Абай Теміртау қалалық әлеуметтік-ақпараттық газет 2 қаңтар жұма 2015 жыл №01 (03)



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата27.01.2017
өлшемі6,29 Mb.
#2792
1   2   3   4   5

                                  Қасым БОТАНОВ

Қимас дос, ақжарқын азамат

Қимас дос, адал да ақжарқын азамат ортамызға сыйлы, әзіл-күлкіміз жарасқан, үлкенге іні, 

кішіге аға, істеген жақсылықтарын бұлдауды білмеген, кісімсінуден аулақ болып қадірін түсірмей, 

озбырлықтан шет жүріп, абыройы кетілмей кеткен Арысұлы Жанас о дүниеге мәңгілік сапарға 

аттанды. 

Арыс атты тектіден қалған тұяқ Жанас қай уақытта да асығып жүруші еді, тыным таппай-

тын сол еңбегі жемісті болды, ең бірінші өз отбасына керекті дүниені жинап беріп кетті, адал 

еңбегімен, жанкештілігімен, өнегелі тәрбиесімен жұмыста да абыройлы болды.

Цех  бастығы  дәрежесіне  жетіп  28  жыл  бойы  комбинаттың  кем-кетігін  жөндеп  іске  қосып 

абыроймен  үлкен  ұжымды  басқарды.  Төккен  тері  лайықты  бағасын  алды.  Елбасының  ыстық 

ықыласына ие болды. Омырауы орден медальге толды.

Сондай  екенмін  деп  бірде-бір  рет  көкірек  көтергенін  елу  жылдай  сыйлас,  дәмдес  бо-

лып  бір  үзім  нанды  бөлісіп  жеп  жүрген  біздер  байқаған  емеспіз.  Ортамыздағы  орны  үңірейіп 

қалды. Қатарымыз сиреген сайын дәуіріміздің өтіп бара жатқанын сезінгендейміз. Өз дәуірінің 

шарықтауына өлшенбес үлес қосқан Жанас досымыз  өз ортасымен қоштасып қолын бұлғады. 

Дауасыз, опасыз дүние-ай, не десек болады, дауа бар ма? Топырағың торқа болып, қабірің нұрға 

толсын!

Достары:  Т.  Смағұлов,  Е.Төлеубаев,  А.Сағынбеков,  Е.  Байтелесов,  Ж.Жұмашев, 

С.Машанов, Б.Өтегенов, Ш. Хамитов, Б.Ордабаев, С. Серікбаев, тағы басқалары.

Мерей мен мейірім иесі еді...

бағалап  жатыр?  Оны  неге  сезінбейміз,  жер 

жәннатының қайсысына теңейміз? Десек те, 

біз  үшін  Арал  атырабынан  асқан  сұлу  жер 

жоқ: шөлейтке ұласқан ақ шағыл құмы, еңсесі 

түскен сары шашты ақ селеуі, иісі мұрынды 

жарып  аңқыған  жусаны,  елеңдеген  елебегі, 

ызыңдаған итсигегі, бұйрат құмына сүйенген 

шырпысы  мен  ыстығына  бауырын  басқан 

адыраспаны,  түйе  сүйсінер  жантағы  –  бәрі­

бәрі тым көркем. Аптапты даланың да қадір­

қасиеті,  өзгеше  бітімі,  бейне­болмысы  ерек­

ше  бөлек  болады  екен.  Біз  мұны  ауылдан 

алғаш жырақ кеткенде­ақ сезінгенбіз» дейтін 

еді ағамыз...

Жері сортаң, қысы қытымыр, жазы аптап, 

ыстық, табиғаты қатал шөлейтті аймақ болса 

да – бұл өлкенің бөлекше бітім­жаратылысын, 

екінің бірі аңғара бермейтін әсемдігін сезіну 

үшін туған жерге төл перзенттік көзбен қарау 

керек  шығар.  Адам  бойындағы  мінез­құлық, 

тектілік қадір­қасиет туған жерден даритыны 

анық.  Жанас  аға  бойындағы  шыдамдылық, 

төзімділік,  сары  алтындай  сабырлылық  сол 

қасиетті атынан айналайын Аралдан жұққан 

жұқана екені ақиқат. Арал мен Аға егіз еді...

«...Сол  50­60­жылдардан  басталған 

жастық  шақта  жырақтағы  жерлестер  үшін 

«Аралым» әні әнұранға айналды. Жаныңды 

ілезде баурап алар ол әннің әуезінде отаның 

мен  туысқа  деген  сал  сағыныш  пен  бал 

сүйініш, таза махаббат пен биік адамгершілік, 

сұраусыз  жақсылық  пен  қайтпас  ізгілік, 

жарқын қуаныш пен толмас күйініш, шынайы 

мұң  мен  жарасты  наз,  тәтті  шер  мен  қатты 

нала,  бәрі  бар.  Ол  біздің  өміріміздің  баяны, 

өлшемі  еді.  Орталық  Қазақстан  өңіріндегі 

Арқа  жақтың  ару  қызы  қарқарадан  үзіліп 

түскен мен бір ақ моншақпын деп назданса, 

біз Аралдың тамшысымын деп, қайран Арал­

ды  көлденең  тартушы  едік,  теңіздің  тамшы­

сында  мұхиттың  дәмі  бар  деп  қырындаушы 

ек.  Өмірдің  жастығы,  көңілдің  мастығы  екен 

ғой соны айтқызған“ дер еді Мәкең жеңгемізді 

меңзеп...

Содан  кейінгі  тарих  „Теміртаудың  қала­

сы на“ ұласты.



 «Қай жердің отын оттасаң, сол 

жердің суын ішесің» дейді қазақ...



Қарттардың да қарты бар - 

ақсақалы бір бөлек...

Әдеттің  де  озығы  мен  тозығы  бола­

ды.

  Ата  жосығынсыз  бос  қалған  қазіргі 

қоғамымыз  «сауысқанға  бақ  берсе,  бүркіт 

қызмет қылады» керін кешіп отыр.

 «Өзіміз өз 

болғалы, сөзіміз бөз болғалы» деп ауыз тол­

тыра айта алмаймыз. Теміртауда да сол кеп. 

Сондықтан бір топ қала ақсақалдары кезінде 

ұлттық рух үшін күреске шыққан еді. Соның 

бел ортасында Жанас аға жүрер еді. 

Тарихты  қаузасақ  қазақтың  қаншама 

ғасырлар  иінінде  қалыптасқан  әдет­ғұрпы 

қашан  да  халықтың  ру  хани  азығы,  қажеттi 

мұрасы  ғой.  Оны  халық  өмiрiнiң  айнасы 

десе  болғандай.  Әдет­ғұрыптан  бастау  ала­

тын ақсақалдар алқасы институтының қазақ 

қоғамындағы  орны  етене  бөлек,  маңызы 

айрықша  болды.  Төртеу  түгел,  бесеу  бүтін 

болсын дейтін

 ол  қоғамның ұйымдық қажеті 

үшiн  құрылып,  қалаберді  өм iр   заң дылығы, 

ел  ішінде  болып  жататын  құбылыстарын 

жiтi  аңдап  пайымдап  отыру  үшін  құрылды. 

Алқа мүшелігіне танымы кең, тәжірибесі мол, 

табиғи  жаратылыстың,  са я сат тың  сырына 

қанық,  қоғамдық  дамудың  сан  үрдiстерiнен 

хабары  бар  адам  ғана  сайлана  алды.  Аузы 

дуалы дейтін тектілер да осылар қатарында. 

Бұл  ел  басқарудағы  қазақ  халқының  өз i н ­

дiк  далалық  де мо кратияның  жарқын  үлгісі 

еді.  Жалпы  көшпелілер  даласы  өзiне  тән 

ерекшелiгi  бар,  өзiн  тұтастай  сақ тап  қалған 

кеңiстiк­тін. Бұл кең iстiкте өзгеше бiр «реттеу 

жүйесi» қалыптасқан. Яғни, онда өзiн­өзi рет­

теп  отыратын арнайы қоғамдық­құрылымдық 

жүйе  болды.  Ауылды  –  ақсақал,  аймақты  – 

би,  ұлысты  –  сұлтан,  жүзді  –  хан,  жүздерді 

–  қаған  басқарды.  Бұл  іргесі  берiк  жүйелер 

едi.  Осылайша  ақсақалдар  алқасын  ауыл 

ұстынындағы билер кеңесінің бір көрінісі еді 

деп дәйектей аламыз. Міне, осы миссия Жа­

нас ағаға да бұйырды. Теміртау үшін қосқан 

үлесі  баршылық  дейміз.  Мұнысы  қазақы 

қала жұртына анық. Көріп тұрып айтпаған – 

көргенсіздік  белгісі  дейді,  көргенсін,  білгесін 

айтып отырмыз мұны.

Өмірдің  басы  –  сайран,  түбі  –  айран. 

Артында  қалған  балалары  айрандай  ұйыса 

дейміз.  Қадірі  көп әкенің  қадірін  жоғалтпаса 

деген бізде қалтқысыз тілек бар. Құдайға не 

шара.


Елеужан СЕРІМОВ,

ІІМ Қарағанды академиясының

 профессоры,

заң ғылымдарының кандидаты

полиция полковнигі

Қазанама


2014 жылғы 28 желтоқсанда комбинаттың еңбек ардагері Жанас 

Арысов өмірден өтті.

Жанас  Арысов  1942  жылы  Қызылорда  облысында  туған. 

Теміртауға  1960  жылы  металлургия  алыбының  құрылысына 

комсомолдық жолдамамен келіп, сол жылы бірден Магнитогорск 

қаласындағы  техникалық училищеге оқуға жіберілді. 

Оқуды  бітіргеннен  кейін  Теміртауға  қайтып  оралып,  өзінің 

еңбек  жолын  ТЭЦ-ПВС  кәсіпорынында  электр-слесарьлықтан 

бастады.  Алматыдағы  Қазақ  Политехникалық  институтын 

бітіргеннен  кейін,  өзінің  барлық  өмірін  Қарағанды  металлур-

гия  комбинатында  еңбек етуге арнады. Сөйтіп, осында елу үш 

жыл жұмыс істеді. Коксохим өндірісінің кокс цехында механик, 

шеберден  бастап,  «Миттал Стил Теміртау» АҚ ЦРМО-1 цехы 

бастығына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Еңбектегі  аса  жоғары  табысы,  шығармашылық  белсенді 

ұстанымы үшін «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» ме-



Көңіл айту

дальдарымен, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Жанас Арысовтың қайтыс болуына байланысты оның отба-

сы мен туған-туыстарына, жақындарына қатты қайғырып, көңіл 

айтамыз. 

 Н. Сұлтанов,

қала әкімі.

А.Бегенеев,

 ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,

В.Свиридов,

қалалық мәслихат хатшысы,

В.Нехорошев, 

С.Ибрагимов, 

К.Мұхамеджанов, 

А.Есмұрзаев, С.Тымченко, Ш.Мырзақасымова, С.Көшімбаев.

«АрселорМиттал  Теміртау»  АҚ  әкімшілігі,  «Жақтау» 

кәсіподақ  комитеті,  А.Жүнісов,  Қ.Омашев,  А.Асанов, 

Т.Ысқақов, В.Никонов, Е.Төлеубаев, Н.Вахитова.

Жанас Арысов

  

(1942 - 2014 ж.ж.)

«Құрыш қала KZ» газетінің редак ция-

сы  қаламыздың  белгілі  азаматы,  ардагер 

металлург, басылым жанашыры 



Жанас АРЫСОВТЫҢ

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты 

отбасына,  туған-туыстарына  қайғырып 

көңіл айтады.



№ 01 (03)  2 қаңтар 2015 жыл

Қ

қ



12

Соңғы бет

МЕНШІК ИЕСІ:

 «Құрыш қала KZ» газетінің 

редакциясы» ЖШС

Құрылтайшысы әрі директоры



Т. СМАҒҰЛОВ

Бас редактор Руза АЛДАШЕВА

Техникалық редактор: 

Қарлығаш БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді, жарнама мәтініне тапсырыс беруші жа уап

 

ты.


 Газетте жарияланған матери алдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Редакция мекен-жайы: Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 13 үй, 237 кабинет. 

Телефон: 8 (7213) 44-76-62. Телефон/факс: 8 (7213) 44-67-69 Электронды поштамыз: 



khurysh_khala_KZ@mail.ru

Газетті  есепке  қою  туралы  №  15007-Г  куәлікті  2014  жылғы  18  желтоқсанда 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті

Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттік берген. 

Газет айына төрт рет шығады

Тапсырыс 03

Тиражы 1000 дана.

Форматы А-3. Көлемі 3 баспа табақ.

Офсетті басылым: Газет «Құрыш қала KZ» газеті редак циясында теріліп, беттелді. 

Газет «Арко» ЖШС баспаханасынан басылды. 

(Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15 үй). Индекс 64023



Жаңа жыл мерекесі 

туралы қызықты 

деректер

Қой жылы болған маңызды тарихи оқиғалар 

Қой жылы 1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды.

1907 қой жылы жазушы, аудармашы, сыншы Әлібек Қоңыратбаев дүниеге келді.

1907 қой жылы ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстанның еңбек сіңірген 

ғылым қайраткері (1961), Қазақстан Ғылым академиясының академигі Қажым Жұмалиев дүниеге келді.

1919 қой жылы башқұрт ақыны, Социолистік Еңбек Ері Мұстай Кәрім дүниеге келді.

1931 қой жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатев дүниеге келген.

1943  қой  жылы  жазушы-драматург,  журналист,  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты, 

Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лау-

реаты Оралхан Бөкей дүниеге келді.

1943  жылы  мәдениеттанушы-ғалым,  дипломат,  мемлекет  және  қоғам  қайраткері  Мұхтар  Әуезовтың  ұлы  Мұрат 

Әуезов дүниеге келді.

1955  қой  жылы  қазақ  ұлты  мен  әлем  халқына  елеулі  үлес  қосқан  Билл  Гейтс,  Таласбек  Әсемқұлов,  Қуандық 

Түменбай, Қырымбек Көшербаев, Толымбек Әбдірайым сынды азаматтар өмірге келген.

1979 қой жылы журналист, қазақ баспасының тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976), 

КСРО журналистер Одағының мүшесі Қайыржан Нұрғожаұлы Бекқожин өмірден озды.

1991 қой жылы әдебиеттанушы, сыншы, тележурналист, жазушы, қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев өмірден озды.

1991 қой жылы филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1974), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек 

сіңірген қызметкері Тауман Амандосов өмірден озды.

1991 қой жылы «Беловеж келісімі» болды. Бұл - 1991 жылы 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Беларусь республи-

калары басшылары арасында жасалынған келісім-шарт. 1991 жылғы тамыз бүлігінен кейін КСРО-ның ыдырау процесі 

бұрынғыдан да үдей түсті.

1991 қой жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамында болған 11 республика (Армения, 

Әзірбайжан, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Украина) басшы-

лары жаңа келісім-шартқа қол қойды. Сөйтіп бұрынғы КСРО аумағында жаңа одақ - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 

(ТМД) құрылды.

2003  қой  жылы  ғалым,  филолология  ғылымдарының  докторы  (1970),  профессор  (1974)  Темірбек  Қожакеұлы 

Қожакеев өмірден озды.

2003 қой жылы физика-математика ғылымдарының докторы (1988), профессор Шалтай Смағұлов өмірден озды.

Қазақ халқының жылдарға 

сипаттамасы

ТЫШҚАН ЖЫЛЫ 

(1924, 1936, 1948, 1960, 1972, 1984, 1996, 2008) 

Қазақтар  тышқан  жылын  береке  мен  ырыстың,  татулық  пен 

тыныштықтың жылы деп санайды. Тышқан жылының жалпы тарихына 

назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, 

молшылықта  өткен.  Қанжығалы  Бөгенбай  батыр  тышқан  жылы  (1684) 

дүниеге келді. Қазақ ордасы алғаш 1456 – тышқан жылы құрылған. 

СИЫР ЖЫЛЫ 

(1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009)

Халық  түсінігі  бойынша,  сиыр  жылында  дау­жанжал,  қиындықтар 

мен ауыртпалықтар көп болады. Ырым­тыйымдарға сәйкес, сиыр жылы 

туғандар бұл жылы сиыр бауыздамайды. Көп халықтар сиыр жылының 

дастарқанына сиыр етін, одан жасалған тағамдарды қоймайды. 

 

БАРЫС ЖЫЛЫ 

(1926, 1938, 1950, 1962, 1974, 1986, 1998, 2010)

Барыс  жылы  жақсылыққа  да,  қиындықтарға  да  толы.  Деген­

мен,  бұрындары  барыс  жылында  есте  қалатын  елеулі  оқиғалар 

болмағандықтан,  оны  жайсыз  жыл  санамайды.  Мұхаммед  пайғамбар 

(с.ғ.с.)  барыс  жылы  туып  (570),  ұлу  жылы  қайтыс  болған  (632).  1986 

жылғы  еліміздегі  Желтоқсан  оқиғасы  барыс  жылымен  тұспа­тұс  келді, 

Мұстафа Шоқай барыс жылы дүниеге келіп, жылан жылы өмірден өтті 

( 1890­1941). 

ҚОЯН ЖЫЛЫ 

(1927, 1939, 1951, 1963, 1975, 1987, 1999, 2011)

Бұл жыл жұт, аштық, ауыртпалықпен қазақ халқының есінде қалған. 

1867­68  жылдары  жалпақ  қоян  жұты,  1879­80  жылдары  үлкен  қоян 

жұты,  1891­92  жылдары  кіші  қоян  жұты,  1915­16  жылдары  тақыр  қоян 

жұты болды. Қазақ даласында көп мал қырылып, адамдар өлді. 1962­63 

жылдары да малды аудандарда мал қырылу орын алды. Қазақ жеріне 

«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заман 1723 – қоян жылы келді. 

Қоян жылы Абылай хан дүние есігін ашты (1711 ж.). 

ҰЛУ ЖЫЛЫ 

(1928, 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000, 2012)

Ұлу  суда  тіршілік  ететіндіктен,  халқымыз  «бұл  жылы  астық,  шөп 

мол болады» дейді. Оны жайлы жыл санайды. Алайда ұлу жылында да 

қиындықтар болған. 

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ 

(1929, 1941, 1953, 1965, 1977, 1989, 2001, 2013)

Халқымызда «Жылан жылы жылыс болды» деген сөз бар. Шыңғыс 

хан 1221 – жылан жылы Отырарды алды. 1928­29 жылдары Қазақстанда 

кәмпескелеу  жүрді.  1941  жылғы  неміс­фашист  басқыншылығы  жылан 

жылы  басталды,  Қазан  төңкерісі  (1917­18)  жылан  жылымен  тұспа­тұс 

келді. Абай Құнанбаев жылан жылы туып, ұлу жылы дүниеден өтті (1845­

1904). 


ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 

(1930, 1942, 1954, 1966, 1978, 1990, 2002)

Ел есінде жылқы жылы болған ауыртпалық, қайғылы оқиғалар жоқ. 

Жылқы жылы туғандар бұл жылы жылқыны бауыздамайды. Қаракерей 

Қабанбай  батырдың  да  (1690),  Жамбыл  Жабаевтың  да  (1846)  туған 

жылы – жылқы. 



ҚОЙ ЖЫЛЫ 

(1931, 1943, 1955, 1967, 1979, 1991, 2003, 2015)

Қазақтар  қой  жылын  жақсы  жыл  санайды.  Өткен  қой  жылдары 

халыққа жайлы болған, ел молшылыққа кенелген. Қазақстан 1991 – қой 

жылы тәуелсіз ел атанды. Ахмет Байтұрсынов қой жылы (1873) дүниеге 

келді. 


 

МЕШІН ЖЫЛЫ 

(1932, 1944, 1956, 1968, 1980, 1992, 2004, 2016)

Қазақтардың  пайымдауынша,  мешін  –  жайсыз  жыл.  Бұл  жылы 

бүліншілік, сәтсіздіктер мен жайсыз оқиғалардың көп болуы мүмкін. Сол 

себепті қазақтар мешін жылынан қорқады. 1920 жылы қазақ даласында 

көп мал қырылып, бұл жыл «Тас мешін» деп аталды. 1931­32 жылдарғы 

алапат аштық та мешін жылына сәйкес келді. Ақ Орда хандығы 1428 – 

мешін  жылы  құлады.  Мешін  жылы  (1680)  Тәуке  хан  таққа  отырып,  ел 

биледі. 

 ТАУЫҚ ЖЫЛЫ 

(1933, 1945, 11957, 1969, 1981, 1993, 2005)

Халық бұл жылды да ауыр жылдардың бірі санайды. Өйткені тауық 

жылы қауіп­қатер аз болмаған, халық көп ауыртпалық көрген. 1920­21, 

1932­33 – тауық жылдары жұт, аштық, 1968­69 тауық жылы құрғақшылық 

орын  алды.  Әл­Фараби  (870­950),  Міржақып  Дулатұлы  (1885­1935), 

Мұхтар Әуезов (1897­1961) тауық жылы туған. 

 ИТ ЖЫЛЫ 

(1934, 1946, 1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018)

Қазақ халқының түсінігі бойынша, мешін және тауық жылдарындағы 

ауыртпалық ит жылы жеңілдейді. Мысалы, 1933 жылы аштық басылған. 

1945  жылы  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  аяқталған.  Қаныш  Сәтбаев  ит 

жылы туған (1899­1964 жж). 



 ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ 

(1935, 1947, 1959, 1971, 1983, 1995, 2007, 2019)

Жыл санаудың және жыл қайырудың соңғы жылын Қазақстанның кей 

жерінде, кейбір түркі елдерінде қара киік жылы деп те атайды. Халқымыз 

«доңыз жылы бәле­жала көп болады» деп ойлайды. Алайда доңыз жыл­

дары көп жағдайда қазақтарға жайлы болған. Қазақ­жоңғар соғысындағы 

үлкен жеңіс 1729 –доңыз жылы болды.

Біле жүріңіз

Жаңа  жыл  мерекесі  ­  әлем­

де гі  қуанышқа  толы  ғажайып 

мерекелердің  бірі.  Бәріміз  Жаңа 

жылдан  жаңа  бақыт  күтеміз. 

Жаңа  жыл,  оның  тарихы  туралы 

барлығыңыз  жақсы  білесіздер. 

Сондықтан  біз  бүгін  Жаңа  жыл 

мерекесі  жайындағы  қызықты  де­

ректерге кезек береміз.

1. Үйге жаңажылдық шыршаны 

әкеліп,  безендіру  адамзат  баласы­

на 150 жыл бұрын бұйырған екен.

2.  Жаңа  жылды  орыс  пат ша­

лығы  үш  ғасыр  бұрын  1  қыркүйек 

күні  атап  өткен.  Тек  І  Петр  келген 

соң,  1  қаңтарға  ауыстыруға  үкім 

шығарған.

3.  Аустралия  елінде  мерекелік 

дастархан  үстіне  құс  етінен 

жасалған тағамдар қойылмайды.

4. АҚШ­та Ақ Үй алдында алғаш 

рет  1895  жылы  шыршаға  ілінген 

электрлі түрлі­түсті тізбек жанған.

5.  Кеңес  кезінде  түсірілген 

«Тағдыр  тәлкегі  немесе  жеңіл 

буыңызбен!» («Ирония судьбы, или 

с  легким  паром»)  киносы  теледи­

дарда 31 желтоқсан сайын 35 жыл 

көрсетіліп келе жатыр.

6.  Жаңа  жылда  отшашуды 

не  үшін  пайдаланатынымызды 

біле сіз  бе?  Бұл  дәстүр  Азияда 

қалыптасқан.  Фейерверктің  шу 

мен  оттарынан  жамандық  атаулы 

қашады деп есептеген.

7. Бразилияның астанасы Рио­

де­Жанейро  қаласына  әлемдегі 

ең  биік  шырша  орнатылған.  Оның 

биіктігі –  76 метр.

8. Аяз Атаның немересі болған 

Ақшақар  тек  20­ғасырдың  50­жыл­

дарында ғана «дүниеге келген».

9. 1516 жылы Англияда  Генрих 

VIII­нің үйінің есік алдына құрылған 

шырша алтыннан құйылған.

10.  Жаңажылдық  шыршаны 

безендіру ең алғаш Эльзас (сол кез­

дерде Германия құрамында болған, 

қазір  Франция  елінде)  қаласында 

бастау алған. Безендіру үшін түрлі­

түсті  қағаздардан  раушан  гүлдерін 

жасаған.  Шырша  бұтақтарына 

алма, печенье, шақпақ қанттар мен 

жылтырақ әшекейлерді ілген.

11.  Санта­Клаустың  бұғылары­

ның  есімдері:  Дэшер,  Дэнсер, 

Прэнсер,  Виксен,  Комет,  Кюпид, 

Доннер, Блитцен. 

12.  Жаңажылдық  шыршаны 

безендіруге  арналған  әйнек  шыр­

ша  шары  ең  алғаш  XVI  ғасырда 

Тюринги  қаласында  жасалған. 

Осындай  тағы  басқа  шырша 

ойыншықтары тек XIX ғасырда ғана  

жаппай  өндіріле  бастаған.  Шыны 

ұсталары  әйнек  ойыншықтар  жа­

саса,  көмекшілері  картон  қағаздан 

қоңырау,  жүрек,  жануарлардың 

бейнелерін,  шар,  шырша  бүршігін, 

жаңғақ  сынды  түрлі  бейне  қиып, 

ашық түстермен бояған.

13. 1843 жылы Лондонда алғаш 



ашық құттықтау хаты басылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет