Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет23/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

ОЙПАТойпатты  жазық —  ой,  ойпаң жазық, мұхит деңгейінен 
есептегенде 200м биіктікке 
дейін 
орналасқан,  
құрлықтағы 
 айтарлықтай    кеңістік  алып  жатқан  жазық  үлескісі  (телімі).
 
Ойпаттың  беткі  жазықтығы теңіз  деңгейінен тӛмен  орналасқан 
түрлері  де  ұшырасады  (Мысалы, Каспий  маңы  ойпаты).  Ойпаттың 
жер  беті жазық,  тӛбешікті  келеді.  Қыраттарға  қарама-қарсы  бедер 
түрі. 
Негізінен, 
горизонталь 
жайласқан 
борпылдақ 
тау 
жыныстарының қабаттарынан тұрады. Ойпат тектоникалық жолмен 
пайда  болған  теңіз  және  құрлық  шӛгінділерінен  түзілген.  Жер 
шарындағы  едәуір  ірілері: 
 Амазонка, Атлант 
маңы, Үнді-
Ганг, Тұран ойпаттары, Батыс  Сібір  ойпаты,  т.б.  Тауаралық 
ойпатқа Алтай тауындағы Шу  ойпаты   және   Абай   даласы,  Кура-
Аракс  ойпаты;  теңіз  деңгейінен  тӛмен  жатқан  ойпатқа Каспий 
ойпаты (–28  м)  жатады.  Адамдардың  теңіз  жағалауын  құрғатудан 
пайда болған Нидерланд ойпаты бар. 
ОКЕАНОЛОГИЯ (мухит гр okeanos, logos - сӛйлеу, сӛз) - ӛлемдегі 
мұхиттардың физикалык және химиялык,геологиялық және биолог
иялық ұрдістерін зерттейтін ғылыми пӛндер жиынтығы. 
ОПТИКА (гр. optіke –  кӛзбен  қабылдау  жӛніндегі  ғылым, optas – 
кӛрінетін) 
– 
физиканың сәуле(жарық) 
шығару 
табиғатын, 

жарықтың  таралуын  және  оның  затпен  әсерлесу  құбылыстарын 
зерттейтін  бӛлімі.  Жарық  электро-магниттік  толқын  болғандықтан 
Оптика  электро-магниттік  ӛріс  жӛніндегі  жалпы  ілімнің 
(электрдинамиканың)  бір  бӛлігі  болып  табылады.  Оптикалық 
сәулелер  толқын  ұзындығы  (λ)  бойынша  1  нм-ден  1  мм-ге,  бір 
жағынан 
рентген, 
ал 
екінші 
жағынан 
радиосәуленің 
микротолқындық  диапазонына  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Оптика 
қалыптасқан 
дәстүр 
бойынша геометриялық, 
физикалық 
және физиологиялық Оптика 
болып 
бӛлінеді. 
Геометриялық 
Оптика  жарықтың  табиғатына  назар  аудармай,  тек  оның 
таралуының  тәжірибелік  заңдарына  сүйеніп,  ӛзара  тәуелсіз  жарық 
сәулелерінің  біртекті  ортада  түзу  сызықтар  бойымен  таралуын, 
әртекті орталар шекарасындағы шағылу және сыну заңдылықтарын 
зерттейді.  Бұл  заңдылықтар  әр  түрлі  оптикалық  құрылымдарды 
жобалауға, 
есептеуге 
(кӛзілдірік, микроскоп, телескоп, 
т.б.) 
мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  ол  жарық  әртекті  орта  арқылы 
ӛткенде  байқалатын  құбылыстарды  (сағым,  кемпірқосақ,  т.б.) 
зерттейді.  Есептеу  математикасының  кеңінен  қолданылуы, 
әдістемелерінің  дамып  жетілуі  есептеу  Оптикасы  деген  жаңа 
бағыттың  дамуына  алып  келді.  Жарық  шамаларын  ӛлшейтін 
Оптиканың  фотометрия  бӛлімі  де  іс  жүзінде  жарықтың  табиғатын 
ескермейді.  Оның  бірқатар  мәселелері  адам  кӛзінің  жарықты  сезу, 
қабылдау  қабілетіне  байланысты  шешіледі.  Бұл  заңдылықтар 
биофизика  мен  психологияға  және  кӛздің  кӛру  механизмдеріне 
сүйенетін  физиол.  Оптикада  зерттеледі.  Жарықтың  табиғаты,  оған 
байланысты  әр  түрлі  оптикалық  құбылыстар  (интерференция, 
дифракция,  полярлануы  және  жарықтың  анизотроптық  орталарда 
таралуы, 
т.б.) 
физикалық 
Оптикада 
зерттеледі. 
Жарықтың толқындық қасиеттері  физикалық  Оптиканың  негізгі 
бӛлімі  –  толқындық  Оптикада  зерттеледі.  Толқындық  Опитканың 
негізін  Х.Гюйгенс  (1629  –  1695),  Т.Юнг  (1773  –  1829),  О.Френель 
(1788  –  1827)  және  т.б.  қалаған.  Гюйгенстің  Оптикаға  қосқан,  осы 
кезге дейін маңызын жоймаған ең басты үлесі – Гюйгенс – Френель 
принципі. 
ОРМАН – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде ӛсімдіктер 
жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын ӛскен 
ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен 
ӛсуіне  қарай  мәңгі  жасыл,  қылқанды,  ақшыл  қылқанды,  күңгірт 
қылқанды,  жапырақты,  ұсақ  жапырақты,  жалпақ  жапырақты,  

тропиктік,   муссондық,  мангрлық  және  т.б.  ормандар  деп  бӛледі. 
Орманның 
құрылымы 
ортаның 
физикалық-географиялық 
жағдайларына,  ӛсімдіктердің  түрлік  құрамы  мен  биологиялық 
ерекшеліктеріне  байланысты  болады.  Ол  топырақ  түзілуіне, 
климатқа,  ылғал  айналу  процесіне  және  т.б.  әсері  кӛп, 
тропосферамен 
ӛзара 
белсенді 
әрекетте 
болады 
да, оттек пен кӛміртектің алмасу  деңгейін  анықтайды  (ең  ірі 
орманды  аймақтар  атмосферадағы  оттектің  шамамен  50%-ын 
"ӛндейді").  Құрлықтың  27%-ынан  астамын  алып  жатқан  орман  —
 географиялық  ландшафт элементі.  Орманда ағаш, бұта,  шӛптесін 
ӛсімдіктер, мүк, қына, т.б. ӛседі. 
ОРМАН  ӚРТІ –  абайсыз  жағылған  от,  сӛнбей  қалған  шоқ,  кейде 
найзағадан  да  пайда  болатын  апат.  Орман  ӛрті  кӛбінесе 
құрғақшылық  жылдары,  ерте  кӛктемде  және  күзде  болады.  Оның 
негізгі  себебі  –  ауыл  шаруашылығы  қалдықтарын  ӛртеген  кезде 
қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман ӛрті ағаш 
қорын  кемітумен  қатар,  ағаштың  ӛсуін  нашарлатады,  жалын 
шарпыған  ағаш  қурайды,  жел,  дауылда  сынғыш  келеді. 
Орманда зиянды 
жәндіктердің, ағаш 
ауруларының таралуына 
қолайлы  жағдай  туады.  Орман  ӛрті  жер  бетін  шарпыған  кезде 
жапырақ,  бұта,  шӛп-шалам,  кӛк  шӛп,  ағаштың  жас  ӛркендері 
жанады,  от  қызуы 400  –  900
0
С-қа жетеді,  жалын 0,5  –  1  м-
гекӛтеріледі,  ӛрт  сағатына 0,25  –  5  км жылдамдықпен  таралады. 
Кӛлемі 
кішкене шарпыма 
ӛртті топырақ, 
химиялық 
заттар (диамоний  фосфат,  аммоний  сульфаты,  т.б.),  су  шашып, 
жасыл  бұталармен  соққылап  сӛндіреді.  Қаулама  ӛрт  жалыны  ағаш 
басын  шалады,  оның  бұтақтары,  жапырақтары  жанады.  Ӛрт  жел 
бағытына,  күшіне  қарай  сағатына 5  –  25  км-ге дейін  өршиді.  Жер 
астындағы кеулеме 
ӛртте топырақ 
арасындағы ӛсімдік 
шірінділері,  шымтезек  жанады,  от  жалыны  кӛбіне  сыртқа 
шықпай, бықсып жанады. Мұндай ӛртті ӛшіру үшін жанған жердің 
айналасын  тереңдігін ыза  суға жеткенше,  енін 1  м етіп  ор  қазады. 
ҚазақстандаЕртіс және Обь ӛзендерінің 
арасындағы 
далалы 
аймақта  орналасқан  қарағай  жолағында  ӛрт  тіпті  жауынды 
жылдары 
да 
кӛп 
болады. 
Бұл 
жерлерде ауа-райы 
құрғақ болғандықтан 
ӛрт 
қаупі 
кезеңінің 
орташа 
ұзақтығы 180 күннен  асады.  Орман  ӛртін  сӛндіру  үшін  кӛбіне 
табиғи кедергілер – ӛзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған 
орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп 

жыртады).  Қарсы  от  салып  та  тоқтатылады.  Күшті  ӛртке 
қарсы ұшақтар 
мен 
тікұшақтар арқылы 
жоғарыдан су, 
химикаттар шашады. 
ОРТАШАЛАНҒАН  ВАКУУМ  —  орташаланған  абсолюттік 
қысым  жағдайындағы  вакуум.  Рауалы  вакуум  қүрылғы  немесе 
құрал үшін мүмкін болатын вакуумның ең үлкен шамасы. 
Шекті 
вакуум 
кез 
келген 
сүйықтықтың 
белгілі 
бір температурасында болуы  мүмкін  ең  үлкен  вакуум.  Бұл  вакуум 
"каныққан  бу  қысымы"  кеңістікті  қанықтыратын  сүйықтыктың 
қысымына  тең  абсолюттік  гидромеханикалық  қысым  жағдайында 
пайда  болады.  ―Вакуум‖  ұғымы,  әдетте  тұйық  не  газы  сорылған 
ыдыстағы  газға  байланысты  айтылады,  кейде  бұл  ұғым  бос 
кеңістіктегі  (мысалы,  ғарыштағы)  газға  да  қолданылады. 
Вакуумның  дәрежесі  қалдық  газдардың  шамасын  ӛлшей  отырып 
анықталады. 
Вакуумның 
физикалық 
сипаттамасы 
 
 газ  
молекулаларының еркін  жол  ұзындығы  (λ)  мен  нақты  процеске  не 
құралға  тән  ӛлшемнің  (d)  ара  қатынасы  (λ/d)  болып  есептеледі. 
Мысалы,  ӛлшемнің  (d-ның)  қатарына  вакуумдық  камера 
қабырғаларының  ара  қашықтығы,  вакуумдық  түтіктің  диаметрі, 
электр вакуумдық құралдар электродтарының ара қашықтығы, т.б. 
жатады. λ/d қатынасының шамасына қарай вакуумды тӛмен вакуум 
(λ/d  1),  орташа  В.  (λ/d  ~  1)  және  жоғары  В.  (λ/d  1)  деп  бӛледі. 
Әдеттегі вакуумдық қондырғылар мен құралдарда (d λ 10 см) тӛмен 
вакуумға  қысымы  1  мм  сын.  бағ-нан  жоғары  қысым,  орташа 
вакуумға  1  —  10-3  мм  сын.  бағ.  аралығындағы  қысым,  ал  жоғары 
вакуумға  10-3  мм  сын.  бағ-нан  тӛмен  қысым  сәйкес  келеді.  Осы 
кездегі белгілі әдістермен жеткен вакуумның дәрежесі 10-15 — 10-
16  мм  сын.  бағ.  Бұл  жағдайда  1  см3  кӛлемде  небары  бірнеше 
ондаған ғана молекула қалады.  
Техникалық вакуум. 
Тӛмен  вакуумдағы  газ  қасиеті  молекулалардың  бір-бірімен  жиі 
соқтығысуымен  анықталады.  Соқтығысу  кезінде  молекулалар 
арасында энергия алмасу  процесі  жүреді.  Мұндай  газда  ішкі 
үйкеліс  болады  (қыскаша  Тұтқырлық)  және  оның  газ  ағыны 
аэродинамика  заңдарына  бағынады.  Тӛмен  вакуумда электр және 
жылу ӛткізгіштік, ішкі үйкеліс, диффузия құбылыстары бірқалыпты 
ӛзгереді  не  тұрақты  күйінде  қалады.  Мысалы,  тӛмен  вакуумдағы 
―ыстық‖  және  ―салқын‖  қабырғалар  арасындағы  кеңістікте  газ 
температурасы бірте-бірте ӛзгереді. Бұл жағдайда тасымалданатын 

жылу  мӛлшері  (жылу  ӛткізгіштік)  не  зат  мӛлшері  (диффузия) 
қысымға тәуелсіз. Егер газ екі қатынас ыдыста, ал температуралары 
әр  түрлі  болса,  онда  олардың  қысымдары  теңескенде, 
температуралары  да  теңеседі.  Тӛмен  вакуум  арқылы  ток  жүргенде 
шешуші рӛлді газ молекулаларының иондалуы атқарады.  
Физикалық вакуум 
Жоғары вакуумдағы газ қасиеті тек молекулалардың қабырғаларға 
не  басқа  қатты  денелерге  соқтығысуымен  ғана  анықталады. 
Ӛйткені 
молекулалардың 
ӛзара 
соқтығысуы 
ӛте 
сирек 
болғандықтан  мұнда  ол  шешуші  рӛл  атқармайды.  Молекулалар 
қабырғалар  аралығында  түзу  сызық  бойымен  қозғалады. 
Тасымалдау 
құбылысы 
қабырғаларға 
тасымалданатын 
шамалар градиенті секірмесінің  пайда  болуымен  сипатталады. 
Мысалы,  ыстық  және  салқын  қабырғалар  арасындағы  кеңістіктегі 
молекулалардың  жартысына  жуығының  жылдамдығы  салқын 
қабырғаның  температурасына  сәйкес,  ал  қалған  бӛлігінің 
жылдамдығы  ыстық  қабырғаның  температурасына  сәйкес  келеді. 
Басқаша айтқанда, барлық кӛлемдегі газдың орташа температурасы 
бірдей,  бірақ  ол  ыстық  және  салқын  қабырғалардың  орташа 
температурасынан  ӛзгеше.  Тасымалданатын  шаманың  (жылудың) 
мӛлшері  газдың  қысымына  тура  пропорционал.  Жоғары 
вакуумдағы  ток  тек  электродтар  бӛліп  шығаратын  (эмиссия) 
электрондар  мен  иондарға  ғана  тәуелді.  Бұл  жағдайда  газ 
молекулалары иондалуының екінші дәрежеде ғана рӛлі бар. Орташа 
вакуумдағы  газ  қасиеті  тӛмен  және  жоғары  вакуумдағы  газ 
қасиеттерінің  аралығында  болады.  Аса  жоғары  вакуумның 
ерекшелігі газ молекулаларының соқтығысуымен емес, вакуумдағы 
қатты  дене  бетіндегі  процестерге  байланысты  болып  келеді.  Кез 
келген дене беті жұқа газ қабатымен қапталған. Дене бетіндегі осы 
газ  қабатын  қыздыру  арқылы  жоюға  болады.  Газдан  арылған  дене 
бетінің  қасиеті  күрт  ӛзгереді:  үйкеліс  коэффициенті  күшті  артады, 
кейбір жағдайларда  бӛлме темп-расының ӛзінде-ақ  материалдарды 
диффузиялық  тәсілмен  балқытып  біріктіру  мүмкіндігі  туады. 
Вакуумды  алу  және  оны  пайдалану  жӛнінде  вакуумдық  техника 
мақаласын қараңыз.  
ОТЫН –  жылу  энергиясын  алуға  қолданылатын  жанғыш  заттар. 
Агрегаттық  күйіне  қарай  –  қатты,  сұйық  және  газ  тәрізді, 
жаратылысы  бойынша  –  табиғи  және  жасанды  отын  деп 
ажыратылады. 


 
Табиғи  огтындарға  қазынды  кӛмірлер  (антрациттер,  тас  және 
қоңыр кӛмірлер),   мұнай,   газ,  жанғыш  сланецтер  (тақтатастар),  
торф,  ағаш, ӛсімдік қалдықтары жатады. 

 
Жасанды  отындарға   домна  пешінің   кокстері,  мотор 
отындары, кокстық және генераторлықгаздар, т.б. жатады. 
Отынның негізгі сипаттамасы – жану жылулығы. Отынның жану 
жылулығы –  отынның  толық  жану  кезінде  бӛлініп  шығатын  жылу 
мӛлшері. Оны тӛменгі және жоғарғы, меншікті және кӛлемдік жану 
жылулығы  деп  ажыратады.  Тӛм.  жану  жылулығы  жоғарғы  жану 
жылулығынан  отын  жану  кезінде  түзілетін  суды,  сондай-ақ,  оның 
құрамындағы ылғалды буландыруға жұмсалатын жылу мӛлшерінен 
кем  болады. Мысалы, тас  кӛмірдің  жану  жылулығы  28  –  34 
МДж/кг, бензиндікі – 44 МДж/кг-ға жуық; табиғи газдың кӛлемдік 
тӛм. жану жылулығы 31 – 38 МДж/м3. Әр түрлі отынды салыстыру 
және  оның  қосынды  қорын  есепке  алу  үшін  шартты  отын  түсінігі 
пайдаланылады,  оның  ең  тӛм.  жану  жылулығы  29,3  МДж/кг. 
Техниканың  жаңа  салаларының  дамуына  байланысты  ―отын‖ 
термині  кең  мағынада  қолданылады,  ол энергия кӛзі  болып 
табылатын  барлық  материалдарға  да  (ядролық  отын,  зымырандық 
отын) қатысты айтылады. Қазақстан қазба отын қорларына бірден-
бір бай ел; қ. Кӛмір ӛнеркәсібі; Газ ӛнеркәсібі. 
 
Ӛ 
 
ӚЗЕН —  ӛзінің  табиғи  арнасымен  ағып  жататын ағынды  су. 
Ӛзеннің негізгі бӛліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы 
(кӛлге, теңізге құяр жері). Ірі ӛзендердің жоғарғы, орта және тӛмен 
ағысы 
болады. 
Тікелей 
кӛлдерге, 
теңіздерге 
құятын 
немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін  ӛзендер  –  негізгі  және 
оларға  келіп  қосылатын  ӛзендер  алғашқының  салалары  деп 
аталады.  Негізгі  ӛзен  ӛзінің  салаларымен  бірігіп   ӛзен    жүйесін 
 құрайды. 
Ӛзен  жүйесі  мен  су  жиналатын  алаптан ӛзен 
алабы құралады.  Екі  ӛзен  алабы суайырық арқылы  ажыратылады. 
Ӛзен  негізінен  жер  бедерінің  созыңқы  ойыс  жерлері  – ӛзен 
аңғары бойымен  (неғұрлым  тӛменірек  бӛлігі  –  арна,  тасқын  сулар 
ғана жететін жері –жайылма) ағады. Ӛзен қар суы, жаңбыр, мұздық 
және  жер  асты  суларының  есебінен  толығып  отырады.  Жергілікті 
жер  бедеріне  байланысты  тау  ӛзені  және  жазық-дала  ӛзені  болып 
бӛлінеді.  Ӛзен  торының  жиілігі  және  ағысының  бағыты  табиғат 

жағдайларына  байланысты.  Экваторлық  белдеуде  және  қоңыржай 
белдеудің таулы аудандарында суы мол ӛзен торы жиі орналасқан. 
Шӛлді  аймақтарда  қар  суы  мен  қатты  нӛсер  әсерінен  уақытша 
ӛзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі ӛзендер:  Амазона,  Ніл,  
Миссисипи, Янцзы,  т.б.  Қазақстан  жерінде  85  мыңнан  астам  ӛзен 
мен  жылға  бар.  Оның  8  мыңға  жуығының  ұзындығы  10  км-ден, 
155-і  100  км-ден,  4-нің  (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл)  ұзындығы 
1000  км-ден  асады.  Барлық  ӛзендердің  су  қоры  110  млрд.  м3, 
олардың  ағын  мӛлшері  3460  м3/с. СЭС салуға  болатын  2174 
ӛзеннің  жылдық  су-энергетикасының  жалпы  қоры  –  170,6  млрд. 
кВт/сағ.  Ірі  СЭС-тер  Ертіс  (Бұқтырма, Ӛскемен), Іле (Қапшағай), 
Сырдария  (Шардара)  ӛзендері  бойында  салынған.  Республикадағы 
ірі  ӛзендерде  жолаушы,  жүк  тасымалданады.  Су  жолының  жалпы 
ұзындығы  6000  км.  Ӛзен  –  арзан  энергия  кӛзі,  бағалы  балық 
қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын 
ӚЗЕН  АЛАБЫ (Речной  бассейн)  -  жер  беті  және  әрі  жер  асты 
арқылы (топырақ жәнетаужыныстар қабаттары аркылы) жалпы 
су ағындары жеке ӛзенге немесе ӛзен жүйелеріне келіп қосылатын, 
ӛзенге су жиналатын жер бетінің белгілі бір аймағы. 
ӚЛІ ТЕҢІЗ (арабша Бахр-Лут) – Таяу Шығыстағы,  Иордания  мен  
Израиль   жеріндегі  ағынсыз  тұзды  кӛл. Гхор тектоникалық 
ойысына, теңіз деңгейінен 395 м тӛмен (жағалауы – құрлықтағы ең 
тӛменгі  жер)  орналасқан.  Ауданы  1050  км2,  ұзындығы  76  км,  ең 
терең жері 356 м. Ӛлі теңіз жағалауы шӛлді, кей жерлері жартасты. 
Негізінен  Иордан  ӛзінің  суымен  толығады.  Дүние  жүзіндегі  ең 
тұзды  кӛлдердің  бірі.  Суының  орташа  тұздығы  260  –  270‰,  кей 
жылдары  310‰-ге  жетеді.  Минералды  тұздар  ӛндіріледі.  ―Ӛлі 
теңіз‖  аталуы  суында  органик.  тіршіліктің  жоқтығымен 
түсіндіріледі. 
ӚНЕРКӘСІП – ұлттық  экономиканың шикізат, отын,  энергия 
ӛндірумен,  ағаш  ӛнімдерін  дайындаумен,  ӛнеркәсіп  және  ауыл 
шаруашылық  шикізатын  ӛндіріс  құрал-жабдығы  мен  тұтыну 
заттарына 
ӛңдеумен 
(қайта 
ӛңдеумен) 
айналысатын 
кәсіпорындарды(зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахтал
арды,  электр  стансаларын,  т.б.)  біріктіретін  аса  маңызды 
саласы.  
Екі үлкен топтан – 
   1) ӛндіруші 
ӛнеркәсіптен – мұнай, газ, 
 кӛмір,  
шымтезек,  
тақтатас,   тұз,  қара  және  түсті  металл  кентастарын,  металлургия 

үшін  кентасқа  жатпайтын  құрылыс  материалдарын  ӛндіру,  ағаш 
дайындау, 
энергетикалық 
шикізат 
алу, 
т.б.; 
   2) ӛңдеуші  ӛнеркәсіптен –  қара  және  түсті  металдар,   қақтама, 
 машиналар  мен жабдықтар, химиялық ӛнімдер, цемент және басқа 
құрылыс  материалдарын,  ағаш  ӛңдеу,  жеңіл  ӛнеркәсіп  пен  тамақ 
ӛнеркәсіпі  ӛнімдерін  ӛндіру,  ӛнеркәсіп  бұйымдарын  жӛндеу,  т.б. 
құралады.  Сондай-ақ  ол  ӛндіріс  құрал-жабдығын  ӛндіретін 
ӛнеркәсіп (―А‖ тобы) пен тұтыну заттарын ӛндіретін ӛнеркәсіп (―Б‖ 
тобы)  салаларына  бӛлінеді.  Ӛнімнің  бір  түрлері  түгелдей  ―А‖ 
тобына  жатады  (станоктар,  ӛнеркәсіптік  тракторлар,  жабдықтар, 
қара  және  түсті  металл  кентастары,  минералдық  тыңайтқыштар, 
т.б.), екінші бір түрлері түгелімен ―Б‖ тобына (тігулі  киім, тоқыма 
бұйымдары,  нан,  нан-тоқаш  ӛнімдері,  тағамдық  балық  ӛнімдері, 
жиһаз,  тоңазытқыш,  телевизор,  т.б.)  жатады.  Кӛмір,  электр 
энергиясы, 
кездеме, 
ұн, 
ет 
және 
ӛндірістік 
мақсатта 
пайдаланылатын  басқа  да  ӛнім  түрлері  олардың  нақты 
тұтынылуына  қарай  екі  топтың  арасында  бӛлініске  түседі.  ―А‖ 
тобының ӛнімдері еңбек құралдары мен еңбек заттарына бӛлінеді. 
 
П 
 
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР — Техниканың қазіргі жағдайында халық 
шаруашылығына  табиғи  күйінде  немесе  байытқаннан  кейін 
пайдаланғанда  жеткілікті  экономикалық  нәтиже  бере  алатын  жер 
қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар. Ӛзінің физикалық 
қасиеті  бойынша  пайдалы  қазындылар  қатты,  сұйық  және  газ 
тәріздес  болып  үшке  бӛлінеді.  Пайдаланылуына  байланысты  олар 
мынадай  топтарға  белінеді:  жанғыш  — кӛмір, мұнай, жанғыш 
газдар мен 
тақтатастар; 
құрылыстық 
— гранит, мрамор, 
утас, құм тағы  басқалар.;  химиялық  шикізат  — күкірт, калий 
тұзы, апатит, графит тағы  басқалар.;  отқа  тӛзгіш  шикізат  —  қара, 
түсті және сирек металл кендері тағы басқалар. Орналасу жағдайы 
бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бӛлінеді. 
ПАЛЕОЗОЙ   («кӛне  тіршілік»  мағынасында)  — фанерозойэоны 
замандарының алғашқысы (542—251 млн жыл). 
Кембрий, ордовик және силур кезеңдері 
астыңғы 
палеозой 
субзаманын,  ал девон, карбон және перм  кезеңі үстіңгі  палеозой 
субзаманын  құрайды.  Палеозой  кезінде  екі  үлкен  орогенез  орын 
алған:  астыңғы  палеозой  кезіндегі  Каледон  және  соңғы  палеозой 

кезіндегі  Варискан.  Палеозой  фауналары  кӛптеген   омыртқасыз  
ағзалардың  болғанымен  белгіленеді,  оның  ішінде   трилобиттер 
(Trilobita), 
грабтолиттер 
(Grabtolithina), 
брахиоподтар 
(Brachiopoda), 
сефалоподтар 
(Cephalopoda) 
жәнекораллдар. 
Заманның 
соңында 
амфибия 
мен 
рептилиялар 
әр-түрлі 
биологиялық  топтаныстардың  зор  компоненті  болды,  ал  алып 
талды  циатея  (Cyathea  arborea),  атқұйрық  (Equisetum)  және 
цикадалар  ормандардың  кең  таралуына  себепші  болды.  Палеозой 
терминін алғаш 1838 ж. ағылшын геологы А.Седжвик (1785 – 1873) 
ұсынған. Палеозой  осыдан  540  –  250  млн.  жыл  бұрын  басталып, 
ұзақтығы  290  млн.  жылға  созылған  эра.  Құрамына  кембрий, 
ордовик,   силур,   девон,   таскӛмір (карбон), пермь дәуірлері  енеді. 
Бұл  дәуірлер  геологиялық  картада  тӛменгі   Палеозой   (кембрий, 
 ордовик),  ортаңғы  Палеозой  (силур, девон),  жоғарғы  Палеозой 
(таскӛмір,пермь) деп бӛлінеді. Палеозойдың басында Гондвана мен 
солтүстік  құрлықтардың  (Солтүстік   Америка,  Шығыс   Еуропа,  
Сібір, Қытай, Корея) 
және 
оларды 
бӛлетін 
мұхиттардың 
(Палеоатлант, Палеотетис,Палеоазия)  нобайы  айқындалған.  Бұл 
мұхиттардың  ені  мыңдаған  км-ге,  ал  тереңдігі  мыңдаған  м-ге 
жеткен.  Олардың  ӛмір  сүру  ұзақтығы  да  әр  түрлі.  Ең 
бірінші Палеоатлант (Япетус) 
девонның 
басында 
жабылып, 
карбонның  ортасына  дейін Палеотетис ӛмір  сүрген,  ал   Палеоазия  
палеозойдың  соңында  Лавразия   алып  құрлығын  жасап  барып 
жабылған.  Тіршілік  әлемі    Мұндағы  айқын  ӛзгеріс  венд  пен 
кембрий  шебінде  болды,  қаңқалы  организмдер  – трилобиттер,  
моллюскілер,  т.б.  ӛмірге  келген.  Бұл  ӛзгеріс     протерозой   мен  
фанерозойды   жіктеуге  негіз  болды.  Алғаш  кең  таралған 
бақалшақтылар   карбонатты   емес,   фосфатты   болған.  Ордовик-
силурда алғашқы омыртқалылар  
балықтар,  
карбонда  
қосмекенділер   (амфибиялар),  яғни  құрлыққа  шыққан  жануарлар 
пайда  болды. Силур-девонда  алғашқы  құрлық  ӛсімдіктері  ӛсіп, 
соңғы девон-карбонда  қалың  ӛсімдік  жабыны  пайда  болған, 
нәтижесінде кӛміржаралу кеңінен таралған. 
Пайдалы қазбалары 
Орал,  Сарыарқа,  Алтай-Саян,   Тянь-Шань, т.б. қатпарлықтарында 
 калцедон және герцин интруз.  тау  жыныстарымен  тектес  кӛптеген 
металл  кендері  бар.  Шӛгінді  тау  жыныстармен  қоса  мұнай-газ,  ірі 
кӛмір  алаптары  (Қарағанды,     Екібастұз,   Донбасс,   Ертіс маңы, 
Кузбасс,   Гондвана,  т.б.),  жанғыш  тақтатас  (Балтық маңы),  мысты 

құмтастар  мен  тақтатастар  (Жезқазған,   Орал бӛктері,   Маңғыстау, 
Атбасар,  т.б.)  кендері  жаралды.  Одан  басқа   фосфорит   (Қаратау,  
АҚШ), боксит (Орал, Салаир),  шӛгінді  темір-марганец  кентастары 
(Атасу, Жезді, Рейн алабы, Саян,  т.б.),  тұз  кендері  (Соликамск,  
Иран-Пакистан,  т.б.)  де Палеозой тау  жыныстарымен  қатарлас. 
Қоры  мол,  қолайлы  жағдайларда  орналасқан  әр  текті  құрылыс 
тастары,  цементтік  шикізат,  асыл,  әшекей,  қаптама  тастар  да  кӛп 
кездеседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет