Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата29.01.2017
өлшемі3,48 Mb.
#2937
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

Екінші бөлім

_____________________________

ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖАҢА БІРЛІКТЕР

Тілдегі жаңалықтар туралы түсінік пен таным

«Тілдегі жаңалықтар» деген тақырыпты біршама ұзақ не бір ауық 

қысқа мерзімді қамтитын кезеңдерге қарай ғана сөз ету керек бола-

ды. Тілдік жаңалық дегеніміз – белгілі бір тілдің даму барысындағы 

белгілі  кезеңдерде  пайда  болған  (қолданысқа  түскен)  жаңа  зат, 

жаңа ұғым атаулары, жаңа сөз тіркестері, мағынасы жаңарған, яғни 

мағынасы  ауысқан  немесе  қосымша  мағыналық  реңкке  ие  болған 

бұрынғы сөздер, сондай-ақ тілде жиі еркін қолданыла бастаған бөгде 

тілдік  сөздер  болып  танылады.  Бұларды  лингвистикалық  жаңа 

бірліктер  деп  те  атайды.  Сірә,  тілдегі  «жаңалық»  деген  ұғымды 

білдіретін  құбылыстарды  екіге  бөліп  қарастыру  жөн  болар:  бірі  – 

лексикалық бірліктер: жаңа сөздер, тіркестер, морфологиялық жаңа 

түзілімдер, екіншісі – грамматикалық жаңа тәсілдер.

Тілдегі жаңалықтар тек лексика саласында емес, тілдің өзге қат- 

тауларында:  фонетика  жүйесінде,  грамматикалық,  әсіресе  синтак- 

систік құрылымда да болуы мүмкін.

Лексикалық  жаңалықтардың  «сүйегі»  сол  тілдің  өзінен  де  және 

бөгде  тілден  де  болады.  Бөгде  тілдік  неологизмдер  кірме  сөз  деп 

аталуға тиіс.

Тілдегі жаңалықтарды зерттейтін сала «неология» деп аталатыны 

түсінікті. Тіл білімінің бұл тармағының зерттеу нысандары, көптеген 

тілдерге ортақ универсал заңдылықтары, типтері, пайда болу фактор-

лары т.т. «қасиет- белгілерін» тәптіштеп түсіндіріп жатудың қажеті 

болмас. Дегенмен әр тілдің өзіне тән ішкі заңдылықтарына, сол тілді 

пайдаланатын халықтың тарихи, әлеуметтік, мәдени, саяси тұрмыс-

тіршіліктерінің  әр  кезеңіндегі  болмысына  орай  ерекше  тоқталатын 

тұстары  болады.  Мысалы,  қазақ  тілінде  неологизмдердің  бір  тобы 

бөгде тілдік элементтердің (сөздер, тіркестер, амалдардың т.б.) кірме 

деп аталатын тобы туралы баса көңіл аударуға тура келеді.

Сол  сияқты  жеке  ақын-жазушылардың  шығармаларында  кезде- 

сетін «окказионализмдер» деп аталатын тілдік нормаға бағынбаған, 

тосын,  «кездейсоқ»,  «біржұмсар»  сөздерді  лингвистикалық  неоло-

гизмдер  қатарына  қосуға  бола  ма,  болмай  ма?  дегенге  де  айрықша 

қарау керек (орыс тіл білімінде окказионализмдерді де неологиялық 

құбылыс деп санаушылар бар).



334

Жаңа  қолданыстарды  денотативтік  (жаңа  заттарды,  жаңа  ұғым- 

дарды  тікелей  атайтын)  белгісіне  қарай  және  сөздің  не  тіркестің 

стильдік мақсатта жұмсалатын жаңа мағынасына карай пайда бола-

тын неологиялық бірліктер деп ажыратып қарауға болады.

Неологиялық зерттеулер тіл білімінде белгілі жүйесі, принциптері 

бар  номинация,  терминология,  сөзжасам,  аударма  және  сөз  мәде- 

ниеті  деген  сияқты  блоктармен  тікелей  байланысты  болып  келеді. 

Бұл  орайда  да  әр  тілдің  «өзіндік  келбетіне»  орай  ерекшеліктер, 

иерархиялық орындар болады. Тілдік жаңалықтарды талдап-таныту-

да бұл іліктестіктің қазіргі кезеңдегі мәні айрықша.

Жаңа сөздерді қолданысына қарай бөліп-бөліп тану керек:

а) қалың көпшілік қолданатын, яғни бұқаралық ақпарат құралдары 

–  күнделікті  баспасөз,  радио-телехабарлар,  көпшілікқолды  білім-

ғылым  әдебиеттері,  оның  ішінде  мектеп  оқулықтары  мен  оқу 

құралдары жиі пайдаланатын сөздер және ә) қоғам өмірінің әртүрлі 

тұстарында:  ғылымда,  шаруашылық  пен  өнеркәсіп  салаларында, 

өнерде және тағы басқаларында арнаулы мамандар мен кәсіпкерлер 

пайдаланатын және қолданыс шеңбері тар (шағын) сөздер. Олар әр 

алуан құрал-жабдықтар аттары, конструкторлық- инженерлік атаулар 

мен  осы  салалардағы  іс-әрекеттерді  атайтын  сөздер  болып  келеді. 

Алдыңғы  топтағы  жаңа  сөздерді  орыс  және  Еуропа  халықтары 

тілдерін зерттеушілер бірнеше салаға бөліп қарастырады. Оларды:

1) күнделікті тұрмыста қолданылатын жаңа құрал-жабдықтарға, 

бейне-дыбыс техникасына қатысты атаулар;

2) автокөліктерге қатысты сөздер;

3) экономика, қаржы-финанс саласына қатысты терминдер;

4) айналадағы табиғатты қорғау – экологияға қатысты сөздер;

5) информатикаға қатысты;

6) спорт, ойын-сауыққа, туризмге қатысты;

7) медицина мен фармакологияға қатысты;

8) ядролық энергияға қатысты;

9) саясат, ел басқару істеріне қатысты;

10) әлеумет өміріне қатысты;

11) әдебиет, өнерге қатысты жаңа атаулар, іс-қимыл атаулары деп 

топтайды. 

Қазақ тіліне келгенде де осындай тақырыптық принципті ұстануға 

әбден болады.

Осы  айтылғандар  өз  кезегінде  жеке-жеке  сөз  болады.  Ал  алды- 

мен  тілдегі  (оның  белгілі  бір  кезеңіндегі)  жаңалықтар  деген 

ұғым  нені  білдіреді  және  бұл  тақырыптың  (зерттеу  жұмысының) 


335

теориялық негіздері мен ізденіс принциптері қандай деген мәселелер 

сөз болмақ. Сонымен қатар әр кезеңге қарай пайда болып жататын 

жаңа қолданыстарды 1) әдеби тілге енген немесе ену әлеуеті (потен-

циалы) бар сөздер (олар нормативті сөздіктерге енеді немесе норма 

ретінде  ұсынылады),  2)  ауызекі  сөйлеу  тілінде  орын  алып  жатқан, 

әдеби нормаға сай келмейтін жаңа қолданыстар деп ажыратып қарау 

керектігі  де  айтылып  келеді.  Мысалы,  француз  тілінің  неология-

сы әдеби норманы реттеуге, әдеби тілдің лексикалық қазынасының 

толығу,  жүйелену,  даму  процесін  танытуға  күш  салса,  Америка 

зерттеуші-неологтары жаңа қолданыстар сөздігінің күнделікті, сөйлеу 

тіліндегі  бірліктерді  тіркейтін  түрін  (сөздік  типін)  қош  көреді  екен 

(бұлар – XX ғасырдың 70-80-жылдарының мәліметі, ал қазіргі, яғни 

соңғы 10-15 жылдардағы шет тілдердегі неологиялық ізденістер мен 

сөздік типтері туралы арнайы танысып, жеке сөз ету керек болады). 

Осыған орай жаңа сөз қолданыстарын тіркейтін сөздіктер көбінесе 

екі түрлі: а) тіркеп отыратын (фиксирующий); ә) нормативтік, яғни 

әдеби нормаға енген бірліктерді көрсететін болып келеді. Сондықтан 

тіркеуші  сөздіктердегі  бірліктер  көбінесе  шартты  және  тарихи  

сипатта болады, дәлірек айтсақ, ол жаңалықтар жаңа сөз дегеннен 

гөрі жаңа қолданыс дегенге саяды, өйткені олардың әдеби нормаға 

ену-енбеуі  әлі  шартты:  не  сәтсіз,  не  көп  ұзамай  қоғам  өмірінен 

ығысып кететін зат, құбылыс сияқты реалийлерді атайтын ескірген 

сөз  (историзм)  болуы  мүмкін.  Мұндай  сөздіктердің  екі  түрі  де  әр 

тілдің қажеттігіне қарай азды-көпті айырмашылықтармен келеді. Мы-

салы, қазақ тілінде әзірге түзіліп жатқан сөздіктер тіркеуші типінде 

және түсіндірме сипатында, яғни орыс тіліндегі баламасы көрсетіліп, 

беретін мағынасы түсіндіріледі. Бұлар жөнінде барша фактілерімен 

толығырақ әрі қарай сөз болады.

Қазақ неологиясын зерттеуде үлкен әңгіме өзегі болатын мәселе 

–  аударма,  оның  ішінде  орыс  тілінен  аударма  проблемасы,  бұл  тек 

ғылыми  терминология  жайттарына  ғана  қатысты  емес,  бір  ұшы 

күнделікті  қоғам  тіршілігіне,  мәдениетіне,  тіпті  саясатқа  барып 

тірелетін мәселелер (тақырыптар) екенін баса көрсету керек. Әдетте 

белгілі бір тіл тіршілігінде, екінші тіл қатар және басты рөл атқаратын 

болса, әлеуметтік, саяси, ғылыми әдебиет негізінен бөгде тілден ауда-

рылатын болса (мысалы, Үндістанда ағылшын тілінен, қазақ тілінде 

орыс тілінен), тілдік жаңалықтар, алдымен, осы басты рөл атқаратын 

тілде пайда болады да, үндіше қазақша баламасы жасалады немесе 

бөгде сөз қабылданады.



336

Тақырыптың теориялық негіздері мен принциптері

«Тіл – қоғамдық құбылыс» деген қағиданы ескерсек, тілдің негізгі 

қызметі қарым-қатынас құралы болу, яғни коммуникативтік қызметі 

саналады.  Демек,  тіл  қоғам  өмірімен  байланысты,  сол  қоғамның 

тіршілік-болмысының  кезеңдеріне,  ахуалына  қарай  әр  сипаттағы 

өзгеріс, жаңалықтармен өмір сүреді. Әсіресе оның лексикалық қабаты 

– ең бір «жанды» жері; дыбыстар әлемі мен грамматикалық бітіміне 

қарағанда, тілдің сөздік қазынасы сол халықтың әлеуметтік, рухани, 

мәдени, саяси өмірінде болып жататын өзгеріс, жаңалықтарды бойы-

на тез сіңіреді, соған орай кейбір сөздер қолданыстан ығыса түседі, 

көнере  бастайды,  енді  біреулері  жаңадан  пайда  болады,  сөздердің 

тағы бір тобы байырғы мағынасын өзгертеді не үстемелейді. Сөздік 

қабаты «кірме» деп аталатын шеттілдік сөздермен толығады. Ұмыт 

бола  бастаған  бір  алуан  сөздер  дүниеге  қайта  оралады,  сондай-

ақ  азын-аулақ  сөздер  тобы  «төменгі  дәрежеден»  (ауызекі  сөйлеу 

элементі немесе қарапайым сөз деген «атақтан») «жоғары дәрежеге» 

(«әдеби нормадағы қолданыс» деген «лауазымға») көтеріліп жатады. 

Қысқасы,  тілдің  лексика  қаттауы  үздіксіз  қозғалыста  болады  және 

ол қозғалыс, дүниедегі өзге де құбылыстар сияқты, бір қалыпты, бір 

ыңғайда, бір бағытта болмайтыны тағы аян.

Әрине,  тілдің  грамматикалық,  фонетикалық  бітімі  де  өзгеріссіз 

қалмайды. Оның өзге тілдермен қарым-қатысына, ықпалына байла-

нысты бөгде тілдік сөздермен сол тілге бұрын жат кейбір дыбыстар 

күнделікті  сөйлеу  дағдысында  да,  әсіресе  жазба  үлгілерінде  орын 

алып кетеді. Мысалы, ф, х, в, ч, ц дыбыстары қазақ тілінің табиғи 

фонетикалық жүйесіне тән болмаса да, қазақтың төл сөздеріне енбесе 

де, қазіргі қазақ тілінде сөйлеушілердің ауызекі сөйлеу үрдісі мен жазу 

тәжірибесінде бұл дыбыстар кездесетін сөздер жиі қолданылады және 

олар көбінесе бұзылмай (өзгермей) орыс, араб, парсы тілдеріндегідей 

дұрыс дыбысталады. Бұл – әрине, қазақ тілінің ішкі табиғатына ен-

бегенмен,  қолданысында  орын  алған  жаңа  құбылыс.  Осы  сияқты 

мәселелерді  шешудің  де  теориялық  негіздері  болуы  керек.  Тілдегі 

жаңалық, өзгерістер, әрине, тілдің даму, жетілу процестеріне тікелей 

қатысты. Бұлардың барлығы да белгілі бір теориялық танымдар мен 

лингвистикалық талдауларға сүйеніп, іске асырылады.

Тілдегі жаңа лексикалық бірліктерді сөз еткенде, оның теориялық 

негіздерін тіл білімінің «номинация» деп аталатын тармағымен бай-

ланысты  қарастыру  керектігі  белгілі.  Номинация  (атауыш,  атау,  



аталым, орысша – наименование) – болмыстағы заттар мен ұғым- 

дардың  атауларын  зерттейтін  таным  саласы.  Номинация  термині  

атауыштық  әрекеттің  актілерін  де  сөз  ететіндіктен,  тіл  біліміндегі 


337

«ономасиология» дегеннің де орнына жүре алады да, ол «семасио- 

логияның» қарсысында тұрады, яғни номинация – сөздің көрінісін, 

ал семасиология ұғымының мәнін қарастырады.

Номинация  тіл  біліміндегі  сөзжасам,  көпмағыналық  (полисе-

мия), сөзтіркесім проблемаларын карастыратындықтан, осы сала- 

лардағы  теориялық-танымдық  ұстанымдарды  тірек  етеді.  Зерттеу- 

шілердің  айтуынша,  номинация  мәселелерін  «өмір  (болмыс)  –  та-



ным (ұғым) – аталым (сөз)» деген үштікті ұстану арқылы зерттейді.

Номинация – қандай бір тілдегі жаңа сөздердің пайда болған негіз- 

дері,  жолдары  (әдістері),  атаудың  тілдік  (материалдық)  психоло- 

гиялық табиғаты туралы ілім болғандықтан, оның ең негізгі таным-

дары барлық тілдерге ортақ, универсал заңдылықтар екендігі әбден 

дәлелденген.  Жаңа  сөздердің  пайда  болуын  аталым  шарттарымен 

байланыстыра  зерделегенде  әр  халықтың  әлеуметтік-мәдени  және 

саяси  болмысына  қарай  оның  бүгінгі  сөздік  қазынасын  жеке-жеке 

зерттеуге жол ашылады.

Бір сөз бір емес, бірнеше мағынаны білдіретіндіктен, ол бірнеше 



атаулық (атауыш) бірлік бола алады. Демек, сөздерде номинативтік 

мүмкіндіктер аз болмайды. Сөздердің семантикалық кеңістігі неоло-

гияда (жаңа сөздердің пайда болуында) белгілі рөл атқарады.

Демек, неология тақырыптары номинацияның:

1) жаңа атаулардың пайда болу уәждері;

2) жасалу амалдары;

3) заттық және ұғымдық атаулары;

4) номинативтік классификацияның параметрлері;

5)  номинация  кластары  сияқты  мәселелерді  орайластыра  қарас- 

тырады.  Номинацияның  тек  теориялық  жақтары  ғана  емес,  жаңа  

атауларды  кезең-кезеңге  қарай  сөз  ету,  лексикалық  жаңалықтарды 

жинастыру,  сұрыптау,  сөздіктерін  жасау  сияқты  практикалық  қаре- 

кеттер де ұмыт қалмауға тиіс. Бұл көрсетілген зерттеу қырларының 

әрқайсысы қазақ тіліндегі неология құбылысын әр кезеңге қарай зер-

делеген алдағы тақырыптарда кеңінен сөз болады.

Жаңа  сөздер  туралы  зерттеулердің  тағы  бір  таңымдық  негізі  – 



сөзжасам теориясына барып тіреледі. Бұл күндердегі сөзжасамдық 

процесті  когнитивтік  аспектіде  қарастырудан  гөрі,  орыс  тіліндегі 

атаулардың  дұрыс  (дәл)  қазақша  аудармасын  ұсыну,  тілде  бар  ата-

уларды  үйлестіріп,  сұрыптау,  яғни  ең  дұрыс  деген  вариантын  тау-

ып,  қалыптандыру,  жаңа  пайда  болып  жатқан  зат,  ұғым  атауларын 

ұсыну (ол да көбінесе өзге тілдердегі сөздердің сол күйінде не ауда-

рылып берілуі болып келеді) сипатында (аспектісінде) орын алады. 

Мұнда  көпмағыналық,  синонимдік,  антонимдік  қатарлардың  рөлі 

айтарлықтай емес екендігін көруге болады.


338

Бүгінгі  сөзжасамда  ұғым,  мағына,  атау  категориялары  назарға 

ілінеді,  бұл  да  –  тілдегі  жаңалықтарды  танудағы  теориялық  негіз- 

дердің бірі екендігі осы жұмыстың өн бойында көрсетіледі. 

Қазақ тілінің неологиялық ізденістері үшін номинация саласының 

тағы  бірнеше  тұсының  мәні  зор.  Солардың  бірі  –  құрама  неме-

се  қосынды,  я  болмаса  аналитикалық  деп  аталатын  екі-үш  жеке 

сөздерден жасалған лексикалық бірліктер. Олардың табиғаты, жаса-

лу жолдары, бір сөз болып келетін атаулардан тек тұлғалық емес, ішкі 

(семантикалық) айырмашылықтары, бір тұстас тұлғаға ұласу әлеуеті 

де  арнайы  зерттеу  нысаны  болмақ.  Сондай-ақ  құрама  аталымдар 

заттық не ұғымдық бір сөз жасаудың «әзірге, запастағы» амалы ма 

әлде номинативтік «тең праволы» тәсілдердің бірі болып қала бере 

ме  деген  проблеманы  ғылыми-теориялық  тұрғыдан  шешу  міндеті 

тұрады, ол үшін жаңа құрама аталымдардың қолданыс жиілігі, үлгілік 

сипаты, терминдік «қасиеті», мағыналық дәлдігі есепке алынуға тиіс. 

Бұл да – қазақ тіл білімінде жеке өз алдына монографиялық ғылыми 

зерттеу түрінде әлі кең етек алмаған тақырып.

Екінші  –  арнайы  тағы  бір  зерттеу  нысаны  етіп  бірнеше  үлкен 

еңбектер жазылуға тиіс проблема – кірме бірліктер, яғни кірме сөз, 

кірме лексикалық тіркес, кірме сөз алды форманттар.

Кірме (заимствование) сөз деп танудың белгілері, кірме сөз бен 

өзге тілдік немесе бөгде сөз, интернационалдық терминдер, термин 

емес  қарапайым  интербірліктер,  олардың  арасалмағы  («тілдің  жат 

сөздермен былғану» проблемасы) сияқты тақырып та – бүгінгі қазақ 

тіл білімінің ең өзекті түбегейлі шешімін таппаған проблема.

Неология саласы терминология мәселелерімен тығыз байланы-

ста  екендігі  белгілі.  Демек,  лексикалық  жаңа  бірліктер  тақырыбын 

зерттеу барысы термин жасам теориясымен және ұстанымдарымен 

ұштасып жатады. Сондықтан болар, қазақ тіл біліміңдегі неологиялық 

жұмыстар  (ізденістер,  зерттеулер,  сөздіктер,  анықтамалық  басы-

лымдар)  терминдерден  алынған  материалдың  негізінде  жүргізіліп 

келеді.  Қарапайым  жұртшылық  та  жаңа  сөздер  проблемасы  тек 

терминологияға қатысты деп санайды. Ал терминжасам проблемасы 

– неологиялық ізденістерге қатысты болғанымен, бұл номинацияның 

бірден-бір,  жалғыз-дара  объектісі  емес.  Лексикалық  неологизмдер 

тек  зат  есім  (затты  не  ұғымды  атау)  ғана  емес,  сындық  (сын  есім, 

үстеу),  қимылдық  (етістік),  тіпті  сөздің  морфемдік  сегменттері  са-

ласында  да  (автоқалам,  авиабайланыс,  телебейне,  ультракүлгін 

сияқты  бірліктерде)  көрініс  табады.  Демек,  қазіргі  қазақ  тіліндегі, 

оның соңғы 10-15 жыл кезеңіндегі лексикалық жаңалықтары туралы 

зерттеу жұмысының ізденіс шеңбері әлдеқайда кең және кей тұстары 

(мысалы,  қазіргі  ауыл  мен  қала  тұрғындарының  сөйлеу  тіліндегі 



339

жаңа қолданыстарды жинап, саралап, анықтау сияқты жұмыстар) – 

әлі қолға алынбаған зерттеу нысандары.

Қазақ тіліне келгенде, номинация мәселесін зерделеу барысында 



ауыл және қала лексикасы дегенге арнайы көңіл аудару керек. Бұл 

– бізде қолға алынбақ түгіл, ойға да келмеген шаруа. Ал бүгінгі күні 

ауыл халқының жұмыс іздеп қалаларға келіп қоныстанулары өте үлкен 

қарқын  алып  отырғаны  белгілі.  Бүгінгі  урбанизация  құбылысының 

ауыл  адамдарының  жаңа  заттар  мен  ұғымдарды  әсіресе  сөйлеу 

тілдерінде атау үлгілері (амалдары) мен олардың қалаға келгендегі 

өзгерістерін мұқият тіркеп алу, сөз жоқ, өте қиын, машақаты көп іс. 

Дегенмен бұл лексикалық қазынаны, әсіресе оның жаңа қабаттарын 

тірнектеп жинап, зерттеу – кезек күттірмейтін міндет.

Жаңа  лексикалық  бірліктерді  кеңінен  сөз  етуде  оларды  заттық 



аталым,  ұғымдық  аталым  деп  айырып  қарастыру  керек.  Бұл  – 

әсіресе ғылыми-техникалық терминдерді жасауда басты назар ауда-

ратын шарттылық. Орыс тіл білімінде «предметная и понятийная но-

минации» деген таным – неологияның ең басты теориясы.

Тілдің және оның лексика-грамматикалық құрамының даму жо-

лында белгілі бір кезеңдер болады, ол кезеңдер тарихи, өтпелі, бір 



қалыпты,  прогрессивті,  регрессивті  деп  аталуы  мүмкін.  Ал  тіл 

дамуының мұндай кезеңдері, әрине, сол тілді иемденуші халықтың 

әлеуметтік,  саяси,  мәдени  өмірінде  өтіп  жататын  өзгерістерге, 

қозғалыстарға, дүмпулерге, төңкерістерге тікелей қатысты болады.

Бұл  күндерде,  яғни  өткен  XX  ғасырдың  соңғы  онжылдығынан 

бермен  қарай  қазақ  тілі  айрықша  мәнді  тарихи  кезеңді  басынан 

кешіріп отыр. Ең алдымен, қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құры- 

лысының  өзгеріп,  өз  алдына  тәуелсіз  мемлекет  болғанына  және 

соның  нәтижесінде  мәдени-рухани  дүниесінде  үлкен  өзгеріс-жаңа- 

лықтардың  пайда  болғанына  байланысты  қоғам  өміріндегі  өзгеріс- 

тер  тілдің  сөздік  қазынасына  жаңалықтар  әкелді.  Тілге  қатысты  ең 

үлкен әлеуметтік, мәдени үні бар құбылыс – қазақ тілінің мемлекеттік 

тіл  статусын  алуы  болды.  Мемлекеттік  тіл  статусы  тек  оның 

қоғамдағы қызметі жағынан ғана емес, тіл құрылымының дамуы мен 

жетілуі жағынан да атына сай болуын талап етеді.

Тілдің  дамуы  мен  жетілуі  дегендер  –  бір  құбылыс  емес,  бұл 

терминдер  –  сырт  қарағанда,  бір  мағынадағы  синоним  сөздер  бо-

лып  көрінеді.  Ал,  шындығында,  даму  дегеніміз  –  қозғалыс  пен 

уақыт  шеңберіне  қатысты  әрекет  атауы,  сондықтан  даму-уақыт 

жағынан ілгері қарай жылжу. Ал бұл жылжу – тек уақытпен таны-

латын қалыпты жай қозғалыс болуы да мүмкін, сондай-ақ сапалық, 

сандық өзгерістерге ие болатын ілгері, оң (прогрессивті) немесе кері 

(регрессивті)  қозғалыс  болуы  да  мүмкін.  Ілгері,  оң  қозғалысы  жай 

даму емес, жетіле дамуы, жетілуі болып танылады.



340

Тілдің жалпы дамуын да, жетілуін де кезеңдерге қарай сөз ету ке-

рек, яғни қазақ тілінің қозғалысын өткен ғасырдағы, оның ішінде:

а) XIX ғасырға дейінгі;

ә) XIX ғасырдың соңғы ширегіне дейінгі;

б) XIX ғасырдың соңғы 25-30-жылдарындағы;

в) XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы;

г) XX ғасырдың 50-60-жылдарынан 90-жылдарына дейінгі;

д) XX ғасырдың 90-жылдарынан қазіргі кезеңге дейінгі даму си-

паты деп шартты түрде саралап тануды ұсынамыз.  Өткен ғасырлар- 

дағы дамуы, XX ғасырдағы дамуы, қазіргі кезеңдегі дамуы, соңғы 10-

15 жылдан бергі дамуы (жылжуы) деп жалпылап тануға болады.

Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің бүгінгі қозғалысы прогрес- 

сивтік даму – жетіле түсу процесі деп танылса, мұның көп белгісінің 

бірі сөздік қазынасының сұрыпталуы мен толығуы болмақ. Қысқасы, 

бұл  жерде  әңгіме  жібі  қазақ  тілі  лексикасының  жаңа  бірліктермен 

толығуы, яғни қазақ тілінің баюы жайында өрілмек.

Жалпы тіл байлығы дегеніміз не? Әдетте байлық деп бір нәрсенің 

молдығын,  көптігін  айтамыз.  Ал  біртіндеп  санауға,  салмақтап  өл- 

шеуге  көп  келе  бермейтін  құбылыстардың  байлығы  мен  кедейлігін 

қалай  білуге  болады?  Тіл  де  –  қолға  ұстап  санайтын,  безбенге  са-

лып өлшейтін деректі зат емес. Дегенмен оның бір-екі деп санауға 

келетін  құрамды  бөлшектері  де  мүлде  жоқ  емес.  Бұлайша  санауға 

болатындар – сөздер мен оларды құбылтатын кейбір амал-тәсілдер. 

Сондықтан  тіл  байлығы  дегенде  әдетте  ойымызға  бірден  оның  сөз 

қазынасы келеді.

Белгілі  бір  тілдегі  жеке  сөздер  мен  лексикалық  тіркестері  сан 

жағынан неғұрлым көп болса, сол тіл бай тіл деп санаушылық бар. 

Әрине, әр заманға сай барша зат аттары мен барлық дерексіз ұғым 

атауларын білдіретін сөздердің жеткілікті болуын байлық деуге бола-

ды. Бірақ тілге келгенде, бірден-бір байлық – бұл ғана емес. Тіпті сөз 

саны қанша көп болғанымен, ол сөздердің «сүйегін» – шыққан тегін 

(төлтума  немесе  кірме  сөз  екендігін),  тұлғалық  «келбетін»  (табиғи 

немесе  жасанды  екендігін),  жұмсауға  қолайлы,  тыңдауға  жағымды 

(айтпақ ойды дәл, дұрыс беретін) болуын ескергенде, кейбір тілдер 

бір кезеңдерде санға бай болғанымен, сапаға жұтаңдау болуы және 

мүмкін. Дегенмен тілдің лексикалық қабатын молықтыратын фактор-

ларды танудың, танытудың ерекше мәні бар.

Қазақ тілінде сөз қазынасының молаюы соңғы бір ғасыр бойында 

ерекше көзге түсерліктей дәрежеде көрінді. Жоғарыда айтылды, мо-

лаю процесін тек сан жағынан толығу деп түсінуге болмайды. Тілге 

келгенде,  сандық  көрсеткіштің  мәні,  біздіңше,  бірден-бір  шешуші 

рөл атқармайды. Қолданыстағы сөздердің бәрі – сол тілдің түбегейлі 

қазынасы  болмауы  мүмкін.  Айталық,  әр  алуан  себептермен  пай-

да  болып  жататын  лексикалық  варианттар  –  жарыспа  қолданыстар 


341

тілдің сөздік құрамын сан жағынан молайтады, бірақ ол қатарлардың 

барлығы  түгел  нормативтік  (нормалық)  статусқа  ие  болып,  әдеби 

тілден  берік  орын  алмайды,  өйткені  нақты  бір  зат  әдетте  бірнеше 

сөзбен  аталмайды  (бұл  жерде  номинатив,  яғни  нақты  затты  атай-

тын  немесе  денотатив,  яғни  тура,  негізгі  мағынасын  айтып  отыр-

мыз). Сондықтан орыс тілінде каток деп аталатын спорт орны өткен 

ғасырдың 70-90-жылдары айнамұз ~ мұзайдын ~ мұзойнақ ~ каток 

деп аталып жүрді, демек, бір атаудың орнына 3-4 сөз дүниеге келіпті. 

Бұл не? – сөздік қазынаның баюы ма, толығуы ма, дамуы ма әлде тек 

сан жағынан көбеюі ме? Мұндай көбею процесі тілдің ілгері, сапалы 

дамуына жата ма? деген сауалдар өз-өзінен туады.

Дегенмен тілдің сөздік қабатында сандық ұлғаю процесі сандық 

кему процесінен жоғары тұрады: өткен XX ғасыр мен алдағы уақытта 

тіл  тіршілігіне  ішкі-сыртқы  факторлардың  тигізетін  ықпалының 

түрлене түсуіне орай, адамзат қоғамы өмірінде пайда болып жатқан 

өзгерістер мен жаңалықтардың көптігіне және кейде олардың қауырт 

етек  алатын  сипатына  қарай  тілде  лексикалық  (атауыштық)  жаңа 

сөздердің орын алатындығы түсінікті.

Қазақ  лексикасында,  айталық,  XIX  ғасырдың  орта  тұсында 

жарық көрген Н.И.Ильминскийдің қазақ тілі сөздігіндегі сөзтізбеге 

шығарылған  сөздер  қазіргі  сөздіктегілерден  әлдеқайда  аз  болуы  – 

XIX ғасырда қазақ сөзінің сан жағынан аз болып, қазір орасан өсіп 

кеткендігін  танытпайды:  бұл  айырмашылық  сөздіктердің  сипаты-

на (мақсатына), материалдың жиналу дәрежесіне т.т. қатысты екені 

даусыз,  әйтпесе  қазақ  тілінің  лексикалық  қоржыны  ертеден-ақ  бай 

болған. Осылай дей тұрсақ та, заман өткен сайын сөздік қазынаның 

сан жағынан молая түсу тенденциясын жоққа шығаруға болмайты-

нын мойындау керек.

Фрагментарлық  түрде  немесе  өзге  тақырыпты  зерттеу  үстінде 

жол-жөнекей  сөз  болып  келе  жатқанымен,  бұл  тақырыптар  бойын-

ша өз алдына монографиялық зерттеу еңбектері әлі де жоқ. Ең үлкен 

ғылыми  нысан  (ізденіс)  –  нақты  фактілерді:  жаңа  сөздерді,  жаңа 

тұлғаларды, жаңа қолданыстарды тіркеп, оларды саралап алу болмақ. 

Бұл ретте соңғы 20-30 жыл барысында нақты жұмыс жүргізіле ба-

стады: 1973-1983 жылдарындағы қазақ баспасөзі беттерінде, ішінара 

өзге де әдебиеттерде қолданылатын жаңа сөздер немесе жаңа мағына 

үстелген  байырғы  сөздер,  қысқасы,  жаңа  ұғым  атаулары  жинасты-

рылып,  түсініктерімен,  мысалдарымен,  орыс  тіліндегі  баламала-

рымен  тіркелген  «Қазақ  лексикасындағы  жаңа  қолданыстар»  де-

ген  басылымның  алғашқы  кітабы  1985  жылы  жарық  көрсе,  оның 

толықтырылған, яғни кейінгі жылдарда орын алған жаңа сөз бірліктер 

жиналған 2 және 3-басылымдары 1990, 1992 жылдары көпшілік на-

зарына ұсынылды.



342

Бұл  басылымдардың  «жаңа  сөздер»  деп  емес,  «жаңа  қолданыс- 

тар»  деп  берілуінің  мәні  бар.  «Қазақ  лексикасының  жаңа  сөздері» 

деп аталуы үшін олар әдеби тіл нормасына сай келіп, жазба әдебиет 

үлгілері  мен  ауызша  жұмсалатын  әдеби  тілімізде  жалпыға  ортақ 

түрінде айналымға (қолданысқа) түсуі керек. Ал баспасөз беттері мен 

радио, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында, әр алу-

ан оқулықтар мен көпшілікқолды ғылыми әдебиетте көріне бастаған 

жаңа  тұлғалардың  бәрі  сол  күйінде  сіңісіп  кетпейді.  Бұған  жаңа 

атаулардың екі-үш (кейде одан да көп) варианттары қатар түзілетіні 

де  себепкер  болады,  яғни  жаңа  ұғымның  немесе  бұрыннан  бар 

ұғымның жаңаша аталуының, әсіресе бұрын қолданып келген орыс 

сөздерін  қазақшалаудың  бірнеше  варианты  болды.  Ол  варианттар 

біраз  уақыт  әр  жерде  қатарласа  қолданыла  береді.  Мысалы,  бұрын 

«некролог» деп келген сөзді қазақшалап, бір жерде «азанама», тағы 

бірде «қазанама», келесі бір жерде «мынақып», тағы бір орындарда 

«некролог» деп осы күнге дейін қатарласа аталып келеді. Сол сияқты 

«овощъ» дегенді «жасылша», «көгеріс», «көкөніс» деп атап жүрміз.

Ал  енді  бірқатар  сөздің  варианттары  жоқ  болғанмен,  аса  сәтті 

еместігі оларды «жаңа сөз» деп тануға болмайтындығы байқалады. 

Мысалы, «газет» дегенді «үнқағаз», «стюардесса»-ны «аспансерік», 

«пассажир»  дегенді  «жүрісші»,  «включатель»  дегенді  «шыртет-

пе»  деп  жаңаша  атаудың  қаншалақты  сәтті  екенін  айту  қиын.  Сол 

сияқты «робот»-ты «құлтемір» (тіпті «көктемір» деген варианты да 

кездесіп қалды) деп жаңаша атау да – сәтті емес. Роботтар – жалаң 

темірден жасалатын «дене» емес және олардың қызметі құлдық емес, 

әдетте жаңа атау жасап тұрған сөздердің түпкі номинатив мағынасын 

сақтауы  –  шарт  емес,  дегенмен  жаңа  атау  мүмкіндігінше  беретін 

ұғымды сипаттайтындай, дұрыс танытатындай болуы керек.

Жаңа қолданыстарды өзге де тілдер тәжірибесіндегідей: мысалы, 

орыс  тіліндегідей:  «Новые  слова  и  значения»  (Словарь-справочник 

по материалам прессы и литературы 60-х годов. - М., 1971); «Новые в 

русской лексике» (Словарные материалы-77. - М., 1980, 1981, 1982); 

«Новые слова значения» (Словарь-справочник по материалам прес-

сы и литературы 70-х годов. - М., 1984) сияқты басылымдардағыдай, 

қазақ  дүниесінде  де  жаңа  қолданыстарды  тіркеп,  түсіндіріп,  мы-

салдарын  келтіріп  ұсынып  отыруды  бастағанымыз  да,  әрі  қарай 

жүргізіле беретіндігі де – құптарлық іс. Және жаңа сөздер мен жаңа 

мағыналарды  жинастыруды  кезеңдерге  орай,  айталық,  әрбір  10-15 

жыл  барысындағы  лексикалық  жаңалықтар  деп  жүргізген  тиімді. 

Мұндайда  ең  соңғы  жаңа  бірліктермен  қатар,  мұның  алдындағы 

онжылдықтарда пайда болғандарының орнығу немесе ығысу процесі 

көрінетін  болады,  бұрын  сәтсіз  шыққандарының  алмастырылғаны, 

кысқасы, «қозғалыс» сипаты айқындала түседі.



343


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет