Қасым БОТАНОВ
Қимас дос, ақжарқын азамат
Қимас дос, адал да ақжарқын азамат ортамызға сыйлы, әзіл-күлкіміз жарасқан, үлкенге іні,
кішіге аға, істеген жақсылықтарын бұлдауды білмеген, кісімсінуден аулақ болып қадірін түсірмей,
озбырлықтан шет жүріп, абыройы кетілмей кеткен Арысұлы Жанас о дүниеге мәңгілік сапарға
аттанды.
Арыс атты тектіден қалған тұяқ Жанас қай уақытта да асығып жүруші еді, тыным таппай-
тын сол еңбегі жемісті болды, ең бірінші өз отбасына керекті дүниені жинап беріп кетті, адал
еңбегімен, жанкештілігімен, өнегелі тәрбиесімен жұмыста да абыройлы болды.
Цех бастығы дәрежесіне жетіп 28 жыл бойы комбинаттың кем-кетігін жөндеп іске қосып
абыроймен үлкен ұжымды басқарды. Төккен тері лайықты бағасын алды. Елбасының ыстық
ықыласына ие болды. Омырауы орден медальге толды.
Сондай екенмін деп бірде-бір рет көкірек көтергенін елу жылдай сыйлас, дәмдес бо-
лып бір үзім нанды бөлісіп жеп жүрген біздер байқаған емеспіз. Ортамыздағы орны үңірейіп
қалды. Қатарымыз сиреген сайын дәуіріміздің өтіп бара жатқанын сезінгендейміз. Өз дәуірінің
шарықтауына өлшенбес үлес қосқан Жанас досымыз өз ортасымен қоштасып қолын бұлғады.
Дауасыз, опасыз дүние-ай, не десек болады, дауа бар ма? Топырағың торқа болып, қабірің нұрға
толсын!
Достары: Т. Смағұлов, Е.Төлеубаев, А.Сағынбеков, Е. Байтелесов, Ж.Жұмашев,
С.Машанов, Б.Өтегенов, Ш. Хамитов, Б.Ордабаев, С. Серікбаев, тағы басқалары.
Мерей мен мейірім иесі еді...
бағалап жатыр? Оны неге сезінбейміз, жер
жәннатының қайсысына теңейміз? Десек те,
біз үшін Арал атырабынан асқан сұлу жер
жоқ: шөлейтке ұласқан ақ шағыл құмы, еңсесі
түскен сары шашты ақ селеуі, иісі мұрынды
жарып аңқыған жусаны, елеңдеген елебегі,
ызыңдаған итсигегі, бұйрат құмына сүйенген
шырпысы мен ыстығына бауырын басқан
адыраспаны, түйе сүйсінер жантағы – бәрі
бәрі тым көркем. Аптапты даланың да қадір
қасиеті, өзгеше бітімі, бейнеболмысы ерек
ше бөлек болады екен. Біз мұны ауылдан
алғаш жырақ кеткендеақ сезінгенбіз» дейтін
еді ағамыз...
Жері сортаң, қысы қытымыр, жазы аптап,
ыстық, табиғаты қатал шөлейтті аймақ болса
да – бұл өлкенің бөлекше бітімжаратылысын,
екінің бірі аңғара бермейтін әсемдігін сезіну
үшін туған жерге төл перзенттік көзбен қарау
керек шығар. Адам бойындағы мінезқұлық,
тектілік қадірқасиет туған жерден даритыны
анық. Жанас аға бойындағы шыдамдылық,
төзімділік, сары алтындай сабырлылық сол
қасиетті атынан айналайын Аралдан жұққан
жұқана екені ақиқат. Арал мен Аға егіз еді...
«...Сол 5060жылдардан басталған
жастық шақта жырақтағы жерлестер үшін
«Аралым» әні әнұранға айналды. Жаныңды
ілезде баурап алар ол әннің әуезінде отаның
мен туысқа деген сал сағыныш пен бал
сүйініш, таза махаббат пен биік адамгершілік,
сұраусыз жақсылық пен қайтпас ізгілік,
жарқын қуаныш пен толмас күйініш, шынайы
мұң мен жарасты наз, тәтті шер мен қатты
нала, бәрі бар. Ол біздің өміріміздің баяны,
өлшемі еді. Орталық Қазақстан өңіріндегі
Арқа жақтың ару қызы қарқарадан үзіліп
түскен мен бір ақ моншақпын деп назданса,
біз Аралдың тамшысымын деп, қайран Арал
ды көлденең тартушы едік, теңіздің тамшы
сында мұхиттың дәмі бар деп қырындаушы
ек. Өмірдің жастығы, көңілдің мастығы екен
ғой соны айтқызған“ дер еді Мәкең жеңгемізді
меңзеп...
Содан кейінгі тарих „Теміртаудың қала
сы на“ ұласты.
«Қай жердің отын оттасаң, сол
жердің суын ішесің» дейді қазақ...
Қарттардың да қарты бар -
ақсақалы бір бөлек...
Әдеттің де озығы мен тозығы бола
ды.
Ата жосығынсыз бос қалған қазіргі
қоғамымыз «сауысқанға бақ берсе, бүркіт
қызмет қылады» керін кешіп отыр.
«Өзіміз өз
болғалы, сөзіміз бөз болғалы» деп ауыз тол
тыра айта алмаймыз. Теміртауда да сол кеп.
Сондықтан бір топ қала ақсақалдары кезінде
ұлттық рух үшін күреске шыққан еді. Соның
бел ортасында Жанас аға жүрер еді.
Тарихты қаузасақ қазақтың қаншама
ғасырлар иінінде қалыптасқан әдетғұрпы
қашан да халықтың ру хани азығы, қажеттi
мұрасы ғой. Оны халық өмiрiнiң айнасы
десе болғандай. Әдетғұрыптан бастау ала
тын ақсақалдар алқасы институтының қазақ
қоғамындағы орны етене бөлек, маңызы
айрықша болды. Төртеу түгел, бесеу бүтін
болсын дейтін
ол қоғамның ұйымдық қажеті
үшiн құрылып, қалаберді өм iр заң дылығы,
ел ішінде болып жататын құбылыстарын
жiтi аңдап пайымдап отыру үшін құрылды.
Алқа мүшелігіне танымы кең, тәжірибесі мол,
табиғи жаратылыстың, са я сат тың сырына
қанық, қоғамдық дамудың сан үрдiстерiнен
хабары бар адам ғана сайлана алды. Аузы
дуалы дейтін тектілер да осылар қатарында.
Бұл ел басқарудағы қазақ халқының өз i н
дiк далалық де мо кратияның жарқын үлгісі
еді. Жалпы көшпелілер даласы өзiне тән
ерекшелiгi бар, өзiн тұтастай сақ тап қалған
кеңiстiктін. Бұл кең iстiкте өзгеше бiр «реттеу
жүйесi» қалыптасқан. Яғни, онда өзiнөзi рет
теп отыратын арнайы қоғамдыққұрылымдық
жүйе болды. Ауылды – ақсақал, аймақты –
би, ұлысты – сұлтан, жүзді – хан, жүздерді
– қаған басқарды. Бұл іргесі берiк жүйелер
едi. Осылайша ақсақалдар алқасын ауыл
ұстынындағы билер кеңесінің бір көрінісі еді
деп дәйектей аламыз. Міне, осы миссия Жа
нас ағаға да бұйырды. Теміртау үшін қосқан
үлесі баршылық дейміз. Мұнысы қазақы
қала жұртына анық. Көріп тұрып айтпаған –
көргенсіздік белгісі дейді, көргенсін, білгесін
айтып отырмыз мұны.
Өмірдің басы – сайран, түбі – айран.
Артында қалған балалары айрандай ұйыса
дейміз. Қадірі көп әкенің қадірін жоғалтпаса
деген бізде қалтқысыз тілек бар. Құдайға не
шара.
Елеужан СЕРІМОВ,
ІІМ Қарағанды академиясының
профессоры,
заң ғылымдарының кандидаты
полиция полковнигі
Қазанама
2014 жылғы 28 желтоқсанда комбинаттың еңбек ардагері Жанас
Арысов өмірден өтті.
Жанас Арысов 1942 жылы Қызылорда облысында туған.
Теміртауға 1960 жылы металлургия алыбының құрылысына
комсомолдық жолдамамен келіп, сол жылы бірден Магнитогорск
қаласындағы техникалық училищеге оқуға жіберілді.
Оқуды бітіргеннен кейін Теміртауға қайтып оралып, өзінің
еңбек жолын ТЭЦ-ПВС кәсіпорынында электр-слесарьлықтан
бастады. Алматыдағы Қазақ Политехникалық институтын
бітіргеннен кейін, өзінің барлық өмірін Қарағанды металлур-
гия комбинатында еңбек етуге арнады. Сөйтіп, осында елу үш
жыл жұмыс істеді. Коксохим өндірісінің кокс цехында механик,
шеберден бастап, «Миттал Стил Теміртау» АҚ ЦРМО-1 цехы
бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті.
Еңбектегі аса жоғары табысы, шығармашылық белсенді
ұстанымы үшін «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» ме-
Көңіл айту
дальдарымен, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Жанас Арысовтың қайтыс болуына байланысты оның отба-
сы мен туған-туыстарына, жақындарына қатты қайғырып, көңіл
айтамыз.
Н. Сұлтанов,
қала әкімі.
А.Бегенеев,
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,
В.Свиридов,
қалалық мәслихат хатшысы,
В.Нехорошев,
С.Ибрагимов,
К.Мұхамеджанов,
А.Есмұрзаев, С.Тымченко, Ш.Мырзақасымова, С.Көшімбаев.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігі, «Жақтау»
кәсіподақ комитеті, А.Жүнісов, Қ.Омашев, А.Асанов,
Т.Ысқақов, В.Никонов, Е.Төлеубаев, Н.Вахитова.
Жанас Арысов
(1942 - 2014 ж.ж.)
«Құрыш қала KZ» газетінің редак ция-
сы қаламыздың белгілі азаматы, ардагер
металлург, басылым жанашыры
Жанас АРЫСОВТЫҢ
мезгілсіз қайтыс болуына байланысты
отбасына, туған-туыстарына қайғырып
көңіл айтады.
№ 01 (03) 2 қаңтар 2015 жыл
Қ
қ
12
Соңғы бет
МЕНШІК ИЕСІ:
«Құрыш қала KZ» газетінің
редакциясы» ЖШС
Құрылтайшысы әрі директоры
Т. СМАҒҰЛОВ
Бас редактор Руза АЛДАШЕВА
Техникалық редактор:
Қарлығаш БЕЙСЕНҚЫЗЫ
Мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді, жарнама мәтініне тапсырыс беруші жа уап
ты.
Газетте жарияланған матери алдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.
Редакция мекен-жайы: Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 13 үй, 237 кабинет.
Телефон: 8 (7213) 44-76-62. Телефон/факс: 8 (7213) 44-67-69 Электронды поштамыз:
khurysh_khala_KZ@mail.ru
Газетті есепке қою туралы № 15007-Г куәлікті 2014 жылғы 18 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті
Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттік берген.
Газет айына төрт рет шығады
Тапсырыс 03
Тиражы 1000 дана.
Форматы А-3. Көлемі 3 баспа табақ.
Офсетті басылым: Газет «Құрыш қала KZ» газеті редак циясында теріліп, беттелді.
Газет «Арко» ЖШС баспаханасынан басылды.
(Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15 үй). Индекс 64023
Жаңа жыл мерекесі
туралы қызықты
деректер
Қой жылы болған маңызды тарихи оқиғалар
Қой жылы 1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.
1907 қой жылы жазушы, аудармашы, сыншы Әлібек Қоңыратбаев дүниеге келді.
1907 қой жылы ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген
ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі Қажым Жұмалиев дүниеге келді.
1919 қой жылы башқұрт ақыны, Социолистік Еңбек Ері Мұстай Кәрім дүниеге келді.
1931 қой жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатев дүниеге келген.
1943 қой жылы жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лау-
реаты Оралхан Бөкей дүниеге келді.
1943 жылы мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың ұлы Мұрат
Әуезов дүниеге келді.
1955 қой жылы қазақ ұлты мен әлем халқына елеулі үлес қосқан Билл Гейтс, Таласбек Әсемқұлов, Қуандық
Түменбай, Қырымбек Көшербаев, Толымбек Әбдірайым сынды азаматтар өмірге келген.
1979 қой жылы журналист, қазақ баспасының тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976),
КСРО журналистер Одағының мүшесі Қайыржан Нұрғожаұлы Бекқожин өмірден озды.
1991 қой жылы әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев өмірден озды.
1991 қой жылы филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1974), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек
сіңірген қызметкері Тауман Амандосов өмірден озды.
1991 қой жылы «Беловеж келісімі» болды. Бұл - 1991 жылы 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республи-
калары басшылары арасында жасалынған келісім-шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі
бұрынғыдан да үдей түсті.
1991 қой жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения,
Әзірбайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Украина) басшы-
лары жаңа келісім-шартқа қол қойды. Сөйтіп бұрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
(ТМД) құрылды.
2003 қой жылы ғалым, филолология ғылымдарының докторы (1970), профессор (1974) Темірбек Қожакеұлы
Қожакеев өмірден озды.
2003 қой жылы физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор Шалтай Смағұлов өмірден озды.
Қазақ халқының жылдарға
сипаттамасы
ТЫШҚАН ЖЫЛЫ
(1924, 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008)
Қазақтар тышқан жылын береке мен ырыстың, татулық пен
тыныштықтың жылы деп санайды. Тышқан жылының жалпы тарихына
назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз,
молшылықта өткен. Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684)
дүниеге келді. Қазақ ордасы алғаш 1456 – тышқан жылы құрылған.
СИЫР ЖЫЛЫ
(1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009)
Халық түсінігі бойынша, сиыр жылында даужанжал, қиындықтар
мен ауыртпалықтар көп болады. Ырымтыйымдарға сәйкес, сиыр жылы
туғандар бұл жылы сиыр бауыздамайды. Көп халықтар сиыр жылының
дастарқанына сиыр етін, одан жасалған тағамдарды қоймайды.
БАРЫС ЖЫЛЫ
(1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)
Барыс жылы жақсылыққа да, қиындықтарға да толы. Деген
мен, бұрындары барыс жылында есте қалатын елеулі оқиғалар
болмағандықтан, оны жайсыз жыл санамайды. Мұхаммед пайғамбар
(с.ғ.с.) барыс жылы туып (570), ұлу жылы қайтыс болған (632). 1986
жылғы еліміздегі Желтоқсан оқиғасы барыс жылымен тұспатұс келді,
Мұстафа Шоқай барыс жылы дүниеге келіп, жылан жылы өмірден өтті
( 18901941).
ҚОЯН ЖЫЛЫ
(1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)
Бұл жыл жұт, аштық, ауыртпалықпен қазақ халқының есінде қалған.
186768 жылдары жалпақ қоян жұты, 187980 жылдары үлкен қоян
жұты, 189192 жылдары кіші қоян жұты, 191516 жылдары тақыр қоян
жұты болды. Қазақ даласында көп мал қырылып, адамдар өлді. 196263
жылдары да малды аудандарда мал қырылу орын алды. Қазақ жеріне
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заман 1723 – қоян жылы келді.
Қоян жылы Абылай хан дүние есігін ашты (1711 ж.).
ҰЛУ ЖЫЛЫ
(1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)
Ұлу суда тіршілік ететіндіктен, халқымыз «бұл жылы астық, шөп
мол болады» дейді. Оны жайлы жыл санайды. Алайда ұлу жылында да
қиындықтар болған.
ЖЫЛАН ЖЫЛЫ
(1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)
Халқымызда «Жылан жылы жылыс болды» деген сөз бар. Шыңғыс
хан 1221 – жылан жылы Отырарды алды. 192829 жылдары Қазақстанда
кәмпескелеу жүрді. 1941 жылғы немісфашист басқыншылығы жылан
жылы басталды, Қазан төңкерісі (191718) жылан жылымен тұспатұс
келді. Абай Құнанбаев жылан жылы туып, ұлу жылы дүниеден өтті (1845
1904).
ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ
(1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002)
Ел есінде жылқы жылы болған ауыртпалық, қайғылы оқиғалар жоқ.
Жылқы жылы туғандар бұл жылы жылқыны бауыздамайды. Қаракерей
Қабанбай батырдың да (1690), Жамбыл Жабаевтың да (1846) туған
жылы – жылқы.
ҚОЙ ЖЫЛЫ
(1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)
Қазақтар қой жылын жақсы жыл санайды. Өткен қой жылдары
халыққа жайлы болған, ел молшылыққа кенелген. Қазақстан 1991 – қой
жылы тәуелсіз ел атанды. Ахмет Байтұрсынов қой жылы (1873) дүниеге
келді.
МЕШІН ЖЫЛЫ
(1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)
Қазақтардың пайымдауынша, мешін – жайсыз жыл. Бұл жылы
бүліншілік, сәтсіздіктер мен жайсыз оқиғалардың көп болуы мүмкін. Сол
себепті қазақтар мешін жылынан қорқады. 1920 жылы қазақ даласында
көп мал қырылып, бұл жыл «Тас мешін» деп аталды. 193132 жылдарғы
алапат аштық та мешін жылына сәйкес келді. Ақ Орда хандығы 1428 –
мешін жылы құлады. Мешін жылы (1680) Тәуке хан таққа отырып, ел
биледі.
ТАУЫҚ ЖЫЛЫ
(1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005)
Халық бұл жылды да ауыр жылдардың бірі санайды. Өйткені тауық
жылы қауіпқатер аз болмаған, халық көп ауыртпалық көрген. 192021,
193233 – тауық жылдары жұт, аштық, 196869 тауық жылы құрғақшылық
орын алды. ӘлФараби (870950), Міржақып Дулатұлы (18851935),
Мұхтар Әуезов (18971961) тауық жылы туған.
ИТ ЖЫЛЫ
(1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)
Қазақ халқының түсінігі бойынша, мешін және тауық жылдарындағы
ауыртпалық ит жылы жеңілдейді. Мысалы, 1933 жылы аштық басылған.
1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған. Қаныш Сәтбаев ит
жылы туған (18991964 жж).
ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ
(1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019)
Жыл санаудың және жыл қайырудың соңғы жылын Қазақстанның кей
жерінде, кейбір түркі елдерінде қара киік жылы деп те атайды. Халқымыз
«доңыз жылы бәлежала көп болады» деп ойлайды. Алайда доңыз жыл
дары көп жағдайда қазақтарға жайлы болған. Қазақжоңғар соғысындағы
үлкен жеңіс 1729 –доңыз жылы болды.
Біле жүріңіз
Жаңа жыл мерекесі әлем
де гі қуанышқа толы ғажайып
мерекелердің бірі. Бәріміз Жаңа
жылдан жаңа бақыт күтеміз.
Жаңа жыл, оның тарихы туралы
барлығыңыз жақсы білесіздер.
Сондықтан біз бүгін Жаңа жыл
мерекесі жайындағы қызықты де
ректерге кезек береміз.
1. Үйге жаңажылдық шыршаны
әкеліп, безендіру адамзат баласы
на 150 жыл бұрын бұйырған екен.
2. Жаңа жылды орыс пат ша
лығы үш ғасыр бұрын 1 қыркүйек
күні атап өткен. Тек І Петр келген
соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім
шығарған.
3. Аустралия елінде мерекелік
дастархан үстіне құс етінен
жасалған тағамдар қойылмайды.
4. АҚШта Ақ Үй алдында алғаш
рет 1895 жылы шыршаға ілінген
электрлі түрлітүсті тізбек жанған.
5. Кеңес кезінде түсірілген
«Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл
буыңызбен!» («Ирония судьбы, или
с легким паром») киносы теледи
дарда 31 желтоқсан сайын 35 жыл
көрсетіліп келе жатыр.
6. Жаңа жылда отшашуды
не үшін пайдаланатынымызды
біле сіз бе? Бұл дәстүр Азияда
қалыптасқан. Фейерверктің шу
мен оттарынан жамандық атаулы
қашады деп есептеген.
7. Бразилияның астанасы Рио
деЖанейро қаласына әлемдегі
ең биік шырша орнатылған. Оның
биіктігі – 76 метр.
8. Аяз Атаның немересі болған
Ақшақар тек 20ғасырдың 50жыл
дарында ғана «дүниеге келген».
9. 1516 жылы Англияда Генрих
VIIIнің үйінің есік алдына құрылған
шырша алтыннан құйылған.
10. Жаңажылдық шыршаны
безендіру ең алғаш Эльзас (сол кез
дерде Германия құрамында болған,
қазір Франция елінде) қаласында
бастау алған. Безендіру үшін түрлі
түсті қағаздардан раушан гүлдерін
жасаған. Шырша бұтақтарына
алма, печенье, шақпақ қанттар мен
жылтырақ әшекейлерді ілген.
11. СантаКлаустың бұғылары
ның есімдері: Дэшер, Дэнсер,
Прэнсер, Виксен, Комет, Кюпид,
Доннер, Блитцен.
12. Жаңажылдық шыршаны
безендіруге арналған әйнек шыр
ша шары ең алғаш XVI ғасырда
Тюринги қаласында жасалған.
Осындай тағы басқа шырша
ойыншықтары тек XIX ғасырда ғана
жаппай өндіріле бастаған. Шыны
ұсталары әйнек ойыншықтар жа
саса, көмекшілері картон қағаздан
қоңырау, жүрек, жануарлардың
бейнелерін, шар, шырша бүршігін,
жаңғақ сынды түрлі бейне қиып,
ашық түстермен бояған.
13. 1843 жылы Лондонда алғаш
ашық құттықтау хаты басылған.