Педагогикалық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата28.01.2017
өлшемі8,33 Mb.
#2877
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66

Список литературы: 

1.  Ермолаева  М.В.,  Миланович  Л.Г.  Методы  работы  психолога  с  детьми  дошкольного 

возраста. М.: Институт практической психологии, 1996 г. – 124 с. 

2.  Семаго  Н.Я.,  Семаго  М.М.  Проблемные  дети:  основы  диагностической  и 

коррекционной работы психолога. М.: АРКТИ, 2000 г. – 208с. 

3.  Савельева  Н.  Настольная  книга  педагога-психолога  детского  образовательного 

учреждения. Ростов н/ Д: Феникс, 2004 г. – 576 с. 

4. Худик В.А. Психодиагностика детского развития: методы исследования. Киев, 1992 г. – 

218 с. 


5.  Коломинский  Я.Л.,  Панько  Е.А.  Диагностика  и  коррекция  психического  развития 

дошкольников. Мнск, 1997 г. – 237 с. 

 

 


216 

 

Каирова Бекбаян Кусаиновна 

Старший преподаватель, КГПИ  

г.Костанай 



 

АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР  

СТУДЕНТТЕРДІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР  

ӨРІСІН БАЙЫТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 

 

АННОТАЦИЯ 

Бұл  мақалада  білім  беру  жүйесінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдана 

отырып оқыту нəтижесінде жастардың танымдық қызығушылығын, əлеуметтік белсенділігі мен 

дербестігін, мəдениеті мен өзінің тұлғалық қасиеттерін жетілдіру қабілеттеріне əсер ету арқылы 

рухани-адамгершілік құндылықтар өрісін байыту мəселесі қарастырылған.  

Түйінді  сөздер:  ақпараттық-коммуникациялық  технология,  интерактивтік  оқыту 

технологиялары,  арт-терапия,  бейне  материалдарды  көріп  талдау,  эвристикалық  сұрақтар  жəне 

əңгімелесу, библиотерапия, құндылықтар, рухани-адагершілік құндылықтар. 

АННОТАЦИЯ 

В  данной  статье  рассматривается  проблема  о  том,  что  применение  информационно-

коммуникационные  технологии  в  образовательной  системе  способствуют  расширению 

познавательных  способностей,  социальной  активности,  самостоятельности,  желанние  познать  и 

совершенствовать свои личностные качества, таким образом, обогащается духовно-нравственная 

сфера молодежи 

Ключевые  слова:  информационно-коммуникационные  технологии,  интерактивные  методы 

обучения,  арт-терапия,  просмотр  и  анализ  видео  материалов,  эвристические  вопросы  и  беседы

библиотерапия, ценности, духовно-нравственные ценности. 

АВSTRACT 

This article considers a problem about using information and communication technologies in 

educational system and how it helps to expand cognitive processes, social activity, self-dependence, desire to 

learn and improve personal qualities, in this way, the spiritual and moral sphere of youth becomes enriched.  

Keywords: information and communication technologies, interactive methods of teaching, art therapy, 

review and analysis of video material, heuristic questions and conversations, bibliotherapy, values, spiritual 

and moral values. 

 

Өмірдің  талабына  сəйкес  Қазақстан  Респуликасының  білім  беру  саласында  көптеген 



жаңа  идеялар  мен  бағдарламалар  енгізілуде.  Ондағы  басты  мақсат  өскелең  ұрпақтың  заман 

ағымына сəйкес егеменді елімізді бəсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, 

алдыңғы  қатарлы  озық  білімі,  білім  берудің  заманауи  модельдері  жəне  экономикалық 

өмірдің прогрессивті нысандарын қоғамның игілігіне айналдыру көзделген. 

Əлеуметтік-экономиканың  тұрақты  өсуін,  педагог  мамандарының  абыройы  мен 

беделін арттыру үшін сапалы білімді қол жетімді ету арқылы жалпыадамзат құндылықтары 

негізінде  жоғарғы  оқу  орнында  оқитын  студенттерге  рухани-адамгершілік  білім  деңгейін 

көтеру.  Болашақ  мамандардың  бəсекеге  қабілеттілігін,  үзіліссіз  өздігінен  білімін 

жетілдеретін,  отанын  шексіз  сүйетін,  елінің  материалдық-рухани  баюына  үлесін  қосатын 

жастар тəрбиелеу мəселесі Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 - 2020 

жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасының мақсатында анық белгілінген [1]. 

Еліміздің  Президенті  Н.Ə.  Назарбаев  «Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты 

жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «...осы заманғы білім беру, «парасатты 

экономиканың»  негіздерін  қалыптастыру,  инновациялық  технологияларды  пайдалану 

арқылы  болашақ  мамандарды  дайындау  сапасын  көтеру  негізінде  жаңа  экономиканы 

дамыту.  Білім  беру  саласында  жаңа  оқыту  технологияларын  пайдалану  үкіметтің 

стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді, болашақ ұрпақты таңдай білу, 

талдай  білу,  өзгерте  білу,  сақтай  білу,  жеткізе  білу,  жүзеге  асыра  білу  қасиеттерін  дамыту 

бүгінгі күннің басты талабы», -деп атап көрсеткен [2].  


217 

 

Соған байланысты, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, 



жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. 

Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  білім  мен  тəрбие  беруде  педагогтар  үшін 

инновациялық  іс-əрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеру  маңызды 

мəселелердің  біріне  айналды.  Оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгеру  педагогтардан 

орасан  зор  іскерлік  пен  шығармашылыққа  негізделген  ізденістерді  қажет  етеді.  Осындай 

мақсатты  көздеген  жүйелі  ізденістер  педагогтардың  жаңа  технологияларды  меңгеруіне, 

инновациялық  жетілуіне  мүмкіндік  береді.  Сондай  технологиялардың  бірі  ақпараттық-

коммуникациялық технология болып табылады.  

ХХІ  ғасыр – ақпараттық  технологиялар  ғасыры.  Сондықтан  да  білім  жүйесін 

дамытуда  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды  пайдалану – бүгінгі  күннің 

талабы. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру дегеніміз 

білім  беруді  ақпараттандыру  жəне  пəндерді  ғылыми – технологиялық  негізде  оқыту,  білім 

алушылардың 

шығармашылық 

қабілетін 

дамып, 


ізденімпаздық, 

танымдық 

қызығушылықтарының  жоғарылауы,  маңызды  жаңа  ақпараттарды  теориялық  біліммен 

ұштастыра  білуі - мамандардың  интеллектуалдық  дəрежесінің  көрсеткішін  айқындайды. 

Олай болса, ақпараттық-коммуникациялық технология студент жастардың таным жəне даму 

құндылықтарының қайнар көзі болып табылады. 

Қазіргі  кезде  «білім  беру  жүйесіндегі  ақпараттық-коммуникациялық  технология» 

ұғымы  бірнеше  синонимдік  түсініктерді  қамтиды,  мысалы  «оқытудың  жаңа  ақпараттық 

технологиялары», «қазіргі  ақпараттық  оқыту  технологиялары», «білім  берудің  жаңа 

ақпараттық  технологиялары», «компьютерлік  оқыту  технологиялары», «оқытудың 

электронды-коммуникативтік технологиясы» жəне т.б. 

Ғылыми  əдебиеттерге  жасаған  талдауларға  сүйене  отырып,  бұл  ұғымдардың  күні 

бүгінге дейін толық мəні ашылмағанын анықтадық. В.М. Монаховтың, Н.В. Апатованың, В. 

Гузеевтің,  А.А.  Кузнецовтың,  Д.Ш.  Матростың,  Н.М.  Бойконың,  Т.А.  Сергееваның,  В.А. 

Латышевтің, А.В. Соловьевтің, Г.Н. Александровтың, В.В. Поповтың, Е.К. Хеннердің жəне 

тағы  басқалары  өз  еңбектерінде  осы  түсініктерге  талдау  жасап,  мазмұнын  қарастырған. 

Олардың мəні: үйретуші, тиісті бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютер, үйренуші 

жəне  оқу  материалын  кең  ауқымда  қамту,  студенттердің  танымдық  қызығушылықтарын 

көтеру, өз ерімен жаңа білімдерді іздеу т.б. мəселелер төңірегінде тұйықталған.  

Негізінен,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  бiлiм  беру  жүйесінде  пəнге, 

мақсатқа,  тақырыпқа  байланысты  ақпараттарды  кең  мағынада  жан-жақты  зерттеуге 

мүмкіндік беретін танымдық үрдіс. Бұл үрдісті жүзеге асырудың негiзгi құралы - компьютeр. 

Компьютер - бiлiм  беру  жүйесінде  жаңа  дидактикалық  мүмкіндіктерді  шешуге,  тақырыпты 

кең  ауқымды  жан-жақты  талқылауға,  студенттердің  өз  бетімен  ғылыми  таным-түсініктерін 

кеңейтуге  мүмкiндiк  береді.  Дегенмен,  бұл  құралдың  шексiз  мүмкiндiктерiн  əлі  де  болса 

білім  беру  саласында  толық  пайдаланылмай  отырғаны  шындық.  Оның  негізгі  себебі, 

Г.Б.Капбасова,  О.В.Захарова,  т.б.  пікірінше,  кейбір  оқытушылардың  ақпараттық 

коммуникациялық  құзыреттілігі  мен  ақпараттық  мəдениетiнің  төмендiгi.  Кейінгі  жылдары 

мұғалімдердің  ақпараттық  құзіреттілігін  жоғарылату  курстары  мен  семинарлары  жиі 

ұйымдастырылып отырса да бұл мəселе толық шешімін таппай отыр.  

«Құзыреттілік»  түсінігінің  ғылыми  əдебиеттерде  бiрнеше  түpi  кездеседі,  мысалы 

«педагогикалық  құзіреттілік», «дара  құзіреттілік», «кəсіби  құзіреттілік», «арнайы 

құзіреттілік»  т.б.  Құзіреттіліктердің  тағы  бiр  түрi – aқпараттық-коммуникациялық 

құзыреттілік.  Өздерінің  еңбектерінде  М.В.Лебедева  мен  О.Н.Шилова  оқытушылардың 

ақпараттық–коммуникациялық 

құзыреттілігін 

«оқу-тəрбие 

əрекетінде, 

тұрмыстық 

жағдайларда, 

кəсiби 

мiндеттердi 



шешуде 

aқпараттық 

жəне 

коммуникациялық 



технологияларды кеңінен қолдана отырып, алдына қойған мақсатын толық жəне эстетикалық 

тұрғыда шеше бiлу қабiлеттігiлiгi» деп атап көрсеткен.  

Авторлар  ақпараттық-коммуникациялық  құзыреттілікті  қалыптастырудың  базалық, 

жалпы жəне кəсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқыту əрекетiнде 



218 

 

қолдану мен кəсіби мiндеттердi шешуде пайдаланудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Негізінен 



ақпараттық  құзыреттілікті  олар  екі  деңгейде  қарастырған:  компьютeрлiк  сауаттылық  жəне 

компьютeрлiк бiлiмдарлық [3].  

Компьютeрлiк  сауаттылыққа,  С.В.  Понюкова  оқытушылардың  «компьютермен  өз 

бетiнше  жұмыс  iстей  бiлу,  компыoтерлiк  техниканың  көмегімен  есептеу,  жазу,  сурет  салу, 

ақпараттарды  iздеу  дағдылары  мен  бiлiктерін»  жатқызады.  Автордың  ойынша,  көптеген 

оқытушылар компьютерлік техниканың осы деңгейін жақсы меңгерген.  

Компьютeрлiк  бiлiмдарлыққа  пəн  бойынша  көптеген  бағдарламаларды  жүйелеу, 

олардың  мүмкіндiктepiн  нақтылау,  пəн  аралық  байланыстарды  түзу,  практикалық, 

зертханалық сабақтарды бірнеше нұсқаға бөліп деңгейлі бағдарламалар құру, студенттердің 

өзіндік  шығармашылық  жұмыстары  мен  интернеттік  түп  нұсқаларды  салыстыра  тексеру, 

қызықты  библиографияға  сілтеме  жасау  жəне  оның  сапалы  орындалу  деңгейін  қадағалау 

сияқты күрделі танымдық əрекеттерді басқару болып табылады [4].  

Сонымен,  оқытушының  ақпараттық–коммуникациялық  құзыреттілігі  студенттердің 

танымдық  қызығушылықтары  мен  тұлғалық  қасиеттерін  байыта  отырып,  олардың 

төмендегідей шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға негіз береді:  

- ұсынылған ақпараттарды сын тұрғысынан саналы талдау, мақсатына қарай жүйелеу;  

-  өз  бетінше  алдына  мақсаттар  қою  жəне  оны  негіздеу,  мақсатқа  жету  үшін  танымдық 

əрекеттерін жоспарлау жəне оны жүзеге асыру;  

-  ақпаратты  өз  бетімен  іздеп  табу,  талдау,  іріктеу,  өңдеу,  жүйелеу  жəне  тасмалдау;  

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей жəне жанама дəлелдеу, 

моделдеу,  ойша  эксперименттеу,  материалды  жүйелеу,  топтау  т.б.)  қолдана  отырып, 

ақпаратты өңдеу;  

- өзінің оқу əрекеттерін жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін ақпараттарды дəйекті қолдану; 

- өз ойын, пікірін, көзқарастарын нақты материалдарға сүйене отырып қорғау, жүйелі түрде 

жеткізу; 

-  өз  бетімен  жұмыс  істеу  дағдысын  жəне  аз  уақытта  көп  білім  алып,  уақытты  үнемдеу;  

-  қарапайым  көзбен  көріп,  қолмен  ұстап  сезіну  немесе  есту  мүмкіндіктері  болмайтын 

табиғаттың  таңғажайып  тылсым  күштерімен  əр  түрлі  тəжірибелер  арқылы  көріп,  сезіну 

мүмкіндігін 

кеңейту;  

- білім алушының ой-өрісін, дүниетанымын байыту. 

Қазіргі  кезде  білім  беру  жүйесінде  студенттерге  дайын  ақпаратты  беру,  дəріс  оқу 

əдістері  өткен  ғасырдың  еншісінде  қалды  деуге  болады.  Студенттердің  оқуға,  білуге, 

үйренуге  деген  ынтасын,  еңбекке  орналасу,  жалпы  адамгершілік  құндылықтар  мен 

жауапкершілік  сезімін  қалыптастыруда  ақпараттық-коммунактивтік  технологиялардың 

алатын  орнының  ерекше.  Мысалы,  шетел  тілі  жəне  биология  мамандығында  оқитын 

студенттердің арасында жүргізілген сауалнаманың нəтижелері интерактивті оқыту əдістерін, 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  қолдана  отырып  жүргізілген  сабақтардың 

оқуға  деген  қызығушылықтың  артуына  жəне  өзара  достық  қарым-қатынастың  орнауына, 

жолдастарының  пікірін  білуге  жəне  өздерін  дамытуға  деген  қажеттіліктің  пайда  болғанын 

атап  көрсеткен.  Студенттің  оқытушымен  бірге  жасайтын  өзіндік  жұмысының 

тапсырмаларындағы  көркем  фильмдер  мен  өсиет  əңгімелер  негізіндегі  видеороликтердің 

рөлін  ерекше  атап  өткен.  Олардың  болашақ  мамандықтары  туралы  тереңірек  ойлануға, 

фильмнің мазмұнының астарында жатқан өзіңді-өзің тəрбиелеу мен жетілдіруге бағытталған 

психологиялық  идеяны  түсінуге,  қарым-қатынас  жасау  кезінде  айтылатын  сөздердің 

мағынасын  ұғынуға,  соның  ішінде  тіліміздегі  лас  сөздер  мен  мақсатымызға  жетуге  кедергі 

жасайтын  сөздерді  қолдану  арқылы  сəтсіздіктерге  тап  болатынымызды  білдік.  Қазақ 

халқында  «ойнап  сөйлесең  де  ойлап  сөйле»  деген  сөздің  түп  мағынасын  ресейдің  ғалымы 

П.Горяевтің  ашқан  ғылыми  жаңалығынан  терең  ұғынғандырды.  Сол  арқылы  қазіргі  кездегі 

көптеген  жамандықтың  себептерін  ашқандай  болды.  Осы  фильмдер  мен  өсиет  əңгімелер 

өмірге  жаңаша  қарап,  болашақ  жайлы  сенімді  жоспарлар  жасауға  көмектесті  т.б.  Міне  бұл 

студенттердің 

сауалнамаға 

берген 


жауаптары, 

қарап 


отырсақ 

ақпараттық – 



219 

 

коммуникациялық технология тек студенттердің танымдық қызығушылықтарына ғана емес, 



сонымен қатар, рухани құндылықтар жүйесіне де ықпалын байқатады.  

Білім  беру  практикасында  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың 

көмегімен шешілетін мəселелер: студенттерді терең кəсіби біліммен қамтамасыз ету, өзіндік 

шығармашылық  білімдерін  қадағалау  жəне  бағалау;  компьютерлік  модельдеуді  қолданатын 

зертханалық практикумдер арқылы практикалық дағдыны бекіту; мультимедиа-технология – 

жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық-бейнелі толықтыру, жетілдіру т.б. Сонымен 

қатар,  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  арқылы  студенттердің  педагогикалық, 

өндірістік практикаларын ұйымдастыру, қадағалау, кеңес беру, жетекшілік жасау т.б. кеңінен 

қолданылады [5]. 

ХХ  ғасырда  студенттер  (жалпы  ұрпақ)  үшін  кітаптың  маңызы  қандай  болса,  бүгінгі 

күні  білім  беру  саласында  компьютердің  рөлі  сондай.  Компьтердің  көмегімен  өткізілетін 

сабақтар  студенттердің  көңілінен  шығып,  білімнің  сапасы  мен  оқу  мотивациялары  əлде 

қайда  жоғары  болатындығын  өмір  көрсетіп  отыр.  Жастар  кітапханаға  бармайды,  кітап 

оқымайды  деген  сөздерді  жиі  айтылады.  Иə,  шынында  да  жастар  кітпаханаға  бұрынғыдай 

жиі бармауы мүмкін, бірақ кітапты олар интернеттен, мобильдік телефондар арқылы оқиды. 

Бұл акпараттық-коммуникациялық технологиялардың тағы бір мүмкіндіктерін аша түседі.  

Педагогикалық  үрдісте  компьютермен  қатар  интерактивті  тақтаны  кеңінен 

қолданылады. Интерактивті тақта сабақтың негізгі тапсырмаларын, жаңа материалдары есте 

берік сақтауға, айнала қоршаған орта құбылыстары мен заттары  жөніндегі заңдылықтарды, 

мəліметтерді,  деректерді  игеруді  жеңілдетеді.  Студенттер  интерактивті  тақтамен  өтетін 

сабақтарға,  тақырыппен  жұмыс  жасауға  ерекше  қызығушылық  танытады,  тапсырмаларды 

сапалы  əрі  жылдам  орындап,  сабаққа  деген  ынталары  белсенді  көтеріледі.  Сондықтан  да, 

интерактивті тақтамен жұмыс жасау студенттердің танымдық белсенділігін дамыта отырып, 

олардың  назарын  тақырып  немесе  тапсырма  бойынша  бірнеше  бағытта  жүйелі  білім 

жинақтауына  негіз  береді.  Бұл  студенттің  ақыл-ойын  сын  тұрғысынан  дамытуға,  ғылыми 

мəліметтерді  жүйелеуге,  нақтылы  құбылыстардың  ішкі  механизмдері  мен  заңдылықтарын 

талдап түсінуіне, практикамен сабақтастыруға, болашақ кəсібіне, күнделікті өміріне қажетті 

деректерді  есте  сақтауға  жəне  тəжірибеде  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Пəндер  бойынша 

жаңа  сабақты  түсіну,  өткен  материалды  қайталау,  зертханалық,  практикалық  жəне  өзіндік 

шығармашылық сабақтарға дайындық кезінде интерактивті тақтаны жүйелі пайдалану əрбір 

сабақтың  əсерлігін  жəне  мазмұнын  арттырып,  студенттердің  интеллектуалдық  деңгейіне, 

өздігінен білімдерін көтеруге деген қызығушылықтарына үнемі тиімді ықпал етіп отырады. 

Интерактивті  тақтаның  орасан  зор  мүмкіндіктерін  барынша  тиімді  пайдалану  оқу – 

тəрбие процесінде өткізілетін жұмыстардың нəтижелі болуына негіз береді. Қазіргі студент 

ертеңгі  педагог  маман,  сондықтан  ол  өз  пəнін  терең  біліп  қана  қоймай,  танымдық, 

педагогикалық – психологиялық  жəне  ақпараттық  сауаттылығын  институт  қабырғасында 

жүріп  қалыптастырса,  ертеңгі  күні  өзінің  педагогикалық  кəсібінде  ақапараттық-

коммуникациялық 

технологияны 

шебер 


қолдана 

отырып, 


өскелең 

ұрпақтың 

интеллектуалдық,  кəсіптік,  адамгершілік,  рухани-адамгершілік,  азаматтық  жəне  басқа  да 

көптеген  адами  келбеттерінің  қалыптасуына  игі  əсерін  тигізеді.  Сонымен  қатар,  өзін-өзі 

жетілдіруіне, болашақта оқу – тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына негіз береді.  

 Қорыта келе, Қазақстан əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі 

үшін,  білімді  де  зерделі,  жан-жақты  дамыған  дарынды,  қабілетті  ұрпақ  керек. «Жаңа 

əлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  халыққа  жолдауында  Ел  президенті  Н.Ə  Назарбаевтың 

«Білім  берудің  ұлттық  моделіне  көшкен  қазіргі  мектепке  ойшыл,  зерттеуші,  тəжірибелік 

қызметте педагогикалық үйлесімдіділікті шебер меңгерген іскер мұғалім қажет» - деген [2]. 

Қазіргі  уақыттағы  білім  беру  жүйесінің  алдында  тұрған  басты  мақсат-еліміздегі  білім  беру 

саласын  халықаралық  деңгейге  көтеру  жəне  білім  сапасын  көтеру,  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру,  қоғам  қажеттілігін  өтеу,  оны  əлемдік  білім  кеңістігіне  кіріктіру.  Бұл 

мақсаттың  іске  асуына  негіз  беретін  жолдың  бірі – ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды білім беру жүйесінде сауатты қолдана білу болып табылады.  


220 

 

Пайдаланылған əдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  

 Мемлекеттік бағдарламасы. «Google» сайты. 

2.  Н.Ə.Назарбаев  «Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан».  Интернет  материалдары «Google» 

2014.3.  Лебедева  М.В.,  Шилова  О.Н.  Компьютерные  и  коммуникационные  технологии  в 

сфере образования. –Казань. 2011 , 129 с. 

4. Понюкова С.В. Использование ИКТ в образовании. –М., Изд.центр «Академия» -2010. 

5. Салихова А.А. Оқу – тəрбие үрдісінде компьютерлік технологияны қолдану мүмкіндігі.  

//Информатика негіздері// №1, 2010 жыл 

 

 

Каленова Индира Сапархановна 



магистр, ОСШ им.Габдуллина 

Пазылова Алтынай Абуовна 

магистр педагогических наук,  



Байбол Роза, Кемал Мадина 

студенты специальности «Иностранный язык:  

два иностранных языка» университета «Сырдария» 

 г .Жетысай 



 

СТИМУЛЯТОРЫ РЕЧЕВОЙ АКТИВНОСТИ 

 

АННОТАЦИЯ 

Бұл  мақалада  орыс  тілін  шет  тіліндей  оқыту  мақсаты  қарастырылады.  Қазіргі  таңда 

адамның  интеллектуалды  деңгейін  анықтайтын  ең  басты  қасиеті,  оның  креативті  ойлай 

алатындығы мен өмірде туындайтын қиындықтарға шынайы тұрғыдан жауап бере алуында болып 

отыр. Осындай жағдайларда бірнеше тілді білу стратегиялық маңызды мəселе деп айтуға болады. 

Сонымен  қоса  бұл – аталмыш  салада  жоғары  нəтижелерге  қол  жеткізуді  жоспарлап  отырған 

қазақстандық  білім  беру  жүйесі  үшін  де  сипатталып  айтылғандай.  Біз  адамдарды  бірнеше  тілде 

қарым-қатынас жасауға үйрету мақсатын көздейміз. 

Түйінді сөздер: үштілділік, коммуникация, болжам, сөйлеу қызметі. 

АННОТАЦИЯ 

В статье  рассматриваются  вопросы  обучения русского  языка как  иностранного. Статья 

посвящена  проблеме  внедрения  триязычия,  поскольку  сегодня  это  является  важным  аспектом 

осуществления  языковой  политики  Республики  Казахстан  и  считается  основополагающим 

принципом учебного процесса. Данный процесс определяет развитие функциональной грамотности, 

коммуникативных  навыков  и  способности  критически  мыслить.  Объективной  исторической 

закономерностью  в  настоящее  время  является  повышение  требований  к  уровню  образованности 

человека.  

Ключевые слова: триязычие, коммуникация, перспектива, речевая деятельность 

ABSTRACT 

The article deals with the study of Russian as a foreign language. The article discusses the 

implementation triyazychiya because today it is an important aspect of the language policy of the Republic of 

Kazakhstan and is considered a fundamental principle of the educational process. This process determines 

the development of functional literacy, communication skills and ability to think critically. Objective 

historical regularity now is to increase the requirements for the education of the person. 

 Keywords: trilingualism, communication, outlook, speech activity. 

 

Расставляя  приоритеты  работы  в  сфере  образования,  Глава  государства  в  своем 

Послании  народу  Казахстана  «Стратегия  «Казахстан-2050»:  новый  политический  курс 

состоявшегося  государства»  отметил,  что,  как  и  во  всем  мире,  Казахстану  необходимо 

переходить  на  новые  методы  образования.  В  основе  политики  триединства  языков  лежит 

требование  знания  гражданами  страны  казахского  языка.  Особое  значение  в  языковой 

политике Казахстана придается русскому языку, который является одним из мировых языков 


221 

 

и  имеет  широкое  распространение  в  современном  мире.  Третьим  элементом  является 



английский  язык,  который  занимает  в  современном  мире  доминирующее  положение. 

Английский язык открывает казахстанцам окно в мир, окно в глобализацию. Казахстан все 

шире  и  глубже  вовлекается  в  международные  процессы  и  контакты.  Сегодня  в  обществе 

никого  не  надо  убеждать,  что  знание  английского  языка  является  важнейшим  ресурсом 

профессионального  роста  человека.  Ответственная  языковая  политика  является  одним  из 

главных  консолидирующих  факторов  казахской  нации.  В  настоящее  время  мы  принимаем 

активные меры по созданию условий для того, чтобы молодое поколение наряду с казахским 

активно  изучали  русский  и  английский  языки.  А  в  ходе  интерактивной  лекции  в  стенах 

Назарбаев Университета он поручил правительству внедрять триязычие: "Первое - на основе 

передового  международного  опыта  внедрить  современные  методы  обучения  в 

воспитательных  учреждениях,  они  должны  быть  инновационными,  с  образованием 

технологии  и  креативности.  Второе - детально  разработать  системное  предложение  на 

предмет  охвата  образованием  детей.  Третье - на  уровне  образования  обеспечить 

повсеместное  внедрение  триязычия.  Так  мы  можем  построить  логическую  систему 

овладения языками. Азы будут изучать на уровне детского сада, в школе базовый уровень, в 

университете или в колледже - профессиональный язык по специальностям"[1]. 

Практика показывает, что на обычной экскурсии, как и в любой другой обстановке, у 

обучающихся  может  вовсе  не  возникнуть  потребность  заговорить,  и  тогда  наша 

методическая программа будет выполнена лишь наполовину. 

Задача преподавателя состоит в том, чтобы находить стимуляторы речевой активности, 

чтобы студент не был пассивным внеаудиторное время в восприятии новой информации. 

Например. 

Шаблон  «преподаватель - студент»  ставит  некий  барьер  и  не  дает  обучающемуся 

раскрепоститься  в  своих  мыслях,  поэтому  знакомство  с  группой  можно  начинать  и  не  в 

аудитории.  Дистанция  между  преподавателем  и  учеником,  барьер  ранга  не  так  ощутимы, 

когда в неофициальной обстановке возникает неофициальная беседа. Первая встреча и зна-

комство могут происходить в библиотеке, в студенческой столовой, перед университетом и 

т. п. Полезным будет попутное знакомство со студентом, в библиотеке или на экскурсии  в 

университетском музее [2]

В дальнейшем процесс работы и полученные навыки реализуются на практике во время 

знакомства  с  «интересными  людьми»—  корреспондентом  молодежной  газеты,  молодым 

певцом,  художником  и  др.  Эти  встречи  планируются  так,  чтобы  гости  стали  «соучастни-

ками»  учебного  процесса.  Готовясь  к  такой  встрече,  учащиеся  обдумывают  вопросы  для 

интервью и обязательно вступают в беседу по интересующим их проблемам. Можно также 

практиковать  интервью  с  преподавателем,  служащими  университета  или  работниками 

других предприятий. 

Сразу  после  неофициального  знакомства  преподаватель  ведет  группу  к 

университетскому  зданию.  В  вестибюле  университета  преподаватель  сообщает  учащимся 

самые  интересные  сведения  об  этом  вузе,  а  затем  рассказывает,  как  найти  нужную 

аудиторию. Это не так просто сделать для людей, которые впервые находятся в этом здании. 

Один  из  обучающихся  должен  повторить  описание  маршрута,  а  затем  ему  можно 

предложить  повести  своих  друзей  к  нужной  аудитории.  Интересен  и  другой  вариант: 

обучающиеся  спрашивают,  как  пройти  в  аудиторию  (на  факультет),  у  студентов 

университета. 

Формулы речи, лексика, фразеология заранее отбираются преподавателем и вводятся в 

процессе  естественной  коммуникации,  т.е.  ничего  не  должно  быть  стихийно.  Чтобы 

привлечь  обучающихся  к  активной  речевой  деятельности  во  время  такого  занятия,  мы 

поручаем  им  обращаться  за  справкой  к  прохожим,  к  продавцам,  комментировать  действия 

людей на улице, описывать их внешность и т. п [3]

Одна из важных деталей внеаудиторного занятия — запрет говорить на родном языке. 

Не категорический запрет строгого наставника, а добровольная, осознанная договоренность 


222 

 

студентов  с  преподавателем,  который  сумел  убедить  обучающихся  в  целесообразности 



такого приема. 

Можно  составить  план-карту  центральной  части  реального  города,  где  обучающиеся 

живут  или  учатся,  к  этому  плану  можно  постоянно  обращаться  перед  выходом  на 

центральную площадь, в парк, в театр. По этому же плану, а также по имеющемуся макету 

города обучающиеся комментируют свой предстоящий или уже проделанный путь [4]

На учебных занятиях можно создать такие условия, которые позволили бы расширить 

рамки иноязычной речевой деятельности обучающихся ситуациями естественного общения. 

Стимулом  к  совершению  речевого  действия  служат  либо  реально  возникающие  ситуации, 

либо  подставные,  спровоцированные  в  учебных  целях.  Умение  создавать  иллюзию 

естественной  беседы  зависит  от  мастерства  преподавателя.  Если  в  аудитории  появляется 

альбом с редкими фотографиями известных писателей, актеров, сборник стихов, то за тонко 

направляемой в нужное методическое русло живой беседой учащиеся перестают чувствовать 

себя «обучаемыми и наставляемыми», ищут способ убедить, доказать, испытывают радость 

познания или удовлетворение от проявляемой осведомленности. 

Если  представить  для  учащегося  реальную  перспективу  вашего  визита  в  его  родной 

город и попросить нарисовать и прокомментировать план пути от вокзала до центра города, 

то  такой  комментарий,  несомненно,  будет  дан  со  всей  тщательностью  и  детализацией, 

особенно если преподаватель будет «уточнять» его для себя, переспрашивая и вникая в под-

робности (Где находиться…?) [5, 31]. 

Преподавателю  предстоит  внести  новый  эмоциональный  заряд  и  проявить 

методическую  изобретательность,  чтобы  вызвать  интерес  студентов  и  поднять  их 

угасающую  речевую  активность.  Особую  роль  при  этом  играет  фактор  занимательности, 

элементы  соревнования,  игры.  В  процессе  занятий  можно  предложить  составление 

лингвистических кроссвордов, которые содержат популярные поговорки, пословицы, яркие 

разговорные выражения, фразеологизмы на определенную тему. Такие виды работ оживляют 

занятия, вносят в нее веселую разрядку.  

Подъему речевой активности способствует и разучивание песен. Эта форма работы, как 

никакая  другая,  содействует  установлению  более  тесного  психологического  контакта 

студентов  с  преподавателем.  При  этом  без  умственной  перегрузки,  без  перенапряжения 

обогащается словарь студентов и не только пассивными лексическими залежами, но и сло-

вами, имеющими выход в речевую практику. 

Преимущество  предложенных  методов  и  приемов  мы  видим  в  том,  что  они 

стимулируют  студентов  к  дальнейшей  самостоятельной  работе  над  языком,  учат 

использовать в речи разнообразные выразительные средства.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет