сөзінде этникалық, діни қақ
тығыстар
Атырау облыстық прокуратурасының
баспасөз қызметінің жетекшісі Светлана
Жұмашева берген мәліметтерге сүйен сек,
Қалалық жұмыспен қамту және әлеу меттік
бағдарламалар бөлімінің бас тығы өткен
жылы «Жол картасы» бағдарламасы ая-
сында өңірдегі бірнеше кәсіпорындар мен
қоғамдық ұйымдармен жұмысқа орна-
ластыру туралы келісімді рәсімдеген.
Содан соң, осы мекемелердің есепшот-
тарына қаражат құйылған. Бұл жердегі
жұмыссыздарды қызметке тұрғызудағы
«ғажап» әдіс былайша өрбіп отырған:
кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелер
басшыларымен алдын ала келісіп алған
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы өз
өкілеттілігін асыра пайдаланып, мекеме-
лердің қызметкерлерін жұмыстан «қағаз»
түрінде шығарып, оларды «Жол картасы»
бағдарламасы аясында қайта қызметке
алған.
Онымен қоймай, прокуратуралық тер-
геуден өтіп, Қаржы полициясына жол-
данған істі «жылы» жауып қоюдың амалын
қарастырған бөлім басшысының Қаржы
поли циясы қызметкеріне 500 мың теңге
пара беруге жұмсаған делдалдықтағы
адамы қала қонақүйлерінің бірінде Қаржы
по лициясының құрығына түскен.
Достарыңызбен бөлісу: