2016 жыл №81 (8001) 15 Қазан сенбі қаныбек Әбдуов, Әбдісамат Әбдіш



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата27.01.2017
өлшемі12,57 Mb.
#2819
1   2   3   4

(ЭССЕ)

?

ЖОБА

КОНКУРС

ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНЫ

15 қазан, 2016 жыл

4

ЖЕР АСТЫ 

Ат  шаптырым  жерден  ат  терлетіп  келгеннен  кейін 

нар тәуекел  етіп, арқанды ұстап төмен қарай түсе  баста-

дым.  Үңгірдің  қабырғасында  әр  жерде  түлеген  жыланның 

эпидермис  қабықтарын  көріп  бойдағы  қорқыныш  еселе-

не түсті. Расында, түсі суық жорғалаушы кімнің болмасын 

үрейін алатыны сөзсіз. Бірақ, жоғары кетуге жігіттік намыс 

жібермеді. Түйінделген арқанмен бес метрлік үңгірді бойлай 

төмен сырғып барамын, сырғып барамын. Әйтеуір табанына 

түстім. Үңгірде ауа қалыпты екен. Төмен түскен қағаздарды 

шағып,  жан-жақты  барлап  көргеннен  кейін  бойдағы  се-

кем  басылды.  Қабырға  қолдан  қашалғандай  көрінді.  Аяқ 

астындағы  кесектермен  үңгірдің  қабырғасын  қалаған  ба? 

Бәлкім уақыт шіркін, жансыз кесектерге сәжде еткізген бо-

лар, бәлкім, жақын маңдағы қиыршық тас өңдеушілер тау-

ды жарғанда құлаған шығар. Ол жағы бізге белгісіз... 

Үңгірдің шығыс және батыс жағында саңылау байқалды. 

Тіптен,  саңылау  деуге  келмейді,  жер  асты  жолының  есігі 

дерсіз.  Шығыс  жағындағысын  құлаған  кесектер  жауып 

қалғандай, ал, батыс бетіндегісіне толық денелі адам еркін 

өтеді.  Солай  қарай  сақтана  адымдап,  аяқ  бастым.  Бірақ, 

мені жер астының патшасы – жыландар тоқтатты. Бір жы-

лан  есіктің  алдында  оралып  жатса,  үшеуі  тар  өткелдің 

қабырғасында өрмелеп тұр екен. Көрген бойда бір орында 

мүсінше қаттым да қалдым.  

Бірер сәтте есімді жиып, жоғарыға дауыстап: – Мұнда 

жыландар көп екен, – дедім.

–  Е-е,  жердің  иесі  ғой!  Бастысы,  тиіспесең  болды, 

олардың  сенімен  шаруасы  болмайды,  –  деген  Қаныбектің 

дауысы сенімді қозғалуға демеу берді. 

Есікке  тағыда  жақындай  түсіп,  ұзыннан-ұзын  жатқан 

дәлізге шамның жарығын түсірдім.

Жоғарыдағылардың 

жер 


астындағы 

жағдайға 

қызығушылығы артып:

– Не бар екен? Жол бар ма? Не көріп тұрсын, – деп үсті-

үстіне сұрақтарын жаудыра бастады.

Қанша жерден жүрек жұтқанмен айыр тілін салақтанған 

мақұлықты көрген жан кері шегінетіні айқын. Мен де кері 

шегіндім. Алайда назарым ауа алмастырғыш үңгірдің арғы 

жағындағы  дәлізге  ауып  тұр.  Қараңғылықтың  шырқын 

бұзған  шағын  шамның  жарығын  көзбен  қуалап,  зер  сала 

бастадым.  Байқағаным  –  ішкі  дәлізге  ат  жетектеген  адам 

еркін жүре алады. Қабырғасына кесек өрілгендей көрінді. 

Қалғаны жұмбақ... 

Бір  кезде  жоғарыдан  кәсіби  фотоапаратты  жіберді. 

Бірақ,  тарихи  орынды  қанша  жерден  суретке  түсіруге 

талпынғанымен, аппарат іске қосылмады. 

–  Ендеше,  мұнда  магниттік  өріс  бар.  Фотоапаратты 

жоғары жібер, ұялы телефонды жіберейік, – деп дауыста-

ды.

Бірер  сәттен  кейін  заманның  озық  құрылғысымен 



үңгірді бейнесюжетке түсірдім. Көп ұзамай жоғарыға өрлеп, 

далаға  шықтым.  Төңірекке,  Қаратауға  көз  тастап:  «Бойы-

на осыншама көп сырды қалай сыйдырасың?!» деп тамсам-

дым. Сосын тарихи орынның қақпасын жапқандай, үңгірге 

арнайы қашалып жасалғандай таспен жауып, кері қайттық.

ПАЙЫМ ПЕРНЕСІ

Жұмбақ  жерге  тарихи  баға  беру  тарихшылар  мен 

археологтардың еншісіндегі шаруа. Біздікі көзбен көргенді 

хатқа түсіріп, пайым пернесіне салып, тұжырым жасау.

Осы жерден әңгімені түйіндей салар едік, алайда, мына 

оқиға  біздің  пікірді  тағы  да  толықтыра  түсті.  Сунақата 

ауылындағы  №194  «Сунақата»  орта  мектебінің  мұғалімі 

Маржан  Шоханова  бізбен  хабарласып,  ауылда  болған 

жағдайды баяндады. 

– 

 Сіздердің жерасты жолын тапты деген жаңалығын 



естіген  бойда  хабарласып  тұрмын.  Өздеріңіз  білесіздер, 

біз  Сығанақ  қаласының  маңайында  тұрғандықтан  көп 

жағдайға  кезігіп  жүрміз.  Көне  қала  маңындағы  ел  жер-

ден несібе тереді. Міне, осы тұста, дихандар түсіне алмай 

жүрген жайттар баршылық. Әсіресе, күрішке жіберген суға 

байланысты осындай түсініксіз жайлар кездеседі. Өйткені, 

егінге пайдаланылған су жоғалып кетіп жатады. Қаншама 

су  жіберілсе  де,  атыздар  суға  толмайды  екен.  Неге?  Не 

себепті? Оны қарапайым еңбек адамдары түсіне қоймайды. 

Тақтайдай тегіс алқапта су қайда жоғалады?

Ескіден  естуімізше,  Сығанақта  жерасты  жолы  болған 

деседі. Жаңағы жіберілген су сол тесіктерге сіңіп жоғалатын 

көрінеді. Егіншілер қанша су жіберсе да, танап бәрібір тола 

қоймайды. Су сіңген тесіктерге тас тастаса, тоқтамай кете 

беретін  көрінеді.  Жерасты  жолы  туралы  түрлі  мәліметтер 

де айтылады. Бұл сіздердің пікірлеріңізбен сабақтасып тұр, 

– деді ол.

Дерек көздеріне сүйенсек, ірі қалалардың құрылыстық 

жағдайында  жерасты  жолы  қарастырылған.  Мысалы, 

Түркістан  мен  Сауранды  байланыстырған  жер  асты  жолы 

болған. Осы жердің астындағы жолдарда ауа алмастырғыш 

үңгірлер  мен  дыбысты  бойына  сіңіретін  бөлмелер  болды-

мыс дейді. Ал, мұндай арнайы құрылғылардың арасы белгілі 

қашықтықта  қайталанып  отырған.  Міне,  егіншілердің  мол 

суы  сондай  ауа алмастырғыштардың біріне құйылып,  жоқ 

болуы ләзім.



ТҮЙІН. Көзбен көріп, көңілмен түйген әсерден бе, түнгі 

ұйқыны  үңгірдегі  жыландар  жиі  бұзатын  болды.  Бәлкім, 

бауырымен  жорғалаушылар  құпия-сырын  ашқанға  ызалы 

шығар,  бәлкім,  жыландар  патшалығына  шақырып,  терең 

сырына  үңілуге  шақырып  жүрген  болар.  Не  болса  да, 

«Жаңақорған  тынысы»  газетінің  шығармашылық  ұжымы 

ұйымдастырған  өлкетану  экспедициясы  Сығанақ  қаласын, 

оның жерасты жолын зерттеудің жаңа парағын ашты. Ал, 

оны  мәнді  әрі  мазмұнды  толтыру  арнайы  мамандардың 

еншісіндегі іс.

Айта  кететіні,  осы  жайдан  хабары  бар  көнекөз 

оқырмандар  редакцияға  хабарласып,  құнды  ақпаратпен 

бөлісуге болады. 

Қаныбек ӘБДУОВ, 

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

немесе Сығанақтың жерасты жолы

ПАТШАЛЫҒЫ

ЖЫЛАНДАР


Сенбілік 

сұхбат


Сенбілік 

сұхбат


Мейра ТАУБАЕВА.

МӘШБЕК НӘЛІБАЕВ 

АУЫЛДЫҚ КЛУБЫ 

КӘСІПОРНЫНЫҢ 

ДИРЕКТОРЫ.

–  Балалық  шағымызды  ойға  алсақ,  ауыл  клу-

бында  ән  айтып  тұрған  кезіміз  алдымен  еске 

түседі.  Соған  қарағанда  өнер  ордасының  өзіндік 

құдіреті болғаны ғой?

– Дұрыс айтасыз. Мәдениет ошақтары кеше де, жаңа 

технология қарқынды қанат жайған жаңа ғасырда да мән-

мазмұнын,  қажеттілігін  кеміткен  жоқ.  Қайта  қазіргідей 

жаһандану  кезінде  халықтық  қадір-қасиетімізді,  ұлттық 

ұлық  үрдісімізді  үкілеп,  үмітін  үрлеп,  бүгінгі  буынның 

көңіліне  шырақ  етіп  маздата  білу  үшін  сана  мен  сапа 

мәселесін ілгерілету міндеті тұр.

Ауыл клубының келбеті бүгін көп өзгерді. 2014 жыл-

дан бастап кәсіпорын ретінде жергілікті басқару орнының 

құзыретіне берілді. Ақылы қызметтен түскен табысымыз-

ды  ауыл  клубының  жұмысын  әрі  қарай  жандандыруға, 

мәдени-көпшілік  шараларға  жұмсауға  мүмкіндік  алдық. 

2015 жылы күрделі жөндеуге 12 млн 871 мың теңге бөлініп, 

жылу мәселесі де шешілді. Дәстүрлі, мерекелік шаралар-

дан басқа айына 3 рет, 4 рет тақырыптық кештер өткізу 

дағдылы  жоспарымызға  айналған.  Оның  негізгі  өзегі  – 

ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салт-дәстүрлерімізді 

ұлықтауға  арналған.  Ауылымыздағы  мүмкіндігі  шектеулі 

жандар  да  назардан  тыс  қалған  емес.  Жарық  өмірдің 

жарқын  тартуының  табиғатын  олар  да  сезінуі  тиіс. 

Ауылдағы  бақуатты  кәсіпкерлерді  демеушілікке  тар-

тып,  қайырымдылық  шаралардың  ұйытқысы  болуға  ты-

рысамыз.  Өйткені  адамдары  бір-біріне  қайырлы,  дос, 

бауыр,  ізгілікті  қоғамда  жат  әдеттерге,  жамандыққа 

орын  қалмайды.  Бұл  орайда  өнер  отауының  тәрбиелік-

тағылымдық орны айрықша.

– Машбек Нәлібаев ауылының архитектуралық 

келбеті  жылдан-жылға  айшықталып,  әлеуеті  ар-

тып  келе  жатуы  тұрғындар  тіршілігін  тіктеп,  ел 

еңсесін  көтеріп  тастағаны  күмәнсіз.  Бұған  қоса 

2005  жылдан  бастап  өткізіліп  келе  жатқан  Маш-

бек  Нәлібаев  атындағы  халықаралық  турнирдің 

елдің таным-деңгейін арттыруға, намысын қайрап, 

ауызбірлігін арттыруға ықпалы зор деп ойлаймыз. 

Осы тұрғыда не айтасыз?

–  Турнирді  ұйымдастыруда  табандылық  танытып 

келе жатқан осы ауылдың төл перзенттері – Нәлібаевтар 

әулетінің бастамасы жылдан-жылға өрісін кеңейтіп келеді. 

Шартараптың шамшырағын шағын ауылымызға әкеп, ай-

тулы  сайыпқырандардың  сайысын  қыздыру  шынында  да 

үлкен  жүректіліктің,  асыл  мұраттылықтың  айғағы.  Үш 

күнге созылатын аламан бәйгеге қатысушылардың алды 

ауылымызға  табан  тіреді.  Ауыл  халқы  құшақ  жая  қарсы 

алып  жатыр.  Жылда  келіп,  таныс-біліс  болып  қалған 

спортшылар  былтырғы  түскен  оттың  басына  маңдай 

тіреп,  туған  бауырлардай  қауышып  жататыны  қызық. 

Бұл  да  ағайын  арттырып,  дос  табуға  ынтық  кеңпейілді 

ауыл  халқының  өмір  салтына  ажар  қосып,  арқа-жарқа 

болып  жатырмыз.  Өткен  жылы  Грузиядан,  Ресейден, 

Маңғолиядан, Қызғызстан, Өзбекстаннан ат терлетіп кел-

ген спортшылар палуан күрес, волейбол, минифутболдан 

бақ сынасқан болатын.



–  Аталмыш  шараның  жеткіншектерге  қандай 

ықпалы бар деп ойлайсыз?

– Өмірге енді көзқарасы қалыптаса бастаған көкөрім 

көз алдында өтіп жатқан аламан тартыстан таудай әсер 

алып  қана  қоймайды.  Әр  өнердің  өз  биігі  бар,  оған 

жету  үшін  есепсіз  еңбектену  қажеттігін  шынайы  түсініп, 

көңілдеріне түйіп, көз қанықтырады. Белгілі бағытқа бет 

түзеп,  мақсатын  бекемдейді.  Спорт  –  талапты  тартыс 

қана  емес,  тәрбиенің  де  бір  тармағы  екеніне  дау  жоқ. 

Сондықтан,  бүгінде  халықаралық  дәрежеде  мемлекеттік 

қолдау  тапқан  турнир  жалауын  ел  болып  желбіретуге 

тиіспіз. Өз міндетімізге келсек, халықтық шараның шырай-

ын  әнмен,  жырмен  шалықтатып,  эстетикалық  мазмұнда 

көркемдеуге күш салып отырмыз. Спортшылардың жігерін 

жанып, рухын асқақтатуға біз де атсалыссақ дейміз. 



– Клубтағы үйірмелер жұмысы қалай?

– Үйірмелер жұмысына арнайы штат бөлінбеген. Бірақ 

мектеппен,  мекеме-ұжымдармен  тығыз  қарым-қатынас 

жасап,  түрлі  өнерге  талабы  бар  жастардың  қабілетін 

ашып,  келешек  таңдауына  бағыт-бағдар  беріп  келеміз.  

Шәкірттердің  сабақтан  тыс  уақытта  таным  көкжиегін 

кеңейтетін, өнерге баулып, өрісін ашатын мәдени шара-

ларды  ауыл  деңгейінде  ғана  емес,  аймақтық,  аудандық 

көлемде ұйымдастырып келеміз. Мәселен, «Жас ақындар 

мүшайрасы»,  «Жігіт  сұлтаны»  аудандық  байқауы,  «Қыз 

сыны»,  «Көңілді  тапқырлар  клубы»  сынды  шаралардың 

берері мол. Осы орайда узақ жылдар бойы қоян-қолтық 

бірлесе  жұмыс  жасап,  бала  тағдырына  үлкен  жүрегімен 

жылу шаша білген ұлағатты тұлға – Тілеухан Байсыновтың  

есімін  ерекше  атағым  келеді.  Ол  кісі  өнердің  ізгіоікке 

тәрбиелейтін  пәрменді  құрал  екендігін  ескеріп,  мек-

теп  қабырғасындағы  атаулы  шараларды  ауыл  клубын-

да  өткізуге  ықыласын  аямады.  Мұның  өзі  кез-келген 

бағдарламаны  кең  көлемде  ұйымдастыруға,  мерейі  биік 

танылғанды  лайықты  марапаттауға  мүмкіндік  береді. 

Осындай  жанды  байланыс  әлі  де  жалғаса  береді  деп 

үміттенеміз.  



– Бақыт деген не? Өзіңізді бақытты сезінесіз бе?

– Елге еткен еңбегің жанып, лайықты бағаланып жат-

са сол бағыңның жанғаны деп түсінемін. Ерім – Әуелбеков 

Әуезхан,  екеуміз  де  өнер  саласының  өкіліміз.  Мұңымыз 

да,  сырымыз  да  бір.  Жетісай  мәдени-ағарту  оқу  орнын-

да бірге оқыдық. Ауыл клубында еңбек жолымызды бірге 

бастадық.  Отыз  жыл  осы  елдің  мәдениетін  ілгері  апару-

да аянбай тер төгіппіз. Халықпен бірге шаттандық, бірге 

қуандық.  Ауыр  –  жеңілді  бірге  көтердік.  Туған  жердің 

туын тіктеуге атсалысып, ағайынның алғысын арқаласақ, 

саланың  марапаттауларын  иеленіп,  мақтауына  іліксек, 

жұмысымызда  жақсы  жағымыздан  танылып,  басшыла-

рымыз  арқамыздан  қақса  –  бұл  біздің  маңдай  теріміздің 

өтелгені.  Ал  бақ  дегеніміз  –  Құдыреттен  берілетін  сый 

екен. Мұны таласып-тартысып, жағынып-жарамсақтанып 

ала  алмайсың.  Мұны  тура  жүріп,  тура  тұрып,  ешкімнің 

ала жібін аттамай, адал қарекет еткенге тағдыр өзі тар-

ту етеді екен. Мен үшін бағым – балаларым. Біз шықпаған 

биіктерден  табылып  жүр.  Соған  қуанамын.  Бәрі  өз 

күштерімен  жоғары  оқу  орындарында  оқып,  мамандық 

алуда.  Ата-ана  жолын  таңдаған  Ақылханым  –  Алматыда 

өнер  жұлдыздарының  ортасында  өзіндік  соқпағымен  та-

нымал.  Дәулетханым  –  облыстық  байқауда  Бас  жүлдені 

алып, ақындық дарынымен айрықша танылды. Кеше ғана 

екінші ұлымның үйлену тойын өткіздік. Осы балаларымның 

арқасы ғой, өнерде бағы жанып, жұлдыз атанған Алаштың 

азаматтары  отбасымызда  болып,  тойымыздың  төрінде 

атақ-абыройымызды аспандатып кетті. 



– Жастар кімді үлгі тұтады деп ойлайсыз?

–  Ата-анасын.  Өз  өмірімізге  келсек,  перзентерімізді 

адамгершілікке,  кішіпейілділікке  тәрбиеледік.  Алды-

нан  шығып  келгеніміз  жоқ  қой,  әлі-ақ  елге  белгілі  ай-

тулы  азамат  боларына  сенеміз.  Қайда  жүрсе  де  қараша 

елдің  тілеуін  жықпай,  жұмсақ  жүректерінен  танбай, 

жақсылықтың шырақшысы болып жүрсе екен деймін. 

«Алтын алқа иегері», аяулы ана, мәдениет саласының 

майталманы,  саналы  ғұмырын  елге  болса  екен  деген 

еңбекке  арнап,  бейнетінен  баян  тапқан  бақытты  ана 

әңгімесін осылай түйіндеді.  

Сұхбаттасқан Баян ҮСЕЙІНОВА.

Баптағаны – ПЫРАҚ, 

жаққаны – ШЫРАҚ

МЕЙРА – ӨЗБЕКСТАННЫҢ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ, ФРУНЗЕ ЕЛДІ 

МЕКЕНІНЕН АҚЖОЛ АУЫЛЫНА КЕЛІН БОЛЫП ТҮСКЕН КЕЗІНДЕ 21 ЖА-

СТА ЕКЕН. КЕЛЕ САЛА АУЫЛДАҒЫ КЛУБҚА МЕҢГЕРУШІ ЕТІП ЖІБЕРДІ. 

СОДАН БЕРІ КӨПТІҢ КӨЗ АЛДЫНДА, ЕЛДІҢ АЛАҚАНЫНДА. СЫР 

ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ТОПЫРАҒЫ ТАУ СУЫНДАЙ АРЫНДЫ, ҚАЙРАТЫНА 

СЕНГЕН ҚАРЫМДЫ ҚАРАКӨЗГЕ БАҚ ТА БОЛДЫ, ТАҚ ТА БОЛДЫ. ТА-

ЛАЙ ҚЫМБАТ КҮНДЕРІНІҢ КУӘСІ БОЛДЫ. ӨМІРДЕ ДЕ, ӨНЕРДЕ СЕРІК 

ҚОСАҒЫ – ӘУЕЗХАН ЕКЕУІ АУЫЛДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫНЫҢ 

ОТЫМЕН КІРДІ, КҮЛІМЕН ШЫҚТЫ. БЕЛ ЖАЗБАЙ БЕЛСЕНЕ ЕҢБЕК ЕТІП, 

ЕЛ КӨҢІЛІНЕН ОРЫН АЛДЫ. ОТБАСЫНДА 8 ПЕРЗЕНТ ТӘРБИЕЛЕП, 

ЖЕТІЛДІРДІ. АЛ БАЛАЛАРЫ... АТА-АНАНЫ БАСЫП ОЗДЫ. АУЫЛ-

ДЫ АРТҚА ТАСТАП АЛДЫ ӨМІРШЕҢ ӨНЕРДІҢ ӨРІНДЕ, АСТАНАНЫҢ 

ТӨРІНДЕ ТУҒАН ЖЕР МЕРЕЙІН АСЫРЫП ЖҮР. БҰЛ ОТБАСЫ ҮШІН 

ӨМІРДІҢ МӘНІ – АТАҚТА, АҚШАДА ЕМЕС, БҰЛ ОТБАСЫНЫҢ БАЙЛЫҒЫ 

БАСҚАДА, ОЛ – ӨНЕРГЕ АДАЛДЫҚ ДЕП АТАЛАДЫ.

АУДАН МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК САҢЛАҒЫ – МЕЙРА ТАУБАЕВАНЫ 

СЕНБІЛІК СҰХБАТ АЛАҢЫНА ТАҢДАП АЛУЫМЫЗДЫҢ СЫРЫ ДА ОСЫ ЕДІ. 

МЕЙРАМЕН СҰХБАТЫМЫЗ ТӨМЕНДЕГІШЕ ӨРБІДІ.

ОҚШАУ


ОҚШАУ

ОЙ

ОЙ



Өмірде әр түрлі адамдар болады. Бірі бай болса да ниеті 

тар,  бірі  кедей  болса  да  қолы  ашық,  жаны  жомарт  келеді. 

Бірақ,  Алла  бәрін  адамның  ниетіне  қарай  береді  екен. 

Әлқисаны әріден қозғап, тағылымды оқиғаны сөз етіп, жақсы 

іс мен жаман ниеттің ара жігін баяндасақ… 

Ертеректе  ғайыптан  екі  жолаушы  сапарлас  болыпты. 

Яғни барар жері бір жер екен. Жолаушының бірі қолында бір 

үзім  нан  болса,  айналасындағылармен  бөлісіп  жеуге  даяр, 

ақкөңіл,  мейірбан  жүректі  болады.  Екіншісі  –  қанымперез, 

қайырымсыз адам болса керек. Жолшыбай жолаушылар де-

малатын орынға жеткенде бірінші жолаушы жолдорбасынан 

тамағын шығарады. 

  Тамақты  қасындағы  серігімен  бөліп  жейді.  Осылайша 

бірнеше  күн  өтеді.  Осы  мерзім  ішінде  серігі  бір  ретте  жол-

дорбасын  ашып  бұған  тамақ  ұсынбапты.  Күндердің  күнінде 

бірінші  жолаушының  азығы  таусылады.  Серігі  мұнымен 

азығын  бөліспейді.  Қарны  ашқан  жігіт  серігінен  тамақ 

сұрайды.  Сонда  серігі  мен  сенен  тамақ  сұраған  жоқпын, 

өзің  бердің.  Алда  әлі  жетер  жерге  дейін  бірнеше  күн  бар. 

Азық өзіме керек. Тамақ жегің келсе бір көзіңді ойып бер, – 

дейді. Жігіт «бір басқа бір көз жетер» деп көзін келісіп беріп, 

тамаққа тойыпты. Арада біршама уақыт өткенде қарны ашқан 

жігіт қатыгез серігіне өтініш айтады. Бірақ қайырымсыз  серігі 

оны  бір  тойғызуға  оның  екінші  көзін  ойдырыпты.  Тамақтан 

соң оны айдалаға бір мазардың қасына тастап кетеді. Айда-

лада қалған жігіт мазарды аралап жүріп бір төбесі ойылған 

бір қабірге қонады. Шаршаған әрі қарны аш жігіт қалжырап 

ұйықтап қалады. Ұйқыда жатып түс көреді. Түсінде оған бір 

ақсақалды кісі кіріп былай дейді. 

– Жігітім көп налыма, жатқан қабіріңнің оң жақ босағасын 

сыйпаласаң  бір  қайрақ  тасқа  қолың  тиеді.  Соны  алып 

көзіңді сүрт, жанарын қалпына келеді. Тоқтамай сапарыңды 

жалғастыр, алдыңнан қала шығады. Қаланың ханы қарт кісі, 

жалғыз қызы бар, өзі науқас. Соны сен емдеп жазуың керек. 

Қаланың батысындағы ең шеткі үйде жоны көк жолақ ит бар. 

Соны ханға алдыр, қызды терісіне ора, етін жегізіп, сорпасын 

ішкіз.  Қыз  жазылады.  Хан  саған  қызын  береді.  Хан  тағына 

мұрагер болып бақытты ғұмыр кешесің.  

Қаланың екінші шетінде бір үлкен төбе бар. Сол төбенің 

етегінде айдаһар мекендейді. Ол өте жебір, соның көзін жою 

керек. Ол үшін айдаһар тамақтанатын сәрсенбі күні сол жер-

ге  бір  қойды  таста.  Айдаһар  қойды  қармағымен  жұтады. 

Кейін  сол  қармақтың  кесірінен  өледі.  Елді  үлкен  қатерден 

құтқарасың, – деп ғайып болады. Жігіт оянып қайрақты тау-

ып көзіне сүйкейді, жанары қалпына келеді. Мұнан кейінгінің 

бәрі ақсақал айтқандай болып, ақыры жігіт хан болады. 

Күндердің күнінде уәзірлерімен қала аралап келе жатып, 

баяғыда  өзін  айдалаға  тастап  кеткен  серігін  кездестіріпті. 

Серігі қайыршылық халге түсіпті. 

Оны  алдыртып  моншаға  шомылдырып,  киіндіріп, 

тамақтандырып соңынан өзіне шақыртыпты. Серігі келгеннен 

кейін ортаға дастархан жайып қонақ етеді. Дастархан үстінде 

хан басынан өткен жайды баяндайды. 

– Енді сен маған уәзір бол, үйлен, бірге болайық – дейді. 

–  Жарайды,  –  деп  кетсе  де  түнімен  ойлаған  ол,  таң 

атқанша  мейманханадан  сытылып  шығып  әлгі  қайырымды 

серігінің  айтқанындай  «Мен  де  осындай  дәрежеге  ие  бо-

ламын»  деген  оймен  баяғы  қорымға  барып  қабірге  түседі. 

Аллаға сиынып жылап жатқан дауысты естіген сол маңдағы 

аш қасқырлар келіп әлгі жігітті жеп қояды. 

Бұл бір аңыз әңгіме болса да тағылымы мол. Адамдықтың 

шекарасын осы оқиға ашқандай. 

Дана халықтың «Тоны жаманды ит қабады, пиғылы жа-

манды Құдай табады» дегені осы болар. 

Қиындыққа  төзе  білген  пендесін  Алла  әрдайым 

шапағатынан  құр  қалдырмайды.  Ендеше  ниет,  пиғыл  таза 

болсын. 

ӘРКІМ ПЕЙІЛІНЕН

ТАБАДЫ


(Жалғасы.  Басы 1-бетте)

   Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

Меншік иесі:

жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Бас директор



Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Жаңақорған аудандық

«Жаңақорған тынысы» газетінің редакциясы

Бас редактор



Қаныбек ӘБДУОВ

Телефондар:



Бас директор -8(7242) 70-00-36

Бас редактор -21-4-35

Бас редактордың орынбасары -21-9-71

Жауапты хатшы -79-1-35

Тілшілер -22-2-44

Газет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агентігінде 

19.06.2014 ж. қайта тіркеліп, №14411-Г куәлігі берілген.

«Жаңақорған тынысы» аудандық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009

«Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Газет әр аптаның сейсенбі, сенбі күндері шығады. Қолжазбалар өңделеді 

және кері қайтарылмайды. Жеке авторлардың пікірі редакцияның түпкілікті 

көзқарасын білдірмейді.

Газет редакцияның компьютер орталығында

теріліп, беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан 

көшесі, 4. Тел: 8(7242) 40-06-68. Газеттің таралымы 

бойынша 22-2-44 немесе 8(7242)70-14-08 телефоны-

на хабарласуға болады.



       

        Таралымы 6225             Тапсырыс № 1238

Мекен-жайымыз: 120300 Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесі, №58 үй. Е-mail: janakorgangazeta@mail.ru



СЫР

МЕДИА

   Ерубай ҚАЛДЫБЕК.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет