ОҚытудың педагогикалық технологиялары: ТӘжірибе, инновациялар, енгізу



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата29.01.2017
өлшемі2,84 Mb.
#2946
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ:  
ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛАР, ЕНГІЗУ  
 
Әдістемелік құрал  
 
1-
ші бөлім  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2015  

 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 
баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)  
 
 
Оқытудың  педагогикалық  технологиялары:  тәжірибе,  инновациялар, 
енгізу.  Әдістемелік  құрал.  1-ші  бөлім.  –Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы 
Ұлттық білім академиясы, 2015. – 353 б.  
 
 
Бұл  әдістемелік  нұсқаулықта  білім  беру  жүйесінде  нақтылы  іс 
тәжірибелерде  қолданылып  жүрген  заманауи  педагогикалық  технологиялар 
ұсынылған.  Бұл  технологияларды  білім  беру  ұйымдары  мен  жекеленген 
ұстаздар өздерінің педагогикалық іс-тәжірибелерінде қолданатын, желілі және 
жүйелі  педагогикалық  технологияларды  зерттеп  білуге  бағытталған 
мониторинг негізінде ұсынылып отыр.  
Әдістемелік  нұсқаулық  облыстық  (аудандық)  әдістемелік  орталықтардың 
әдіскерлері  мен  басшыларына,  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  мен 
мектеп мұғалімдеріне арналған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2015  
 

 

Мазмұны  
 
1-
ші бөлім  
Кіріспе................................................................................................................. 

1 Желілік технологиялар (бір мұғалім деңгейінде қолданылған)............... 

Қорытынды.........................................................................................................  337 
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................  348  
 
 
2-
ші бөлім  
Кіріспе................................................................................................................. 


Жүйелік инновациялық педагогикалық технологиялар………………… 

2.1 
Қазақ қыздар гимназиясы – ұлттық тәрбие жүйесінің моделі................ 

2.2 
Диалогтік оқыту тәсілін тиімді пайдалану арқылы сөйлеу мәдениетін 
жетілдіру және басқару жүйесін оңтайландыру............................................ 
 
47 
2
.3 Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы ғылымдарды тиімді 
интеграциялау................................................................................................... 
 
93 
2.4 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы, № 4 мектеп-гимназия 
Астана қаласы.................................................................................................... 
 
97 
2
.5 Үш тілде оқытуды жүргізу.........................................................................  126 
2.6 
Ойлау белсенділігі жағдайының әдістемесі.............................................  178 
2.7 
Оқытудың конструктивтік теориясы.........................................................  214 
2.8 «
Тірек мектеп (ресурстық орталық) жағдайында беру үдерісін 
технологияландырудың педагогикалық негіздері»...................................... 
 
249 
Қорытынды.........................................................................................................  407 
Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................  418  
 
 
 
 
 

 

Кіріспе  
 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің заманауи 
жағдайларда қалыптасуы, орта және жоғарғы мектептерді демократияландыру 
мен ізгілендіру, білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты жас ұрпақты 
оқыту  мен  тәрбиелеудің  сапалығы  мен  тиімділігін  арттыру,  нарықтық 
экономика жағдайында оларды еңбек пен қоғамдық өмірге даярлау көкейтесті 
мәселелердің біріне айналып отыр.  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында,  Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  және  басқа  да  маңызды  стратегиялық 
нормативтік  құжаттар  мен  заңға  тәуелді  актілерде  білім  беру  жүйесінің 
көкейтесті міндеттері ұсынылған:  

 
білім беру бағдарламаларын меңгеруге арналған жағдайларды жасау;  

 
тұлғаның  табиғи  және  рухани,  шығармашылық  мүмкіншіліктерін 
дамытуға, адамгершілік қасиеттері мен салауатты өмір салтын ұстанудың берік 
негіздерін қалыптастыруға, ақыл-ойды байытуда даралықты дамытуға арналған 
жағдайларды жасау» [1; 2].  
«Қазақстанның  30  дамыған  мемлекеттердің  қатарына  қосылуы»  атты 
Еуразиялық  форумда  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев:  «білім  беру  ғылымды  қажет 
ететін экономика құрудың шешуші құралы ретінде білім беру жүйесінің барлық 
деңгейлеріндегі  жаңа  сапаға  бағдар  ұстануы  тиіс.  Ол  –  барлық  балалар  үшін, 
соның  ішінде  ата-аналарының  әлеуметтік  мәртебесі  мен  материалдық  әл-
ауқатына қарамастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін мектепке дейінгі білім беру 
мен тәрбиенің қолжетімділігі. Ол – орта және кәсіптік-техникалық және жоғары 
білім беру сапасының жоғары деңгейі. Білім беру жүйесі тек білім беріп қана 
қоймай, сонымен бірге оларды тәжірибеде қолдану үшін қажетті дағдыдлар да 
қалыптастырып,  оқытудың  қазірзі  заманғы  тәсілдерін  тұрақты  түрде  енгізіп, 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  белсенді  пайдалануы  тиіс» 
деген [3].  
«
Қазақстан  қоғамының  қазіргі  геосаяси,  экономикалық  және  әлеуметтік 
жағдайы,  әлемдік  білім  кеңістігіне  кірігуі  Қазакстан  Республикасынын  жалпы 
орта  білім  жүйесін  жаңғыртуды,  атап  айтқанда,  орта  білім  мазмұны  мен 
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап 
етеді».  Қазақстанның  12  жылдық  білім  беруге  көшуі  білім  беру  мен 
тәрбиелеудің  жаңа  ұйымдастырушылық  формалары  мен  әдістерін  іздеуге 
мүмкіндік береді [1, 4].  
Мектеп  оқушыларының  білім  мен  дағдының  жоғары  сапалы 
көрсеткіштеріне  жету  үшін  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруды  заманауи 
тұрғысынан қарастыру қажет, яғни білім алушыны оқытуда жеке стратегияны 
таңдай  білуге  және  сыни  тұрғысынан  ойлауын  дамыту,  озық  ақпараттық-
коммуникативтік технологияларды қолдануға үйрету.  
Әлеуметтік  тапсырысты  жүзеге  асыру  мақсатында  республикамызда 
оқушылардың ақыл-ой, рухани және табиғи әлеуетін, олардың жеке қабілеттері 

 

мен  қызығушылықтарын,  мүмкіншіліктерін  ашуға  бағытталған  білім  беру 
құрылымдарының инновациялық түрлерінің желісі құрылды және күннен-күнге 
кеңейтілуде  (Назарбаев  интеллектуалдық  мектептері,  лицейлер,  гимназиялар, 
жеке  меншік  және  көпсалалы  мектептер,  бірқатар  оқу  бағдарламаларын 
тереңдетіп  оқытуға  бағытталған  мектептер  (сыныптар)  және  т.б.).  Білім  беру 
мазмұны,  оқытудың  ұйымдастырушылық  формалары  мен  әдістері  адекватты 
трансформацияға  ұшырап,  ең  бастысы  оқушының  оқу-танымдық  қызметін 
саралау мен дараалуға бағытталды.  
Соған  орай,  жалпы  педагогикалық  іс  тәжірибеде  қолданатын  іс 
шаралардың  жеткіліксіздігі,  жалпы  мектепішілік  жағдайда  жекеленген 
даралықты  жүзеге  асыруда  педагог  қызметкерлер  дайындығының  төмендігі 
(әсіресе  оңтайландыру  саясаты  жағдайында,  сыныптар  санын  көбейту  және 
педагогтар санын  азайту),  сабақты  өткізгенде жеке оқушылармен фронтальды 
тексеру  жұмыстарының  жүзеге  асырылмауы,  қолданылып  келе  жатқан  білім 
беру  режімінде  даралап  және  саралап  оқытуды  барынша  жүзеге  асырудың 
шектелуі немесе мүмкінсіздігі туралы куәландырады.  
Сондықтан,  педагогикалық  іс  тәжірибеде  оқу  үрдісін  дараландыру 
мәселесін  шешуде  негізгі  тежеуіш  ретінде  педагог  қызметкерлердің  даралап 
оқытуды  жүзеге  асырудың  ғылыми-теориялық  және  қолданбалы  аспектілерін 
білмеуінің салдарынан оның жүйесіз жағы үстемдік етуде.  
Осы  жағынан  алып  қарасақ  совет  өкіметі  кезеңінде  дамыған  отандық 
педагогика  мен  мектептердің  шетелдік  іс  тәжірибені  ескермеуі  және 
дүниежүзілік  тәжірибе  мен  зерттеулердің  жетістігін  түсінбеуі,  ағартушылық 
жағының болмауы өзінің кері әсерін тигізіп отыр.  
Жаппай  білім  беру  тәжірибесінің  арнайы  зерттеулерін  оқып,  талдау 
барысында анықталғаны, біздің мектептер толық дамыған тұлғаны дамыту мен 
қалыптастыруда  оқушының  даралығын,  оның  табиғи  мүмкіншіліктері  мен 
жалпы  және  арнайы  қабілеттерін  ашу  мен  іске  асыруда  хабардары  аз. 
Оқытудың  қолданыстағы  жүйесі  оқушының  тұлғалық  және  ақыл-ой  әлеуетін 
толығымен  дамытуда  даралап  оқытуды  жүзеге  асыруға  арналған 
мүмкіншіліктерді  білмейді.  Басқаша  айтқанда,  оқушының  мотивациялық-
еріктік,  ұйымдастырушылық,  мазмұнды-процессуалды  және  бақылау-бағалау 
қызметінің саласы мұғалім өзінің іс тәжірибесінде қолданып келе жатқан білім 
беру  мазмұны,  оқытудың  ұйымдастырушылық  формалары  мен  әдістеріне 
қарама-қайшы келеді.  
Шығыс  Қазақстан  облысы  мектептерінің  мұғалімдеріне  жүргізілген 
сауалнаманың  барысында  алынған  эмпирикалық  мәліметтерді  талдаудың 
нәтижесінде,  олардың  жартысынан  көбі  (52%-ы)  шетел  мектептерінің  іс 
тәжірибесінде  қолданылатын  даралап  оқытудың  кейбір  ұйымдастырушылық-
әдістемелік жүйесін туралы білсе, ал 28%-ы ештеңе де білмейтін болып шықты. 
Соған  орай  мектеп  қызметкерлері  оқыту  үрдісінде  даралап  оқытуды  кеңінен 
қолданудың қажеттілігін мойындайды [4].  
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында 2015-2020 жж арналған білім 
беруді 
реформалаудың 
стратегиялық 
бағыттарын 
дамыту» 
атты 

 

диагностикалық  есепке  сәйкес,  қазақстандағы  мұғалімдер  құрамының  сапасы 
мен сипаттамаларына талдаудың барысында, анықталды:  

 
мұғалімдердің 50%-ының жұмыс өтілі 9-дан 20 жылға дейінгі аралықты 
құрайды,  сонымен  қатар  көпшілігінің  20  жылдан  астам  жұмыс  тәжірибесі 
барлар;  

 
көпшілігі бірінші және екінші санаттағы мұғалімдер;  

 
мұғалімдердің көпшілігінің жасы 30 асқандар;  

 
87,9% жоғары білімді (сырттан оқығандар туралы мәліметтер жоқ);  

 
көп бөлігін әйелдер құрайды (80,2%).  
Сондықтан  да,  іс  тәжірибе  қызметкерлеріне  арналған  әдістемелік 
нұсқаулықтар  және  қазіргі  мектептердің  оқу  үрдісін  жетілдірудің  оңтайлы 
жолдары мен тәсілдерін анықтау қажеттілігі туындап отыр.  
Соған  орай,  білім  берудің  нақтылы  іс  тәжірибесіне  инновациялық-
педагогикалық технологияларды енгізу және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен 
жолдарын әзірлеу мәселесін кешенді зерттеп білудің қажет.  
Осы  мақсатпен  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы 
Қазақстанның  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  қолданылып  жүрген 
педагогикалық технологиялардың мониторингін әзірледі.  
Жалпы қабылданған педагогикалық технологиялардың жіктемесіне сүйене 
отырып,  жоғарыда  көрсетілген  мониторингіні  әзірлеу  барысында  оның 
құрылымының  2  бөлімі  анықталды:  жүйелі  технологиялар  мен  локальды 
технологиялар.  
Соған  сәйкес,  әзірленген  мониторингінің  бірінші  құрылымдық  бөлімінде 
жеке  мұғалімдердің  (ұжымдық  емес,  керісінше  жеке  субъект)  оқу-тәрбие 
үрдісінде қолданатын технологияларын (әдістемелер) сипаттайтын материалдар 
жинақталған.  
Екінші  бөлімде  білім  беру  ұйымдарында  кеңінен  қолданылатын 
технологиялар  сипатталған,  яғни  заманауи  технологиялардың  кей  түрлерін 
ұжымдық  (мектептің  бүкіл  педагогикалық  ұжымы  немесе  мұғалімдердің 
шығармашылық ұжымы) қолдану жүзеге асырылған.  
Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  бірінші  блок  бойынша 
қорытынды мәліметтерді жинау, педагогикалық технологияларды әдістеу және 
қолдану саласындағы олардың инновациялық тәжірибесін жалпылау үшін екі –
үш  жалпы  білім  беру  мектептерін  нақтылау  үшін  біз  облыстық,  Астана  және 
Алматы  қаласының  білім  басқармаларына  жүгіндік.  Бұл  біріншіден.  Ал 
екіншіден,  өздерінің  тәжірибелерімен  алмасуға  тілек  білдіретін  мұғалімдер 
үшін Академия сайтында сауалнама орналастырдық.  
Сауалнаманы тиісті нұсқаулықтар бойынша алдық, оған сәйкес ұсынылған 
сауалнама  мұғалімдермен жеке  онлайн-режімінде  толтырылады. Сауалнаманы 
толтыру үшін http://nao.kz/naomonitor сілтеме бойынша жүргізу керек. Сонымен 
қатар,  олардың  көрсеткен  соңғы  бес  жолдардағы  ақпаратары  бойынша  ең 
қызығушылық  танытатын  әлеуетті  респонденттердің  назарын  аударуды  атап 
өттік.  Ол  ақпарат  эссе  түрінде  орындалады.  Үздік  эсселер  Академияның 
педагогикалық  альманахында  жарияланатын  болады  (2016  жылы).  Сондықтан 

 

сауалнама анонимді емес.  
Аталмыш  сауалнама  бойынша  қорытынды  мәліметтерді  жинау  және 
түскен  ақпараттар  ағымын  өңдеу  үшін  автоматтандырылған  бағдарлама 
әдістелген  болатын,  ол  Академия  сайтында  орналастырылды.  Осы  сауалнама 
туралы  ақпарат  5000  аса  Қазақстанның  педагогикалық  қауымдастығы 
өкілдеріне,  облыстық  білім  басқармаларына,  колледждерге,  ЖОО-дарына 
жіберілген болатын.  
Материалдар  берудің  көрсетілген  мерзімі  өткен  кезде  сауалнамада  2906 
респондент 
қатысқаны 
(1-кесте), 
ол 
біз 
жоғарыда 
айтылған 
репрезентативтіліктің толық сәйкес келетіні анықталды.  
 
1-
кесте  –  Қолданылып  жүрген  заманауи  педагогикалық  әдістемелер  және 
технологиялар  мониторингі  бойынша  сауалнамаға  қатысушы  респонденттер 
құрамы туралы мәліметтер (облыстар бойынша)  
 
Облыс атауы   Респонденттер 
саны  
Облыс атауы  
Респонденттер 
саны  
Астана қаласы  
57 
Батыс Қазақстан 

Алматы қаласы  

Қарағанды 
208 
Ақмола облысы 
178 
Қостанай 
552 
Ақтөбе облысы 
752 
Қызылорда 
340 
Алматы облысы 
115 
Маңғыстау 
102 
Атырау облысы 
138 
Павлодар 
373 
ШҚО  
16 
Солтүстік Қазақстан 
16 
Жамбыл облысы 
49 
Оңтүстік Қазақстан 

 
Бұл  материлдар  аталмыш  әдістемелік  нұсқаулықтың  бірінші  бөлімінде 
сипатталған.  Екінші  бөлімде  ұжымдық  субъектілер  жіберген  материалдарда 
сипатталған (2-кесте).  
 
2-
кесте  –  Қолданатын  педагогикалық  технологиялар  бойынша  ақпаратты 
жіберген мектептер туралы мәліметтер  
 
Облас 
Мектептің атауы 
Оқыту тілі 
қаз. 
орыс 




Ақмола 
«Бурабай ауданы білім бөлімінің 
Зеленобор мектеп – гимназиясы» ММ 
 

С. Сейфуллин атындағы № 5 көпбейінді 
мектеп – лицейі, Степногорск қ. 

 
Актөбе 
«М. Құсаинов атындағы Ақтөбе 
облыстық дарынды балалар үшін 
мамандандырылған мектеп –интернаты»  
 

 

 

2-
кестенің жалғасы  




 
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту 
қабілеті бұзылған балалар мектеп-
интернат колледжі 
 
 
Астана 
қаласы 
Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-
гимназиясы  

 
Костанай  
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№5 
гимназиясы» Рудный қаласының әкімдігі  
 

«Озат» дарынды балалар үшін мектеп -
интернаты 
 

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 
А.М. Горький атындағы гимназиясы  

 
Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта 
мектебі» 

 
ШҚО 
Үш тілде оқытумен дарынды балалар үшін 
Шәкәрім атындағы облыстық 
мамандандырылған мектебі  


№ 34 дарынды балалар үшін 
мамандандырылған мектеп-лицейі  
 

«Бриг»жеке бизнес-мектебі» 
 

Жамбыл  
М. Мақатаев атындағы мектебі 
(Ресурстық орталық)  

 
Караганды  
№ 9 мектеп-гимназия  
 

Павлодар 
№ 3 дарынды балалар үшін гимназия  


«Жас Дарын» мектебі  


№ 25 Қазақ әйелдер гимназиясы 
Екібастұз қ.  

 
«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық 
орталығы» акционерлік қоғамының филиалы 
«Павлодар облысы бойынша педагогикалық 
қызметкерлердің біліктілігін арттыру 
институты»  
 

 
1-
кестеден  белгілі  болғандай,  мониторинг  туралы  ресми  хат  барлық 
облыстар  мен  Астана,  Алматы  қалаларының  білім  басқармаларына 
жіберілгеніне  қарамастан,  инновациялық  педагогикалық  технологияларды 
қолдануда  ең  белсенділік  танытқандар  Павлодар  және  Қостанай 
облыстары болды.  
Сонымен, әдістемелік нұсқаулық 2 бөлімнен тұрады:  

бірінші  бөлімінде  жеке  мұғалімдердің  оқу-тәрбие  үрдісінде  қолданатын 
технологиялары (әдістемелер) сипатталған;  

екінші  бөлімде  білім  беру  ұйымдарында  кеңінен  қолданылатын 
технологиялар сипатталған (ұжымдық субъект).  
 
 

 


Желілік технологиялар (бір мұғалім деңгейінде қолданылған)  
 
Мектептік білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектептерді дамыту 
инновациялар  арқылы  жүзеге  асады.  Инновациялық  қызмет  жаңашылдықты 
жүзеге асыру, жаңалықтарды әзірлеу, іздену, меңгеру және қолдану қызметтері 
бойынша  түсіндіріледі.  Қазіргі  дидактиканың  дамуындағы  инновациялық 
бағыттардың  көптүрлілігіне  байланысты  жүргізілген  мониторинг  осы  және 
басқа  да  педагогикалық  технологиялардың  (оқыту  технологиялары) 
қолданылуын талдауға бағытталды.  
Оны таңдау себептері:  

қазіргі сыныптық-сабақтық жағдайда олар оқу үрдісіне жеңіл енеді, білім 
беру стандарттарымен анықталған оқыту мазмұнына әсер етпейді және қандай 
да бір маңызды түзетуді қажет етпейді;  

білім беру технологиялары білім беру үрдісіне кіріге отырып, нақты оқу 
пәні  бойынша  білім  стандарты  мен  бағдарламаларына  қойылған  мақсатқа 
жетуге мүмкіндік береді;  

педагогикалық  (оқыту)  технологиялар  педагогикалық  стратегияның 
негізгі  бағыттарын:  білім  беруді  гуманизациялау,  гуманитарландыру  және 
жекеге-бағытталған тәсілді енгізуді қамтамасыз етеді;  

олар балалардың интеллектуалдық дамуын, оның дербестігін
 
қамтамасыз 
етеді;  

мұғалімге, бір біріне мейрімділік қатынасын қамтамасыз етеді;  

көптеген  технологиялардың  ерекше  қасиеті  жеке  адамға,  оның 
тұлғалығына көңіл бөлуі болып табылады;  

шығармашылық қызметті дамытуға айқын бағдарлану;  
Қазіргі  уақытта  оқу  үрдісін  жай  ғана  ақпарат  беру  үрдісі  деп  айтуға 
болмайды, және мұғалімнің рөлі осы ақпаратты оқулыққа қарағанда анығырақ, 
түсініктірек беруші емес, оқушының танымдық қазметінің ұйымдастырушысы 
болуы.  Мұғалім  оқушының  оқу  қызметін  ұйымдастыруы  және  басқаруы  тиіс. 
Ал  оны  сәйкес  қойылған  міндеттермен  қазіргі  түрлі  педагогикалық 
технологияларды қолдана отырып жүзеге асыруға болады.  
Маниторингтік  зерттеумен  Қазақстан  Республикасының  барлық 
аймақтарындағы  білім  беретін  мектептер  қамтылды,  пән  мұғалімдерінен  2906 
эссе алынды.  
Төменде  республикадағы  жалпы  білім  беретін  мектептердің  барлық 
бағыттары  мен  пәндері  бойынша  мұғалімдердің  қолданып  жүрген  ерекше 
қызықты педагогикалық технологиялары көрсетілген.  
 
«Сыни тұрғыдан ойлау» (СТО)  
 
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының ғылыми негізі Л.С. Выготский, 
Ж.  Пиаже,  Д.  Дьюи  еңбектерінен  алынған,  сонымен  қатар  әлемнің  түкпір-
түкпіріндегі  оқытушылардың  бірлескен  еңбектерінің  нәтижесі.  Қазақстанға 
Джордж  Соростың  қоры  арқылы  келген  бұл  технология  еліміздің  көптеген 

 

мектептерінде тәжірбиеге еніп отыр. «Сыни тұрғыдан ойлау» ұғымы белгілі бір 
идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіп 
септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра  алу,  сол  идияларға  қарсы 
көзқарастармен тепе-теңдіктер ұстап зерттеу, сеніммен қарау» - деп түсіндіреді 
жобаның авторлары.  
Жоба  60-қа  жуық  стратегиялардан  тұрады.  Солардың  бірі  Джиксо  – 
ұжымдық  оқыту  әдісі.  Мақсаты  –  жалпы  мәселені  алдымен  жұпта,  сосын 
ұжымда  талқылау.  Бұл  жағдайда  әрбір  оқушы  бір  сәт  өзін  мұғалім  ретінде 
сезінеді,  оқуға  деген  жауапкершілігі  артады.  Әдісті  қолдануды  ұйымдасту: 
алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп 
аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына 
«жұмыс»  тобын  құрайды.  Оқуға  ұсынылатын  материалдың  тақырыбы 
талқыланған  соң,  берілген  мәтінді  түсіну  қажет  екендігі  ескертіледі.  4 
логикалық  бөлікке  бөлінген  мәтіннің  1-бөлігін  1-лер,  2-бөлігін  2  санын 
алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын 
оқушыларға  «жұмыс  тобында»  мәтіннің  тиісті  бөлігін  жақсы  меңгеру 
қажеттілігін,  өйткені  сол  бөлікті  «жанұя  топ»  оқушыларына  түсіндіруге 
жауапты  екенін,  мәтінді  тұтас  түсіну  әр  оқушының  ыждағаттылығына 
байланысты  екенін  түсіндіру  қажет.  Келесі  кезекте  ұжым  мүшелері  бастапқы 
топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды 
ортаға  салады.  Осылайша  ұжым  мүшелері  бірін-бірі  оқытуға,  сол  арқылы 
ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, 
оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы 
артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.  
Технологияны  жетістікпен  жүзеге  асыру  үшін  «Топтау»,  «Түртіп  алу», 
«Ойлану»,  «Жұпта  талқылау»,  «Болжау»,  «Әлемді  шарлау»  т.б.  әдістерді 
(стратегияларды)  қолданылады.  Оқушы  өз  білетінін  еске  түсіреді,  қағазға 
жазады,  көршісімен  бөліседі,  тобында  талқылайды.  Яғни  бұл  кезеңде  жаңа 
білім  жайлы  ақпарат  жинап,  оны  бұрын  алған  біліммен  ұштастырады.  Ойлау 
мен  үйренуге  бағытталған  бұл  бағдарламаның  екінші  кезеңі  мағынаны  тану 
(түсіне  білу).  Бұл  кезеңде  үйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып 
бойынша  жұмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс 
жасап,  белсенділік  көрсетуіне  жағдай  жасалады.  Оқушылардың  тақырып 
бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегияларының бірі INSERT
Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында:  
V – 
«білемін»;  
– - 
«мен үшін түсініксіз»;  
+ - 
«мен үшін жаңа ақпарат»;  
? - 
«мені таң қалдырады» белгілерін қоя отырып оқу тапсырылады. INSERT 
– 
оқығанын  түсінуге,  өз  ойына  басшылық  етуге,  ойын  білдіруге  үйрететін 
ұтымды  құрал.  Бір  әңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау,  мәнін 
жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-
желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. 
Мағынаны  түсінуді  жоғарыдағыдай  ұйымдастыру  –  аталған  кемшіліктерді 
10 
 

болдырмаудың бірден-бір кепілі.  
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті 
оқыту  үдерісінде  оқушының  толғанысын  ұйымдастыру,  өзіне,  басқаға  сын 
көзбен  қарап,  баға  беруге  үйретеді.  Оқушылар  өз  ойларын,  қарастырған 
ақпараттарды  өз  сөздерімен  айта  алады.  Бұл  сатыда  оқушылар  бір-бірімен 
әсерлі  түрде  ой  алмастыру,  ой  түйістіру,  өз  үйрену  жолын,  кестесін  жасау 
мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – 
ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі 
шығармашылықпен  ой  түйістіру  болашақта  қолданылатын  мақсатты 
құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», 
«Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты 
стратегиялар  әр  сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр-жеңілдігіне  қарай  лайықтала 
қолданады.  
Мақсаты:  барлық  жастағы  оқушыларға  сабақтарда  кез  келген  мазмұнға, 
түсінікке  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі  ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға 
саналы шешім қабылдауға үйрету.  
Осы технологияны өз сабағында қолданатын Ақмола облысы Степногорск 
қаласының №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алиасқарова Жанар 
Абдикаппаровна  сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясы  бойынша  жүргізілетін 
жұмыста  оқушылардың  өз  бетінше  тұжырым  жасау,  қорытынға  келу,  ұқсас 
құбылыстар  арасынан  тиімдісін  таңдай  білу,  проблеманы  шеше  білу, 
пікірталасты  жүргізе  білу  қабілеті  қалыптасады.  Өз  сабағында  СТО,  АҚТ, 
талантты  және  дарынды  оқушылармен  жұмыс  технологияларын  шебер  де, 
тиімді  пайдалана  отырып,  оқушыларды  сабағына  қызықтырып,  оқушыларды 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  машықтандырады.  Технологияларды 
пайдалану барысында:  
1. Оқушылар бойында сенімділік пайда болады.  
2. Ізденуге ұмтылады.  
3. Сабаққа барлық оқушы жұмыла кіріседі.  
4. Мұғалім тек бағыт береді.  
5. Оқушы тақырыпты өздігінен түсінеді. Осындай жұмыстар нәтижесінде 
оқушылары қалалық, облыстық және халықаралық олимпиадалар жүлдегерлері. 
Білім  берудің  жаңа  әдіс-тәсілдерін  тиімді  пайдалану,  жеке  тұлғаның  ертең  өз 
жолында  кездескен  қиыншылықтарды  жеңуге,  өз  мәселелерін  өздері  шешуге, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  және  саналы  шешім  қабылдауға  дайын 
болуды үйрететін технологиялар деп саралайды.  
3-
сыныптағы  «Әдебиеттік  оқу»  пәнінде  технологияны  қолданумен  «Адал 
бала» тақырыбы бойынша өткізген сабағында: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет