(”Ана тілі ” газеті )
??? 1. Ядролық қауіпсіздік мәселесі дегеніміз не?
2. Президент ядролық қауіпсіздік туралы қандай ой айтады?
3. Бейбітшілікті сақтауда Қазақстанның кӛзқарасы қандай?
1-тапсырма. «Кел» сӛзін бұйрық райда жекеше, кӛпше түрінде
жазыңыз.
жекеше кӛпше
І Мен ------------- І Біз -----------------
ІІ Сен ------------- ІІ Сендер ------------
72
Сіз ------------- Сіздер ------------
ІІІ Ол ------------- ІІІ Олар -------------
2-тапсырма. Тапсырманы топ болып талқылаңыздар.
Ірі зауыт директоры іссапарға кетуі керек. Қажетті құжаттарды
алу үшін ол таңертең зауытқа келеді. Сол уақытта оны күзетші
тоқтатып, ӛзіне аз уақыт бӛлуді сұрайды. Директор күзетшінің
әңгімесін тыңдайды. Сӛйтсе, күзетші түнде кӛрген түсін айтады.
Түсінде директор мінген ұшақ апатқа ұшырап, ал жолаушылар түгел
қаза болыпты. Күзетшінің кӛрген түсі, әдетте, шындыққа айналады
екен. Директор ойланып қалады. Ұшаққа алған билетін ӛткізіп,
пойызбен жолға шығады.
Ал күзетшінің түсі шындыққа айналады.Ұшақ апатқа ұшырап,
адамдар қайтыс болады.
Директор іссапардан келген соң, күзетшіге алғысын айтып,
сыйлықтар береді де, жұмыстан шығарып жібереді. Неге?
(«Ұрпаққа ұлағат» кітабынан. 100 б.)
Студенттердің ӛздік жұмысы
2 – апта
Менделеев кестесіне кінә тағуда
Америкалық химиктер ғылымға Менделеев енгізген әйгілі
кестені алып тастауды ұсынады. Ғалымдардың мәліметінше, бұл жүйе
толықтыруды қажет ететіні ӛз алдына, қателіктерге де тұнып тұр.
Зерттеу авторлары Менделеев классификациясында химиялық
элементтердің атомдық салмағы ескерілмегенін айтады. Орыс
оқымыстысы Дмитрий Ивановичтің заманында заттардың изотопты
күйін есепке алу тіпіті маңызды болмаған. Бұған қоса әйгілі кесте
химия ғылымының соңғы жаңалықтарына сәйкес келмей тұр.
Мысалы, бір жарым ғасыр бұрын Менделеев бордың атомдық
салмағын 10,811 деп белгілепті. Алайда бүгінгі ғылым бордың
атомдық салмағы оның қайда орналасқанына қарай 10,806-дан 10,821-
ге дейінгі аралықта болатынын дәлелдеді. Америкалықтардың талап
етуінше, сутегі, литий, азот, оттегі, кальций, күкірт, хлор және таллий
элементтердің де атомдық салмағын нақтылап алған жӛн. Айта
73
кетейік, былтыр Менделеев кестесін ӛзгертуді ресейлік Борис
Мясоедов те ұсынған еді. Мясоедовтың жобасы бойынша, бұл кестеде
92 емес, 150 химиялық элемент болуы тиіс.
Әзірлеген Нұрлан Құмар
(“Ана тілі” газеті)
??? 1. Д.И.Менделеев кестесі туралы шетел ғалымдарының
пікірі қалай?
2. Ғалымдар зерттеулерін қалай дәлелдеген?
3. Неліктен Менделеев кестесін ӛзгерту ұсынылып отыр?
Мәтінді оқыңыз.
Сағаттар тарихы
Күн адамдарға алғашқы сағат ретінде қызмет еткен. Күн
неғұрлым кӛтерілген сайын түс мезгіліне жақындады. Ал күн
кӛкжиекке жақындаған сайын кешкі мезгілге жақындады.
Уақытты ӛлшеудің алғашқы құралы күн сағаты болады. Оны
пирамида дәуірінде ойлап тапты. Адамдар заттардың кӛлеңкесі күндіз
ӛзгеретінін байқаған. Таңертең кӛлеңкенің ұзын болатынын, түске
қарай қысқаратынын, ал кешке қарай тағы да ұзаратынын байқаған.
Күндіз кӛлеңкенің де бағыты ӛзгеріп отырады. Осы құбылысты күн
сағатын жасау үшін пайдаланған.
Ерте кезде Египетте, Грецияда, Қытайда және басқа елдерде
күн сағатын кең тұрғыда пайдаланған. Олар негізінен уақытты дәл
кӛрсеткен, алайда бірқатар кемшіліктері болған: оны күн батқанда,
түнде, бұлыңғыр ауа райы кезінде пайдалана алмайсыз. Бұған
қарамастан оларды Бірінші Петр кезінде де пайдаланған.
Біздің эрамызға дейінгі II мыңжылдықта құм сағатын ойлап
тапқан. Олар тәуліктің кезкелген уақытында кезкелген ауа райында
жұмыс істей береді. Тіпті біздің кезімізде де құм сағаттар
медициналық
практикада,
химиялық
лабораторияда,
сабақта
қолданыста.
Қолайлырақ сағаттардың бірі – от сағаттар болды. Оны
шахтада пайдаланды. Құм сағат – белгілі бір уақыт ішінде жанып
74
бітетін майы бар ыдыс. Май жанып біткенде, адамдар жұмысын
тоқтатады. Сонымен қатар от сағаты май шам ретінде де
пайдаланылды.
Қытайда, Египетте, Грецияда су сағаты танымал болды.
Онымен уақытты бір ыдыстан екінші ыдысқа ағу жылдамдығы
арқылы білді.
Уақыт ӛлшеу құралдары техникалық үрдістің даму кезінде
жетілді. XI ғасыр соңында, 12-ғасырдың басында механикалық
сағаттар ойлап табылды. Осындай сағаттар XVI ғасырға дейін
сағаттық тілі біреу болса да, дәлдігі тӛмен болса да оларда қазіргі
қабырға сағаттарының барлық детальдары негізінен болды.
Одан бері қанша су ақты. (Много воды утекло с тех пор!)
Ӛзіңіздің қол сағатыңызға қараңызшы, адамзат тарихында олардың
қандай жолдардан ӛткенін есіңізге түсіріңіз. (Л.С.Хренов және
И.Я.Голубтың «Время и календарь» кітабынан).
Тапсырмалар:
Мәтіннен мезгіл құрылымды сӛйлемдерді табыңыз.
Мәтінде айтылған күн сағатын, құм сағатын, су сағатын, от
сағатын салыстырыңыз.
Қандай сағат (механикалық па, электронды ма) тағасыз? Неге?
Жуық мӛлшерлі мезгілдің берілуі
(обозначение приблизительного времени)
1.
Қазақ тілінде мезгілді жуық шамамен сипаттағанда тамын,
жуық, қарай сияқты септеуліктермен беріледі.
2.
Сағаттық, күнтізбелік + кӛптік жалғауы+жатыс септігі
құрылымымен беріледі:
Нақты уақыт Жуық шамамен, берілген уақыт
Ол жиырма бесінші Ол қыркүйектің жиырма бестеріне
қыркүйекте келеді. қарай келеді.
Мен сағат алтыда келемін. Мен сағат алтыға қарай келемін.
Мен сағат алтыларда келемін.
Мен ауылға автобуспен бір Маған мына тапсырманы дайындау
сағат жүремін. үшін жарты сағаттай уақыт керек.
75
Ол сағат үште кетті. Ол үшке таман үйіне қайтты.
Ол Астанада екі жыл тұрды. Ол Астанада екі жылдай тұрды.
Ол Астанада екі жылға жуық тұрды
(Они в Астане жили около двух лет).
Қосымша сабақ кешкі сағат Қосымша сабақ кешкі сағат
алтыдан кейін басталады. алтылардан кейін басталады.
3.
Егер контекстен сӛткенің қай бӛлігі екені түсінікті болса,
онда сағат, күн, кеш, түн түсіріліп айтылуы мүмкін: Маған үштерден
кейін кел. Поезд беске қарай жүреді.
4.
Сағаттық уақыт + жоқ (болған жоқ):
-сағат қанша болды?
-нақты білмеймін, әлі сегіз болған жоқ.
-әлі сағат екі болған жоқ, мен шаршадым.
5.
Реттік сан есім+жылдары тіркесі уақытты жуық шамамен
білдіреді: Жиырмасыншы жылдар – кӛркем ӛнер тарихындағы
қызықты жылдар. Ол ӛзінің басты еңбектерін 70-ші жылдары жазды.
6.
Жуық шамамен берілген сағаттық уақыт+ арасында сӛзімен
тіркесі: Маған екі мен үштің арасында хабарлас.
(З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы»)
76
1-тапсырма. Уақ
ыт қанша екенін айта аласыз ба?
۞ Есте сақтаңыздар:
1-ден
2-ден
3-тен
4-тен
5-тен
6-дан
10 минут кетті
7-ден
8-ден
9-дан
10-нан
11-ден
12-ден
1-ге
2-ге
3-ке
4-ке
5-ке
6-ға
10 минут қалды
7-ге
8-ге
9-ға
10-ға
11-ге
12-ге
a.
сағат тура 6.
b.
сағат 10 жарым.
c.
уақыт қанша болды? Ауызша жауап беріңіздер.
8
00
, 8
10
, 8
15
, 8
25
, 9
20
, 9
25
, 9
27
, 10
10
, 10
45
, 10
50
, 10
55
, 11
30
, 12
00
2-тапсырма. Бӛлшектік сан есімді жазбаша жазыңыз.
Үлгі:
5
2
бестен екі (две пятых)
77
Үлгі:
10
7
2
екі бүтін оннан жеті (две целых семь десятых)
10
1
;
5
2
1
;
10
5
2
;
10
3
3
;
10
7
4
;
10
9
6
3-тапсырма. Сӛйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.
Скорый поезд прибывает на 2 путь.
Завтра 12.30 принесите справку о месте жительстве.
Билет до города Алматы стоит 3200 тенге.
Завтра в 21.30 приезжает мои старший брат из Актау.
Музей работает с 9.00 до 18.00.
4-тапсырма. Сандарды жазбаша түрде жазыңыз және оны
оқыңыз.
1565, 1596, 1655, 1817, 1999, 2001, 2004, 2005.
112, 244, 526, 812.
1,5.
7,7.
2,25.
5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1.
Сіз таңертең нешеде тұрасыз?
2.
Сіз үйден сабаққа нешеде шығасыз?
3.
Сабақ нешеде басталады?
4.
Сіз сабақтан нешеде шығасыз?
5.
Жиналыс нешеде басталады?
6.
Сіз кітапханадан үйге нешеде келесіз?
7.
Конференция сағат нещеде басталады?
6-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын
түсіндіріңіз.
Елу жылда ел жаңа.
Қырықтың бірі қыдыр.
Ер бір рет ӛледі,
Қорқақ мың рет ӛледі.
Жалқауға мың сылтау.
Мың қайғы, бір борышты ӛтемейді.
78
Алдыңа бір қарасаң,
Артыңа бес қара.
Мың күн жұмақтан,
бір күн тірлік артық.
Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.
Екі кісі қағысса,
Бір кісілік орын бар.
Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер.
Студенттердің ӛздік жұмысы
3 – апта
Аспаннан кӛне жұлдыз табылды
Кембридж
астрономия
институты
мен
Калифорния
технология институтының мамандары әлемнің алғашқы миллиард
жылы ішінде пайда болған жұлдыздың қалдықтарын тапты. Ең кӛне
аспан денесі саналып отырған нысан ғарыш кеңістігінде алып газ
жарылысының болғанын айғақтайды.
Зерртеу жобасы жетекшісі Макс Петтини жария еткен
мәліметке қарағанда, ғылыми жұмыс барысында алдымен кӛне
жұлдыздан қалған беймәлім газ табылған. Бұл жайт ғарыш
кеңістігінде әуелі сутегі мен гелий, кейін, жарылыстан соң оттегі,
темір, кӛміртегі сияқты мейлінше ауыр химиялық элементтер пайда
болғанын кӛрсетіп отыр. Ғалымдардың мәліметінше, анықталған газ
күннен 25 есе үлкен, жұлдыздан бӛлінгенге ұқсайды.
??? 1. Кембридж астрономия институты мен Калифорния
технология институтының мамандары нені тапты?
2. Пайда болған жұлдыз қалдықтары нені айғақтайды?
3. Ғалымдардың мәліметінше, анықталған газдың кӛлемі
қандай?
4. Зерттеу жобасының жетекшісі кім және оның жария еткен
мәліметіне қарағанда, ғылыми жұмыс барысында не анықталды?
Екінші “Қазсат” ұшырылмақ
―Қазсат-2‖ жер серігін ағымдағы жылдың желтоқсан айында
ғарышқа ұшыру жоспарлануда. Мұны халықаралық ғарышкерлік
79
күніне орай ӛткізілген жиында Ұлттық Ғарыш агенттігінің тӛрағасы
Талғат Мұсабаев мәлімдеді.
Ұлттық Ғарыш агенттігі тӛрағасының айтуынша, ―Қазсат-3‖
жобасына қажетті қаржы мәселесі де шешілген кӛрінеді.
-
Бұл жоба ӛзгеше жүйе бойынша жүзеге асады. Әділ де
ӛркениетті тендер ӛткіземіз. Оған әлемнің ең мықты компаниялары
қатысатын болады. Тек жоғары деңгейде қызмет кӛрсете алатын
компания жеңіске жетеді. Бұлар алғашқы спутниктің кебін кимеуі
үшін барлық жағдайды жасаймыз, - деді ол ӛз сӛзінде.
Әзірлеген Абылайхан Қалназар
( ― Ана тілі ‖ газеті)
1-тапсырма. Кім? Не? сұрау есімдігін жекеше , кӛпше түрде
тәуелдеңіз.
Үлгі:
Жақ
Жекеше:
Жақ
Кӛпше:
І
Менің кімім
І
Біздің кіміміз
ІІ
Сенің кімің
ІІ
Сендердің кімдерің
Сіздің кіміңіз
Сіздердің кімдеріңіз
ІІІ
Оның кімі
ІІІ
Олардың кімдері
2-тапсырма. Кім? Не? Сұрау есімдігін жекеше, кӛпше
түрде септеңіз.
3-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар
және олардың мағынасын түсіндіріңіз.
Не ексең соны орасың.
Кімнің ісі кӛп болса,
Соның күші кӛп.
―Сіз‖ деген әдеп,―Біз‖ деген кӛмек.
―Сіз‖, ―Біз‖ –деген жылы сӛз,
Ағайынға жарасар.
Келіншектің бетін кім бұрын ашса сол ыстық.
80
Студенттердің ӛздік жұмысы
4 – апта
Бӛгдеғаламшарлықтармен байланыстыратын тіл пайда болды
Түсініктеме:
Беймәлім - белгісіз
Бӛгде - басқа
Ұғу - түсіну
Халықаралық
астрофизиктер
тобы
бӛгдеғаламшарлық
ӛркениет ӛкілдерімен байланысуға мүмкіндік беретін тіл ойлап тапты.
МЕТІ әмбебап қатынас құралы жерден тыс әлемнің беймәлім
сырларын ұғуға жол ашпақ.
Астрофизиктер айрықша дыбыстар хаттамасын осы кезге
дейін бӛгде ғаламшарлардан алынған алуан түрлі дабылдарға жауап
ретінде жасап шығарды. Оны Жерден тыс кеңістіктерге жолдау үшін
1.42 және 4.46 гигагерц жиілік пайдаланылады. Мамандар
жолданатын дыбыстарға міндетті түрде жауап беріледі деп үміттенеді.
Бӛгде ғаламшарларға алғаш рет 1974 жылы кодталған ақпарат
жіберілген. Бірақ кейін ғарыш кеңістігіне басқа да сансыз дыбыс
жолданғандықтан, қандай да бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін
болмады. Енді, МЕТІ-дің кӛмегімен Жерге жеткізілген түрлі
дыбыстар зерттеліп, мәні ашылатын болады. Дегенмен жаңа қатынас
құралы жетілдіруді қажет етеді, сондықтан астрофизиктер ӛз
жұмыстарына түрлі сала мамандарымен қоса, түрлі ұлттың, дін мен
мәдениеттердің ӛкілдерін тарқалы отыр.
???1.Халықаралық астрофизиктер не ойлап тапты?
2.Бӛгде ғаламшарларға қай жылы ақпарат жіберілген
болатын?
3.Жаңа қатынас құралы қалай жетілдірілуде
Ӛсімдіктің ДНК-сы адамдікінен ұзын болады екен
Түсініктеме:
Кездейсоқ - күтпеген жерден
Бұрын - соңды -осы уақытқа дейін
Қалжыңдау - ойнау, кекету
81
Биология ғылымында ең ұзын ДНК анықталды. Жапон
қарғакӛзі аталатын ӛсімдіктің генетикалық коды адамдікінен 50 есе
ұзын екен.
Kew Gardens ботаникалық бағының мамандары Paris japonica
немесе жапон қарғакӛзі ӛсімдігі ДНК-сын зерттеу барысында
кездейсоқ жаңалық ашты. Ӛсімдіктің генетикалық коды 149 млдр жұп
негізден тұрады екен. Мұндай ұзын генетикалық құрылым биология
тарихында бұрын – соңды белгілі болған емес. «Жапон гүлінің ДНК-
сын тікесінен орналастырар болсақ, одан әйгілі мұнара жасауға болар
еді», - деп қалжыңдайды ботаниктер. Бірақ қарғакӛздің бұл
артықшылығы оның қоршаған ортаға бейімделуіне кедергі
келтіретінге ұқсайды. Миллиардтаған негізі бар ДНК ӛсімдіктің ұзақ
ӛмір сүруіне мүмкіндік бермейді.
???1. Биология ғылымында не анықталды?
2. Kew Gardens ботаникалық бағының мамандары қандай
жаңалық ашты?
3. Ботаниктердің пікірі қалай?
-
Тӛменде берілген мысалдың мазмұнын айтыңыздар.
Тілекті де қызғану бар
(Мысал)
Қалың орманда жасы жүзге келіп, аспанмен бой таластырып
тұрған биік қарағай орман ішінде ӛсіп тұрған ӛзге ағаштарды қасына
шақырып алып былай депті:
– Кімде-кім маған кӛңілге қонарлық, керемет тілектер айтса, соған
жасымды, бойымды беремін...
Жүзге жету, бойын биік ұстау кім-кімге де арман емес пе? Жиылған
ағаштар ӛзара сыбырласып, біртіндеп тілектерін айта бастады.
Ақ қайың ағашы:
–
Менің ақ тілегім: тӛбең бұдан да кӛкке жетсін...
Шырша:
–
Жапырақтарың жайқалып ӛссін...
Кӛк терек:
–
Тамырларың тереңге жайылсын.
Жабайы алма ағашы:
82
–
Мың жаса, бұтақтарың берік болсын... сияқты түрлі тілектер
айтылса да, қарағайдың кӛңілінен шықпады. Күрсініп, шайқалып,
серіктестерінің ойдағыдай тілектер айтпағанына налыды. Сол-ақ
екен, манадан тып-тыныш үндемей тұрған жас шыбыққа тіл бітеді:
–
Жасым кіші болса да, сізге тілек айтуға бола ма?
–
Әрине, болады, айта бер, қысылма, – деді қарағай таңырқап.
Басқалары жақтырмағандай ыңғай білдіріп, орманның іші лезде
күбір-күбір әңгімелерге ұласып кетті.
– Тыныш, сӛз беріңдер. ―Ақыл – жастан‖ деген, айтсын, - деп
қарағай қаттырақ дауыстады. Ағаштар тыныштала қойды.
– Менің айтар тілегім, сізді отын шабуға келетін кездейсоқ
орманшының балтасынан сақтасын... – дейді майысып.
Бұл қарағайдың ойынан шықты. Қуанғанынан зәулім бұтақтарын
тӛмен иіп, жас шыбықтың тӛбесінен сипап, аялады.
–
Ақылшым, бердім жасымды, бердім жолымды, ӛзің де сақ
бол!
Қарағай тӛбесі кӛкке жетті. Ӛзге ағаштар жас шыбықтың
тапқырлығына қызыға, қызғана қарады.
(З.С.Күзекова, Р.М.Әбдіқұлова «Қазақ тілі»)
Студенттердің ӛздік жұмысы
5 – апта
Аспанда апта бойы ұшады
Жерге қонбайтын, бір ұшса әуежайды апталап кӛрмейтін
керемет ұшақтар да болады екен. Американың Калифорния штатында
осындай ұшқышсыз жеңіл аппараттар сынақтан ӛткізілді. БЛА-Global
Observer («Ауқымды бақылаушы») жерден 19,8 шақырым биіктікке
кӛтеріліп, жеті күн бойы ешқандай жанармайсыз қалықтап жүреді.
Және осы уақыт ішінде 725 мың шаршы шақырым аумақты қамтып,
бақылау жасайды.
Зерттеу Мохаве шӛліндегі Эдвардс әскери әуе күштері
базасында жасалған кӛрінеді. БЛА сол кезде тӛрт сағат бойы шеңбер
жасап, 914 метрлік биіктікте қалықтап жүрген.
Global Observer сутегі двигателімен жабдықталып, әуе
қорғанысы күштерінің нысанасына және радарлардың айнасына
ілінбеу мақсатында құрастырылған. Осы жоба үшін АҚШ 30 миллион
доллар жұмсап отыр.
83
Дегемен, бұл әлі бітпеген іс. Тәжірибе ойдағыдай ӛтсе,
болашақта азаматтық ұшақтармен де апталап ұшып, жерді айналып
шығуға болатын сияқты.
(«Нұр Астана», 13 қаңтар 2011 жыл.)
??? 1. Ұшақтың қандай ерекшелігі бар?
2. БЛА ұшағы қандай мақсатта құрастырылған?
3. Жобаның қаржылануы қалай?
4. Тәжірибе қандай нәтиже береді?
Студенттердің ӛздік жұмысы
6 – апта
Адам жүрегі телефонды зарядтайды
Түсініктеме:
Қуат - күш
Бел баулау - шындап кірісу,қолға алу
Естімеген елде кӛп дейміз. Үндістанда он бес жасар қыз
кәдімгі қалта телефонын жүрек соғысымен зарядтауды
ұсыныпты. Бұл Стэнфорд университетінің ғалымдарын қатты
қызықтырып, оған коммерциялық негізде ойдағы шаруасына
кірісуге тапсырма берген кӛрінеді.
Делидің батыс округында тұратын Сароджини Махаджан
жүрек соғысы мен адам денесінің жылуы ұялы телефонға қуат береді
деп есептейді. Бұл үшін жүрек соғысын электр импульсіне
айналдыратын білезік жасау керек.
Ол ӛз идеясын «IGNITE-2009» атты ұлттық инновациялық
байқауға жіберген екен, тек ынталандыру сыйлығына ие болған.
Байқау сайтында жарияланған идея америкалық ғалымдар назарынан
тыс қалмаған. Олар қыз балаға нарыққа шығару үшін ӛз тұжырымын
жасауға кеңес беріп отыр. Адамның денесі арқылы зарядталатын
ұялы телефон үлкен жаңалық болғалы тұр. Ол электр қуаты
жетіспейтін дамушы елдер үшін де, зарядтау тетігінен жалыққан
батыс адамдары үшін де пайдалы болмақ.
84
Махаджан ӛз идеясының үлкен ғалымдар назарына іліккеніне
әуелде сенбеген. Енді ол ғылыми ізденістермен айналысуға бел
байлауда.
(«Нұр Астана», 29 қазан 2009 жыл)
??? 1.Үнді қызының жаңалығын Стэнфорд университетінің
ғалымдары неліктен қолдаған?
2.Жаңалықтың қандай артықшылықтары бар?
3.Махаджан алдына қандай мақсат қойған?
Достарыңызбен бөлісу: |