1. Қазақтың мерзімді баспа сөзінің пайда болуы қазақ жеріндегі революциялық тақуалар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз (1870-1917 ж/р). 3 сағат



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата26.01.2017
өлшемі437,15 Kb.
#2765
1   2   3   4   5

Жаһандануға 

қарсылық 

идеологиляқ 

бағытқа 

айналған.  

          Қазақ баспасөзіндегі жарияланымдардың бәрі рухани даму заңдылықтарына, ұлттық 

мүдделерге, өркениеттің аграрлықтан индустриялы баспалдағына өту диалектикасына сай 

емес.  Оларда  ұлтқа  пайдалыдан  гөрі  оны  рухани  өсірмейтін  уағыздар  мен  пайымдаулар 

көп.  Совет  билігі  кезіндегі  орыстық  антиамериканизм  мен  антидемократизмнің  отын 

лаулатудан әлі арылмаған, идеологиялық тұрғыдан теріс лағып жүрген материалдар толып 

жүр. Олар дерліктей бұқараны саясаттан, демек саяси білімнен де аулақтату үшін барын 

салады. 


          Мысалы,  «Жас  Алаш»  газеті  2009  жылғы  шілденің  7-індегі  санында  Серік 

Тұрғынбекұлының  саясатты  аямай  сыбаған  топ  өлеңін  жариялады.  «Саясат  сенен 

жерідім» деп атаған.  

          

Қазақ баспасөзінде орын алып отырған тағы бір теріс бағыт – алдыңғы қатарлы 

демократиялы  қоғамдарға,  дамыған  өркениеттерге  қарсылық,  бұқараны  соларға 

өшіктіруге бейімдеу.

 

таққан топтама авторының түсінігінше «аяр, содыр, тікені бар, гүлі жоқ» саясат «қаныңды 



ішеді, қанайды, сабайды, миды улайды». Сондықтан «бұл өмірде білгенім өкініш, қайғы, 

мұң  ғана»  деп  күңіренеді.  Мұнда  автордың  қазіргі  үкіметтің  әділетсіз  саясатына  деген 

наразылығынан гөрі қарапайым оқырманды саясаттан аулақтату идеясы үстем көрініп тұр. 

          Қазақ  баспасөзінде  орын  алып  отырған  тағы  бір  теріс  бағыт  –  алдыңғы  қатарлы 

демократиялы  қоғамдарға,  дамыған  өркениеттерге  қарсылық,  бұқараны  соларға 

өшіктіруге  бейімдеу.  «Батыс  басқыншы»,  «АҚШ  –  агрессор»  деген  сияқты  өркениеттер 

арасындағы  қақтығыстарды  үстірт  түсіндіру  белең  алған.  Жаһандануға  қарсылық 

идеологиялық 

бағытқа 

айналған. 

          Мысалы, «Жас қазақ» газетінің 2009 жылғы №7-санында Ө.Кенжебеков деген автор 

бірде  Батыс  елдерін,  соның  ішінде  АҚШ-ты  тілі  жеткенше  сыбапты.  Автор  «мұрнынан 

есекқұрты  түсіп  тұрған»,  «догмалық  ойды  саналарына  сіңірген»,  «жарты  әлемдегі 

жеңілістерінен  сабақ  алмаған  склероз  АҚШ»,  «жалпақ  әлем  алдында  қарабет  болған 

АҚШ» деген сияқты базарда жүрген әйелдерінің ұрсысы стиліндегі «өткір тіркестерімен» 

Батысты айызы қанғанша түйреп, оқырманды одан жирендіруге тырысыпты. Реті келгенде 

айта  кетейін,  біздің  мемлекетіміздің  тәуелсіздікке  ие  болуына  АҚШ-ның  атқарған  рөлі 

ерекше.  Орыстар  бұрмалап  берген  тарихты  оқыған  қазақтар  мұны  білмейді. 

          Қазақтың  санасына  мықтап  сіңіп  алған  «ақиқаттар»  бар,  мысалы:  «орыстар  бізге 

білім  берді»,  «тіл  мәселесі  әкімшілік  жолмен  шешіледі»,  «қазақ  әдебиеті  озық», 

«ақсақалдар ақылды», «өткеннің бәрі керемет», «қазақтың тірегі – ауыл», «гүлденсе ауыл 

–  гүлденеміз  бәріміз»,..  т.с.с.  Зиялы  атаулы  осы  «сара  бағыттарды»  ұстанып  алып, 

тыраштанып жатады. Бұлар редакцияға келіп түсіп жатқан материалдарды іріктеу өлшемі 

ретінде  де  әр  журналистің  жадында  сақтаулы:  осыларға  сәйкестілігі  бар  материал 

қабылданады,  өзге  тұрғы  ұстанған  материал  қабылданбайды.  Бұл  қағидалардың 

релевантты  бола  алмауын,  рухани  өрлеуге  ықпал  ете  алмауын  қоғамдық  практика  күн 

сайын  алдан  шығарып  отырса  да,  оларды  өзгертуге,  жаңа  идеялар  іздеуге  қазақ 

журналистикасының ынтасы да жоқ, шамасы да жетпей отыр. 



Өзін-өзі тексеру сұрақтары? 

1.

 



“Социалисттік  Қазақстан”,  “Лениншіл  жас”  газеттері  қай  жылдары  жарыққа 

шығарылды және қандай мәселелерді қарастырған? 



2.

 

“Орталық  Қазақстан”,“Ақ  жол”,“Жетісу”,“Оңтүстік  Қазақстан”газеттері  қашан 



жарыққа шығарылу тарихы қандай болған? 

3.

 



Қайта  құрадан  өтпелі  кезеңге  дейінгі  аралықтағы  қазақ  баспасөзі  (1960-95  ж/р) 

тарихы мен дамуы? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті 

«Ұлттық баспасөз тарихы ( ХІХ-ХХ ғғ)»   пәнін оқуға әдістемелік нұсқау 

 

Оқу пәнінің құрылымы:   «Ұлттық баспасөз тарихы ( ХІХ-ХХ ғғ)»  

пәні 5В 011400  шифры бойынша  4 курс, «Тарих» мамандығында 2015 - 

20016 оқу  жылының 7 семестрінде оқытылады. Барлық несие 2. Дәріс:  15 

сағат, Практикалық сабақтар 15 сағат, Барлық дәрісханалық сағаттар 45  

сағат, ОЖСӨЖ: 22,5 сағат, СӨЖ: 45  сағат,  Емтихан 2.

 

Оқу  пәнінің  оқыту  ерекшеліктері:  Ұлттық  баспасөз  тарихы  (ХХ) 

курсы, еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы жиырма жылда қазақ 

журналистикасының  өткен  тарихының  “ақтаңдақ”  тұстары  қайта  қаралып, 

кезінде “ұлтшыл”, “байшыл”, “алашордашыл” деген нақақ жаламен жабылып 

қалған,  “зиянды”  деп  саналған  “Қазақ”,  “Сарыарқа”,  “Бірлік  туы”,  “Еркін 

қазақ”,  “Жас  азамат”,  “Ұран”,  “Абай”,  “Сана”,  “Шолпан”,  “Ақ  жол”, 

“Темірқазық”  сияқты газет-журналдар мен онда қызмет істеген, әр жылдары 

жарияланымдары  жарық  көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, 

М.Шоқайұлы, 

Х.Досмұхамедұлы, 

М.Тынышбайұлы, 

А.Мәметұлы, 

Х.Ғаббасұлы,  Ә.Ермекұлы,  Ж.Аймауытұлы,  К.Жәнібекұлы,  Е.Омарұлы, 

М.Есболұлы, 

Ж.Тілеулин, 

М.Саматұлы, 

У.Омарұлы, 

М.Мурзин, 

С.Қожанұлы,  Қ.Кемеңгерұлы,  М.Жолдыбайұлы,  С.Бөкейхан,  Т.Шонанұлы, 

Н.Төреқұлұлы  сынды  қазақ  халқының  біртуар  перзенттерінің  қыруар  мұра-

мирасы  білім  беру,  оқыту  үдерісіне  орай  ғылыми  айналымға  түсіп,  өткен 

қоғамдық  ойымыздың  тарихын  саралауда,    салыстырмалы  танып  білуде 

ерекше болып табылады. 



Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқу үрдісіндегі орны:  

«Ұлттық баспасөз тарихы ( ХІХ-ХХ ғғ)»   пәнін  оқыту, студенттердің  

қазақ  мерзімді  баспасөзінің  бағыт-бағдарына,  мән-мазмұнына,  көркемдік-

идеялық  деңгейіне  қоғамдық  ойдың  айнасы,  уақыт  барометрі,  жаңалық 

жаршысы  ретіндегі  сол  дәуірдің  саяси-әлеуметтік  ахуалының  қалыптасуына 

сәйкес баға беру. 

Сондықтан  болашақ  тарихшыларды  даярлауда  «Ұлттық  баспасөз 

тарихы ( ХІХ-ХХ ғғ)»  пәнінің орны ерекше.   



 

 

    Пәнді оқытудың міндеттері:  

 



цензуралық  бақылауға  түсінік  беру  және  қазақ  қоғамдық  ой-

пікірінің дамуына тигізген әсері мен ықпалына тоқталу; 

 

қазақ  баспасөзі  тарихындағы  “ақтаңдақ”  тұстарға  ерекше  назар 



аудару; 

 



студенттерге  қазақ  ұлттық  баспасөз  тарихының  проблемалары 

бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жазуға  ықпал  ету.  Ең  алдымен 

оның ұлттық тарихымыздың даму кезеңдерін зерттеудегі деректік 

маңызын  ескертіп  өтер  едік.  Себебі,  ұлттық  баспасөз  тарихының 

өткен  дәуірлердегі  жинақтаған  мол  тәжірибесін,  шығармашылық 

ізденістері  мен  шеберлік  жетістіктерін  болашақ  кәсіби  маман, 

бүгінгі  шәкірт  бойына  тұтас  дарыту  ең  басты  міндеті  болып 

саналады. 



Оқу  пәні  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыру  формасы:  Дәріс. 

Семинар    сабақтары.  Студентпен  оқытушының  өзіндік  жұмыстары. 

Студенттің өзіндік жұмыстары. 

Курсты оқуда студенттердің өзіндік жұмыстарының рөлі:     

Тарих  мамандығын  алатын  студенттер  Қазақстан  тарихының  барлық 

кезеңдерін  оқитыны  белгілі.V-Х-ғасырлардығы  Қазақстан  территориясын 

жайлаған  тайпалар  мен  қағанаттардың  тарихы  мен  сол  кезеңнің  айтулы 

оқиғаларын  оқып  білуге  аталған  курс  мүмкіндік  береді.Курс  барысында 

төмендегі оқиғалардың тарихи заңдылықтарын, ортағасырлардағы Қазақстан 

тарихының  ерекшеліктерін,содай-ақ  басқа  кезңдерден  өзгешелігі  мен 

ұқсастықтарын салыстырмалы танып білуге жол ашады. 

Қазақ  тарихының  тарихи  оқиғаларын,  тарихи  құбылыстарын  және 

мәдениеті    жөнінде  терең  білім  бере  отырып,  алған  білімін  іс-жүзінде  жан-

жақты  пайдалануға  мүмкіндік  жасау,  тарихи  үрдістердің  негізгі  мазмұнын 

саралап, түйіндеуде алатын рөлі ерекше болып табылады. 

Осыған  байланысты,  студенттердің  өзбетіменін  істейтін  жұмыстары 

Отан тарихының өзекті мәселелері пәнінен студенттердің үздіксіз қатысуын 

ескереді.  Сабақ  барысында  пән  бойынша  білімді  игеруді  қамтамассыз  етіп, 

студенттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. 

 

Бұл пәнді игеруде қолданатын әдебиет мәселесі қиындық туғызбауды. 



Сондықтан,  студенттердің  өз  бетімен  істейтін  жұмыстарының  тақырыптары 

аудиториялық  сабақ  ретінде  өткізіледі.  Сабақ  барысында  оқытушы 

студенттермен  біріге  отыра,  тақырыптың  дерек  көздерін  талдайды.  Әдетте, 

оқытушы  мұндай  тақырыптарды  студенттердің  білімі  тайыз,  құлықсыз, 

лекцияны дұрыс тыңдап игере алмайтын бөлігімен жұмыс істейді.  

Бір  рет  бақылау  жұмысын  жазады.  Студенттер  жазған  баяндама, 

рефераттарын  қорғайды.  Екі  рет  тес  сұрақтарынан  сынақ  тапсырады. 

Сабақтың  әр  түрлі  формада,  әңгіме,  пікірталас,  диспут,  т.б.  қолданылады 

Аудитория  сабақтарында  оқытушы  күрделі  тақырыптарды  игеруге 

көмектеседі.  Сонымен  қатар  оқытушы  лекция  және  семинар  сабақтарын 

қалдырған немесе қалып қоюшы студенттермен жұмыс жүргізеді. 

  

Пәнінде  өзіндік жұмысының міндеттері: 



-

 

Ғылыми-анықтаушы аппараттары жасау дағдыларын білулері тиіс



-

 

Әртүрлі  жазбаша  жұмыстарды:  рефераттарды,  баяндамаларды, 



аннотацияларды  және  тұжырымдарды  жазу  дағдыларын  игерулері 

керек. 


-

 

Семинар  сабақтары  барысында    студент  ауызша  айта  білуге 



дағдылануы тиіс. 

-

 



Нақты  тақырып  бойынша  библиографиялық  тізімдер  жасау 

дағдыларын меңгерулері керек.  



Курс 

барысында 

аудиториялық 

және 

студенттердің 

өзіндік 

жұмыстарының  ара  қатынасы:  ЖОО  –  да  өзіндік  жұмыстың  жалпы 

қолданылатын екі түрі бар: 

1.Дәстүрлі (аудиториядан тыс)       

2.Аудиториялық,яғни студенттің оқытушымен бірге өзіндік жұмыс. 


  Оқу  үдерісіне  ақпараттық  технологияның  енуі  студенттің  өзіндік 

жұмысының  болашақтағы  бағытын        анықтауымен  байланысты  және  ол 

студенттің өзіндік жұмысының көлемін көбейтеді.                                                                

  Семинар  сабақтарын  оқыту    әдістері:  сабақта  студенттер  кіші  топтарға 

бөлініп,әрқайсысы  бір  даярлайды.  Топ  мүшесінің  біреуі  сұрақ  бойынша 

жауап  береді,  топтар  өзара  сұрақтар  қойып,  тақырыпты  ашуға  тырысады. 

Келесі түрі алғашқы үш сұрақ кіші топтар әдісімен сұралады. 

 

Пәнді  игеруге  қойылатын  білімділік,  дағдылық  талаптары 



мамандығының  біліктілігі  бойынша:  Бұл  курс  аумалы-төкпелі  заманда 

желбағарлық  саясат  ұстанған  “Алаш”,  “Қазақ  мұңы”,  “Үш  жүз”  сынды 

басылымдар  арқылы  қоғамдық  пікір  туғызуға  құралданған  уақыт  мінезінің 

құйтұрқылығын  танимыз.  Осы  ретте  патшалық  Ресей  мен  кеңес  одағына 

кіріптар  кезеңдегі  қазақ  қоғамдық  пікіріне  бақылау  орнатқан  бұрын-соңды 

айтуға  тиым  салынып  келген  мемлекеттік  цензура  мәселесіне  қол  жетімді 

материалдар  негізінде  студенттерге  дерек  бере  отырып,  Қазақстан 

тарихының  ұлттық  баспасөз  тарихы  мен    дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  қазақ 

баспасөз  тарихның    дамуын  зерттеп,  олардың  тарихтағы  орны  туралы 

білімділік, дағдыларын қалыптастырады. 

Пәнді оқу барысында студенттердің өздігінен білім алудағы қызығушылық 

пен қажеттілікке тәрбиелеу: 



-шешешім  қабылдаудағы  танымдық  мүмкіндіктердің  инициативаның 

шығармашылық ойлаудың дамуы; 



-өзіндік жұмыс кезіндегі белгілі бір мақсат пен тапсырмаларды шешу және 

ой қорыта білуге үйрету: 



-студенттердің  оқу  материалдарын  таңдау  және  анализ  қабілетін  дамыту 

дағдысын қалыптастыру; 

-  тарихи  фактлермен  тарихи  құбылыстардың  өзара  байланысын  ашып, 

тарихи  оқиғаларды  салыстыру  арқылы  тарихи  түсініктердің  мәнін  ашу,  

анықтамалық  және  ғылыми  әдебиеттермен,  тарихи  құжаттармен  және 

монографиялармен  жұмыс  істеу,  алған  теориялық  білімдерін  іс  жүзінде 

жүзеге асыра алу қажет. 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Ұлттық баспасөз тарихы ХІХ-ХХ ғғ» пәні бойынша бірінші аралық 

бақылау жұмысының сұрақтары: 

1.

 



Қазақтың  мерзімді  баспа  сөзінің  пайда  болуы  қазақ  жеріндегі 

революциялық  тақуалар  мен  өзгерістер  кезеңіндегі  баспасөз  (1870-1917 

ж/р) 

2.

 



ХХ  ғғ басындағы Қазақ баспасөз тарихының қалыптасуы. 2сағат 

3.

 



“Сарыарқа” газеті, “Алаш” газеті, “Абай” журналының тарихы,  

4.

 



«Қазақ» газеті, «Айқап» журналының қазақ қоғамында атқарған қызметі.  

5.

 



Қазақ  жеріндегі  жаппай  ашаршылық  және  репрессия  жылдарындағы 

баспасөз.  

 

6.

 



Соғыс жылдарындағы қазақ басылымдары (1933-1945 ж/р).        

7.

 



Өлкелік,  облыстық  және  аудандық  газеттерде  бесжылдық  мәселелерінің 

жазылуы. 

8.

 

Неміс-Фашист  басқыншыларымен  соғыс  жылранындағы  республикалық, 



облыс-  тық,  аудандық  басылымдар  және  қазақ  тіліндегі  майдандық 

газеттер. 

9.

 

Халық шарушылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес 



ж/е тың игеру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі (1946-1960 ж/р) 

10.


 

Соғыстан кейінгі жылдардағы баспасөз.  

11.

 

1946-1953 жылдардағы «Ұлтшылдықпен» күрес науқаны 



12.

 

Қайта қурадан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі (1960-95 



ж/р).  

 

«Ұлттық баспасөз тарихы ХІХ-ХХ ғғ» пәні бойынша екінші аралық 

бақылау жұмысының сұрақтары: 

 

1.



 

Бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы. 

2.

 

Қазақстандағы орыс тілді басылымдар 



3.

 

ХІХ ғасырдың екінші жартысы менХХғасыр басындағы қазақ мерзімді 



баспа сөзі. 

4.

 



Қазақтың мерзімді баспа сөзінің пайда болуы қазақ жеріндегі 

революциялық тақуалар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз (1870-1917 

ж/р).  

5.

 



Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «АҚТАҢДАҚ» мәселелерінің 

жазылуы 


6.

 

«Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Торғай 



газеті» қазақ халқының саяси және әлеуметтік-экономикалық 

мәселелері туралы 

 

7.

 



Қазақ тіліндегі алғашқы биресми газет-журналдар және  онда қызмет 

істеген ірі тұлғалар 

8.

 

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде жер мәселесінің жазылуы 



 

9.

 



1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және «Қазақ» газеті, «Алашорда» 

қозғалысы және «Қазақ» газетінің тарихы. 



10.

 

Қазақтың жалпыұлттық демократиялық басылымдары  және онда 



қызмет істеген ірі тұлғалары 

11.


 

«Үш жүз» партиясы және «Үш жүз» газетінің тарихы 

12.

 

Қазақ жеріндегі жаппай ашаршылық және репрессия  жылдарындағы 



баспасөз 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет