Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


ИМАНИ ГҮЛ Жаратылыстағы өзара жәрдемдесу дәлелі



Pdf көрінісі
бет13/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ИМАНИ ГҮЛ
Жаратылыстағы өзара жәрдемдесу дәлелі
Жалпы жаратылысқа үңіліп қарасақ, барлық нәрсенің 
бір-бірімен  тығыз  байланыста,  өзара  жәрдемдесу 
арқылы  керемет  жүйе  құрып  тұрғанын  байқаймыз.  Де-
мек,  ақылды-ақылсыз,  жанды-жансыз  тіршілік  әлемінің 
барлығын  бір-бірінің  жәрдеміне  жүгіртіп,  әр  нәрсенің 
қажетін уақытында жібертіп, оларды Өзінің қалауына бас 
идіріп, әлемдегі тепе-теңдікті сақтап тұрған мейірімді де 
құдіретті Ұлы Жаратушының болуы тиіс. Себебі, сырттан 
бір құдіретті күштің ықпалынсыз мына әлемнің фабри-
ка  машиналарының  кертік-кертік  тістері  арасындағы 
үйлесімділікке  ұқсас  кейіпте  бір-бірімен  тығыз  бай-
ланыста  болуы,  бір-бірінің  қажетіне  сай  жұмыс  істеп, 
белгілі бір тепе-теңдікті, керемет жүйені сақтауы мүмкін 
емес. Атом, клетка сияқты ең кішкентай материялар мен 
ең үлкен ай, жұлдыз, күн тәрізді алыптардың және жарық, 
ауа,  су,  топырақ  секілді  нәрселердің  жансыз,  санасыз 
болғандарына қарамастан дүниедегі мына керемет жүйені, 
әр нәрседегі мән-мағына, пайдалы мақсатты жасау үшін 
саналы адамдай бір-бірлерінің жәрдеміне жүгірулері, бір-
бірлерінің жұмысын толықтырып, қолға қол жалғаулары 
–  бұлардың  барлығын  махаббатпен,  мейірімділікпен 
басқарып тұрған Ұлы Құдіреттің барлығының айғағы. 
Иә,  Ұлы  Рахман  Алла  Тағала  әлемдегі  қойған 
жәрдемдесу  ережесімен  бұлттарды  және  жердегі  мине-
ралдарды  өсімдіктерге,  өсімдіктерді  жан-жануарға,  ал 
оларды адамдарға көмек ретінде жіберіп тұр. Аналардың 
ақ  сүтін  сәбилерге,  әр  түрлі  тағамдардың  атом,  молеку-
лаларын  денедегі  клеткаларға  медет  етіп  жіберуде.  Әр 
сатыдағы барлық тіршілік иелерінің қажеттерін күтпеген 
жерден, мұқтаждықтарына қарай жеткізуде. Әр нәрседегі 


20
ИМАНИ ГҮЛ
мұқтаждық Оның ешкімге мұқтаж еместігін меңзейді. Қар 
мен жаңбырды бірнеше шақырым биіктіктен, түскен жерін 
жапырып, тиген жерін опыратын томардай-томардай, ірі-
ірі көлемде емес, жапалақтатып, тамшылатып жаудырып 
жердегі  суға  мұқтаждарға  мейірімділікпен  көмек  беріп, 
медет жіберген Ұлы Құдіретті танымауға бола ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет