Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

БАРХАН  (түркі  сӛзі)  —  шағын  шӛлді  аймақта  желдің  әсерінен 
пайда  болатын  құм  тӛбе.  Мұндай  тӛбелер  жарты  ай  немесе  орақ 
пішіндес  болып  келеді.  Оның  биіктігі  бірнеше  метр  болады. 
Барханда ӛсімдік ӛспейді, сондықтан да жел әрекетіне бейім. 
БАТИПЕЛЕГИАЛЬ - 200–3000 м терендіктер аралығын қамтитын 
мұхит  (теңіз)  сулары  қабатының  жалпылама  атауы.  Бұл 
деңгейлерде 
батиальды 
организмдер, 
мәселен, радиоляриялар мен фораминиферлер деп 
аталатын жынысқұрушы 
микроорганизмдер (су 
жәндіктері) 
тіршілік етеді. Синонимі – батиальды облыс(аймақ) 
 
БАТПАҚ —  ылғал  шамадан  тыс  жиналып, шымтезек түзілу 
процесі 
жүріп 
жатқан 
жерлер. 
Батпақ 
жер 
беті 
сулары ойыстарда, шұңқырларда,  сондай-ақ,  жер  бетіне  жақын 
орналасқан  су  ӛткізбейтін  қабаттарда іркіліпжиналғанда  немесе 

жер асты сулары жер бетіне жақын жатқанда, беткі топырақ қабаты 
толық ылғалдыққа дейін  қаныққанда  және  осы  жерлерде  ылғал 
сүйгіш ӛсімдіктер ӛскенде 
пайда 
болады. Қазақстан жерінде 
ауқымды Батпақтар жоқ, ӛйткені республика жері, негізінен, құрғақ 
—  сулану  аз  да,  булану  мол.  Дегенмен,  жергілікті  табиғи-
климаттық  жағдайларға,  тіпті  кей  алқаптарда  адамның  тікелей 
әрекетіне 
байланысты 
Қазақстанда 
Батпақтың 
ӛзен-кӛл 
жағалауындағы  Батпақ,  сор  Батпақ,   тақырлық   Батпақ,   саздық 
 Батпақ,техногендік Батпақ,  т.б.  түрлері 
кездеседі.  Ӛзен-кӛл 
жағалауларындағы  Батпақ  тұщы  су  әрі  күн  сәулесі  жеткілікті 
аймақтарда  орын  алатындықтан,  мұндай  жерлерде  қамыс,  қоға 
қалың 
ӛседі. 
Сор 
Батпақ 
— 
республиканың 
оңтүстігіндегі шӛл және шӛлейтбелдемдердің  ойпаң  жерлерінде, 
кӛлдердің жағалауларында, ал кейбір жылдары, тіпті, сол кӛлдердің 
табандарында  да  кездеседі.  Мұнда  кейбір  сораң  шӛптерден  басқа 
ӛсімдік ӛспейді. Тақырлық Батпақ — шӛлді аймақтардың ойпаттау 
жерлеріндегі  тақырда  кездеседі.  Саздық  Батпақ  —  Қазақстанның 
оңтүстік  мен  оңтүстік-шығысындағы  таулы  аймақтар  етегіндегі 
бұлақтар тӛңірегінде түзіледі. Техногендік Батпақ — кең ауқымды 
су  құрылыстары  жүргізілген  аймақтарда  (бӛген  салу,  канал  қазу, 
күріш 
суару 
алқаптары, 
т.б.) 
пайда 
болады. 
Мысалы, Қапшағай бӛгені 
салынғаннан 
кейін, 
оның 
жағалауындағы жер асты суының деңгейі кӛтеріліп, 200 мыңга жер 
батпаққа  айналды,  сӛйтіп  ауыл  шаруашылығы  айналымынан 
шығып 
қалды. 
Олардың 
беткі 
қабаттарында 
құрағанӛсімдіктердің толық 
ыдырамаған, 
кейін 
шымтезекке 
айналатын  қалдықтары  жиналады.  Б.  үстінде  мол  ылғал  мен 
ағыссыз  жағдайға  бейімделғен  ӛсімдіктер  ғана  ӛседі.  Қалындығы 
0,3  м-ден  кем  болмайтын,  минералды  таужыныстардың  бетіне 
шӛккен,  ылғалға  қанық  органикалық  материалдардан  (шымтезек) 
тұрады.  Ылғал  шымтезек  қабаттың  калындығы  30  см  болса  — 
батпақ,  ал  30  смден  аз  болса  —  батпактанған  жер  деп  аталады. 
Қоректену 
сипатына, жер 
бедеріне байланысты, 
орналасу 
жағдайына және негізгі ӛсімдік кұрамына карай Б. басты-басты үш 
экологиялык  түрге  бӛлінеді: эвтрофты (ойпаңдық), олиготрофты 
(беткейлік)  және мезотрофты (ӛтпелі).  Б.  негізінен  кӛлдердің 
шарасын  ӛсімдік  басу  немесе  құрлықтың  батпақтануы  (орман, 
шабындық  ӛртендері)  жолымен  қалыптасады.  Ӛсімдіктердің 
басымдылығына  қарай  —  орманды,  бұталы,  шӛптесін,  мүкті  Б.; 

микробедерге  байланысты  —  тӛбешікті,  жайпақ,  шығыңқы 
(дӛңбек)  және  т.б.  Б.;  макробедеріне  қарай  —  аңғарлық, 
жайылмалық,  беткейлік,  суайрыктык  Б.  болып  жіктеледі. 
Қазақстанда батпактар кӛбінесе солтүстікте, Батыс Сібір ойпатында 
кеңінен  тараған.  Әлемдегі  батпақтардың  жалпы  кӛлемі  2682  мың 
шаршы км, яғни құрлық аумағының 2,1%-ын алып жатыр. 
БЕДЕР-  кӛрінісі,  мӛлшері,  пайда  болуы,  жасы  және  даму  тарихы 
жағынан 
әр 
түрлі 
жер 
беті 
пішіндерінің 
жиынтығы. Қыраттарды түзетін  оң  пішіндерді  және  ойпандардан 
тұратын  теріс  пішіндерді  құрайды.  Масштабына  карай  мынадай 
топтарға  бӛледі:  планеталық  (материктер  мен мұхит  шарасы), 
мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық ӛңірлер), макропішіндер (тау 
жоталары,  тауаралық  ойпаңдар),  мезопішіндер  (тӛбелер, ӛзен 
аңғарлары,  сайлар),  микропішіндер  (эрозиялық  жырмалар,  карст 
шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің 
індері,  жел  иірімдері).  Жер  бетінде  эндогендік  және экзогендік 
процестер бірге  әсер  етуі  нәтижесінде  қалыптасады.  Эндогендік 
процестердің (тектоникалық, жанартаулық және тағы да басқалары) 
жетекші рӛлінің басым болуына сәйкес кӛбінесе ірі бедер пішіндері 
— 
заңғар 
тау 
жоталары, 
тауаралық 
жазықтар, 
мұхит 
қазаншұңқырлары  (морфоқұрылымдар)  қалыптасады.  Олардың 
қалыптасуы  сыртқы  ғарыштық  күштермен,  яғни  Жердің 
айналуымен,  Күннің  және  Айдың  тарту  күштерімен  және  тағы  да 
басқалары 
байланысты 
болады. Күн 
сәулесінің энергиясына 
байланысты  экзогендік  процестер  (ағын  сулар, теңіздік  соқпа 
толқындар, жел және  мұздықтар  әрекеті)  жер  бетінде  кішірек 
пішіндерді  (морфомүсіндерді)  құрады.  Қандай  да  бір экзогендік 
факторлардың басым болуына байланысты флювийлік, мұздықтық, 
тоңдық,  эолдык,  карстык  және  тағы  да  басқалары  түрлерін 
ажыратады. Бедердің мынадай түрлері бар: альпілік, жанартаулық, 
биіктаулы,  қазынды,  денудациялық,  карстық,  мореналық,  аласа 
таулы,  кӛмілген,  су  асты,  мүсіндік,  тӛрткіл,  құрылымдық,  сатылы, 
контрастық. 
БЕНТОС (гр. benthos –  тереңдік)  —  су  қоймаларының  түбіндегі 
организмдер  жиынтығы. Ӛсімдіктер бентосы  (фитобентос)  тайыз 
жағалау зонада орналасады; жануарлар бентосы (зообентос) барлық 
тереңдікте 
болады. 
Бентос — 
кӛптеген балықтардың жемі. 
Мұхиттар  мен  теңіздердің,  құрлықтағы  суқоймасының  түбіндегі 

саз-топырақ  бетінде  және  арасында тіршілік ететін  организмдер 
жиынтығы 
БЕРИНГ  БҦҒАЗЫ - Солтүстік  Мұзды  мұхит (Чукот  теңізі) 
пен Тынық 
мұхитты (Беринг 
теңізі) 
жалғастырады. Азия менСолтүстік 
Америка құрлықтарын бӛліп 
тұр.  Ені  35  —  86  км,  ұзындығы  96  км,  тереңдігі  42  м.  Бұғаз 
арқылы Беринг  теңізінің беткі  жылы  суы  солтүстікке, Солтүстік 
Мұзды  мұхиттың суық  суы  оңтүстікке  ығысады. Қазан айынан 
тамызға  дейін  бұғазды  қалқыма мұздар жабады.  Бұғаздың 
ортасындағы Диамид 
аралдары арқылы АҚШ пенРесей мемлекеттерінің шекарасы ӛтеді. 
Орыс саяхатшысы В.Берингтің есімімен аталған.  
Β-БЕТА-СӘУЛЕЛЕР (β-сәулелер, 
β-бӛлшектер). Бета-
ыдырау кезінде  радиоактивті  атом  ӛзектерінен  (ядроларынан) 
әртүрлі  жылдамдықтармен  (0,986  жарық  жылдамдығына  шейін 
жетуі  мүмкін)  бӛлініп  шығатын  теріс  зарядты  электрондар  мен  оң 
зарядты позитрондар. Бета-ыдырау нәтижесінде атом ӛзегі (ядросы) 
ӛзінің  заряд  кӛрсеткіші  мен  атомдық  номерін  ӛзгертіп  отырады. 
Мәселен, ӛзек (ядро) ӛз алектронын жоғалтуы нәтижесінде атомдық 
номерін  бір  бірлікке  кӛбейтеді,  ал  бір  позитронын  жоғалтуы 
нәтижесінде  —  бір  бірлікке  азайтады.  Бета-сәулелердің 
иондандыру қабілеті альфа-сәулелерге қарағанда әлдеқайда тӛмен. 
БЕТКЕЙ — Жер бетіндегі және су астындағы табиғи объектілерде 
(тау, тӛбе, жота, ойыс, кемер, қия) экзогендік (сыртқы) 
және 
эндогендік (ішкі)  процестер  нәтижесінде  қалыптасатын  еңіс  бет. 
Беткейдің құрылысы тау жыныстарының құрылымына, абсолюттік 
және  салыстырмалы  биіктігіне,  беткейді  түзеуші  гравитациялық 
қозғалыстардың  қарқындылығына  тәуелді.  Беткейдің  негізгі 
кӛрсеткіші  —  оның  құламалығы  (қиялығы).  Пішініне  қарай 
беткейлер құламалы (90
0
-қа 
жуық), тіктеу (55
0
 шамасында) 
және еңістеу  келген (20
0
-қа дейін) болып ажыратылады. Беткейдің 
жер  бедерін  құрайтын  жыныстардың  гравитациялық  қозғалысына 
қарай ысырынды, 
опырмалы, 
жылжымалы, 
сырғымалы 
(солифлюкциялы),  шайынды  (делювийлі)  және  эрозиялық болып 
жіктеледі. 
БЕТПАҚДАЛА —  Қазақстанның  орталық  бӛлігіндегі  кең  байтақ 
аймақты  алып  жатқан  шӛлді  ӛңір. Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік 
Қазақстан 
облыстары  
аумағында 
орналасқан. 
БатысындаСарысу ӛзенінің 
тӛменгі 
ағысымен, 

шығысында Балқашкӛлімен,  оңтүстігінде Шу ӛзені  аңғарымен, 
солтүстігінде  Сарыарқамен шектеседі.  Батыстан  шығысқа  қарай 
500  км,  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай  300  км  аумаққа  созылған. 
Ауданы  75  мың  км2  шамасында.  Бетпақдала  үстіртті  шӛлінің 
орташа  абсолюттік  биіктігі  300  —  350  м.  Абсолюттік  биіктігі 200 
—  300  метрдей  болатын  кӛлемді  оңтүстік-батыс  бӛлігі  жазық,  ал 
абсолюттік  биіктігі  400  —  700  метрдей  солтүстік-шығыс  бӛлігі 
қыратты. Палеозой эрасының  тау  жыныстары  (гранит,  порфирит, 
әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеогенкезеңінің шӛгінді 
жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері —
 Жамбыл 
тауы (974  м).  Бұл  бӛлікСарыарқаның каледондық 
құрылымының  жалғасы.  Сай-жыралармен  тілімденген  Бетпақдала 
жазығында  сор,  тақыр  және  жазда  құрғап  қалатын  тұзды  кӛлдер 
кездеседі. Кӛктемде жауын  суымен  толығып,  жазда  құрғақ  арнаға 
айналатын Қарқаралы, Қарасу,Талдыеспе сияқты  кішігірім  ӛзендер 
бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық
Қаңтарда  ауаның  орташа  температурасы  –12—140С,  шілдеде  24—
26
0
С.  Жауын-шашынның  жылдық  мӛлш.  100—150  мм.  Қардың 
қалыңдығы 
10—15 
см-ден 
аспайды. 
Тұрақты су кӛздері 
болмағанымен,  жер  асты  (артезиан)  суының  қоры  мол. 
Жайылымдар 
тереңдігі 
10—30 
м артезианқұдықтарымен 
суландырылады.  Бетпақдаланың  топырағы  қоңыр,  сұрғылт  қоңыр. 
Солтүстігінде жусан басым,  шығысындағы  шоқылы  таулардың 
тастақты  шӛлдерінде баялыш, эфедра, тасбұйырғын,  орталығы  мен 
батысындағы  саздақты  жерлерде жусан мен баялыш,  оңтстігіндегі 
Шу  ӛзені  маңындағы  құмды  тӛбелер  мен  қырқаларда   сексеуіл,  
теріскен,   еркекшӛп,  құрғақ  арналарын  бойлай  жыңғыл,  тораңғы 
ӛседі. 
Солтүстік-шығысындағы 
таулы 
қыраттарда арқар, елік, қасқыр, түлкі; 
жазықта ақбӛкен, 
 алақоржын, саршұнақ, аламан,жылан, кесіртке, дуадақ, құр мекенд
ейді. 
Бетпақдала 
— 
кӛктемгі 
және 
күзгі 
мал 
жайылымы. Сарыарқаның оңтүстігі 
мен Бетпақдала 
фаунасын 
сақтау мақсатында қорықшалар (Андасай, т.б.) ұйымдастырылған 
 
БИОКЛИМАТОЛОГИЯ  —  органикалық  ӛмірге  климаттың  әсер 
етуі  жайындағы  ілім.  Ол  климатологияны  биологиялық  ғылыммен 
байланыстырады. Биоклиматологияның басты тарауы медициналық 
климатология  мен  агроклиматология  болып  табылады.  Соңғылары 
климаттың  адамға  және  оның  шаруашылыққа  тигізетін  әсерін 

зерттейді. Биоклиматология ауаны түрлі зиянды газдан қорғау үшін 
пайдаланылады.  Биоклиматология  -  климаттың  тіршілікке  әсері 
туралы ілім. Климаттың адамның денсаулығы мен қарекетіне және 
жануарлар  мен  ӛсімдіктердің  ӛсіп-ӛнуіне  әсерін  зерттейді. 
Биоклиматологияны  биологиялық  ғылымдармен  байланыстырады; 
оның  маңызды  бӛлімдеріне  агроклиматология  мен  медициналық 
климатология жатады. 
БИОМАССА (гр. bios -  ӛмір  және  масса)  —  бір  түрдің,  түрлер 
тобының 
немесе 
бүтіндей 
бірлестіктердің 
(ӛсімдік,микроорганизм және 
жануарлардың) тіршілік ететін 
мекенінің  бірлік  бетіне  не  кӛлеміне  келетін  жалпы массасы;  аудан 
немесе  кӛлем  (г/м
2
 немесе  г/м
3
)  бірлігіне  салмағы  бойынша 
ӛрнектелген  тірі  ағзалар  мӛлшері.  Ӛлшем бірліктері: кг/га,  г/м
2

г/м
3

кг/м
3
, т.б. 
Ӛсімдіктердің 
биомассасы фитомасса, 
жануарлардың 
биомассасызоомасса деп 
аталады. 
Экожүйеде энергияның таралуы 
мен 
орташа 
биомассаның 
арасындағы 
байланысты 
анықтау 
үшін 
Дж/м
2
 ӛлшемі 
пайдаланылады. Құрлықтағы гетеротрофты  организмдердің ішінде 
топырақта  тіршілік  ететін микроорганизмдердіңбиомассасы  ӛте 
жоғары  болады.  Атап  айтқанда, жауын  құртының тіршілік  ету 
ортасына  байланысты  биомассасы  200  —  1500  кг/га  аралығында 
болады. Сүтқоректілер мен құстардың орташа  жылдық  биомассасы 
1  —  15  кг/га  (бірақ  бұл  кӛрсеткіш  құстардың  қыстауы  мен қоныс 
аударуы кезінде 
жоғары 
болады). 
Биосферадағы 
тірі 
организмдердің  жалпы  биомассасы,  әр  түрлі  есептеулерге 
қарағанда 1,8х10
12
 — 2,4х10
12
 т болуы мүмкін. 
БИОТА – 
белгілі 
бір 
аумақта тіршілік ететін 
әр 
түрлі ӛсімдіктер мен жануарлардың тарихи  қалыптасқан  топтары. 
Биотаның биоценоздан айырмашылығы биотақұрамына  бір-біріне 
ешқандай байланысы жоқ 
түрлер 
де 
кіреді 
(мысалы, аю мен балық, бақа мен жылан, т.б.). 
БИОСФЕРАЛЫҚ 
ҚОРЫҚТАР – дүние 
жүзіндегі кейбір 
ауқымды  аймақтардың  табиғатын  қорғау  және  оның  байлықтарын 
сақтап  қалу  мақсатында  табиғат  қорғау  шараларын  жүзеге 
асырудың 
халықаралық 
деңгейдегі 
бағдарламасы. 
Оны биосфералық 
резерват деп 
те 
атайды. 
Биосфералық 
қорықтардың үлгі нұсқасы 
ЮНЕСКО-
ның шешімімен «Адам және биосфера» атты 
ғылыми 
бағдарламаның  шеңберінде 1973 ж.  қабылданған.  Биосфералық 

қорықтардың  мақсаты  –  бастапқы  табиғи  қалпы  ӛзгермеген  не  аз 
ӛзгеріске  ұшыраған  аймақтардағы экожүйелерді,  ондағы  тірі 
организмдердің генетикалық қорының  әр  түрлілігін  сақтап  қалу; 
табиғатта үздіксіз болып жататын ӛзгерістерді үнемі әрі жан-жақты 
бақылау  және  оған  талдау  жасау.  Биосфералық  қорықтарда 
ғылыми-зерттеу  жұмыстары  экожүйелер  бойынша  аймақтық  және 
бүкіләлемдік  деңгейде  арнайы  әдістемелер  бойынша  жүргізіледі. 
Биосфералық  қорықтардың  алып  жатқан  аумағы  бірнеше 
жекеленген  аймақтарға  бӛлініп,  онда  әрбір аймақтың ӛзіне 
тән ғылыми-зерттеу 
жұмыстары белгіленеді. 
Биосфералық 
қорықтардың  орталық  аймағында  (ядросында)  табиғат  қатаң 
қорғалады да, шаруашылық жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Оған 
іргелесбуферлік аймақта  шаруашылық  жұмыстарына  шектеу 
қойылады, ал ең сыртқы аймақта шаруашылық жұмыстары табиғат 
қорғау шараларымен бірге жүргізіледі. Қазіргі кезде дүние жүзінің 
105  мемлекетінде  529  биосфералық  қорықтар  ұйымдастырылған 
(2007).  Оның  ең  үлкені  –  кӛлемі  70  млн.  га  алқапты  алып 
жатқан Даниядағы Солтүстік-Шығыс Гренландия биосфералық 
қорығы. Қазақстанда Қорғалжын қорығын 
Биосфералық 
қорықтарға айналдыру жоспары қарастырылуда (1999). 
ЕРЕКШЕ  ҚОРҒАЛАТЫН  ТАБИҒИ  АУМАҚТАР –  қоршаған 
табиғи  ортаны  қорғауға  байланысты  мемлекет  және  жеке  адамдар 
тарапынан  арнайы  бӛлініп  қорғауға  алынған  жер  телімдері  мен  су 
айдындарының жеке бӛлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше 
қорғалатын  табиғи  аумақтардың  саны  13  мыңнан  асты,  бұл  Жер 
бетінің  8,5 %-ына  тең.  Халықар.  жіктеу  бойынша  Ерекше 
қорғалатын  табиғи  аумақтар  10  топқа  бӛлінеді:  1.  Қатаң  түрде 
қорғалатын  табиғи-ғыл.  резерваттар;  2.  Ұлттық саябақтар;  3. 
Табиғат  ескерткіштері  мен  табиғаттың  ерекше  кӛрікті  нысандары; 
4.  Табиғат  қорғауға  арналған  резерваттар;  5.  Қорғалатын 
ландшафтылар;  6.  Табиғат  ресурстарын  сақтауға  арналған 
резерваттар;  7.  Антропол.  резерваттар  (адамның  іс-әрекеттерімен 
жасалған  нысандарды  қорғау);  8.  Жергілікті  жердің  ӛзіне  тән 
табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 
9. Биосфералық резерваттар;  10.  Бүкіләлемдік  маңызы  бар  тарихи 
және  табиғи  орындар.  Қазақстан  Республикасы  2006  ж.  7 
шілдесінде  қабылданған  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 
туралы»  Заңының  4-тарауының  4-бабында  респ.  маңызы  бар 
Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы  түрлері:  мемлекеттік 

табиғи қорықтар;  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябақтар;  мемл. 
табиғи  резерваттар;  мемлекеттік  зоология  саябақтар;  мемлекеттік 
ботаникалық 
саябақтар; 
мемлекеттік 
дендрол. 
саябақтар; 
мемлекеттік 
табиғат 
ескерткіштері; 
мемлекеттік 
табиғи 
қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша 
Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарға:  10  мемлекеттік  қорықтар, 
10  мемлекеттік  ұлттық  саябақтар;  3  табиғи  резерваттар;  49  табиғи 
қорықшалар,  127  геологиялық  табиғи-қорықтық  қор,  5  қорықтық 
аймақ,  6  ботаникалық  және  3  зоологиялық  бақтар,  26  мемлекеттік 
табиғат  ескерткіштері,  2  ірі  резерват  (Семей,  Ертіс  орманы)  бар. 
Бұлардың  жалпы  аум.  2  млн.  га-дан  астам.  Бұл  кӛрсеткіш 
республиканың  жалпы  жер  аум-ның  8%-ына  тең.  Халықар. 
стандарт  бойынша  әрбір  мемлекеттің  жалпы  жер  аумағының  10  – 
12%-ы  Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарға  бӛлінуі  тиіс.  Мыс., 
мұндай 
кӛрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 
15,8%, Жапонияда 14%,  т.б.  2008  ж.  Дүниежүзілік  мұралар 
комитетінің 
32-сессиясының 
шешімімен ЮНЕСКО-ның 
бүкіләлемдік 
табиғи 
мұралар 
тізіміне, 
Орт. Азия мен Қазақстанбойынша 
алғаш 
рет Қорғалжын 
қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді. 
БИОЦЕНОЗ  (био...  және гр. koіns -  жалпы)  -  тіршілік жағдайлары 
азды-кӛпті  біркелкі  орта  ӛңірін  мекендейтін  жануарлардың,  
ӛсімдіктер мен  микроорганизмдердің      жиынтығы;   құрлықтың  
немесе судың белгілі бір бӛлігін мекендейтін, сондай-ақ, ӛзара және 
тіршілік  ортасының  табиғат  жағдайына  бейімделген     жануарлар,  
ӛсімдіктер,  саңырауқұлақтар,   микроорганизмдер жиынтығы;  тірі 
ағзалар  бірлестігі.  Биоценоз  терминін  неміс  гидробиологы К. 
Мебиус ұсынған 
(1877). 
Биоценоз 
- биогеоценоз құрайтын 
организмдер  жиынтығы.  Олар  тіршілік  үшін  күрес,  табиғи 
сұрыпталу, 
т.б. эволюция факторларының 
нәтижесінде 
қалыптасады.  Биоценоз барлық  организмдердің  белгілі  бір  жер 
кӛлеміндегі биологиялық жиынтығы мен биологиял ӛнімділігі және 
олардың 
құрылымы 
арқылы 
сипатталады. 
Биоценоздың кеңістік құрылымы  бірдей  емес  түрлердің  кеңістікте 
бір-біріне  сәйкес  орналасуын  (мысалы,  орман  қабаттары),  түрлік 
құрылымы  бүкіл  организмдердің  түрлік  құрамын  және  олардың 
құрамындағы жеке түрлердің сан мӛлшерін, ал, қоректік құрылымы 
қоректік  тізбектердің  ерекшеліктерін  білдіреді.
[3]
 Табиғаттағы зат 

алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа 
бӛледі: 
1.
 
продуценттер (ӛндірушілер); 
2.
 
консументтер (тұтынушылар); 
3.
 
редуценттер (ыдыратушылар). 
Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-
жақты зерттеудің маңызы зор. 
БОРА (грек. boras — солтүстік жел) аласа жоталардың (300 — 600 
м)  ық  беткейімен  градиенттік  қысым  мен  тартылыс  күші  әсерінен 
үлкен  жылдамдықпен  (40  —  60  м/с)  тӛмен  қарай  бағытталып 
соғады.  Қазақстанда  Солт.  Балқаш  ӛңірінде  байқалады. Бора — 
теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен тӛмен 
соғатын  суық  жел.  Бора  кӛбіне  қысты  күні  соғады.  Бора 
Адриатикалық  теңіздің  жағасында,  Новороссийск  ауданында, 
Байқалда,  Жаңа  жерде,  Прованста,  Техаста  тағы  басқа  жерлерде 
жиі  байқалады.  Боран  –  күшті  желдің  (жылд.  15  м/с-тан  астам) 
әсерінен  топырақтың,  құмның,  қиыршықтастың,  қардың  ұйтқып 
соғуы.  
БОРАН  соққан  кезде  айнала  түтеп,  ештеңе  кӛрінбей  кетеді. 
Шаруашылыққа  орасан  зор  зиянын  тигізеді.  Қарлы  Боранның 
Қазақстанда  «Арқаның  ақ  бораны»,  «ақтүтек»,  құмды  ӛңірлерде 
Мойынқұм  Бораны  деп,  тауаралық  аңғарлар  мен  жазықтықтағы 
Боранды Ебі Бораны, Сӛгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында 
жаяу  борасын,  суырынды  борасын,  ақ  боран  деп  те  атай  береді. 
Боран  —  қатты  жел  соққандағы  және  ауа  температурасы  тӛмен 
болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің 
далалы аудандарында қолданылады. 
БОФОРТ  ШКАЛАСЫ — жер бетіндегі  нәрселерге  жасаған 
әрекетіне 
және теңіз толқынысына 
қарап 
желдің 
күшін 
(жылдамдығын)  анықтауға  арналған  шартты  түрдегі  12  балдық 
шкала. 1806 жылы ағылшын адмиралы Ф. Бофорт жасаған және ӛзі 
қолданған.  1963  жылдан  дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 
қабылдаған  Бофорт  шкаласы  пайдаланылып  келеді.  Бофорт 
шкаласы теңізнавигациясында жиі қолданылады (кестені қ.). 
 
БӚГЕН, су бӛгені — арнасын бӛгетпен бӛгеу немесе жер бедерінің 
кӛлемді  ойыстарына  су  толтыру  арқылы  құрылатын  жасанды  су 
қоймасы. Бӛген  ӛзен ағынын  тиімді  пайдалану  (электр  энергиясын 
ӛндіру,  кеме  қатынасы,  сумен  қамтамасыз  ету,  егін  суару, балық 

ӛсіру, т.б.) мақсатында жасалады. Шағын Бӛгендерді әуіт, тоған деп 
те  атайды.  Су  мӛлшерін  реттеу  мерзіміне  байланысты  тәуліктік, 
апталық,  маусымдық  (немесе  жылдық)  және  кӛп  жылдық  Бӛген 
болып жіктеледі. Дүние жүзіндегі ең ірі Ангара Ангарадағы Братск 
Бӛгенінің  кӛлемі  170  км
3
.  Қазақстанда Ертіс ӛзенінде  аса  ірі  
Бұқтырма,   Іледе —Қапшағай, Сырдарияда — Шардара Бӛгендері 
бар. 
БӚГЕН - Сағалық 
ӛңірінде бірте-бірте 
кеңи 
түскен ӛзен 
аңғарын теңіз  суы  басып  кетуіне  байланысты  пайда  болатын 
шығанақтар. Ашық және жабық бӛгендер болып екі түрге бӛлінеді. 
Ашық бӛгендер теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың 
бӛгендер теңіз айдынынан кӛшпе аралдар мен бел-белестер арқылы 
дараланған күйде ұшырасады 
БӚГЕТ —  ӛзеннің  жоғарғы  ағысы  жағындағы  су  деңгейін  кӛтеру 
және  соның  нәтижесінде  суды  шаруашылыққа  кең  пайдалану 
(суэлектр  станцияларын  салу  арқылы  электр  энергиясын  ӛндіру, 
ӛзен  кӛлігі  қатынасын  жақсарту,  жер  суару,  тағы  басқалар) 
мақсатында ӛзен арнасы мен аңғарларында кесе кӛлденең жасалған 
су  бӛгегіш  құрылыс.  Кішігірім  ӛзен  арналық  бӛгеттер  мен 
плотиналар бегеме немесе жасанды шоңғалдар  деп аталады. Совет 
үкіметі жылдарында  жасалған  Днепр,   Волга,   Цимлян,   Ӛскемен,  
Бұқтарма, Новосибирь тағы  басқа  кептеген  бегеттер  су  ағысын 
тәртіптеп,  оларды  жоғарғы  айтылған  мақсаттарға  пайдалануға 
мүмкіндік  беруде.  Бӛгеттер  ӛзен  ағысының  режимін  басқаруға, 
суды халық шаруашылығының талабына сай таратып, пайдалануға 
мүмкіндік береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет