Қорытынды
Қазіргі жалпы білім беретін мектептер реформалаудың өте күрделі
кезеңінен өтіп жатыр. Қайта түрлендірудің басты мақсаты – оқыту мен
тәрбиелеуді уақыт сұранысына қарай барынша жетілдіру, тұлғаның
дарындылығын ашуға көмектесу, шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытуға
арналған жағдайларды жасау. Бұл дегеніміз, бірінші кезекте оқушыларды оқыту
мен тәрбиелеуді жетілдірудің міндеттерін шешу, олардың жас және
психологиялық ерекшеліктерін зерттеп білу және есепке алу, олардың бойында
терең танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, жүйелі білім
негіздерімен қаруландыру болып табылады.
Тек, мектептегі білім берудің тұтас жүйесі ғана білім берудің басты негізі
болып табылады, сонымен қатар кадрлық, әдістемелік, материалдық және тағы
басқа да жағдайлар оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіншілік
береді [1].
Осы мәселелерді шешуде психология мен педагогикадан адамның жан-
жақты іс-әрекетін және оқыту үрдісінде оны дамытудың жолдарын жүйелі
зерттеуді қажет етеді. Аталмыш әдістемелік нұсқаулықтың көкейтесті негізгі
мәселесі-педагогикалық технологиялар арқылы білім деңгейін арттыру құралы
ретіндегі оқыту үрдісін дараландыру.
Аталмыш мәселеге арналған зерттеулер даралап оқыту мәселесін жан-
жақты шешудің ерекшеліктері мен ауқамдылығын растайды.
Бүгінгі күні оқыту мен тәрбиелеудің ерекше маңызды 4 түрі атап
көрсетілген: іс әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілік және денсаулықты
сақтау. Құзыреттілік жағы бүгінгі күні білім беру жүйесінің барлық
буындарына еніп, кәсіби орнықтылық пен оңтайлы әлеуметтік бейімделуді
қамтамасыз ететін кәсіби және тұлғалық сапалардың қажетті жиынтығының
білім алушының бойында қалыптасуын болжайды. Құзыреттілік жағын іске
асыруда мұғалімдерде түрлі құзыреттіліктердің қалыптасуын, соның ішінде
педагогикалық жаңалыққа дайын болуларын қажет етеді. Бұл беталыстарды
педагог кадарларды даярлаудың заманауи жүйесінде есепке алып отыру қажет.
Жаңа инновациялық технологияларды, оқытудың әдіс-тәсілдерін іздеуде
догматикалық орныққан, біртекті әдістемелерден бас тартып, қоғамдық
дамудағы жаңа парадигмаға көшу қажет.
Сондықтан да, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
сұранысы бойынша Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
қолданыстағы педагогикалық технологиялардың мониторингі туралы
хабарламаға жіберілген ақпараттарды жүйелеу мен жіктеуде біршама
қиыншылықтар болды.
Жоғарыда атап өткендей (кіріспе, аталмыш әдістемелік нұсқаулықтың 1
бөлімі), сауалнамаға 2906 респондент (жеке субъектілер) және 11 білім беру
ұйымдары (ұжымдық суъектілер) қатысты.
Мониторингінің
технологиялық
карталарын,
технологиялық
процедураларын және әдістерін әзірлеу үшін оның негізгі түсініктерімен
337
байланысты бастапқы ұстанымдарын анықтау қажет.
Мониторинг нысаны мен мәніне сәйкес болып табылатындар:
педагогикалық мониторинг, педагогикалық әдістемелер және педагогикалық
технологиялар, педагогикалық инновациялар.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде заманауи
педагогикалық әдістемелер мен технологияларға педагогикалық мониторингіні
әзірлеу және өткізу үшін алдымен мониторинг ұғымын анықтау керек.
Сонымен, педагогикада мониторинг ұғымына жатады:
−
оқу үрдісін үздіксіз, ұзақ қадағалау және оны басқару;
−
оқыту мен тәрбиелеу жағдайын ұзақ бақылау және қолайсыз, қауіпті
немесе жол бергісіз жағдайлардың мүмкін болуы туралы қатысушыларды
уақтылы ақпараттандыру жолымен осы үрдістерді басқару [2];
−
педагогикалық жүйелер қызметі туралы кез келген ақпаратты өңдеу,
сақтау, беру жүйесі;
−
педагогикалық қызмет нәтижелерін қадағалау;
−
білім берудегі қандай да бір үрдісті, оның ықыласты нәтижесіне немесе
алдыңғы болжамдарына сәйкестігін анықтау мақсатында үнемі қадағалау;
−
оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін үздіксіз қадағалаудың
диагностикалық негізделген жүйесін және мектептің басқару шешімдерін,
реттеуші және түзету қызметін қабылдау [3];
−
оқушылар қызметінің нәтижелерін психологиялық – педагогикалық
қадағалау жүйесі мен педагогтар қызметінің ғылыми – әдістемелік жұмысы.
Бізге белгілі болғандай, соңғы анықтама педагогикалық мониторингінің
сипаттамасын нақтырақ анықтайды, өйткені педагогикалық қызметте айнымас
екі бағыт бар: ілім қызметі (оқушылар) және оқыту қызметі (педагогтар). Олар
бір-біріне ұмтылған екі ағым және өзара шарттастықта, сонымен қатар олар бір
-
бірінсіз әрекет етуі мүмкін емес.
Демек, білім берудің нақты тәжірибесінде қолданылатын педагогикалық
технологияларды зерделеу кезінде олардың нәтижелілігін анықтау қажет. Бір
сөзбен айтқанда, педагогикалық үрдістің сапасына қанша оңды әсер етсе,
білімалушылар қызметінің нәтижелеріне сонша әсер етеді. Сондықтан біз
әзірлеген мониторингінде оқыту нәтижелерімен байланысты ерекше тарау
көрсетілген.
Осы пікірімізді нығайту үшін педагогика ғылымында білім беру жүйесін
бағалауда жалпы қабылданған көзқарастарға қатысты тұжырымдар бойынша
шығатын бірнеше пікірлерге жүгінуді жөн көрдік:
−
үрдісті бағалау;
−
нәтижені бағалау;
−
алдыға қойылған мақсат нәтижесінің сәйкестігін анықтау;
−
жүйенің бастапқы және соңғы жағдайының ара қатынасын бағалау.
Осы жұмыстың екінші ұстанымы осы бастамаға негіз болып табылады.
Заманауи педагогикалық әдістемелер және педагогикалық технологиялар
ұғымы біздің жұмыстың келесі негізгі ұғымы болып табылады. Осы уақытта
осы екі түсінік тағы анық шектелген, олар көбінесе бір синонимиялық қатарда
338
айталады, осы мағынаны ғалымдар өз жұмыстарында атап көрсеткен. Сонымен
бірге, «технология» ұғымы «әдістеме» ұғымына қарағанда кеңірек ауқымды
және жоғары деңгейдегі феномен блып саналады. 11-кестеде көрсетілген
материалдар осыны растайды.
11-
кесте – Оқыту (тәрбиелеу) әдістемесінен педагогикалық технологиялардың
негізгі ерекшеліктері [4].
Педагогикалық технология
Оқыту (тәрбиелеу) әдістемесі
1
2
1. Педагогикалық технология әрқашан кейбір
алгоритм
ретінде
сипатталуы
мүмкін
(педагогтың және оқушының ұштасқан
әрекетінің тізбегі, кезеңдер мен сатылар
жиынтығы).
1. Әдістемеде әрқашан қызметтің
нақты алгоритмін анықтауға
болмайды.
2. Педагогикалық технология мақсаттардың
диагностикалық қойылуын талап етеді. Оқыту
(тәрбиелеу)
мақсаттары
диагностикалау
арқылы қалыптастырылады, нақты нәтиже
арқылы – («түсінікті ... қалыптастыру»,
«дағдыны жинақтау» және т.б.) түсіндіріледі.
2. Әдістемеде педагог жиірек
оқыту (тәрбиелеу) мақсаттарын
меншіктік қызмет арқылы немесе
зерделенетін мағына арқылы
(«оқушыларды үйрету...»,
«материалды оқып білу...»)
түсіндіреді.
3.
Педагогикалық
технология
әрқашан
концептуалды, яғни нақты философиялық,
психологиялық,
педагогикалық,
нейрофизиологиялық, этикалық концепция
негізінде әзірленеді.
3. Әдістеме - нақты ғылыми
тұжырымға сирек сүйенеді. Ол
практикалық тәжірибеден жиі
шығарылады.
4. Педагогикалық технология әмбебап, яғни
барлық немесе қалай болғанда да көптеген
пәндерде қолданылуы мүмкін.
4. Әдістеме - анықтама бойынша
пәнді, яғни оны қолдану бір оқу
пәнімен немесе жақынтуыстық
пәндердің
кішкене
санымен
шектеледі.
5. Педагогикалық технологияның қасиеті –
жүйелі шұғыл кері байланыстың болуы. Ол
дегеніміз мұғалімнің нақты көрсеткіштер
негізінде барлық оқушылар қызметінің аралық
нәтижелерін үнемі бақылау (ол үшін тестілер
жиі қолданылады).
5. Әдістемеде жиірек эпизодтық
бақылау қолданылады, яғни
әртүрлі сұрақтар бойынша әр
күндері оқушылар сұралады.
6. Педагогикалық технологияны қолдануда
ереже ретінде білім мағынасын нақты өңдеуді
талап етеді. Ол дегеніміз, осы технологияға
сәйкес мұғаліммен оқу материалы өңделеді
(қайта құрылады)
6. Оқыту әдістемесі ереже
бойынша материалдың мәнін
қозғамайды.
339
7.
Педагогикалық технология қолдану
қасиетіне ие, яғни оны кез-келген мұғалім өз
жұмысында қолдана алады және табысты
нәтижеге жете алатын болады.
7. Оқыту (тәрбиелеу) әдістемесі
сол әдістеме авторының тұлғалық
ерекшеліктерімен
тығыс
байланысты
және
басқа
мұғалімдер
қолданған
кезде
қиындық туады (бірақ әдістеменің
жеке
элементтерін
технологиялануы мүмкін).
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде заманауи
педагогикалық әдістемелер мен технологияларды әзірлеу кезінде осы
салыстырмалы талдауларды ұсынған ғалымдармен келісе отырып, біз оның
құрылымының екі үлкен тарауын айқындадық: жүйелі технологиялар және
локальды технологиялар.
Олардың алғашқылары мынадай крийтерилерге сәйкес келеді:
−
нәтижелілік, әрбір білімалушы жоғары нәтижеге жеткен кезде;
−
үнемділік, уақыт бірлігі кезінде оқытушы, сол сияқты оқушы тарапынан
артық күшсіз оқу материалдарының үлкен көлемі анық игеріледі;
−
эргономиялық, оқыту қолайлы ортада, әріптестік жағдайында, оңды
көңіл күйде, сол сияқты жүктеме және мөлшерден тыс шаршаудың болмауы
кезінде өту кезінде;
−
пәнді оқып үйренуге жоғары уәждемені құру, оқушының оңды тұлғалық
қасиеттерін анықтау және дамытуға, резервтік зияткерлік және психологиялық
мүмкіндіктерді ашуға мүмкіндік береді;
−
басқарушылық (педагогикалық технология әрқашан диагностикалық
мақсатқа жету, жоспарлау, педагогикалық құралдарды түрлендіру, нәтижелерді
бақылау және түзету мүмкіндігін болжайды [5-27].
Осыған сәйкес мониторингінің бірінші құрылымдық блогында білім беру
ұйымдары ауқымында қолданылатын технологиялар көрсетілген, яғни онда
ұжымдық субъект іске қосылған (мектептің барлық педагогикалық ұжымы
немесе мұғалімдердің шығармашылық тобы енген).
Технологиялардың екінші блогі көп дәрежеде жоғарыда 1-кестеде
көрсетілген педагогикалық әдістеме белгілеріне сәйкес келеді. Басқаша
айтқанда, осы құрылымдық тарауда жеке оқытушылармен (ұжымдық емес,
жеке субъект) оқу – тәрбие үрдісінде қолданылатын біз әзірлеген
мониторингінің сол технологияларды (әзірлемені) қолдану жолдарын
көрсететін материалдар жинақталған.
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде қолданылатын
педагогикалық әдістемелер мен технологияларды талдау кезінде екі
жағдайларды басшылыққа ала отырып, біз зерттеу жұмысымызда мынадай
құрылымдық компоненттерді ескердік:
−
мақсатты компонент (оқыту, тәрбиелеу, оқушылардың дамуы
диагностикалық қалыптастырылған мақсаттары);
−
концептуалды компонент (осы технологиялардың методологиялық
340
негізін
құраушы
философиялық,
психологиялық,
педагогикалық
тұжырымдамасы немесе тұжырымдамалар (концепциялар));
−
мағыналы компонент (оқу материалының мағынасы, арнайы оқу немесе
тәрбиелік тапсырмалар);
−
процессуалдық компонент (мұғалім және оқушы ұштасқан қызметінің
кезеңдері мен сатылары және әрбір кезеңде қолданылатын әдістер, тәсілдер,
құралдар және оқыту немесе тәрбиені ұйымдастыру түрлері);
−
диагностикалық компонент (оқыту және тәрбиенің алдыға қойған
мақсаттарына жету дәрежесін өлшеу үшін диагностикалық әдістемелер
жинағы).
Аталмыш әдістеменің келесі негізгі ұғымдарының біріне педагогикалық
инновация ұғымы жатады. Осы ұғымның мәнін ашу контексті білім үрдісін
технологизациялау субъектілерінің инновациялық – педагогикалық қызметі
болып табылады. Соған байланысты біз бірнеше санаттар қатарын талдадық:
«қызмет», «педагогикалық қызмет», «инновациялық қызмет», «инновация»,
«инноватика», «жаңашылдық», «жаңалық енгізу», «педагогикалық инновация»,
«педагогикалықжаңашылдық», «инновациялық білім», «инновациялық оқыту»,
«инновациялық үрдістер» және т.б.
Осы қатардағы негізгі орталық болып педагогикалық қызмет санаты
табылады. Педагогикалық қызмет санаты заманауи ғылымдарына негізделіп
әзірленген. Ол туралы мәнін тану оның эволюциясы куәлендіреді, қызмет
ұғымы екіжақты рөлді атқарады: 1) дүниетанымдық, түсіндірме принципі және
2) әлеуметтік ғылымдар қатарының методологиялық негіздемесі, онда адам
қызметі – зерттеу нысаны болып табылады.
Оның анықтамасын талдау ең алдымен жалпылау сипаттарында қоршаған
дүниеге қарым-қатынасының арнайы адами түрі туралы түсінік береді, оның
мәні сол өзгерудің және қайта құрудың жөнділігінен тұрады. Адамның қызметі
қызметті қарама - қайшы қоюдың нақты субъектісі мен объектісін болжайды:
материал ретінде қызмет нысанын адам өзіне қарама- қарсы қояды, ол жаңа
форма және қасиеттерден туындауы керек, ал туындаған материалдан қызмет
өніміне айналады. Қызмет мақсаттан, құралдан, нәтижеден және үрдістің өзінен
тұрады. Демек, оның саналылығы қызметтің ажырамас сипаттамасы болып
табылады. Егер қызметтің негіздемесі саналы қалыптасатын мақсат болып
табылса, онда мақсаттың өзінің негіздемесі адами дәлелдер, идеалдар және
құндылықтар саласында қызметтен тыс жатады. Заманауи ғылыми –
техникалық даму тек өнер немесе руханилық саласындағы қызмет қана емес,
сонымен бірге ғылыми-танымдық қызмет оның рухани бағдарларына
байланысты, адами тіршілікке оның әсерінен өзінің мағынасын алады. Басқа
жағынан біресе адами болмыстың жоғары мағынасын тасымалдаушы рөлінде
болса, біресе қажеттілік құқығында бола тұра, бірақ өмірдің қадірлі емес
жағдайларында басқа әлеуметтік факторлар қызметтің өзіне тәуелділігіне,
мәдениеттің
әртүрлі
түрлерінде
оның
маңызы
түрліше
орын
алатынын білдіреді.
Біз қарастырған мәселелер кеңістігінде барша педагогикалық қызметтің
341
көптеген жіктеулерінің формаларынан (рухани және материалдық, өндірістік,
еңбек және еңбек емес) ең маңыздысы репродуктивті және өнімді қызметтің ара
салмағы болады (белгілі құралдармен әлдеқашан белгілі нәтиже алуға
бағытталған), өйткені соңғы форма жаңа мақсаттарды өндірумен байланысты
және оларға тиісті құралдармен немесе жаңа құралдар көмегімен белгілі
мақсаттарға
жетумен
байланысты
шығармашылықты
болжайды.
Педагогикалық көріністерде қызметтің шығармашылық бастауы оның
инновациялық сипатын атауландырмайды, яғни жаңа нәтижелерге жету,
құралдар оларды алу тәсілдері, дәстүрлі қызметтің кертартпа компоненттерін
жеңу [28]. Оны инновациялық қызметтің тағы бір анықтамасы растайды, яғни
әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде түсіндіруші, оның шығармашылық
әлеуетін көрсетуші және нормативтік қызметтің шегінен шығушы ретінде
сипатталады [29]. Сонда, біз алдымен оның шығармашылық құрамының
үстемділігін білетін боламыз. Ол педагогикалық қызмет нәтижелерінің бағалау
механизмін әдістеу үшін ерекше маңызға ие, соның ішінде педагогикалық
технологияларды әзірлеу және қолдану.
Қызметтің қайта өзгерту мағынасын түсіне отырып, ол абсолютті нұсқада
кез-келген педагогикалық қызметтің инновациялығына да үміттене алатынын
біз алдымен педагогикалық инновациялар табиғатын терең зерделеп, осы
ұғымдарды межелеп бөлуді шештік.
Осындай зерделеу «жаңашылдық» ұғымы «жаңалық енгізу» ұғымымен
«нәтиже ↔ үрдіс» ретінде ара қатысын белгілеуді көрсетті:
−
жаңашылдық – жаңа тәртіп, жаңа дәстүр, жаңа әдіс, жаңалық ашу, жаңа
құбылыс [30];
−
жаңалық енгізу – жүйенің бір жағдайдан басқа жағдайға ауысуын
көрсететін жаңа тұрақты элементтерді енгізетін ортаға енгізуші мақсатты
өзгеріс [31-34].
Және «педагогикалық жаңалық» ұғымымен де соған ұқсас сипаттама
(ғылыми және практикалық шығармашылықтың, алдыңғы қатарлы мұғалімдер
тәжірибесінің қорытындысы) және «педагогикалық жаңалық енгізу» бірнеше
сипатта айтылады:
−
білім саласына жаңа тұрақты элементтер (жаңашылдықтар) енгізетін
мақсатты өзгерістер, жеке тарауларға, компоненттерге және біртұтас жүйе
ретінде білім беру жүйесінің өзінде заманауи және жаңартылған әзірлемелер
құрамында болуы;
−
жаңашылдықты игеру үрдісі (жаңа құралдарды, әдісті, әдістемені,
технологияларды және т.б.);
−
ізгі әдістемелерді және бағдарламаларды іздестіру, оларды білім беру
үрдісіне енгізу және оларды шығармашылықпен қайта толғану.
Жаңалықты енгізудің соңғы анықтамасы ғылыми – зерттеу қызметіне
тиісті, өйткені «ізгі әдістемелерді іздестіру» кез-келген ғылыми ізденіске
ұмтылыс идеалығымен ықпалдасқан, ал «шығармашылықпен қайта толғану»
тең шамада ғылыми – зерттеуге де және тәжірибелік қызметке де жатады. Және
тағы да біз қызметтің шығармашылық құраушысымен түйісеміз. Бірақ,
342
жаңашылдықты енгізу үрдісінде сол қызметтің қайта өзгерту бастамасына
қарағанда генерирленген сипатта болады. Біздің пікіріміз осы «жаңашылдық»
және «жаңалық енгізу» жіктемелерімен жақынырақ таныссақ нақтыланады:
Педагогикалық жаңашылды жүргізу бойынша жіктемесі:
1)
шыққан жері бойынша (ғылымда немесе тәжірибеде);
2)
шыққан уақыты бойынша (тарихи немесе заманауи);
3)
күту, болжау және жоспарлау дәрежесі бойынша (күтілетін және
күтпеген, жоспарланған және жоспарланбаған);
4)
енгізу
мүмкіндіктері
бойынша
(уақытылыжәне
мезгілсіз,
салыстырмалы жеңіл енгізілетін және қиын енгізілетін);
5)
педагогикалық білім саласы бойынша (дидактикалық, тарихи-
педагогикалық, мектептанужәне т.б.);
6)
жаңашылдық дәрежесі бойынша (абсолюттік және салыстырмалы);
7)
педагогикалық үрдістерді қайта құру дәрежесі бойынша (түпкілікті
және бірен –саран өзгертулер енгізуші);
8)
педагогикалық жүйеге қатысты (жүйелі және жүйелі емес);
9)
біртумалылығы бойынша (біртума және төмен біртумалылығы) [35].
Жаңалық енгізуді жіктеу үшін негіздемелер болып табылады:
1)
қызмет түрлері – педагогикалық, қамтамасыз етуші, басқарушы;
2)
өзгертулер нысаны – ресурстық, технологиялық және өнімдік;
3)
енгізілетін өзгертулер сипат – радикалды (принципиалды жаңа ойлар
мен әдістерге негізделген), комбинаторлық (белгілі элементтерді жаңаша
тіркестіру), модифицирленген (жетілдіруші және толқытырушы бар үлгілер мен
формалар);
4)
енгізілген өзгертулердің ауқымы – локалды (жеке учаскелер немесе
компоненттердің бірі бірінен тәуелсіз өзгерістері), модульдық (бірнеше
локалды жаңалық енгізудің өзарабайланысты және өзара келістірілген тобы),
жүйелік (тұтас ретіндегі жүйені толық қайта құру);
5)
қолдану ауқымы – жеке және диффузды (өзарасіңісуші; таралған және
жайылған; анық емес, көмескі);
6)
шығу көзі – сыртқы (білім жүйесінен тыс), ішкі (білім жүйесі ішінде
әдістеледі) [3].
Осы ғылыми материалды біз адами қызметтердің шығармашылық және
қайта жасаушы құрамының қиындығы мен күрделілігін көрсету мақсатында
бердік. Кілт сөздер деңгейінде де (жаңашылдық және жаңалық енгізу) біз
нәтижелілік және процессуалдық феномендердің қиысуын алдық. Осы деңгей
«инновация (педагогикалық)» және «инноватика (педагогикалық)» ұғымдарын
енгізумен күрделенеді:
−
педагогикалық инновация – педагогикалық қызметке жаңалық енгізу,
олардың тиімділігін арттыру мақсаты бар оқыту мен тәрбие технологиясы
мазмұнына өзгеріс енгізу [36];
−
педагогикалық инноватика – педагогикалық қызметті, оның
принциптерін, заңдылықтарын, әдістерін және құралдарын жаңартуүрдісін
зерттейтін педагогикалық ғылым саласы [37].
343
Сонымен, толық ғылыми саланың – инноватиканың (педагогикалық) пайда
болуы біз талданған ұғымдардың күрделілігіне себепші болды. Оның
теориялық әдістемелері «инновациялық білім» «инновациялық оқыту»
ұғымдары ең кең зерттеулер шеңберімен қолданылуда көрініс тапты. Олардың
біріншісі жеке адам ретінде, сол сияқты толық қоғам ретінде жаңа қызмет түрін
ынталандыратын және жобалайтын сондай оқу және білім беру қызметінің
үрдісі және нәтижесі түсініледі [38]. Екінші ұғым – инновациялық оқыту –
ғалымдардың ең көп назарына болып және былай айтылады:
1)
дәстүрлі, нормативтік оқытуға қатысты альтернативті білімді игерудің
ерекше түрі;
2)
мұғалім ұстанымын демократизациялау арқылы мұғалім мен оқушылар
тұлғасын дамытуды қамтамасыз етуші үрдіс және оларды біріккен
шығармашылық, өнімді қызметке енгізу;
3)
зияткерлік-коммуникативтік қызметті және креативтікті дамыту
деңгейін арттыру негізінде көмескі болашаққа жоғары даярлықты білдіретін
оқу әріптестігінің сипатын өзгерту;
4)
Жаңа жағдайларда біріккен әрекеттерге білімалушылар қабілеттерін
дамытуды тұспалдаушы білімді игерудің ерекше түрі;
5)
Ғылыми және мәдениеттану білімдерін қолдану негізінде оқытудың
мақсатты жобалау үрдісі;
6)
тұлға дамуының мақсатты ұйымдастырушылық жағдайы; онда болашақ
та жобаланады және осы болашақты жүзеге асыруға даярлық, ол «ертеңге
оқыту» [28].
Осы бекітулердің ауқымдылығына және негізделуіне күмән келтірмей, біз
тек қана олардың педагогикалық инноватиканы әрі қарай дамыту үшін оның
шыққан жері ретінде қана белгілейміз, онда «инновациялық-дидактикалық
қызмет» ұғымы соңғы анықталардың бірі болып табылады. Мұғалімнің зерттеу
мәдениетін қалыптастыру мәселесін әзірлей отырып, Ш.Таубаева осы контексте
мұғалімнің және оның өзідігінен білім алуының 3 кәсіби саласын бөлді,
олардың бірі ғалымның пікірі бойынша инновациялық-дидактикалық қызмет -
мұғалімдер және т.б. үшін оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу –
әдістемелік құралдарды, әдістемелік нұсқауларды жобалау және әзірлеу [28].
Инновациялық-дидактикалық қызмет ұғымы білімнің нақты тәжірибесінде
қолданылатын педагогикалық әдістемелер мен технологиялар мониторингін
әзірлеу кезінде негіздемеге алынды.
«Қайта өзгеруші қызмет» және «инновациялық қызмет» ұғымдарына қайта
ораламыз. Оларды межелеуге негізгі шығармашылық жұмыстың табиғаты
жатыр.
Бірінші
жағдайда
шығармашылық
еркіндігі
дәрежесінде
шығармашылық деңгейінде мақсатты тапсырмалардың берілуімен анықталады,
атап айтқанда, осы қызметтің (қайта құрушы) саналылығы мен
басқарушылығы. Шығармашылықтың инновациялық қызметінде идеяларды
генерациялау сипатында болады, ол көбінесе кенттен, басқарусыз, мақсатсыз
шығатын идеялар, жаңа стильді және жаңа бейнені генерациялау деңгейінде
шыға отырып, соңындағы пайымдау үрдісінде осы мақсаттарды және
344
бағдарларды өзі қоюымен ерекшеленеді.
Сонымен, педагогикалық инновациялар табиғатын, педагогикалық
технологиялардың мәнімен ара қатынасын белгілеуді зерттеуде инновациялық
білім ретінде оның мәнін түсіну үшін бізге толық негіздеме қате болды, яғни:
−
біріншіден, ол педагогтар үшін де және білімалушылар үшін де жаңа оқу
және білім беру қызметінің түрі;
−
екіншіден, педагогикалық әріптестік сипатын өзгерту болады;
−
үшіншіден, ол «ертеңгі күннің» оқуы.
Білім беру үрдісінде педагог әрқашан жетекші тұлға болып қалады.
Сондықтан білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерді ұйымдастыру үшін
үнемі және қарқынды дамушы педагогикалық қызметтегі оның біліктілігі, оның
кәсіби даярлығы, жеке меншік қызметті жүзеге асыруға оның дайындығы
маңызды мәнге ие болады.
Осы
себепшарттар
біздің
зерттеу
жұмысымызда
Қазақстан
Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде қолданыстағы
педагогикалық әдістемелер мен технологиялардың мониторингін әзірлеу
кезінде ескерілген болатын.
Жолданған материалдарды талдаудың барысында анықталғаны:
-
мұғалімдер көбінесе әдістеме мен технология арасындағы негізгі
ерекшеліктерді білмейді, өйткені онда әдістеме ретінде мұғалімге дайын
тақырыптық жоспар ұсынылады, ал «... технологияда алдымен оқытудың
мақсаты туралы біздің ұғымымыз технологияланады. Технологияда ең бастысы
–
мақсатқа жетеді немесе мақсатқа жетпейді, осының өзі технологияның
тиімділігі болып саналады» [1]. Сондықтан да, мониторингінің әдістері мен
технологиялық процедураларын таңдау кезінде, зерттеудің таңдау
жиынтықтарын анықтау барысында тура сауалнамалауға тоқтауды жөн көрдік
және оған мектеп мұғалімдері де тікелей қатыса ады. Педагогикалық
технологиялар процессуалдық санат болып табылады және қызметтің нақты
жүйесінен тұрайды. Заманауи технологиялардың шығуы және таратылуы оның
қызметінің өзгеруін, мақсатты тұрақтылықтардың, құнды бағдарларының,
нақты білім, білік, дағды мен шеберліктерінің қайта құрылуын білдіреді.
Сондықтан да, осы инновациялық үрдістер ең алдымен педагогикалық
ойлаудың инерттілігін жеңуді талап етеді;
−
білім беретін мектептердің мұғалімдері өздерінің жұмысында негізінен
сыни ойлау технологияларын, мәселелік оқыту, тұлғалық – бағдарлы оқыту,
әртүрлі деңгейлі тапсырмалар, модульдік оқытуды қолданады, соның ішінде
ҒЗМ жеті модулі технологиясын, жобалық – зерттеу оқытуы, сондай –ақ
ақпараттық – коммуникативтік, ойын технологияларын, оқытудың
денсаулықты сақтап қалушы технологиялары, аса белгілі емес кейс –стади,
Давыдовжәне Элькониннің дамыта оқытуы, әріптестік және диалогтік қарым –
қатынас технологиялары, В.К. Дьяченко бойынша КСО; оқытудың
конструктивистік теориясы; В.Ф. Шаталовтың сұлбалық және таңбалық
модельдер негізінде оқытудың интенсивтендіру технологиясын;
−
респонденттердің жұмыстарын зерделеу негізінде Интернет-ресурстар
345
материалдарын жиірек қолданған, бұл ретте сол немесе басқа технологияны
жеке- шығармашылық қабылдау байқалмайды, яғни нақты оқу жағдайларында
мұғалімдермен қолданудың жеке тәжірибесін тіркеу күтілген болатын
(мектептің, пәннің және т.б. ерекшеліктерін ескерумен);
−
мұғалімдердің берген мәліметтері бойынша көрсетілген технологиялар
соңғы 5-7 жылда қолданыла басталған, бірақ сауалнамада соңғы 15-20 жыл
сұралғанына қарамай, өйткені сол немесе басқа технологиялардың білім беру
үрдісінде қолдануда алшақ уақыттағы нәтижелердің бар екендігі анықталды
(педагогикалық үрдісте тез нәтижелер болмайды);
−
соның салдарынан, мұғалімдерге сол немесе басқа технологияларды
қолданудың нәтижелілігін бағалауға мүмкіндік болмады, олардың бағалау
бойынша ой –пікірі егжей – тегжейлі және аналитикалық емес жалпылама және
сипаттаушы болды, басқа сөзбен айтқанда көптеген мұғалімдер сол немесе
басқа критерилер бойынша көрсеткіштер қарқынындағы оқыту нәтижелерін
байқауда, алынған нәтижелерді талдауда, табыстылықты бекіту және
ағаттықтарды жою және т.б. бойынша әрі қарайғы әрекеттерін болжауда
өздерінің шеберліктерін көрсете алмады, сұрастырылғандардың 10% басқалары
оқыту нәтижелеріндегі көбеюдің пайыздық ара салмағын көрсетуге тырысты;
−
атап айтқанда мұғалімдердің осы үлесі (10%) ол немесе басқа
технологияларды тәжірибелік қолдануы бойынша нақты ұсыныстар берді.
Жіберілген эссені талдау барысында сондай –ақ жоғары санаты және 20
жылдан аса өтілі бар мұғалімдер кәсіби шеберліктерін арттыруға аз уәждеме
танытты, ал төменірек біліктілік санаттарымен (1-ші бірінші және 2-екінші)
және 20 жыла дейінгі өтілдерімен өздерінің эсселерінде инновациялық
қызметке үлкен ниеттерін танытады, яғни сол немесе басқа педагогикалық
технологияларды қолдану тұрғысынан өздерінің әрі қарайғы ниеттерін
білдіреді. Сол сияқты бастауыш сыныптар мұғалімдерінің жоғары белсенділігін
атап өткен жөн.
Яғни, негізгі кезеңге тек ғана педагогтардың инновациялық қызметке
даярлықтары ғана емес, сонымен қатар олардың инновациялық-шығармашылық
белсенділіктері де енеді.
Еліміздің педагогикалық ұжымының алдына қойылған міндет - мектеп
түлектерін сәтті әлеуметтендіре отырып, олардың саналы түрде болашақта
атқаратын қызметтеріне байланысты сол мамандыққа саналы түрде
даярлықтарын қалыптастыруға арналған мүмкіншіліктерді құру. Яғни,
оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларының жылдам қарқынмен
енгізілуіне байланысты еліміздің педагогикалық қауымдастығының кәсіби
құзыреттіліктерін арттыру бойынша жүйелі жұмыстарды талап етеді.
Жоғарыда көрсетілген қорытындылар бойынша, ұсыныс:
1. «Педагогикалық әдістеме» және «педагогикалық технологиялар»
ұғымдарының мынадай ара-қатынасы қабылдансын: біріншісі екіншісіне
«жеке» «жалпыға» ұқсастық бойынша жатады, бұл ретте біріншісі белгілінің
стандартты жағдайға қолдануын ұйғарады, ал екіншісі – оқыту мақсаттарынан
шығатын стандартты емес жағдайлар үшін жаңа шешімдерді іздестіру.
346
2. Педагогикалық мамандықтар білім беру бағдарламаларында педагогика
және пәнді оқыту әдістемесі курсында тиісті тақырыптарды өту кезінде
негіздеме
ретінде
жоғарыда
көрсетілген
ұғымдардың
дәл
осы
түсініктемелерін алу.
3. Педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын әзірлеу
кезінде инновациялық-педагогикалық қызметке болашақ мұғалімдердің
даярлығын қалыптастыру мақсатын ескеру, атап айтқанда инновациялық –
зерттеу мәдениетін.
4. Педагогикалық технологияларды қолдану үрдісін, олардың
нәтижелілігіне талдау, сол немесе басқа педагогикалық технологияларды
қолдану салдарын болжауды сипаттау бойынша тренингілік сабақтарды ескере
отырып мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру курстарын жоспарлау.
5. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептерде
қолданылып жүрген заманауи педагогикалық технологиялар мен
әдістемелердің мониторингін кешенді және жүйелі негізде өткізу.
6. Зерттеу қызметіне мұғалімдердің мотивациясын арттыру және олардың
инновациялық белсенділігін күшейту мақсатында олардың жұмыс өтілдері мен
біліктілік санаттарын ескере отырып сайыстар, фестивальдар, педагогикалық
технологиялар панорамаларын өткізу.
347
|