Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ



Pdf көрінісі
бет16/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

ИМАНИ ГҮЛ
Жер шары
Біз отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шары мен жылуын 
күлімдей төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне 
байланысты  135  немесе  149,5  миллион  шақырым.  Егер 
осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың әсерінен аз 
мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды 
немесе аз мөлшерде көбейсе күйіп-жанып кетерімізді бір 
мезет ойладық па? Ойланып, Жер мен Күннің арасындағы 
осы  ыңғайлы  арақашықтықты  белгілеп,  оны  ғасырлар 
бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық 
па?
Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі, тұрақты 
айналу орбитасы, қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер 
шары сағатына 1 670 шақырым жылдамдықпен өз-өзін ай-
налса, Күнді сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен 
айналады.  Егер  осындай  жылдамдықпен  жүретін  көлік 
жасалған жағдайда жалпы дүниенің шеңберін 22 минутта 
айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп отырған бұл сан-
дар тек Жер шары үшін, ал Күн жүйесінің жылдамдығы 
мүлде  таң  қаларлық.  Ғарыштық  (космоста)  жүйелердің 
көлемі  ұлғайған  сайын  қозғалу  жылдамдықтары  да 
арта  түседі.  Күн  жүйесінің  Құс  жолы  галактикасы 
орталығын  айналудағы  жылдамдығы  сағатына  тұп-тура 
720 000 шақырым. Ал, шамамен құрамында 200 милли-
ард жұлдызды қамтитын осы Құс жолы галактикасының 
ғарыштағы  жылдамдық  мөлшері  сағатына  950  000 
шақырым
3
.  Мұндай  бір-бірімен  тығыз  байланыстағы 
әрі  өте  жоғары  жылдамдықтағы  жүйелердің  соғысып, 
қақтығысуы  әбден  мүмкін  бола  тұра  ғарышта  ешбір 
ақауға  куә  болмадық.  Иә,  миллиардтаған  жылдар  бойы 
3
 Адем Якуп, Куран Мужизелері, 23-бет. Несил Матбажылык, 2003 ж.


24
ИМАНИ ГҮЛ
жылдамдықтарындағы  тұрақты  мөлшер  еш  өзгерместен 
жалғасуда.  Мысалы,  біз  автокөлікпен  сағатына  200 
шақырым  жылдамдықпен  келе  жатып,  оқыс  тоқтатсақ, 
терезе  әйнегін  быт-шыт  қып  сыртқа  тесіп  шығарымыз 
анық.  Ал  енді  біздің  сенімді  бесігіміз  –  Жер  шары  бір 
мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты жылдамдығын 
аз ғана азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышқа 
тарыдай  шашылып  кетер  еді.  Демек,  миллиард  жыл-
дар  бойы  Жер  анамызды  және  басқа  да  жұлдыздарды 
бір  мезет  тоқтатпастан,  әрқайсысын  өзіндік  тұрақты 
жылдамдықтарымен  айналдырып,  тербетіп  тұрған  Ұлы 
Жаратушы  болуға  тиіс.  Егер  мұның  бәрін  кездейсоқ 
жүзеге  асып  жатыр  десек,  неге  біз  тағы  да  сол  сенімсіз 
кездейсоқтықтың әсерінен Жер анамыздың тоқтап немесе 
жылдамдығында  кідіріп  қалуынан  еш  қорықпастан,  уа-
йымдамастан, үстінде жайбарақат жүрміз?
Бейтаныс бір адам қолындағы механикалық жүйемен 
істейтін  қол  сағатын  бізге  таныстыру  барысында: 
«Өз-өзінен,  кездейсоқтықтың  әсерінен,  яғни,  жердің 
астындағы минералдар өз-өзінен еріп, темірге айналып, 
одан  жіңішке  есепті  ішіндегі  әр  түрлі  кертік-кертік 
құралдары, көрсеткіш сандары және бетіндегі әйнегі өз-
өзінен жасалып, іске қосылып пайда болды» – десе, сенер 
ме едік? Әрине, сенбес едік. Ал енді жай бір уақытты ғана 
көрсететін  кішкентай  қол  сағаттың  өз-өзінен,  кездейсоқ 
пайда  болғанына  сенбейміз  де,  жүйе  жағынан  сағатпен 
салыстыруға мүлдем келмейтін мына керемет ұшы-қиыры 
жоқ  шексіз  әлемнің  өз-өзінен  пайда  болғанына  қалай 
сенбекпіз?


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет