Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет13/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

ЖЕТІҚАРАҚШЫ (лат. Ursa Major) — аспанның Солтүстік жарты 
шарындағы   шоқжұлдыз (картаны  қараңыз).  Оның  1,8  кӛрінерлік 
 жұлдыздық  шамаға   дейін  жалтырап  кӛрінетін  ең  жарық 
жұлдыздары  –   Алиот   пен  Дубке.  Жетіқарақшының  жарық  жеті 
жұлдызының  сыртқы  пішіні шӛмішке ұқсайды.  Және  оның  шеткі 
екі  жұлдызы  (ε  және  α)  бойынша Темірқазық жұлдызын  табуға 
болады. Түнгі күзеті кӛп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ 
халқы  түні  бойы  батпай  Темірқазықты  айнала  қозғалатын 
Жетіқарақшыны  Жер  тараптары  мен  түн  мезгілдерін  айыруда  жиі 

пайдаланған.  Жетіқарақшының  ең  жақсы  кӛрінетін  айлары  — 
наурыз,  сәуір  айлары.  Жетіқарақшы  республиканың  барлық 
аумағынан айқын кӛрінеді. 
ЖҦЛДЫЗ  –  ӛте  күшті  қызған газдан (плазмадан)  тұратын,  ӛзінен 
жарық  шығаратын  және  табиғаты  жағынан   Күнге ұқсасаспан 
денелері.  Күн   Жерге жақын  болғандықтан  ғана  үлкен  болып 
кӛрінеді.  Күннен    Жерге  дейінгі  аралықты  жарық  81/3  мин,  ал  ең 
жақын   Центаврдағы   α    жұлдызына    дейінгі    аралықты  4  жыл  3 
айда 
жүріп 
ӛтеді. 
Жұлдыздар 
Жерден 
ӛте 
қашық 
орналасқандықтан,   телескоппен   қарағанның  ӛзінде  де  нүктедей 
ғана  болып  кӛрінеді.  Айсыз  түнде  жай  кӛзбен  қарағанда  5  мыңға 
жуық  жұлдызды,  ал  күшті  телескоп  арқылы  миллиардтаған 
жұлдызды  кӛруге  болады.  Ерте  заманның  ӛзінде-ақ  адамдар 
жұлдызды  аспанды шоқжұлдыздарға бӛлген.  Қазіргі  кезде  88 
шоқжұлдыз  бар.  Кӛп  уақытқа  дейін  жұлдыздар  орнынан 
қозғалмайды  деп  есептелген.   Аристотель   заманынан  (біздің 
заманымыздан  бұрынғы  4-ғасыр)  бастап,  кӛптеген  ғасырлар  бойы 
жұлдызды  аспан  мәңгілік  және  ӛзгермейтін хрусталь сфера тәрізді, 
оның  сыртында  құдайлар  ӛмір  сүреді  деп  жорамалданды.  16-
ғасырдың  соңында   Джордано  Бруно жұлдыздар  да  Күн  сияқты 
аспан  денелері  деген  пікір  айтты. 1596 жылы  алғаш  рет  айнымалы 
жұлдыз  (неміс  астрономы   Йоханнес  Фабрициус),  ал  1650  жылы 
алғаш  рет  қос  айнымалы  жұлдыз  (италиялық  ғалым Джованни 
Риччоли)  ашылды.  1835  –  39  жылдары  орыс астрономы Василий 
Струве,  неміс  астрономы Фридрих  Бессель және  ағылшын 
астрономы Т.Гендерсон алғаш  рет  ең  жақын  үш  жұлдызға  дейінгі 
қашықтықты  анықтады.  19-ғасырдың  60-жылдары  жұлдыздарды 
зерттеу  үшін   спектроскоп,  ал  1880  жылдан   фотография  
пайдаланыла  бастады. 20-ғасырдың басында, әсіресе 1920 жылдан 
кейін,  жұлдыз  жӛніндегі  ғылыми  кӛзқараста  тӛңкеріс  болды. 
Жұлдыз  физикалық  дене  ретінде  қарастырылып,  оның  құрылысы 
мен  құрамындағы  заттардың  тепе-теңдік  шарттары,энергия 
кӛздері зерттеле 
бастады. 
Бұл 
тӛңкеріс, 
әрине атомдық 
физиканың жетістіктерімен  тығыз  байланысты  еді.  20-ғасырдың 
орта  шенінде ЭЕМ-діқолдануға  байланысты  жұлдыздарды  зерттеу 
мәселесі одан әрі тереңдей түсті. 
ЖЫЛУ ЭМИССИЯСЫ — қоршаған ортаға жылу қалдықтарының 
шығарылуы. Жылу эмиссиясы ұйымдастырылған — құбырлар  мен  
салқындатқыш  қондырғылар арқылы және ұйымдастырылмаған —

 қабырғалар,  саңыраулар  арқылы  жылу  эмиссиясы  болып  бӛлінеді. 
Қазіргі  уақытта  ұйымдастырылған  жылу  эмиссиясын  ысырап  деп 
қарау  керек,  ӛйткені  кетіп  жатқан  тӛмен  температуралы  жылуды 
шикізат    дайындау,    үй-жайларды    жылыту,  басқа  да  ӛндірістік 
және  тұрмыстық  энергетика)  —  энергия  тасымалдаушылардың 
(негізінен   кӛмір,   мұнай,   газ,   тақтатас,   шымтезек)  есебінен 
энергия  алу.  Жылу  энергетикасының  барлық  нысандары 
 атмосферада   кӛміртек  диоксидтерінің кӛбеюіне  және  кӛшетхана 
эффектісінің күшеюіне бастайды. Кӛмір жылу энергетикасы мұның 
үстіне планета бетінде орасан кӛп мӛлшерде  қатты  қалдықтардың, 
улы және радиоактивті күлдің жинақталуына апарып соғады. Қалай 
болғанда да, кӛмір энергетикасы жылу энергетикасың келешегі мол 
бағыты  деп  саналады,  ӛйткені  кӛмір  қоры  әр  түрлі  мәліметтер 
бойынша  әлі  150-700  жылға  жетеді  деп  болжанады.  Кӛмір жылу 
электр  станциясаларының түтінін,  күлін  тазалайтын  қазіргі 
қондырғылар  пайдаланылса,  қатты  және  газ  қалдықтардың  99 
пайызын  ұстап  қалуға  болады,  алайда  одан  энергияның  бағасы 
бірнеше  есе  қымбаттайды.  Экологиялық  тұрғыдан  энергия  негізі 
ретінде  кӛмірді  пайдаланудың  ең  қауіпсіз  амалы  —  жер  астында 
газға  айналдыру,  яғни,  1000—2000°С  жоғары  температурада 
кӛмірді  жанар  газға  айналдыру.  Алайда  бүл  амал  кӛмір  жылу 
электр  станциясыларының  түтінін  тазалаудан  бетер  қымбатқа 
түседі.  Газ  жылу  электр  станциясы  кӛмір  жылу  электр 
станциясынан  гӛрі  ауаны  анағүрлым  аз  ластайды,  алайда  газ  қоры 
шектеулі.  Газ,  мұнай  және  кӛмір  шығару  кезіндегі  табиғатқа 
келетін  нұқсан  1:4:11  шамасындағы  ара  қатынаста,  ал  ӛндірілетін 
электр 
энергиясына 
шаққанда, 
бұлардың 
дүниежүзілік 
бағаларының  ара  қатынасы  1:1,7:0,8  шамасында.  Қазіргі  уақытта 
электр  энергиясын  жылу  ӛндірумен  бірге  ӛндіру  неғұрлым  тиімді 
деп  бағамдамады.  Мұндай  біртүтас  цикл  электр  энергиясын  жылу 
электр  орталығынан  алудың  дәстүрлі  әдістерінен  4—10  есе 
нәтижелі болуы мүмкін. Жылу электр станциясы мен жылу электр 
орталығы  басқа  жағдайлар  бірдей  болғанда  айналадағы  ортаға 
шамамен  бірдей  жүктеме  түсіретіні  мәлім.  Жылу  электр 
станцияларының  қоршаған  ортаға  әсері  қаншалық  екенін 
атмосфераға шығарылатын барлық зиянды шығындылардың   25%-
ы 
солардың 
үлесіне 
келетініне 
қарап 
білуге 
болады. 
Суқоймалардың    эволюция барысында жеткен теңдестігін бұзатын 
жылулық  ластану деп  аталатынның да қаупі одан кем түспейді. 

ЖЫРА —  жауын  және  қар  суларының  бұзу  әрекетінен  пайда 
болған  рельефтің  ойық  формасы.  Ұзындығы  бірнеше  километрге 
жетеді,  тереңдігі  10—  15  м  және  одан  да  тереңірек  болады. 
Жыралар  әсіресе  борпылдақ  жыныстарда  тез  пайда  болады. 
Жыралардың ӛсу жылдамдығы жылына 3—5 м-ге, тіпті 25 м-ге де 
жетеді. 
ЖОТА – кӛтеріңкі жер бедерінің атауы. Оның биіктігі, ұзындығы 
және  пішіндері,  әдетте,  жер  бедерінің  даму  ерекшелігіне  және 
түзілген тау  жыныстарыныңлитольдік  құрамына  байланысты. 
Жоталар  таулы  жер  бедерінің  басты  құрамдас  бӛліктерінің  бірі. 
Олар  бірлесіп  тау  тізбегін  құрайды.  Тау  жоталары  бір-бірімен 
қиылыспайтын  тау  торабынан  таралып  –  радиальді  Жота,  басты 
жотадан  қарама-қарсы  жаққа  қарай  екінші  қатардағы  жоталар 
таралып  –  қазбауырлы  жота,  сондай-ақ  бұталы  жота  (виргация) 
болып  орналасуы  мүмкін.  Жоталар  пайда  болуына  байланысты 
жанартаулық,  эрозиялық  және  тектоникалық  болып  бӛлінеді. 
Абсолютті биіктіктеріне қарай – аласа, орта және биік жота болып 
келеді.  Геологиялық  уақыт  бойында  сыртқы  (экзогендік) 
процестердің  әсерінен  жоталар  мүжіліп  тӛбелі  тауларға,  ұсақ 
шоқыларға  айналады.  Мұндайморфологиялық және  геологиялық 
жасы 
жағынан 
біршама 
ескі, 
мүжілген 
жоталар 
аймағына Сарыарқаны жатқызуға 
болады. 
Сонымен 
қатар, 
Қазақстан  жерінде  геологиялық  жасы  едәуір  егде  болғанымен 
морфологиялық 
жағынан 
жас 
жоталар 
кездеседі 
(мысалы, Қаратау жотасы) 
 
З 
 
ЗАЙСАН КӚЛІ — Қазақстанның  кӛлдерінің  Оңтүстік Алтайдағы 
 кӛлі  
Шығыс  Қазақстан  облысы   аумағында  орналасқан. 
Солтүстігінен   Нарын  мен   Күршім,  оңтүстігінен  Сауыр-
Тарбағатай   жоталарының  сілемдерімен  қоршалған   тектоникалық 
қазаншұңқырда  жатыр.  Кӛл  теңіз  деңгейінен  395  м  биіктікте. 
Жағалауы  жайпақ.  Тектоникалық  бӛген  кӛлдер  типіне  жатады. 
Зайсанға Қара Ертіс ӛзені құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып шығады. 
Ӛзеннің жалғасы кӛл табанындағы ені 2 км, тереңдігі 10 м-ге дейін 
баратын  ұзынша  ор  түрінде  байқалады.  Су  режимі  Қара  Ертіспен 
байланысты.  Жазда  таудағы  қар  ерігенде  кӛл  деңгейі  кӛтеріледі. 
Қыста тӛмендейді. Су деңгейінің маусымдық ауытқуы 1 – 2,5 м. Ең 

тӛмен  деңгейі  сәуірдің  басында  байқалады.  Қарашада  суы  қатып, 
сәуірде  ериді.  Ертістегі Бұқтырма  СЭС-ісалынғанға  дейін  кӛл 
айдынының аумағы 1788 км2, ұзындығы 111 км, ені 30 км, орташа 
тереңд.  4  –  6  м  (ең  терең  жері  10  м)  болатын.  Бӛгет  салынғаннан 
кейін  кӛл  Бұқтырма  бӛгеніне  қосылып  кетті.  Кӛлемі  артып,  жаға 
сызығының пішіні ӛзгерді. Зайсанда балықтың 23 түрі мекендейді, 
оның  17-сінің  кәсіптік  маңызы  бар.  Әсіресе,  бекіре,   ақбалық, 
 таймень,  кӛксерке,   табан,  аққайран,  сазан, т.б. кӛптеп ауланады. 
Кӛл  маңында  бірнеше  балық  кәсіпшілігімен  айналысатын 
ауылдар (артельдер) бар.  Суына   ондатр   жерсіндірілген.  Кӛл 
айдыны    кеме    қатынасына    пайдаланылады.  Соңғы    жылдары  
кӛлге  құятын  Қара  Ертіс  ӛзенінің  суын Қытайда шамадан  тыс 
пайдалану  салдарынан  Бұқтырма  бӛгенінің  деңгейі  тӛмендеп, 
аумағы  кішіреюде.  Қосылатын  су  мӛлшері  бұдан  әрі  азая  берсе, 
Зайсан  кӛлі  бӛгеннен  оқшауланып,  бұрынғы  табиғи  қалпына 
қайтып оралуы мүмкін. 
ЗЕНИТ, тас  тӛбе (фр. zenith, араб.: земт   —  жол,  бағыт)  — аспан 
сферасының байқаушының  тас  тӛбесінде  орналасқан  тіктеуіш 
сызықпен қиылыскан нүктесі. Аспан сферасының 3-ке қарамақарсы 
нүктесі надир (нәдір) деп аталады. 
ЗОНД  БҦҒАЗЫ   –   Индонезиядағы   Суматра  мен   Ява 
аралдарын бӛліп  тұрған  бұғаз.  Ява  теңізін   Үнді  мұхитымен  
жалғастырады. Бұғаздың ені оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа 
қарай 105 км-ден 22 км-ге дейін кішірейеді. Осы бағытта тереңдігі 
де 1000 м-ден 50 – 60 м-ге дейін азаяды. Фарватерінің ең саяз жері 
28  м-дей.  Бұғаз  тӛрттік  кезеңде  жер  қыртысының  жарылу 
нәтижесінде  пайда  болған.  Зонд  бұғазы  осы  күнге  дейін 
жанартаулар  ықпалында.  Бұғаз  аралдарының  бірінде  Кракатау 
жанартауы  орналасқан.  Зонд  бұғазы  Үнді  мұхитынан  Индонезия 
теңіздері мен Тынық мұхитқа ӛтетін аса маңызды теңіз жолы болып 
саналады. 
 
И 
 
ИММИГРАЦИЯ (латынша іm-mіgrare  
– 
кӛшіп 
келу) 
– 
қоныстанушылық,  келімсектік,  бір   мемлекет   азаматтарының 
екінші  бір  мемлекетке  тұрақты  немесе  уақытша  (Қазақстан  
заңнамасы  бойынша  алты  айдан  кӛп  мерзімге)  тұру  үшін  кӛшіп 
келуі. 
Иммиграция 
субъектілері: 
шетелдіктер 
– 
басқа 

мемлекеттердің 
азаматтары, 
қос азаматтығы бар 
адамдар, 
азаматтығы  жоқ  адамдар,  олардың  отбасылары  немесе  қоныс 
аударуға  тілек  білдіруші ұжымдық қоғамдастықтар. 
ИНСОЛЯЦИЯ (латынша: insolatio, insolo - Күнге қоямын) — Жер 
бетінің  Күннің  тура  немесе  жиынтық  (тура  және  шашыраған) 
радиациясымен  сәулеленуі.  Уақыт  бірлігінің  ішінде  алаң  бірлігіне 
келетін  калориямен  ӛлшенеді.  Инсоляцияның  шамасы  Куннің 
биіктігіне,  ӛңірдің  теңіз  деңгейінен  биіктігіне,  сондай-ақ  Жердің 
ендігіне  жоне  т.б.  байланысты.  Инсоляция  жер  бетіндегі, 
атмосферадағы жылудың жайын және Жердің табиғи жарықтығын 
анықтайды. Инсоляция — жерге түсетін күн сәулесі мен жер бетіне 
келіп  жететін күн  энергиясының мӛлшері.  Кіші  калориямен 
ӛрнектелетін  ол,  атмосфераның  шегінде,  жерге  түсетін  күн 
сәулесіне перпендикуляр орналасқан 1 см
2
 арқылы минутына ӛтетін 
1,94 кіші калорияға тең (күн тұрақтысы). 
Жер бетінде инсоляция: 

 
күннің горизонттан биіктігіне, 

 
атмосфераның жағдайына, 

 
сондай-ақ  күн  дақтарына  байланысты  жыл  және  күні  бойы 
ӛзгеріп  тұрады.  Инсоляция  барлық  ӛсімдік  пен  жануарлар 
дүниесінің  ӛмірінде  ӛте  үлкен  роль  атқарады.  Инсоляция 
 актинометр,   пиргелиометр   сияқты  арнаулы    аспаптармен 
ӛлшенеді.  Күннің    жерге    жіберіп    тұратын  жылуының  шамамен 
40%  атмосферада  ұсталып  қалады. 
ИНФРАҚЫЗЫЛ  СӘУЛЕ    –  кӛрінетін  жарықтың  қызыл  бӛлігі 
(0,74  мкм)  мен  қысқа  толқынды  радиосәуленің  (1  –  2  мм) 
арасындағы  спектр  аймағына  орналасқан  электрмагниттік  сәуле. 
Инфрақызыл  сәуле  қыздыру  шамын,  газразрядты  шам  шығаратын 
сәулелердің едәуір бӛлігін құрайды. 
ИОНОСФЕРА —  газ  молекулаларының  ионизациясы  жоғары 
болатын,  80  км-ден  800—1000  км  биіктік  аралығында  жатқан 
атмосфераның  қабаты.  Атмосфераның  50-  80  км  биіктіктерден 
бастальт,  1200-1300  км-  ге  шейін  созылатын  жоғарғы  қабаттары. 
Бұл  қабаттарда  газдар  ішінара  ионданған  күйде  болады.  Қысқа 
толқынды  радиобайланыс  үшін  үлкен  маңызы  бар.  Ионосфера -
 Жер  бетінен 50-80  км-ден  мындаған  километр  биіктікке  дейінгі 
атмосфераның  жоғары  ионданған  қабаты  (жоғары  Ионосфера). 
Ионосфераның  бӛлшектері  сейілген  және  жоғары  электрӛткізгіш 
ортаны  түзеді.  Ионосфера  жер  бетінде  қысқа  толқынды  

радиотолқындардың   таралуына  кӛп  әсер  етеді.    Ионосферада  
поляр  шұғыласы  мен  ионосфералық   магниттік  дауыл болып 
түрады.  Ионосфераны барлап білу (Зондирование  ионосферы) — 
50-80  км-ден  400-500  км-ге  дейінгі  қабаттағы  атмосфераның  
ионданусипаты туралы деректер алу. Ол  ионосфералық  станция,  
метеорологиялық  ракета арқылы  жүзеге  асады.  Ионосфераны  
барлап  білу  деректері  алыс радиобайланыс үшін  тиімді  жиілікті 
таңдау кезінде пайдаланылады. 
 
І 
 
ІЛЕ — Балқаш   кӛлі  алабындағы  ӛзен.  Қазақстанның   Алматы 
облысында  және  ҚХР-дың Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық аудан 
аумағында,  Орталық Тянь-Шань тауларынан  (Тәңіртаудан)  бастау 
алатын   Текес   пен   Күнес ӛзендерінің  қосылуынан  пайда  болып, 
Балқаш  кӛліне  құяды.  Ұзындығы  1001  км  (Текес  саласымен  1439 
км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км², 
Қазақстан аумағында 77400 км². Жоғарғы бӛлігі таулық сипатта. Оң 
саласы  Қаш  ӛзені  құйғаннан  кейін  аңғары  кеңейеді.  Қапшағай 
қаласына  дейін  Іле  жағасы  аласа,  кең  аңғармен  ағады, 
жайылмаларының  кей  жерлері  батпақтанады. Қапшағай шатқалы 
тұсында  ӛзен  арнасы  бӛгеліп,  Қапшағай  бӛгені  салынған. 
Тӛменіректе  Күрті  ӛзені  құйғаннан  кейін  аңғары  едәуір 
кеңейіп,Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен 
ағады. 
Ірі 
салалары: Түрген,   Талғар,  Қаскелең,   Күрті,   Шілік,   Шарын,  
Үсек (Ӛсек),   Қорғас.  Балқаш  ауданында  ӛзеннен  Шетбақанас,  
Ортабақанас,   Нарынбақанас   атты  ежелгі  құрғақ  арналары 
тарамданады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау 
құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 
9000  км².  Іле  ӛзені  мұздық,  жауын-шашын,  жер  асты  суларымен 
толығады.  Су  ресурстарының  шамамен  30%-ы Қазақстан,  70%-
ы Қытай аумағында  қалыптасады.  Кӛп  жылдық  орташа  ағымы 
Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км³, Балқашқа 
құятыны 11,85 км³. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге 
дейін (шекара маңында) ӛзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320 
– 345 мг/л. 
 
 
К 

 
КАЙНОЗОЙ,  кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos  – 
жаңа,  zoе  –  ӛмір)  –  Жердің  геологиялық  дамуының  соңғы  65  млн. 
жылын  қамтитын  уақыт  мерзімі  және  соған  сәйкес  келетін  тау 
жыныстарының  қабаты.  Кайнозой  эрасы  тӛменнен  жоғары 
қарай палеоген,неоген және  тӛрттік  кезеңдеріне  бӛлінеді  (кестені 
қ.).  Кайнозой  эрасында  құрлықтар,  олардың  жер  бедері  осы  күнгі 
қалыпқа  келді.  Палеоген  кезеңінде  тектоник.  белсенділік  артқан. 
Оның  басты  себебі  –  оңтүстіктен  ығысқан  микроконтиненттердің 
(қазіргі Иран,Ауғанстан, Үндістан аумағы)  Еуразия  құрлығымен 
соқтығысуы.  Мұхиттардың  нобайы  қазіргіге  жуықтап,  деңгейі 
палеогеннің аяғында күрт тӛмендеген (қазіргіден 400 м шамасында 
тӛмен  болған).  Ол  тек  миоценнің  ортасында  ғана  қазіргі  деңгейге 
жеткен.  Палеоцен  мен  эоцен  дәуірлерінде Гренландия Еуразиядан 
бӛлініп,  су  асты  жотасы  бойымен  бір-бірінен  алшақтаған. 
Құрлықтардың  барлығында  терең  регрессиялар  байқалған.  Теңіз 
Шығасыр Еуропаның оңтүстігінде (Қара теңіз алабы), Кавказ алды 
аумағында  және  олардың  шығысында,  Каспий  сырты  (Тұран) 
аудандарында сақталған. Ежелгі теңіз алаптарының жүйесі – Тетис 
біртұтас  мұхит  алабы  ретінде  ӛмір  сүруін  тоқтатып,  Атлант  және 
Үнді  мұхиттарымен  жалғасқан  Жерорта  т.  (Ион,  Левантия)  және 
шығыс  пен  Солтүстік  жағындағы    Паратетис  алаптарына  бӛлініп 
кетті. 
Паратетис 
батысында 
– Альпі,  
Карпат  
және  
Динартауларының    етегінен  басталып,  шығысында  –  Каспий  мен 
Аралға  дейін  созылған.  Эоценнің  соңы  мен  олигоцен  дәуірінде 
Жердің  құрылымдық  сұлбасы,  құрлықтардың  нобайы  мен 
мұхиттардағы  орт.  жоталардың  орналасуы  қазіргі  түрге  жақын 
келген.  Миоценде  Альпі  –  Гималай  тау  белдеуінің  қалыптасуы 
жалғасып, олардың кӛптеген шыңдары 7 мың м-ге дейін, ал ең биік 
деңгейлерге тӛрттік кезеңде жетті. Миоценнің соңында Үлкен және 
Кіші Кавказ тау жүйелері, Батыс Сібір тақтасы мен Торғай ойысы 
пайда болды. Қарқынды кӛтерілімдер Тянь-Шаньда, Қазақстанның 
шығысында,  Алтай  –  Саян  алқабында,  Байкал  алды  және 
Байкалдың  Оңтүстік  мен  солтүстігінде,  Становой  жотасы  мен 
Охотск массивтерінде орын алды. Жер бетіндегі күрделі ӛзгерістер 
климаттың  ӛзгеруіне  әкелді.  Палеоген  кезеңінде  экватор,  екі 
тропиктік  және  екі  субтропиктік  белдеулер  қалыптасқан,  ал 
олигоцендегі  салқындау  кезеңінде  оларға  екі  қоңыржай  белдеу 
қосылған.  Солтүстік  жарты  шарда  аридтік  климат  Батыс  Сібірдің 

оңтүстігінде,  Солтүстік  Африкада,  Таяу  және  Орта  Шығыста, 
Солтүстік Азияда, Оңтүстік Қазақстанда, Моңғолияның батысында, 
АҚШ-тың  Оңтүстік  мен  Мексикада  басым  болған.  Миоцендегі 
салқындау  бірінші  кезекте  полюс  және  қоңыржай  ендіктерді 
қамтыған.  Антарктидада  жабын  мұздықтар  ұлғайып,  Солтүстік 
жарты  шарда  тау  мұздықтары  пайда  болған.  Плиоцен  дәуірінде 
экваторлық, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай және суық климат 
белдеулері  қалыптасқан.  Тӛрттік  кезеңде  құрлықтық  мұзбасулар 
(Солтүстік  жарты  шарды  қамтыған)  орын  алған.  Мұзбасу 
орталықтары  Балтық  және  Канада  қалқандарында  орналасқан, 
олардағы  мұздың  қалыңд.  3  км-ге  дейін  жеткен.  Мұз  қабаттары 
Альпі,  Карпат,  Кавказ,  Тянь-Шань,  Алтай,  Орал,  Гималай 
тауларының  етегіне  дейін  басып  жатқан.  Альпіде  тӛрт  мұзбасу: 
гюнц,  миндель,  рисс  және  вюрм  кезеңдері  болған.  Мұзбасулар 
мұхит  деңгейіне  ӛте  үлкен  әсер  еткен.  Ең  жоғары  мұзбасу  кезінде 
мұхит  деңгейі  150  м-ге  тӛмендеп,  ал  мұз  еріген  кезде  сол  шамаға 
кӛтерілген.  Мезозой  мен  кайнозой  эраларының  аралығында 
жануарлар  әлемінде  кембрийден  бері  қарай  алғашқы  ірі  дағдарыс 
болған.  Алып  динозаврлардан  бастап,  ұсақ  фораминиферлерге 
дейін  жойылып  кеткен,  ал  сақталып  қалғандары  ӛз  мәнін  жойған. 
Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіздерде 
омыртқалылар:  сүйекті  балықтар,  шеміршекті  акулалар  мен 
скаттар;  алғашқы  сүтқоректілер  – киттер,   сиреналар,   дельфиндер 
 пайда  болған.  Жер  бетін  жайлаған  жорғалаушылардан  – 
қолтырауындар, 
кесірткелер, 
тасбақалар 
мен 
жыландар; 
қосмекенділерден  –  алып  саламандралар,  бақалар  дамыған. 
Палеогеннің  басында  приматтардың  ең  қарапайымы  –  лемурлер, 
яғни  жартылай  маймылдар  –  антроподтар  шыққан.  Плиоценнің 
соңы мен тӛрттік кезеңнің басында Шығасыр Еуропаның Оңтүстік 
мен  Қазақстанда  жылу  сүйгіш  мастодонттар,  пілдер,  гиппарион, 
семсер  тісті  жолбарыс,  этруск  мүйізтұмсығы,  т.б.  ӛмір  сүрген. 
Плейстоценнің  соңы  –  голоценнің  басында  қатал  климатқа 
бейімделген мамонттар, жүндес мүйізтұмсықтар мен үлкен мүйізді 
бұғылар  жойылып  кеткен.  Жер  беті  флорасы  арасында  жабық 
тұқымдылар  дамуын  жалғастырған.  Олардың  ішінде  тропиктік 
және  субтропиктік  ормандарда  пальма,  магнолия,  мирт,  фикус, 
алып  секвоя,  араукария  мен  кипаристер  ӛсті.  Қоңыржай  климатты 
алқаптарда  үлкен  жапырақтылар  мен  ұсақ  жапырақтылар  –  емен, 
бук, каштан, терек, қайың, т.б. ӛскен. Палеогенде ӛте ірі латеритті 

және  латеритті-шӛгінді  боксит  (Австралияда,  Африкада,  Латын 
Америкасында,  Жерорта  теңізіндегі  бірқатар  аудандарда,  Оңтүстік 
Орал,  Солтүстік  Қазақстан  платформаларында,  Тӛм.  Ангар  мен 
Батыс Байкал), ең ірі марганец (Никополь, Чиатура, Батыс Африка), 
бірқатар  оолитті  темір  (Солтүстік  Америка,  Батыс  Сібірдің 
Оңтүстік  мен  Солтүстік  Қазақстанда),  ең  ірі  мұнай  (Иран,  Ирак, 
Орталық  Азия,  Венесуэла)  кен  орындары  кендері  түзілген. 
Кайнозой  эрасының  түзілімдерінде  барлық  кӛмір  қорының  15%-і 
шоғырланған.  Оның  ішінде  таскӛмір  қабаттары  Сахалинде, 
Жапонияда,  Қытайдың  шығысында;  қоңыр  кӛмір  кен  орындары  –
Германияда (Рейн  алабы),   АҚШ-та  (Солтүстік  Дакота)  және 
Украинада;  сынап  кен  орындары   Испанияда,   Италияда, 
Югославияда  және  Ресейде;  мыс  және  молибден  кен  орындары 
АҚШ,  Чили,  Боливия  мен  Перуде  шоғырланған.  Неоген 
түзілімдерінде  мұнай  мен  газдың  есептелген  қорларының  үштен 
бірі  шоғырланған.  Алып  мұнай-газ  кен  орындары  Иран  – 
Месопотамия  мен  Кордильер  –  Анд  аймағында:  Иран,  Ирак, Сауд 
Арабиясы,   Кувейт,   Катар,   Венесуэла,   Мексика   шығанағында 
орналасқан.  Ал  Еуразияда  мұнай  мен  газ  кен  орындары 
Кавказда, Каспий ойпатында,  Батыс  Түрікменстанда,  Карпатта 
және  Сахалинде  орналасқан.  Неоген  магматизмімен  ірі  қалайы 
(Анд),  алтын,  күміс,  мыс  кен  орындары  байланысты.  Неоген 
кезеңінде  калий  және  ас  тұзы,  фосфорит,  трепел,  құрылыстық 
таужыныстары  түзілген.  Тӛрттік  түзілімдермен  әр  түрлі 
кенқайраңдар,  шӛгінді  кендер,  бейметалл  кен  байлықтары,  жер 
асты  сулары  мен  мұздықтар  байланысты.  Дүниежүз.  мұхиттың 
терең  сулы  алқаптарында  темір-марганецті  және  мыс-ванадийлі 
тасберіштер (конкреция) шоғырланған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет