1.
Қазақтың мерзімді баспа сөзінің пайда болуы қазақ жеріндегі революциялық
тақуалар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз (1870-1917 ж/р). 3 сағат
1.
“Түркістан уалаятының газеті”
2.
“Дала уалаятының газеті ”
3.
“Торғай газеті ”
Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің
оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз
тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай
келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды
құбылыс.
Тамырын тереңнен тартқан тарихымен қоса мәдениеті өркендеген қазақ халқы
басында өткерген ұлы оқиғалар мен әлеуметтік жолдарымен ауыз әдебиеті эпостық
жырлар, тарихи аңыз әңгімелер арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жеткізді. Алғашқы газет
журналдар да басылды. Кейінірек осының барлығы кітап болып жарық көрді.
Тарихи-мәдени, әдеби дүниелерін кезінде қағаз бетіне түсіріп отырмаған қазақ
халқының тасқа басылып, хатқа түскен ескерткіштерінің ішіндегі революциядан бұрынғы
газет -журналдарда басылған нұсқаларының алар орны ерекше. Олардан рухани
мұралардың бай көріністерімен қатар туған әдебиетіміздің тарихын жете білуге және оны
халық
тарихымен
біртұтас
зерттеумізге
де
мүмкіндік
береді.
Қазақ баспасөзі XIX- ғасырдың екінші жартысында, яғни Қазақстанның Россияға
қосылуының нәтижесінде пайда болды. Оның даму тарихы әлі толық зерттеліп, бір жүйеге
келтірілген
жоқ.
Бұл саладағы ең алғашқы сөз, бізге белгілі дерек бойынша 1925 жылы айтылған
екен. Осы жылы жазғы тұрым Ташкентте «Ақжол» газетінің ұйымдастырумен жалпы
қазақстандық баспасөз тілшілерінің съезі өткізілген. Съезде Байтасұлы «Қазақ баспасөзі-
нің
тарихы
туралы»
деген
тақырыпта
баяндама
жасаған.
С. Сейфуллиннің айтуына қарағанда, ол «Баяндамасында алғашқы революция
кезінде шыққан газеттердің қандай болғанын өзінше бұза, шала-пұла айтқан» көрінеді.
(«Тар жол тайғақ кешу» 1960 жыл) Баспасөздің маңызы, атқарар рөлі, ондағы жаңа леп,
бағыт-бағдарлар жайлы сөз жөнінен Рысқұловтың «Баспасөз мәнісі» (1926) атты еңбегіің
мәні
зор
деп
есептейміз.
[1]
Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі жазушы-академик
С. Мұқанов. Ол өзінің 1932 жылғы «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабында қазақ
баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Қ. Жумалиев пен профессор Е.
Исмайыловтың 1941 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген оқу құралында, «Қазақ ССР
тарихында»., Қ.Бисембиевтің 1961 жылғы «Қазақсанда XIX ғасырдың аяқ шенінде және
XX ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар» деген кітабында қазақ баспасөзі
туралы сөз болды. Қазақ баспасөзінің кешегі-бүгінгісін бірыңғай зерттеп, мол мұра
қалдырған Х. Беккожиннің есімі ерекше аталуға тиіс. Аталған авторлардың еңбектері
кезінде өз міндеттерін атқарады, өз қызметтерін көрсетті.
Революциядан бұрынғы баспасөз бетінде басылған мәліметтерді ғылыми
маңыздылығы жағынан архив қазынасы мен бір дәрежеге қоюға болады. Әрине осы газет-
журналдарда басылған шығармалардың кез келгенін пайдаланарда оған сын көзімен
қараған
дұрыс.
Қазақстан жерінде шыққан газет-журналдардың басым көпшілігі орыс тілінде
басылғанымен қазақ тіліндегілер де аз болған жоқ. Солай дегенмен де орыс тіліндегі
газет- журналдардың көпшілігі реттеліп, библиографиясы жасалып, материалдары
ғылыми айналымға түскенімен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер күні бүгінге дейін
реттелмеді, олардың толық библиографиялық көрсеткіштері жоқ. Осыдан барып көптеген
ғылымдарға, әсіресе шығыс халықтарының әдеби, мәдени мұраларын, тарихын,
экономикасын, тілін зерттейтін ғалымдарға осы бай мұра бүтіндей белгісіз болып келді.
Ал, бұл газет журналдарға көз жіберіп , сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар
революцияға дейінгі Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық
жайларынан толып жатқан соны деректер бергені даусыз. Тағы бір айта кететін жай
Қазақстанның тарихын, экономикасын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін ғалымдар қазақ
тілінде ертеректе шыққан газет-журналдарын тауып пайдалану үшін көптеген уақыттарын
жоғалтады. Оның қиындықпен түсетін бір себебі мынада: бұл газет-журналдар кітапхана
қорымен
архивтерде
түгел
сақталмаған.
Патшалық Россиялыќ қол астындагы ұлттар тіліндегі шыққан газет-журналдарда
басылған мақалалардың түгелге жуығы библиографияға түсірілмегенін ескерсек, қазақ
тіліндегі библиография тіпті болмаған. Бұл жұмыс тек кейінгі кезде ғана қолға алынып,
қазақ халқының мәдени өмірін, тарихи даму жолындағы өзгерістерді талдап, зерттеуде
жұмыстар атқарылып, түрлі энциклопедиялар мен библиографиялармен жинақтар
шығарылды.
Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі қателіктер, үлкен кемшіліктер болды.
Кейінгі жылдары қазақ баспасөзін зерттеудегі қателіктерді түзеу жөнінде бірқатар
жұмыстар істелді. Б. Кенжебаев өзінің алғашқы кітабын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ
баспасөзі тарихынан» деген атпен қайта бастырып шығарды. Осы кітаптың авторы да
бұрынғы жіберілген қателіктерін ескере отырып , қазақ баспасөзі тарихына байланысты
бірқатар мақала жариялады, осыған орай басқа авторлардың да мақала, кітапшалары
жарық
көрді.
Қазақ баспасөзін зерттеуге бұрын-соңды басылып шыққан библиографиялық
көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алянтровтың, Седельниковтың,
Сабитовтың, сондай-ақ академик Ә. Марғұлан мен профессор Е. Исмайыловтың
басшылығымен Ү. Субханбердина құрастырған библиографиялық көрсеткіштерді атап
көрсетуге
болады.
Осылардың бәрі қазақтың мерзімді баспасөзінің тарихы туралы жинаѓы кітап жазу
қажеттігін туғызды. Бұл жөнінде Х. Беккожин көптен бері зерттеу жүргізді, бірақ бұдан
1830 –1960 жылдар арасында шыққан қазақ газеттерімен журналдарын түгелдей егжей-
тегжейлі зерттеген екен деген ұғым тумауы керек. Бұл, біріншіден, тек бір кісінің қолынан
келетін іс емес. Бұл кітапты («Қазақ баспасөзінің даму жылдары») автор өзінің және
басқалардың
зерттеулері
негізінде
жазды.
Екіншіден бір кітаптың ішінде қазақтың мерзімді баспасөзінің барлық жағдайын
қамтуда
мүмкін
емес.
Әрине, қазақ баспасөзінің тарихын Россиядағы жұмысшы баспасөзінің тарихымен
теңестіруге
болмайды.
Біз жоғарыда қазақ баспасөзінің тарихи әр кезеңдегі тарихы оқиғаларға байланысты
зерттелуі тиіс дедік. Бұл қазақ халқының әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайына
тығыз байланысты зерттелуі тиіс деген сөз. Осылай зерттелгенде ғана баспасөздің қоғам
дамуында
атқаратын
рөлі
айқындала
түседі
[9].
Ұлы орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін
тигізді, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар
шықты, олардың ізінше ұлт интелегенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ
тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862 –1900 жылдар арсында қазақ тілінде 70
шамалы кітап басылып шығып, қазақтың жазба әдебиеті мен мерзімді баспасөзі пайда
болды.
Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми
органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомоствалармен «
қатар қазақ тіліне аударылып Орынборда «Торғай газеті», Омбыда «Дала уалаяты»,
«Ауыл шаруашылық листогі» сияқты газеттер шығып тұрды. Ташкентте қазақ тілінде
шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және кейбір
қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.
Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік шаруашылық және
мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің отаршылдық
саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде
жариялап, сөзсіз орындату сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасында кең
таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.
Алайда патша үкіметі тарапынан көзделген мақсатқа қарамастан «Қазақстан да
мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер еттті». Патша
өкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялай отырып, оның реакцияшыл, отаршылдық
саясатын уағыздай отырып, бұл органдар сонымен қатар өз беттерінде өнеркәсіп пен
ауылшаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көрсетеді. Бұл газеттер де мал
шаруашылығы мәселелері, жаңадан ашылған мектептер туралы кең жазылып отырды,
қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның
орхиологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып тұрды.
Әсіресе, әуел баста аударма болса да, бірте-бірте дербес газет дәрежесіне дейін
жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-
1902) қазақ баспасөзі тарихынан алғашқы беташары болып табылады.
“Түркістан уалаятының газеті”. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елін,
жерін патшалы Ресейдің толықтай би- леп алуына байланысты Қазақстанның Ташкент,
Орынбор, Омбы, Орал сияқты кейбір ірі қалаларында патша өкіметінің жергілікті
әкімшілік органдарының жеке ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы
газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын
ойлап, оның әлеуметтік-шарушылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен кейін
шығарылған жоқ, қай
та патша өкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның
бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөсіз орындату, сондай
ақ оның ресми көз қарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды
шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.
Алайда, патшалық Ресейдің осындай жымысқы саясатына қарамастан, Қазақстанда
ұлт тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың санасын оятып, мол рухани байлыққа ие
болуына елеулі түрде әсер етті. Оны мынандай мысалдардан айқын байқауға болады.
Мәселен, қазақ баспасөзінің тұңғышы “Түркістан үалаятының газеті” екендігі белгілі. Ол
сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында «1870
жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын “Түркестанские ведомости” газетіне
қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.
Газеттің редакторы – ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын
соққан. Орыс және Шығыстың қөп тілдерінде сөйлеген, генерал-губернаторлардың
тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл
басылымның аудармашысы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шай-
хы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтар жұмыс істеді.
“Түркістан уалаятының газетінің” ресми және ресми емес деп аталған басты екі
бөлімі болды. Ресми бөлімде патша өкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері
түсіндерелсе, ресми емес бөлімде отырықшылық, егіншілік, мал шалуашылығы, сауды, іш
кі-сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер және әйел теңдігі мәселелері
қаралады.
Жалпы алғанда, қазақ баспасөзінің қарлығашы “Түркістан уалаятының газеті”
өзінен кейінгі қазақ, халықтың саяси, шаруашылық және мәдени өміріндегі елеулі оқиға
болған мерзімді баспасөзінің тууы мен қалыптасуында айтарлықтай елеулі рөл атқарды,
болашаққа жол салды.
Газет патшалық Ресейдің отаршылдығын қазақ халқына мойындату және орыс тілін
үйрету саясатын ұстана отырып та, қазақ қоғамының шындығын көрсете алды. Қазақты
ұлт ретінде таныту там-тұмдап болса да жүргізілді.
“Дала уалаятының газеті ”. “Түркістан уалаятының газетінен” кейінгі өзіндік
тарихи орыны бар қазақ тіліндегі екнші басылым - “Дала уалаятының газеті ” жаңадан
құрылған Омбы генерал-губернаторының органы ретінде Омбы қаласында 1888 жылдың 1
қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін 14 жыл қатарынан жарық көріп тұрған.
Оның орысшасы “Киргизская степная газета” деп аталған.
Газеттің редакторы ретінде әр кезде И. Козлов, К. Михайлов, Г. Абаза деген кісілер
қол қойып отырған. Ал басылымның қазақшасын үзбей редакциялаған генерал-губернатор
концелярасының аға тілмашы Е.Абылайханов пен Д.Сұлтанғазиндер болатын. Газетте
Р.Дүйсенбаев, Б.Чалымбеков және тағы басқа бірнеше адам аудармашы әрі әдеби қызмет-
кер міндетін де атқарған. Содай-ақ мұнда арнайы тілшілер ретінде О.Әлжанов,
Ж.Аппасов, Ш.Айманов, Д.Иманқұлов, А.Қылышбаев, А.Нөгербеков, Мәшһүр-Жүсіп
Көпеев, Қ. Жанатаев, А.Шонаев, Б.Әбдіков жиі мақала жазып тұрған. Редакция қызмет-
керлерінің және газет авторларының арасында Мұхаметжан Сералин, Асылқожа
Құрманбаев, Қорабай Жапанов секілді халық арасынан шыққан, оқыған, прогресшіл
бағыттағы адамдар да болған.
Газет патшаның реакцияшыл, отаршылдық саясатын насихаттайтын материяларды
жариялаумен қатар өзінің ресми емес бөлімінде егіншілікті өркендету, отырықшылыққа
көшу, ғылыми жаңалықтар, мәдениетке ұьыту (дәрігерлік көмек, мектеп ашу, қазақ тілін,
әдебиетін дамыту проблемалары), ел басқару, сауда ісін жолға қою, мал тұқымын
асылдандыру, және т.б. көптеген мәселелерді қамтып тұрды. Сондай ақ мұнда шет ел
және Ресейдің ішкі жаңалықтары, көршілес мемлекеттер жөнінде де хабарлады. Газеттің
нақты тиражы туралы анық мәлімет жоқ.
“Торғай газеті ”. 1869 жылы 2 қаңтарда Орынбор және Сібір ведомствасына
қарайтын территория қайта құрылып, Торғай облысы делініп атала бастады. Құрамына 4
уезд, 28 болыс қарайтын облыс сол кездегі Қазақстанның біраз жерін алып жатты.
Ал,1879 жылы орталығы Орынбор қаласында облыстық басқарманың баспасөз
орталығы құрылып, оның ресми органы шыға бастады. 1895 жылдан бастап бұған қосым-
ша “Тургайская гезета” деген атпен зесми емес бөлімі шығарылып, ло 15 жылдай өмір
сүрді. “Торғай газетінде” Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметімен
таныстыратын материялдар жарияланды.
“Торғай газеті” көпшілікке пайдалы материялдарды қазақ әріпімен және араб
әріпімен қазақ тілінде жиі-жиі жариялап отырды.
1905-1907 жылдардағы бірінші орыс буржуазилық революциясы көпшіліктің саяси
санасын шыңдаған мектеп болды. Соның нәтижесінде тарихта тұңғыш рет жұмысшы мен
шаруа одағы бірлесіп, өздерінің ортақ жауы – патша самодержавиесіне қарсы “Восточное
оброзование” үреске шықты.
Революция жаңғырғы Қызықстан даласына да жетті. Верный, Әулиеата қалалары-
ның Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Семей Петропавл темір жол станцияларының жұмыс-
шылары мен демократиялық ниеттегі еңбе кшілері патша үкіметінің озбырлығына наразы-
лық білдіріп, ереуілдер жасады. Орынбор, Ташкент, Түркістан, Перовск, Жосалы, Шалқар
станцияларында жұмысшылар жұмыс күнін қысқартуды, экономикалық жағдайларды
жақсартуды талап етті. Кей жерлерде жұмысшылар жаппай жұмысқа шықпау шараларын
ұйымдастырды. Сөйтіп, қазақстандықтар да Бүкілресейлік стачкаға қосылды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары?
1.
Қазақтың мерзімді баспа сөзі қашан пайда болған?
2.
Қазақ жеріндегі революциялық тақуалар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз
(1870-1917 ж/р) тарихы?
3.
“Түркістан уалаятының газеті” тарихы мен пайда болуы?
4.
“Дала уалаятының газеті”, “Торғай газеті” қазақ баспасөзіндегі қызметінің
басталуы?
2.ХХ ғғ басындағы Қазақ баспасөз тарихының қалыптасуы. 2сағат
1.
“Сарыарқа” газеті.
2.
“Алаш” газеті.
3.
“Абай” журналы.
“Сарыарқа” газеті. Кезінде “ұлт қамын ойлап, щарқ ұрған” “Сарыарқа” газеті әліде
болса толық зерт- теліп, бағасын ала қоған жоқ. Бодан елдің санасына тәуелсіздік рухын
сіңіріп, жұртты оят- қан “Қазақ” газетімен үндес, бағыттас бұл басылым 1917-1918
жылдары Семей қаласында шығып тұрды. Газеттің жауапты шығарушысы – алаштың
ардақты азаматы, соңынан ке -ңестік саясаттың құрбаны болған Халел Ғаббасұлы.
“Сарыарқаның” көптеген мәселесі: Алашорда өкіметін құру,қазақ мемлекетін жасау,
жоғалған елдікті қайта орнықтыру болды. Сондай-ақ, Алашорданың Семей тобының саяси
бағдарламасы да осында басылғанды. Ең бастысы сол кездегі қазақ қайраткерлерінің іс-
қимылдармен де осы газеттен танысуға болатын еді.
“Сарыарқа” газетінде негізінде ел, жер, халық қамын ойлаған Ә.Бөкейханов,
Х.Ғаббасұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Құнанбайұлы, М.Тұрғанбайұлы сияқты арыстардың жү-
рекжарды еңбектері жарияланып тұрған.
“Алаш” газеті. “Алаш” 1916 жылы 26 қарашадан бастап 1917 жылдың ортасына
шейін, Ташкент қаласында, аптасына бір рет шыққан. Редакторы Көлбай Тоғысов,
шығарушысы Мәрием Тоғысова. “Түркестанский курьер” баспаханасында басылыр
тұрған. Газеттің шығуы жаында “Алаш” газетінің алғашқы санында “Россия
қарамағындағы елдердің бірі болу үшін қазақ халқының шешетін мәселелері көшпелілік
пен отырықшылық, оқу-ағарту ісін жөнге қою, Мемлекеттік Думаға қатысу, сот ісін
жөндеу, әйел мәселесін көтеру, елдің-тұрмыс халін түзету” деген.
Газетте
Т.Жанбаевтың,
Т.Жомартбаевтың,
С.Дөнентаевтың,
А.Баржақсин,
Б.Майлин, Сәбира Әділхалық, Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтың мақалалары кездеседі.
1917 жылғы 22-сынынан бастап “Алаш”газетінің зедакторы Түзел Жанбаев болғаны
туралы, “Алаш” газетіндегі Жанбаевтың “Оқушыларға өтініш” деген мақаласын да
Қ.Тоғысовтың халық мәжілісіне, Петербордағы шаруалар съезіне уәкіл болып сайланғаны,
газет шығару жұмысы Түзел Жанбаевқа тапсырылғаны хабарланған. Ү.Сұбханбердина-
ның дерегіне қарағанда Петербордағы Салтыков-Щедрин атындағы кітапханада газеттің
22-санына дейін сақталған.
“Абай” журналы. “Абай” журналы 1918 жылы “Абай” атты ғылыми, әдеби,
шаруашылық журнал белгілі қазақ жазушысы Ж.Аймауытовтың редакторлық етуімен
Семей қаласында шыға бастады. Негізінде бұл басылымды шығарушылар “Екеу” деген
лақап атпен қол қоюшылар болған. Оның бірі журналдың ресми редакторы Ж.Аймауытов
болса, екіншісі әдебиет майданына енді араласқан М.Әуезов еді.
“Абай” журналында негізінде Қазақ әдебиетіне мән берген:сөздің сыртын сырлап,
ішін әрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық,сыншылдық бірдей дарыған Абай еді.
Өнер тап, оқы, қарақет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп қақсап кеткен Абай еді деп –
Абайға арналған болатын.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары?
1.
ХХ ғғ басындағы Қазақ баспасөз тарихының қалыптасуы.
2.
“Сарыарқа” газеті, “Алаш” газеті, “Абай” журналдарының қазақ баспасөздегі
қызметі?
3.«Қазақ» газеті, «Айқап» журналының қазақ қоғамында атқарған қызметі. 2сағат
1.
“Қазақстан” газеті.
2.
“Айқап” журналы.
3.
“Қазақ ” газеті.
“Қазақстан” газеті. Көпшілік одағының мүшелері 1910 жылы елден қаржы жинап,
Орда қаласындағы А.Н.Щегкованың меншікеі барсханасын ұйымдастыруға көмектеседі.
Сөйтіп, 1911 жылдың наурыз, мамаыр айларында орыс баспханасынан “ Қазақстан ”
газетінің алғашқы екі нөмері жарық көрді. Бұл туралы газет қызметкері С.Меңдешев
“Бөкей даласындағы 1916 жылғы көтеріліс” деген мақаласында сөз етен.
Газетті шығарушылар екі нөмері жарық көргеннен кейін редакцияны Орда қаласы-
нан Орал қаласына көшіреді, оған патша әкімшілігінің цунзурасыз шыққан басылымның
әр мақаласына кінә тағып, авторларды қуғындауы себеп болған.
Редакция құжымы Оралға көшіп келген соң Мұтиғолла Тухватулин,Ғабдолла Тоқай,
Камин Тухватуллин, Мұхамед-Ғали Мусин сияқты татар қайраткерлерінің араб әрпәмен
өз тілдерінде газет, журнал шығарып тұрған баспаханасын несиеге сатып алады. Қарыздан
бірден құтылу оңайға түспейді. Соның зардабынан редакция қызметкерлері газет шығару-
дың орнына үш-төрт ай бойы жекелеген мекемелер мен адамдардың заказдарын орындау
үшін асыл уақыттарын кетіреді. Ақыры қарыздан құтылудың басқа амалдары болмаған
соң, елден газеттің тұңғыш санына байғазы сұрап, ақша жинайды. Басылымның үш жыл
ішінде 18 нөмірі жарық көрді. Оның кейбір нөмірлерінде орыс, қазақ, татар тілдерінде
жазылған материялдар жарияланған.
Газет 1913 жылы жабылады. Редакция ұжымы басылымның жабылуы себебін “Құр-
мет иесі оқушыларымызға” деген мақалада қаржының жетіспеушілігінен деп көрсеткен.
Ал, негізгі себеп газеттің прогресшіл – демократиялық сарынынан қорыққан патша
әкімдерінің кертартпа әрекетінен еді. Бпсылымның редакторы – Елеусин Бұйрин болды.
“Қазақстан” жариялаған материялдарында ел ішіндегі саяси мәселелерге баса көңіл
бөлді. Мәселен, 1912 жылы Ленадағы жұмысшылар ереуіілін жергілікті қарапайым шаруа,
кедейлердің сана-сузіміне түсінікті боларлықтай, яғни таптар арасындағы қайшылыққа те-
рең талдау жасай жазған. Сөйтіп, капиталистер мен жұмысшылардың өзара келіспеушілік
себеп-сырын ашып көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |