Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет1/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

УДК 
ББК 
А 
 
Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия / 
С.К.Құрбаниязов, Н.Ә.Әбдімүтәліп, Г.Б.Тойчибекова, Г.Абишова -- 
------------------------------. – Түркістан, 2015 ж. – 306б. 
 
 
Метеорологиялық 

климатологиялық 
энциклопедияда 
география және қоршаған ортаны тану саласындағы белгілі кеңінен 
қолданылып  жүрген  негізгі  атаулар  және  терминдер  келтірілген. 
Метеорология  және  климатология  пәні  география  мамандығында 
білім алып жүрген білімгерлердің түпкі мақсатты ойы мен санасын 
осы  сала  бойынша  тиісті  дәрежеге  жеткізудің  бірден  –  бір  білім 
кӛзі. Айналамызда болып жатқан табиғи қарапайым немесе күрделі 
құбылыстардың белгілі бір үрдістің нәтижесінде пайда болғандығы 
туралы мәліметтер кӛрсетілген.  
 
Метеорологиялық-климатологиялық 
энциклопедия 
студенттерге  арналған  және  де  география  ілімі  бойынша  білім 
алушы кез-келген мамандар мен тұлғаларға да қажетті бола алады.  
 
ББК    
 
Авторлар ҧжымы: 
Құрбаниязов Сакен Кӛптілеуұлы – г-м.ғ.к. 
Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы – (PhD)  доктор 
Тойчибекова Газиза Батихановна - (PhD)  доктор 
Абишова Гулжан – аға оқытушы, магистр 
--------------------------- 
 
 
Пікір жазғандар: г.ғ.д., профессор ---------- 
                                т.ғ.д., профессор --------- 
 
А____________ 
 
 
ISBN ---------------- 

 
АЛҒЫ СӚЗ 
 
 
 
Метеорологиялық 

климатологиялық 
энциклопедия 
«Метеорология  және    климатология»  пәнін  оқитын  білімгерлерге 
және 
жаратылыстану 
саласымамандарына 
арналған. 
Энциклопедиядағы  жазылған  мәліметтер  атмосфера  туралы 
ғылымның  негіздеріне,  атмосферада  жүріп  жататын,  жер  бетімен 
тығыз  байланыста  болатын  процестеріне,  сонымен  қатар  климат 
құрау  заңдылықтарына  және  климаттардың  географиялық 
таралуына негізделе отырып келтірілген. Бұл кітапта атмосфераның 
құрылысы,  ауаның  кұрамы  туралы,  қысым,  температура  және 
ылғалдылықтың кеңістік ӛзгеру заңдылықтары және т.б. түсініктер 
туралы  ұғым  берілген.  Оның  ішінде:  күн  радиациясының 
атмосферада  ӛзгеруі,  атмосфераның  жылу  режимінің  ӛзгеруі  және 
судың  атмосферада  фазалық  ӛзгеруі  т.б.  процестерін  түсіндіріліп, 
жалпы  атмосфера  айналымының  заңдылықтары,  құрлық  пен  су 
нысандарыны, тіршілік туралы жалпы білімдер және климаттардың 
құрылуы туралы түсініктері берілген 
Метеорологиялық 

климатологиялық 
энциклопедияны 
жазудағы  негізгі  мақсат  –  біз  тіршілік  етіп  жатқан  Жер 
планетасында және бізді қоршап тұрған атмосферада болып жатқан 
үрдістер, нысандар мен құбылыстарды тани білуге, сонымен қатар 
мемлекеттік тілде оқитын болашақ мамандарға оқып үйрету болып 
табылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

А 
АГРОКЛИМАТОЛОГИЯ - ауыл шаруашылығы климатологиясы - 
ауыл  шаруашылығы  ӛндірісінің  даму  факторы  есебінде  климатты 
зерттейтін климатологияның бір бӛлігі. 
АГРОКЛИМАТТЫҚ  АУДАНДАУ  -  егін  шаруашылығын 
ӛркендету 
мақсатында 
әр 
жердің 
климат 
жағдайының 
әркелкіліктерін  ескере  отырып,  елдің  аумағын  агроклиматтық 
аудандарға бӛлу. 
Агроклиматтық зоналар - егін шаруашылығына климат жағдайлары 
әсерінің сипаты бойынша белгіленген климат зоналары. 
АГРОКЛИМАТТЫҚ  КАРТАЛАР  -  ауыл  шаруашылығына, 
әсіресе  егіншілікке  арналып  жасалған  карталар.  Агроклиматтық 
карталар талдаулық, кешендік және жинақтауыш деп бӛлінеді. 
АЗИМУТ (арабша ас-сумут  —  жол,  бағыт) -  бақылау  нүктесінен 
ӛтетін меридианжазықтығы  мен  сол  нүктені  қиятын  бағыттың 
вертикал  жазықтығы  арасындағы  қос  қырлы  бұрыш.  Ол 
меридианның солтүстік  ұшынан  сағат  тілінің қозғалысымен 0
о
-тан 
360
о
-қа  дейін  ӛлшенеді.  Бастапқы  бағыттағы  меридиан  түріне 
байланысты  нағыз  (шын)  Азимут  және  магниттік  азимут  болып 
бӛлінеді.  Нағыз  (шын) азимут - аспан шырағының  бағыты  мен 
жердегі  объектіге  бағытталған  сызықтың  арасындағы  горизонталь 
бұрыш.  Ол  буссоль  (компас)  арқылы  ӛлшенеді.  Магниттік  азимут 
—  магниттік  меридианның  солтүстік  ұшынан  сағат тілінің 
қозғалысымен  берілген  сызықтың  бағытына  дейінгі  есептелінетін 
бұрыш.  Бір  сызықтың  нағыз  (шын)  азимуты  мен  магниттік 
Азимутының 
шамалары 
бірдей 
болмайды, 
себебі Жердің магнит ӛрісінің  әсеріне  байланысты тілі ауытқып 
отырады. 
АЗИМУТТЫҚ  АНЫҚТАУ (арабша  -  жол,  бағыт)  -  нүкте 
меридианының  солтүстік  жағынан  шығысқа  қарай  (0°-тан  360°-қа 
дейін)  сағат  тілінің  бағытымен  анықталады.  Жергілікті  жерде 
азимут  бұрыш  ӛлшегіш  аспаптар  (теодолит, буссоль және  тағы  да 
басқалары) арқылы ӛлшенеді. 
АЗИМУТТЫҚ  ПРОЕКЦИЯЛАР -  координаталардың  сфералық 
жүйесінің  альмукантараттарын  концентрлік  шеңберлермен,  ал 
вертикальдарды  осы  шеңберлердің  орталығынан  шығатын 
түзулермен 
бейнелейтін 
картографиялық 
проекциялау; 
проекциядағы  вертикальдардың  арасындағы  бұрыштар  табиғи 
кӛріністегі  тиісті  бұрыштарға  тең.  Координаталардың сфералық 

жүйесі полюсінің  калпы  бойынша  азимуттық  проекциялар 
қалыпты,  кӛлденең  және  қиғаш  болып  бӛлінеді.  Қалыпты 
Азимуттық  проекцияларда  параллельдер   мен   меридиандар  
концентрлік    шеңберлер мен  түзулер  түрінде  бейнеленеді. 
Бұрмаланулар  сипаты  бойынша  азимуттық  проекциялар  әр  түрлі 
болады. 
Азимуттық 
проекциялардың изоколдары аль-
мукантараттармен 
сәйкес 
келеді, 
соңдықтан 
Азимуттық 
проекцияларды  дӛңгелек  пішінді  аумақтардың  карталары  үшін 
қолданылады. 
АЗИМУТЫНДАҒЫ  ҚАЛЫПТЫ  ҚИМА  ҚИСЫҒЫНЫҢ 
РАДИУСЫ - әдетте Ял арқылы белгіленеді және эллипсоид бетінің 
берілген  нүктесінің  геодезиялық  В  ендігі мен  осы  нүктедегі 
қалыпты  қиманың А  азимутының мынадай  функциясы  болып 
табылады: меридиан қисықтығының және В ендігі бойымен бірінші 
вертикальдың  радиустары;  —  меридиандық  эллипстің  екінші 
эксцентриситетінің квадраты. 
АЛЬПІ, АЛЬПІ ТАУ ЖҤЙЕСІ - Еуропадағы ең биік таулар. Ол –
 Жерорта 
теңізініңсолтүстігінде  Легури  теңізі  жағалауынан 
Орта Дунай  жазығына дейін  оңтүстік-шығысқа  қарай  доғаша  иіліп 
жатыр;  доғасының  сыртымен  есептегенде  ұзындығы  1200  км-ге 
жуық, іш жағы 750 км, ені 50 – 60 км-ден 240 – 260 км-ге жетеді. Ең 
биік нүктесі – Монблан шыңы (4807 м). Альпі (кельтше  – alp биік 
тау,  ежелгі  түркі  тілінде  –  алып-заңғар,  биік  дегенді  білдіреді)  ірі 
жоталар  мен  тау  сілемдерінен  тұрады.  Сілемдер  аралығын  Рона, 
Рейн,  Бодо  –  Комо  тау  аңғарлары  бӛліп  жатыр.  Тас  және  темір 
жолдар  ӛтетін  Сен-Готард,  Симплон,  Миоан-Ромодоссола,  Бриг  – 
Лозанна,  Үлкен  Сен-Бернар  (2400  м)  туннельдері  аймақтағы 
бірнеше  мемлекетті  байланыстырады.  Тау  жүйесі  орографиялық 
жағынан Батыс Альпі және Шығыс Альпі болып бӛлінеді. Олардың 
арасындағы  шартты  шекара  солтүстігінде  Боден  кӛлінен, 
оңтүстігінде  Комо  кӛліне  дейінгі  тектоникалық  аңғармен  ӛтеді. 
Батыс  Альпінің  сырт  жақ  беткейі  кең  әрі  біршама  жайдақ,  ал  ішкі 
жақ  беткейі  жарқабақты  болып  келеді.  Тау  жүйесінің  ең  биік 
шыңдары  (Монблан,  Монте-Роза,  Пельву)  осы  бӛлігінде 
орналасқан.  Тау  жүйесінің  орталық  торабына  альпілік  жер  бедері 
тән.  Ландшафтысында  биіктік  белдеулер  айқын  байқалады.  Тау 
етегі мен тау беткейлері (800 – 1000 м) мен таулық белдеу (1800 м) 
климаты  қоңыржай  және  ылғалды.  Бұл  белдеулер  жалпақ 
жапырақты  ормандармен  кӛмкерілген.  Түлкі,  қасқыр,  бұғы,  тиын, 

жабайы  мысық  кездеседі.  Жаз  айларының  орташа  температурасы 
10  –  15ӘС,  қыста  -4  –  8ӘС.  Субальпілік  белдеудің  (2300  метрге 
дейін)  климаты  суық,  желі  қатты  болады,  қары  қалың  түседі.  Тау 
беткейлері  тік  жарлы.  Белдеуде  биік  таудың  бұталы  және 
шалғынды ӛсімдіктері ӛседі. Қысы қатаң, 6 – 8 айға созылады, жазы 
қоңыр  салқын  әрі  қысқа.  Одан  жоғары  биік  таулы  альпілік 
белдеудің  (2500  –  3000  м)  климаты  қатал,  біршама  құрғақ.  Онда 
қоңыраубас,  қоғажай,  кӛкнәр,  т.б.  ӛсімдіктер  ӛседі.  Одан  әрі 
нивальдық  белдеу  орналасқан.  Бұл  белдеу  тасты,  мұзды  болып 
келеді.  Альпіде  антропоген  дәуірінде  4  рет  мұз  басу  болды. 
Мұздықтың жалпы ауданы 4140 км2, 1200-ге тарта аңғарлы, қарлы 
мұздықтар  бар.  Тау  жүйесі  альпілік  қатпарлану  кезінде  түзілген. 
Қатпарлану  жүйесінің  негізі  кембрийге  дейінгі  кристалды 
жыныстардан  (гнейс,  слюдалы  тақтатас)  және  жоғары  протерозой 
мен тӛменгі палеозойдың кварц-бриллитті тақтатастарынан тұрады. 
Жер бедерінің қалыптасуында антропоген дәуірінің су және мұздық 
эрозиясы  үлкен  рӛл  атқарған.  Кен  байлықтары:  темір,  мыс 
кентастары,  қоңыр  кӛмір,  тұз.  Солтүстік  Батыс  бӛлігіндегі 
жоталарда жылына 1500 – 3000 мм жауын-шашын түседі. Ауа райы 
кӛбіне  бұлтты,  тұманды  болып  тұрады.  Ішкі  жоталарда, 
қазаншұңқырлар  мен  аңғарларда  жауын-шашын  1000  мм-ден  аз. 
Альпі  –  Батыс  Еруопаның  аса  үлкен  су  торабы.  Ӛзендер  ӛте  кӛп. 
Олар  қар,  мұз,  жаңбыр  суымен  толығады.  Аса  ірі  ӛзендері:  Рона, 
Рейн,  По.  Кӛлдері:  Боден,  Цюрих,  Комо,  т.б.  Топырақ 
жамылғысында  негізінен  орманның  қоңыр  түсті  топырағы,  күлгін 
және таудың сұр топырағы басым. 
АҒЫН - табиғаттағы су  айналымы   процесінің  нәтижесінде судың  
жер бетімен  және оның астымен  ағуы.  Беткі  және жер асты ағыны 
болып екіге бӛлінеді: беткі ағын ӛз алдына беткейлік және арналық 
болып  ажыратылады.  Ағын  мӛлшері  және  режимі жауын-
шашын мен булану мӛлшеріне, ауа  температурасы,   жер  бедері, 
геологиялық құрылысы, топырақ пен ӛсімдік сипатына  байланысты 
қалыптасады. Ағынның келесі екі мағысы бар: ӛзендегі немесе ӛзге 
де су арналарындағы сумассасының кӛлденең 
кеңістікті 
түгел 
қамтитын  қозғалысы;  жалпы  қозғалысты  бейнелейтін  түсінік 
(мысалы, су ағыны, ауа ағыны,  т.б.).  Ағын  аймақтың   климат  
жағдайына  тәуелді.  Ағынның  жалпы  шамасы  –  су  шығымы,  ағын 
модулі,  ағын  коэффициенті  және  ағын   су қабатының  қалыңдығы 
деп аталатын элементтер арқылы анықталады. 

АҒЫН  МОДУЛІ  -  су  жиналатын  алаптың  1  км
2
 жерінен  1  с-та 
жиналатын  ағын  кӛлеміне  тәуелділігі.  Су  шығынын  су  жиналу 
ауданына  болу  арқылы  есептеледі;  әдетте  л/с  кмг  немесе  м/с  кмг-
мен  ӛлшенеді.  Ағын  модулі  кез  келген  кезең  үшін:  1) ӛзен 
ағынының жалпы  жиынтығына;  2)  беткі  ағынға;  3) жер  асты 
ағынына; 4) ең аз немесе ең кӛп ағынға қатысты есептеледі. 
АҒЫН  КОЭФФИЦИЕНТІ  -  жалпы жауын-шашынның ағынға 
айналған бӛлігін кӛрсететін проценттік шама. 
АҒЫН 
СУ 
ҚАБАТЫНЫҢ 
ҚАЛЫҢДЫҒЫ 

ағын 
коэффициентінің 
мм-мен 
не 
см-мен 
ӛлшенген 
қалыңдығы. Қазақстанның ішкі, ӛзіндік ағынның кӛлемі 59 км
3

АҒЫН  НОРМАСЫ  -  кӛп  жылдық  кезендегі  ағын  шамасының 
орташа 
мәні. 
Ағынның 
жылдық, 
айлық 
шамаларының 
орташа арифметикалық  мәні (жылдық,  айлық  ағын  нормасы) 
ретінде есептеледі. 
АҒЫН СУ - 1) анық кӛрінетін екі бірдей жаға арасындағы арнамен 
(ӛзеннің,  ӛзеншенің)  немесе  ойпаң  жермен  еңіс  бағытта  тұрақты 
және  уақытша  ағып  ӛтетін  табиғи  су  ағыны;  2)  табиғи  және 
жасанды ағын сулардың жалпы аталуы. 
АҒЫНДЫ  ПАЙДАЛАНУДЫҢ  КОЭФФИЦИЕНТІ  -  су 
қоймадан  тұтынушыларға  жеткізілетін  жылдық  орташа  су 
кӛлемінің (Ж) ӛзеннің қалыпты ағынының кӛлеміне (V) катынасы: 
у = IV/ У0. 
АҒЫННЫҢ ЖЫЛ БОЙҒЫ БӚЛІНІСІ - ағынның жыл бӛліктері 
(маусымдар,  айлар,  онкүндіктер)  бойынша  бӛлінуі;  әдетте,  ол 
жылдық ағын мӛлшерінен үлес немесе пайыз есебімен анықталады. 
АҒЫННЫҢ  КӚП  ЖЫЛДЫҚ  ТЕРБЕЛІСТЕРІ  -  кӛп  жылдық 
кезең  ішінде  ӛзен  сулылығының  кӛп  жылдық,  орташа  шамасынан 
едәуір  ауытқуына  сәйкес  ӛзгеруі.  Олар  ӛзеннің  кӛп  сулы  және  аз 
сулы циклдерінің ауысымы түрінде байқалады. 
АҒЫНСЫЗ  АЛАҢ  -  ӛзен мен  кӛлдің  су  жинау  алабындағы  беткі 
ағын суы жок аумақ. 
АҒЫНСЫЗ  АЛАП  -  ағынсыз  атыраптарда  тараған  ӛзен  мен  кӛл 
алаптары 
(мысалы, Арал—Каспий 
ағынсыз 
атырабында  
орналасқан   Еділ,   Жайық,  Әмудария   мен   Сырдария ӛзендерінің 
алаптары). 
АҒЫНСЫЗ  АТЫРАП  -  ӛзен  жүйелері  арқылы  мұхитпен 
байланысы  жоқ  материктік  ішкі  ағынсыз  атырап.  Мұнда  ӛзендер 
мұхиттармен  байланыспайтын  теңіздер  мен  кӛлдерге  құяды 

немесе қуаң  зоналардағы құмдарға  келіп  жоғалады.  Ағынсыз 
атыраптың  аумағы  жағынан  ең  ірісі  —Еділ,   Жайық,   Әмудария  
мен  Сырдария ӛзендері құятын Каспий—Арал атырабы.  
АҒЫНСЫЗ 
КӚЛДЕР 

дала 
мен шӛлейт зоналардың 
(Қазақстанның) 
және 
мәңгі 
тоңды 
аймақтардың 
(Батыс 
Сібір мен Саха Республикасының) ағынсыз атыраптарында тараған 
немесе жер асты суы кӛрші су жиналу атырабына етпейтін кӛлдер.  
АЙНАЛЫМ  (ЦИРКУЛЯЦИЯ) — ағындардың тұйық  контурдағы 
қозғалысы. 
АТМОСФЕРАЛЫҚ 
АЙНАЛЫМ — атмосферадағы  
ауа  
массаларының  қозғалысы. 
КҤШТЕУЛІК 
АЙНАЛЫМ — сорғыштар,  
сығымдағыштар  
немесе  араластырғыштар арқылы жүргізілетін айналым. 
ТАБИҒИ АЙНАЛЫМ — жылулық тарту. 
Табиғи 
циркуляциясы - 
беткейлердің 
тартылуы 
сұйықта 
немесе газда болатын 
немесе тығыздықтың бір 
қалыпсыз 
таралуынан  болатын,  газдың  немесе сұйықтың айналып  жүруі, 
кӛбінесе бір қалыпсыз қыздырудан пайда болады. 
Қуаттың  циркуляциясы -  тұйық күш айналымы  бар  болғанда 
туындайтын  құбылыс,  қосарланған  тармақтың  біреуінде  жетектің 
буыннан  жетекші  буынға  айналма қуат беріледі,  ал  екінші  тармақ 
бойымен  жетекші  буынға  жетектегі  буынға  айналма  қуатпен 
берілетін қуаттың қосындысының таралуы. 
Мәжбүрленген 
циркуляция - 
сораптың компрессордың және 
бұлғауыштың  кӛмегімен  орындалатын  сұйық  пен газдың жылжып 
айналып қозғалуы. 
Жылдамдықтың  циркуляциясы - газдың немесе  сұйық  ағынның 
ұйытқуының  кинематикалық елшемі. 
Бірқалыпты  циркуляция -  бұрылыс  кезінде  жүзетін   кӛлік 
 құралының  ауырлық центрін суреттейтін шеңбер. 
АКТИНОМЕТР - жасанды 
жылу 
кӛздерінің немесе күн 
радиациясынын  қарқынды сәулеленуін ӛлшеуге арналған аспап. 
 
АМАЗОН - Оңтүстік  Америка құрлығында  орналасқан,  дүние 
жүзіндегі ең ірі ӛзен. Ӛзеннің сағасын 1500 ж. испан теңізшісі В.Я. 
Пинсон 
ашқан. 
Ӛзен 
арнасымен 1541 ж. 
алғаш 
рет 
испан конкистадоры Ф.  де  Орельяк  саяхат  жасаған.  Жергілікті 
тұрғындар  оны  Парана-Тинга  (Ақ  ӛзен)  және  Парана-Туасу  (Ұлы 
ӛзен) деп атайды. Алабының ауданы 7,2 млн. м2, ұзындығы Укаяли 

бастауынан  есептегенде  7000  км-ден  асады.  Амазонның  негізгі 
ағысы экватор мен 5˚ оңт. ендік аралығында, яғни біркелкі әрі аса 
ылғалданған  аймақта  (жауын-шашынның  жылдық  мӛлш.  1500  - 
3000  мм)  жатыр.  Анд  тауынан  ӛткен  соң,  ӛзен  Амазон  ойпатына 
шығып,  оң  жақтан  келген  Укаяли  ӛз-мен  қосылып  Ұлы  А.  ӛз. 
басталады.  Ол  батпақтанған  жазықпен,  ылғалды  экваторлы 
ормандардың  арасымен  ағады. Мұхиттан 350  км  қашықтықта 
әлемдегі  ең  үлкен  атырау  түзеді  (аум.  шамамен  100  000  км2). 
Ӛзенге кӛптеген салалар құяды, олардың 20-ға жуығының ұз. 1500 
—  3500  км  болады.  Укаяли  мен  Мараньон  ӛз-дері  қосылған  соң, 
оның  арнасының  ені  2  км.  орта  ағысында  5  км,  құйылысында  80-
150  км-ге  жетеді;  суының  тереңд.  орта  ағысын-да  70  м,  Обидус  қ. 
тұсында  135  м-ге,  ал  құйылысында  15-45  м-ге  дейін  барады. 
Амазонның салалары бір-бірінен тек мӛлш. мен сулылығы жӛнінен 
ғана  емес,  суларының  түсімен  де  ерекшеленеді.  Ӛзеннің 
гидрологиялық тәртібі ӛте күрделі әрі ерекше келеді. Алаптары екі 
жарты  шарда  орналасқандықтан,  жылдың  түрлі  мезгілдерінде 
жауын-шашынның  аз  не  кӛп  жаууына  байланысты  әр  түрлі 
тасқындар  болып  тұрады.  Оңт.  салалары  сулылығының 
молдығымен ерекшеленеді, сондықтан мамыр, шілде айларында А-
ның  ең  жоғары  деңгейі  байқалады.  Орташа  су  шығыны  175  000 
м3/с, ал орташа жылдық ағындысының кӛлемі 5520 км шама-сында. 
Әлемдегі ӛзендердің жалпы жылдық ағындысының 15 — 17%-і осы 
ӛзеннің  үлесі-не  тиеді.  Амазонның  ӛсімдік  және  жануарлар  әлемі 
ӛте бай. Балықтардың 2000-ға жуық түрі бар (жер шарының жалпы 
тұщы  су  фаунасының  1/3  бӛлігі).  Ӛзеннің  басты  арнасы 
құйылысынан  4300  км-ге  дейін  (Понго  де  Мансериче  шатқалына 
дейін)  жүзетін  болса,  құйылысынан  1690  км  қашықтыққа  (Манаус 
қ-на) дейін үлкен мұхит кемелері жүзе алады. Амазонның энергет. 
мүмкіндігі  ӛте  мол  (қуаты  280  млн.  кВт  шамасында  бағаланады), 
бірақ ол пайдаланылмайды. 
АМФИБОЛИТ –  қоңырқай  реңді  (қоңыр,  қара  қошқыл,  қою 
жасыл),  жік-жапсарлы  немесе  шомбал  нақышты  метаморфтық  тау 
жынысы.  Минералдық  құрамы  негізді  мүйізталшықтан  және  орта 
плагиооклаздардан  тұрады;  онда  аздар  гранат,  эпидот,  биотит, 
диопсит, т.б. минералдар ұшырасады. Амфиболит орта және негізді 
құрамды  магмалық  жыныстардан,  кейбір  шӛгінді  жыныстардың 
метаморфтануы 
нәтижесінде 
қалыптасады. 
Қара 
түсті 

амфиболиттер  әшекей  және  қаптама  тастар  ретінде  жиі 
қолданылады. 
АНАТЕКТИТ  -  анатексис  процесінің  нәтижесінде  түзілетін тау 
жынысы.Олар  құрылым  ерекшеліктері  мен  құрамы  тұрғысынан 
ӛздері 
жаралған 
түп-негіз 
жыныстарымен 
салыстырғанда 
айтарлықтай  ӛзгерістерге  ұшырай  тұрса  да,  сол  түп-негіз 
жыныстарының  барынша  бұлыңғырланған  нышандарын  да 
кіріктіреді. 
АНЕРОИД  -  ауа  қысымын  сұйықтықтың  кӛмегінсіз  ӛлшейтін 
аспап.  Анероид  негізінен  ӛзгерту  күшіне  пропорционал  серпінді 
қорапшаның (види қорапшасы) ӛзгеруі бойынша, яғни оған үстеме 
қысымның  ӛзгеруі  бойынша  атмосфераның  қысымын  ӛлшейтін 
аспап 
АНТАРКТИДА (гр. ἀνταρκτικός — Арктикаға керісі)  -  Оңтүстік 
поляр  аймағының  орталығындағы  материк.  Кӛлемі  14  млн  шаршы 
км  шамасындай.  Антарктида  Атлант,  Үнді  және  Тының 
мұхиттарымен  қоршалган.  Антарктиданы  1820  ж.  орыстың 
саяхатшылары  Беллинсгаузен  мен  Лазарев  бірінші  рет  ашңан. 
Антарктиданы  түгелге  жуық  қалың  мұз  басып  жатады.  Оның 
орташа  қалыңдығы  1500  м  шамасындай,  ал  ең  калыңы  4000  м. 
Ӛсімдіктер  мен  жануарлар дүниесі теңізге  таяу  маңда  ұшырасады. 
Антарктида  –  дүние  жүзіндегі  ең  биік  құрлық.  Оның  мұз 
жамылғысымен  қоса  есептегендегі  орташа  биіктігі  2040  м,  яғни 
барлық  құрлықтардың  орташа  биіктігінен  (870  м)  3  есе  артық. 
Құрлықтың  жағалық  сызығы  онша  тілімденбеген,  оның  құрамына 
бір  ғана  үлкен  түбек  –  Антарктида  түбегі  мен  бірнеше  іргелес 
аралдар  –  Александр  І  жері,  Оңтүстік  Шетланд,  Георгия  және 
Оркней,  Беллени  кіреді.  Құрлықтың  жағалауын  Оңтүстік  мұхит 
сулары 
мен 
Уэдделл, 
Беллинсгаузен, 
Амундсен, 
Росс, 
Ғарышкерлер, 
т.б. 
теңіздері 
шайып 
жатыр. 
Антарктида 
құрылығының  негізін  абсолюттік  жасы  1,6  млрд.  жыл  болатын 
гондваналық  платформа  түзеді,  басым  бӛлігі  архей  эрасындағы 
гнейс, 
кристалды 
жақпар 
тас, 
граниттерден 
құралған. 
Жыныстардың  ірге  тастарының  қалыңдығы  20  км-ге  жетеді. 
Антарктида  платформасы  ӛзінің  геологиялық  құрылымы  мен 
жыныстарының құрамы жағынан Бразилия, Австралия, Экваторлық 
және  Оңтүстік  Африка,  Үндістан  платформаларына  ӛте  ұқсас.  Ол 
тӛменгі  және  жоғарғы  палеозойлық  құрылымдары  есебінен  кӛлемі 
ұлғайып,  батыстағы  Антарктида  түбегін  алып  жатқан  мезо-

кайнозойлық  Анд  қатпарлы  жүйесінің  жалғасы  болып  табылатын 
жас  қатпарлы  құрылымдарға  ұласады.  Олардың  іргетасының  ӛте 
күшті  ӛзгеріске  ұшыраған  құрлықтық  шӛгінді  жыныстардан 
құралғандығы  осы  аймақта  жер  қыртысының  құрлықтық  типінің 
дамығандығына  дәлел  болады.  Ондағы  жер  қыртысының  орташа 
қалыңдығы  40  км.  Антарктиданың  қазіргі  жер  бедерінің 
қалыптасуы  жаңа  жанартаулық  атқылаулар  нәтижесінде  жүруде. 
Жанартаулық  тауларға  Эребус  (3794  м),  Террор  (3262  м)  жатады. 
Жер  бедері  ерекшелігіне  байланысты  Батыс  Антарктида  және 
Шығыс  Антарктида  болып  екіге  бӛледі.  Оларды  жан-жағынан 
жағалаулық  және  ішкі  құрлықтық  белдеу  қоршай  орналасқан. 
Жағалаулық  тау  белдеуі  бірнеше  ірі  тау  жоталарынан  тұрады. 
Оларға  Голицин,  Принц-Чарльз,  Эндерби  тау  сілемдері,  Королева 
Мод  жері  мен  Трансантарктида  таулары,  Пенсакол,  Шеклтон 
таулары  жатады.  Таулардың  орташа  биіктігі  1200  –  2500  м, 
абсолюттік  биіктігі  3500  –  4000  м-ге  жетеді.  Ішкі  құрлықтық  тау 
белдеуіне  Гамбурцев  тауы  (абсолюттік  биіктігі  3550  м)  жатады. 
Шығыс  Антарктиданың  теңіз  деңгейінен  жоғары  орналасқан 
бӛлігінің  орташа  биіктігі  690  м,  ал  оның  теңіз  деңгейінен  тӛмен 
жатқан  бӛлігінің  орташа  ойыстығы  460  м.  Батыс  Антарктида 
жерінің  80%-дан  астамы  мұз  айдынында  ӛте  қатты  ойысқан 
ойпаңдар.  Оның  орташа  тереңдігі  –  700  м.  Қалған  20%-ына  дӛңес 
таулы  жер  бедері  тән.  Яғни  Батыс  Антарктиданың  жер  бедері 
шығыспен  салыстырғанда  ӛте  қатты  тілімденген.  Құрлықтың  ең 
биік  нүктесі  Элсуорт  тауындағы  Винсон  тау  сілемі  (5140  м),  теңіз 
деңгейінен  ең  тӛмен  жатқан  жер  –  Бентли  ойысы.  Алқапты  кең 
жазықтардағы  құрлықтың  қайраңдық  мұздықтары  Антарктида 
жерінің 12%-дай жерін алып жатыр. Антарктида табиғатын зерттеп 
білу  планетамыздағы  тіршілік  дамуының  ӛткені  мен  болашағы 
арасындағы  байланысты  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Әсіресе  ол 
құрлық  –  мұхит  –  атмосфера  –  мұздану  процестері  арасындағы 
байланысты анықтауда негізгі буын болып табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет