Қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата26.01.2017
өлшемі1,8 Mb.
#2771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 
Жомарт 
 
Атымтай  жомарт  ӛзі  есепсіз  бай  бола  тұрып,  күн  сайын  бір 
мезгіл,  үстіне  ескі-ұсқы  киім  киіп,  отын  кесіп,  шӛп  тасып  жұмыс 
қылады екен. Бір күні ӛзінің жақын, таныстары сұрады дейді:  
-    Жомарт,  Құдай  берген  дәулетіңіз  бар,  ашқа  -  тамақ, 
жалаңашқа  -  киім,  үйсіздерге  -  үй  болдыңыз,  сӛйтіп  тұрып  ӛз 
басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шӛп 
тасығаныңыздың мағынасы не? - деп.  
Жомарт айтты дейді:  
-  Тӛрт  түрлі  себеп  бар.  Әуелгісі:  әдемі  ат,  асыл  киім,  асқан 
дәулетті  ӛнебойы  әдет  етсең  кӛңілге  жел  кіргізеді;  сол  желіккен 
кӛңілмен ӛзімнен терезесі тӛмен бейшаралардан жиреніп, кӛз салмай, 
кем-кетікке  жәрдем  беруді  ұмытармын  деп  қорқамын.  Екіншісі:  бар 
бола  тұрып  мен  жұмыс  қылсам,  мұның  кемшілік  емес  екенін  біліп, 
кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын ӛз бейнетіммен 
таңнан  бір-екі  пұлға  нан  сатып  алып  жесем  де  бойыма  сол  тамақ 
болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады 

60 
 
екен.  Тӛртіншісі:  кұдайтағаламның  берген  дәулетін  ӛзімсініп,  тиісті 
орындарына  жаратпай,  кӛбісін  ӛзім  ішіп-жеп,  ӛзім  тұтынсам,  мал 
берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын,- деді.  
                                                                                       (www.adebiet.kz) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Еңбек тақырыбына байланысты эссе жазыңыз. 
 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
15 - апта 
Менің факультетім 
1 - тапсырма. Мәтінді оқыңыз. 
     Факультет ректордың  №107-п бұйрығы бойынша 2009 
жылдың 3-сәуірінде құрылған болатын.  
Факультетте келесі кафедралар жұмыс атқарады: 
• радиоэлектроника және техникалық физика кафедрасы 
• жалпы және теориялық физика кафедрасы 
• Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен 
технологиялар кафедрасы 
• жүйелікталдау және басқару кафедрасы 
• ғарыштық техника және технологиялар кафедрасы 
Факультет дайындаудың үш сатылы жүйесі бойынша келесідей 
мамандықтар бойынша дайындық жүргізеді: 
бакалавриат 
5В011000-Физика (білім);  
5В060400-Физика (жаратылыстану ғылымдары);  
5В060500-Ядролық физика;  
5В070200 –Автоматтандыру және басқару;  
5В071900- Радиотехника, электроника және 
телекоммуникациялар;  
5В072300-Техникалық физика.  
магистратура: 
6М011000-Физика (білім);  
6М 060400-Физика (жаратылыстану ғылымдары);  
6М060500 -Ядролық физика;  
6М070200 – Автоматтандыру және басқару;  

61 
 
6М 071900- Радиотехника, электроника және 
телекоммуникациялар;  
6М 072300- Техникалық физика; 
PhD докторантура: 
01.04.00 – Физика бағытында.  
05.13.00  –  Информатика,  есептеуіш  техника  және  басқару 
бағыты бойынша 
факультетте  10  ғылым  докторы,  30  кандидат,  7  PhD 
докторлары  жұмыс  жасайды.  Олардың  арасында      «Ғылымның 
дамуына  зор  үлес  қосқаны  үшін»  белгісінің  иегерлері  –  ф.-м.  ғ  .д., 
проф.  К.Бақтыбеков,  А.  Ақылбеков;  ҚР-ның  ғылым  мен 
технологиясын  дамытуға  зор  үлес  қосқан,  ғалымдар  мен  мамандарға 
арналған  Мемлекеттік  ғылыми  сыйлығының    стипендиаттары–ф.-
м.ғ.д.,  проф.  А.Арынғазин,  К.Бақтыбеков,  Р.Мырзақұлов;  «ҚР  білім 
берудің құрметті қызметкері» белгісінің иегерлері –ф.-м.ғ. д., проф. Т. 
Нұрахметов,  п.ғ.  к.  Р.Ақанова,  .ф-м.ғ.к.  А.Даулетбекова;  ,«ЖОО  ең 
үздік  оқытушысы»  мемлекеттік  грант  иегерлері  –ф.-м.ғ.  д.,  Б.Т. 
Кенжебеков (2006 ж.), т.ғ. д., проф. Бейсенби М.А., (2007 ж.)  ф.-м.ғ. 
д., А.Ақылбеков (2007 ж.), ф.-м.ғ. д., С.Саутбеков (2007 ж.), ф.-м.ғ. к., 
М.Мырзахмет (2008 ж.), ф.-м.ғ. д., С.Мұхамедин (2008 ж.), ф.-м.ғ. д., 
Т.Нұрахметов  (2009  ж.),  ф.-м.ғ.  к.,  А.Даулетбекова    (2009  ж.),  ф.-м.ғ. 
к.,  А.Морзабаев  (2009  ж.);  дарынды  жас  ғалымдарға  арналған 
Мемлекеттік стипендия стипендиаттары–ф.-м.ғ. к., PhD докторы  К.К. 
Ержанов,  Н.  С.  Серікбаев,  К.  Р.  Мырзакулов,  К.  Р.  Есмаханова, 
А.Баратова, М.Здоровец, А.Жүнүсбеков, А.Алдонғаров еңбек етеді. 
Факультеттің ғылыми шығармашылық қызметі 
   Жоғарғы білім берудің сапасына қол жеткізу университеттік 
,академиялық  және  салалық  ғылымдардың  интеграциясымен  тікелей 
байланысты.Факультеттің  ғылыми-зерттеуінің  жалпы  негізгі  бағыты 
келесідей 
ғылыми 
бағыттар 
бойынша 
кешенді 
зерттеулер 
жүргізілуімен 
анықталынады: 
жинақталуды 
моделдеу, 
конденсацияланған  ортада  радиациялық  ақауларды  жасытуы  және 
ионды  кристалдарда  ақаулардың  пайда  болуы  (Бақтыбеков  К.С, 
Ақылбеков  А.Т.  профессорлары);  жаңа  оптикалық  материалдарды 
алу(ф.-м.ғ.  к  Мырзахмет  М.К),  ионды  кристалдардағы  радиациялық 
ақаулардың  жинақталуымен  жасалуының  механизмдерін  зерттеу(ф.-
м.ғ. д, проф.  Нұрахметов Т.Н.) 
Соңғы  3  оқу  жылында  үздік  профессорлар  мен  доценттер 
ғылыми-зерттеу жобаларын жасауда кӛптеген гранттарды ұтып алды. 

62 
 
Факультет құрамында жұмыс жасайды: 
Фундаментальді  зерттеу  институты-  директоры  Арынғазин 
А.К.; 
Физика  және  жоғары  технологиялар  институты  –  директоры 
проф. Бақтыбеков К.С.; 
Физика-техникалық 
институты 
– 
директоры 
проф. 
Мырзақұлов Р.М.; 
Жұмыс  жасауға  байланысты  келесі  жобалармен    қарым-
қатынас жасауда:  
·  Швейцария  «  Ғылыми  жұмыскерлердің  халықаралық 
федерациясы» 
жобасы. 
Галофитті 
ӛсімдіктердің 
қабілетін 
зерттеу,топырақтан тұзды аккумуляциялау.  
·    Швейцария  «  Ғылыми  жұмыскерлердің  халықаралық 
федерациясы»  жобасы.  Пестицидке  қарсы  суды  фиторемидиациялау 
үшін су ӛсімдіктерін сұрыптау.  
Кафедра студенттері практиканы AES, «ҚазМұнайГаз» сияқты 
компанияларда,  Ядролық  физика  институтында,  Степногорсктегі 
гидрометаллургиялық  зауыт,  KEGOC,  КазТрансОил,  ҚР-ның 
қоршаған ортаны қорғау министрлігінде және т.б. жерлерде ӛтуде.    
Оқу  қорытындысы  бойынша  біздің  түлектеріміз  қоршаған 
ортаны  қорғау  облысындағы  менеджмент  және  инженерлік  қорғау 
жӛніндегі  есептерді  шешуге,  Қазақстан  ӛнеркәсібінде  заманға  сай 
экологиялық  технологияларды  енгізуге  негізделген  проблемаларды 
шешуге  дайын.  Олар  технологиялық  және  жобалау  құжаттарын 
дайындауға дағдыланған және детопішінде жұмыс жасай алады. Бұлар 
ӛнеркәсіп  бӛлімшелерінде,  жобалау  институттары  мен  жекеменшік 
компанияларындағы  аналитикалық  және  экологиялық-инженерлік 
жұмыстарды  жасауға  қабілетті  бар  болашақ  экологиялық-инженерлік 
және ғылыми-техникалық элита.   
 
2-тапсырма.  Мәтінді мазмұндаңыз. 
 
3-тапсырма. «Менің таңдаған мамандығым» атты тақырыпқа 
эссе жазыңыз. 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
Бӛтен - другой. 
жүзі - облик. 
талапты, зиректі - талантливый. 

63 
 
жалғыз - в одиночку. 
 
       2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Талаптың пайдасы 
 
Петр  Великий  деген  осы  күнгі  ақ  патшамыздың  бабасы  бір 
күні  шіркеуде  тұрғанда  кӛп  адамның  артқы  жағында  үңіліп  патшаға 
қарап,  бӛркімен  қалқалап  қана  бір  нәрсені  сызып  тұрған  балаға  кӛзі 
түседі. Мұнымен бӛтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша 
сол  бала-екеш  балаға  да  кӛзін  салып  тұрған  екен.  Тілек  тілеп  болған 
соң,  жұрт  екі  жарылып,  патшаға  жол  беріпті.  Сонда  патша  тұп-тура 
манағы  балаға  барды.  Бала  қолындағы  сызумен  болып  тұрып,  тіпті, 
патшаның  қасына  келгенін  де  байқамай  қалыпты.  Сонда  жұмсақ 
шыраймен патша сұрады:  
- Неғылып тұрсын?  
- Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.  
- Оны неғылмақсын?  
-  Даңқың,  дабылың  жер  жүзіне  жайылған  патшам,  сенің 
суретіңді сызып алып, ӛміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.  
-Қане, кӛрсетші сызғаныңды?  
Сол  уакытка  шейін  корықпай  жауап  беріп  тұрған  бала, 
сызғаныңды  кӛрсет  дегенде,  қысылайын  депті,  сӛйтсе  де,  сызған 
қағазын  әдеппен  патшаның  қолына  берді.  Қараса,  сурет  реуішті  де 
емес, әйтеуір ӛз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды 
қайдан  білсін.  Солай  да  болса,  әлемге  ақылы  жеткен  патша  баланың 
талапты,  зирек  екенін  аңғарып,  оқуға  бергізіп,  ақырында  сол  бала, 
бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған.  
                                                                                   (www.adebiet.kz) 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Еңбек тақырыбына байланысты эссе жазыңыз. 
 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Мұңсыз – живущий в достатке, счастливый. 
Дауа – нечто, исцеляющее от недуга, болезни. 

64 
 
Бақсы - балгерлері – знахари. 
Астыру – повесить (казнить). 
Кӛйлек – рубашка. 
Қақтыру – бить, встряхивать. 
Кемшілік – недостаток. 
Сырқау – больной. 
Қанағат – удовлетворение, наслаждение. 
Уайым – печаль, беспокойство. 
Ілгерірек – лучше. 
Кедей – бедняк. 
Там – дом, изба. 
Салам – солома. 
Патшазада – царевич. 
Хабар – весть, извещение. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
 
Мұңсыз адам 
 
Бір  патшаның  ханымы  ауру  болып,  жұрттан  неше-неше 
дәрігер  жыйдырып,  ем  еткізсе  де  ешбір  дауасы  табылмады.  Патша 
мұнан соң бақсы-балгерлерді жыйдырып жарлық айтты:  
-  Балдарыңызды  ашып,  осы  ханымға  не  ем  болатынын 
табыңыз, егер таппасаңыз бәріңізді де астырып ӛлтіремін, - деп.  
Бақсы-балгерлер қорқып, сасып тұрғанда, ішінде біреуі айтты: 
«Мен бұл аурудың емін таптым». Сол сӛзбен мұны ханға алып келісті. 
Бұл балгер ханға айтты:  
- Дүниеде мұңсыз кісі тауып, соның кӛйлегімен қақтырсаңыз, 
бұл ауруға сол ем екен.  
Патша  жер  жүзіне  жасауылдарын  таратып,  қанша  іздесе  де 
мұңсыз  адам  табылмады;  біреу  бай,  не  бақыты  болса  баласы  жоқ, 
екеуі  де  болса  не  қатыны  не  баласының  мейірімі  жоқ,  болмаса 
біреулерден кӛрген кемшілігі бар, болмаса не ӛзі, не қатын-балалары 
сырқау,  ең  болмаса  сол  айтылғанның  бәрін  құдай  берген  болса, 
қанағат  жоқ  болғаннан  уайымы  кӛп   тағы  ілгерірек  болмадым  деп. 
Күдер  үзіп,  мұңсыз  адам  жоқ  екен  деп  қойған  кезде,  бір  күні 
патшаның  баласы  келе  жатса,  бір  кедей  адам  даладағы  бұзылған 
тамның түбіне келіп айтады:  «Бүгін жұмысымды бітірдім, қарнымды 
тойдырдым,  енді  не  уайымым  бар,  кел  жатып  ұйықтайын»  -  деп, 

65 
 
тамның  қасындағы  жыйынды  салам  үстіне  жығылды  да  жатты, 
бітегене болмай қорылдап ұйықтап та қалды. Патшазада мұны кӛріп, 
мұңсыз  кісі  таптым  деп  патшаға  хабар  берді.  Патша  қуанып 
жасауылдарын  жіберді,  ол  мұңсызды  алып  келіңіз  деп.  Алып  келген 
соң,  бұл  адамға  алтын-күміс  беріп,  енді  кӛйлегіңді  бер  деп  қараса, 
мұңсыздың үстінде кӛйлегі де жоқ екен. 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5-тапсырма.Мәтіннен  сын  есімдерді  тауып,  оның  жасалу 
жолына тоқталыңыздар. 
 
1- тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Күтіп асырау – ухаживать, заботиться. 
Ауыру – болеть, хворать. 
Жүдеп зарығу – исхудать, страдать, скучать. 
Тәуір болу – выздороветь, вылечиться. 
Маужырау – испытывать приятную истому, дремать. 
Маңдай – лоб. 
Шыбын – муха. 
Кею – быть недовольным. 
Ыза болу – негодовать, гневаться. 
Жұлқып кету – вырваться. 
Шынжыр – цепь. 
Қалпақтай ұшу (құлап түсу) – упасть. 
Жан тапсыру – скончаться. 
Жаза беру – наказать. 
Әзірет – святейший (титул святых, пророков, халифов) 
Тілеп зарығу – желать, просить. 
Қалғыту – дремать. 
Қожа – хозяин. 
Ашуы келу – разгневаться, обозлиться. 
Қастық ойлау – замышлять зло. 
 
 
 
 
 

66 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз. 
                                                    
Ақымақ дос 
 
Бір  мырза  орманнан  бір  аю  баласын  ұстап  алып,  үйіне  алып 
келіп,  сонша  жақсы  күтіп  асырапты.  Бір  күндерде  мырза  қатты 
ауырып,  бір  айдай  тӛсектен  тұрмай  жатып,  сол  уақытта  аюды  да 
қараған кісі болмай, бұл да қатты жүдеп зарығыпты. Аурудан аз ғана 
тәуір болған соң, мырза бір күні далада, есік  алдына отырып, күннің 
жылысымен  маужырап  қалғиды,  бірақ  маңдайына,  бетіне  шыбын 
қонып,  шыдатпайды.  Соның  бәрінде  манағы  аю  кӛріп  отыр  екен, 
мырзаға тыныштық бермегені үшін шыбынға қатты кейіді. Сӛйтіп, аю 
ыза бола тұра жұлқып кеткенде шынжыры үзіліп кетіп, жүгіріп барды 
да,  мырзаның  бетіне  табанымен  салып  келіп  кеткенде,  мырза 
қалпақтай  ұшып,  сол  жерде-ақ  жан  тапсырды  дейді.  Бұл  іс  Дауыт 
пайғамбардың  заманында  болған  екен.  Аюды  халық  пайғамбарға 
сүйретіп алып барды, бұған қалайынша жаза береміз деп.  
Әзірет Дауыт аюдан сұрады:  
-        He себептен қожаңды ӛлтірдің?  
Аю жылап айтты дейді:  
-        Қожам мені баласындай күтіп, асыраушы еді, ол ауырған 
уақытта  мені  күткен  кісі  болмай,  қожамның  жазылуын  тілеп 
зарықтым.  Бүгін  сол  аурудан  тәуірірек  болып,  қожамның  далаға 
шыққанына  қуанып  қарап  тұрғанымда,  мырза  есік  алдына  отырып, 
қалғыйын деп еді, шыбындар тыныштық бермеді; соған ашуым келіп 
ұрғанымда  қожам,  не  себептен  екенін  білмедім,  ӛліп  қалды.  Мен 
қожама қастық ойламадым, шыбынды қырайын деп едім,- деді. 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
4
 
-  тапсырма.  Аңғалдық  тақырыбына  байланысты  эссе 
жазыңыз. 
 
1-тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
 
Қанағат – умеренность, удовлетворение, довольство. 
Әзірет - святейший (титул святых, пророков, халифов) 
Жұт – джут (массовый падеж скота от бескормицы) 
Байлық – богатство. 

67 
 
Тоймас – ненасытный 
Кӛңілі жай – душа спокойна. 
Тынышырақ – поспокойнее, без суеты. 
 
2 - тапсырма. Оқыңыз.
 
 
Қанағат 
Әзірет Әлиден бір жұт келіп сұрады дейді:  
-        Толық байлық қайтсең табылады?  
Әли айтты:  
-
 
Қанағат  ете  білсең.  Қанша  мал  кӛп  те  болса  қанағаты  жоқ 
кісі  байлыққа  жеттім  деп  тоймайды;  қанша  мал  аз  да  болса  барына 
қанағат  ете  білсе,  бұл  адамның  кӛңілі  жайлы,  тынышырақ  болады;       
- соның үшін Әзірет Әлі,- байлық - қанағатта,- деді.
 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5 - тапсырма. Қанағат  тақырыбына байланысты эссе жазыңыз. 
 
1-тапсырма. Сӛздікпен жұмыс істеңіздер. 
Мейірімді – добрый, милосердный, жалостливый. 
Орам – улица, квартал. 
Арбалы – едущий на телеге. 
Аңдаусыз – нечаянно. 
Ойбайлау – охать, ахать. 
Шошыну – испугаться. 
Есінен танып қалу – потерять сознание; впасть в 
беспамятство. 
Қабағын шыту – огорчаться, рассердиться, насупить брови. 
Демін алу – выбрать момент. 
Қиналу – мучиться. 
Жүдеу – страдать. 
Жұрт – народ. 
Алдау – обманывать, обжуливать. 
Тӛре – судья, аристократ. 
Күнәлі – провинившийся, грешный. 
Мәлім – известие. 
Тақсыр патшам – мой государь. 
Лайық болу – быть достойным (удостаиваться), заслуживать. 

68 
 
Жазықты болу – быть виновным, провиниться. 
Бала-шаға – дети, семья. 
Бұйыру – приказывать, повелевать. 
Рақым – милость, милосердие, жалость. 
Кешу – прощать. 
 
2-тапсырма. Оқыңыз. 
 
Мейірімді бала 
 
Сейіт  орам  үстінде  жүгіріп  бара  жатқанда,  бір  арбалы  келіп, 
аңдаусыз  соғып  кетіп,  аяғын  сындырыпты.  Ойбайлап  жылап  жатқан 
баланы  кӛріп  шошынғаннан  шешесі  есінен  танып  қалыпты.  Мұны 
кӛрген сон, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына салып  танып 
жатқанда  да  дыбысын  шығармай,  қабағын  да  шытпай  жатты.  Сонда 
сынықшы кісі:  
-                Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? -деп сұрады. 
Сейіт, шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап 
айтты дейді:  
-                 Ауырмақ  түгіл  жаным  кӛзіме  кӛрініп  тұр,  бірақ  менің 
жанымның  қиналғанын  кӛрсе,  әжем  де  қиналып,  жүдемесін  деп, 
шыдап жатырмын,- деді.  
***Қытай  жұртында  ескі  заң  бар,  біреуді  алдағандығы 
мойнына  түскен  кісінің  қолын  кесетұғын.  Бір  тӛре  осындай  іспен 
күнәлі  болып,  әлгі  айтылған  жазаны  беруге  тұрғанда,  күнәлі  тӛренің 
жас  қыз  баласы  әкем  үшін  жауап  беремін  деп,  мәлім  болды.  Қызды 
патшаға алып келіпті.  
- Тақсыр патшам,- деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны 
рас,  соның  үшін  қолынан  айрылуы  керек  болды,  мінекей,  тақсыр, 
әкемнің қолы,- деп ӛзінің қолын кӛтерді.  
-  Бұл  қол  да  менің  жазықты  болған  атамның  қолы,  бірақ 
мұнымен  бала-шағаларын  асырауға  шамасы  келмейді.  Бұйырыңыз, 
тақсыр,  осы  нашар  қолын  кесіп,  жұмысқа  жарап,  бала-шағаларын 
асырайтын қолын атама қалдыруға.  
Патша баланың мұнша атасына мейірімділігіне рақымы келіп, 
тӛренің күнәсін кешті дейді.
 
 
                                      (http://adebiet.kz  сайтынан алынған) 
 

69 
 
 
3 - тапсырма. Әңгімені мазмұндаңыз.  
4 - тапсырма. Әңгімеге қатысты ӛзіңіздің ойыңызды айтыңыз. 
5  -  тапсырма.  Мейрімділік  тақырыбына  байланысты  эссе 
жазыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

70 
 
Студенттердің ӛздік жұмысы 
 
1 – апта 
 
Ядролық  мәселеге жаңа кӛзқарас 
 
Президент мақаласына орай депутат Айгүл Соловьева үн қосады 
 
Бүгінде дүниежүзінде халықаралық 
жағдай қиындап барады. Оның ішінде 
ӛзгелерден ерекше Иранның ядролық 
бағдарламасы бар, Солтүстік Кореяның 
ядролық қару-жарақ жеткізетін ракета- 
ларды жасап жатқаны бар, тағы да басқа 
ірілі-ұсақты елдердің ядролық амбиция- 
лары әлемдік қауіпсіздікке сына қағуда 
десек, артық айтқандық емес. 
 
Бір  қызығы,  осының  бәрі  кӛптеген  мемлекеттердің  ядролық 
қаруды  таратпау  жӛніндегі  келісімге  қол  қойғандарына  қарамастан 
белең  алу  үстінде.  Яғни  басты  ядролық  елдердің  қалауынан  тыс, 
ядролық  мәселе  қайтадан  күн  тәртібіне  кӛтеріліп  келеді.  Осы  орайда 
жуырда  ғана  ресейлік  ―Известия‖  газетінде  жарық  кӛрген  Елбасы 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ―Алып  ауқымды  әлем  және  ядролық 
қауіпсіздік‖ атты мақаласы нағыз  кӛкейкесті мәселені кӛтерген деуге 
жетелейді.  Тоқсан  ауыз  сӛздің  тобықтай  түйініне  келсек,  онда 
Президент ―Ядролық отын жӛніндегі халықаралық банкті Қазақстанда 
құру  керек‖  деген  ой  тастайды.  Әрине,  Мемлекет  басшысының  бұл 
бастамасын  мамандар  бірауыздан  құптап  отыр.  Қалай  десе  де, 
Қазақстанның  ядролық  талқыда  батырып  сӛйлеуге  геосаяси  да, 
құқықтық та хақысы бар. Дәл бұған ешкім де таласа алмайды. 
Ал  бұған  қатысты  ҚР  Парламент  Мәжілісінің  депутаты 
Соловьева  Айгүл    Сағадабекқызының  да  ӛз  айтары  бар  екен.  Біз 
хабарласқанда,  мақаланың  тереңіне  бойлаған  депутат  ханым  ол 
сараптан  ядролық  түйткілді  тарқататын  жаңа  тәсілдердің  елесін 
кӛретінін айрықша атап ӛтті.   
-
 
Елбасы  ол  мақаласында,  негізінен,  Ядролық  державалар 
клубының  бақылаусыз  кеңею  қатері  туралы  жазады.  Яғни  жетекші 
елдер ӛздері басқаларға ―қойындар‖ деп шектеу қойып, ӛздері жойқын 

71 
 
ядролық  әлеуеттерін  жетілдіре  түсуде.  Сӛйте  тұра,  басқа  ядросыз 
мемлекеттерді  менсінбей,  әйтеуір,  шамдарына  тиюмен  болады.  Енді 
Президент  не  дейді?  Ол  ә  дегеннен  ―бейбіт  мақсатта  ядролық 
бағдарламаларды  жандандыру  керек‖  деген  идеяны  ортаға  тастайды: 
―Ядролық  қару-жарақ  ӛндірмейтін  елдер  неге  ӛздерінің  бейбіт 
мақсаттағы  жоспарларын  іске  асыра  алмайды,  неге  оларды 
жандандырып, іске асырмасқа? Қанша дегенмен, моральдық тұрғыдан 
бұл  дұрыс  па?  Ядролық  елдердің  ӛздері  барынша  ядролық  қуатын 
арттырып,  технологияларын  дамытуда.  Ал  ӛзгелерге  бүйтуге  тыйым 
салады.  Ендеше,  бейбіт  атом  ӛндірісін  жасасақ  ше?  Біз  оны  соғыс 
мақсатында  жасағалы  жатқан  жоқпыз.  Қолымызда  урандық  шикізат 
бар. Енді соны бейбіт мақсатқа жұмылдырайық‖дегенді жеткізіп отыр. 
Осы  орайда  автордың  ядролық  қауіпсіздікке  арнап,  жалпыға  ортақ 
декларация қабылдауды ұсынатанына баса назар аударған жӛн. Бәлки, 
халықаралық аренада әрбір елдің пікіріне құлақ асқан жӛн шығар. Ол 
ӛз  мақсаттарына  тілдік  риторика  арқылы  жете  алмағандықтан, 
осындай  радикалды  ядролық  қару  ӛндіру  және  технологияларын 
жасау жолына түседі. Ӛзіміз айта беретін Иранның жыры сол емес пе? 
Соны ескергендей, Елбасы да ―Біз қалай десе, адамгершілік танытып, 
ол  қарулардан  ӛз  еркімізден  бас  тартқан  елміз  .  Саяси  ерік-жігер 
кӛрсеттік.  Біз  ӛз  әлеуетімізді  жоғалттық,  әйтпесе,  қазіргі  таңда 
әлемдегі  тӛртінші  ядролық  ел  болар  едік.  Бізде  шикізат  кӛп,  енді  біз 
сондағы ісімізді бетке ұстай отырып, бейбіт мақсатта осы саламызды 
дамытуға күш салу керкепіз‖ дейтіндей. Менің түсінігімде, Мемлекет 
басшысы осы ойларды астарлады. 
 
                                                   Ерболат Мамырайхан                                                                    

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет