Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰЛЫ


жылайсың?» – деген сұрағына ол: «Пайғамбарым, дәл



Pdf көрінісі
бет72/363
Дата28.03.2022
өлшемі3,36 Mb.
#29082
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   363
Байланысты:
Қ.Жолдыбайұлыю Иманигүл

жылайсың?» – деген сұрағына ол: «Пайғамбарым, дәл 
қазір  патшалар  құс  төсектерде  жатқанда,  Сен  ши 
үстінде жатырсың. Ши денеңе батып із тастапты. 
Алайда Сен Алланың Елшісісің. Рахат өмірге бәрінен де 
лайықсың!» – деп жауап береді. Сонда Рақым Пайғамбар 
(с.а.у.):  «Омар,  мына  дүние  –  олардың,  ал  ақырет  – 
біздікі болуына риза емессің бе?»
24
 – деді.
Пайғамбардың отбасында үш ай бойы қазан асылып, 
ыстық тамақ ішілмегенін Айша анамыз риуаят етеді. Алла 
елшісі  (с.а.у.)  дүниеден  озған  уақытта  артында  ешбір 
дүние қалдырмаған. Өйткені Ол – «Біздер – Пайғамбарлар 
артымызға дүниені мирас қалдырмаймыз», - деген тек 
пайғамбарларға тән қасиетті сөздің иесі еді.
Ол (с.а.у.) алуды емес, беруді, ішіп-жеуді емес, ішіп-
жегізуді ұнататын. Киюді емес, өзгені киіндіруді, қуануды 
емес, басқаны қуантып, жаралы жүректеріне шаттық сый-
лауды міндет деп білді. Қысқасы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес, 
өзге үшін ғұмыр кешті.
Иә,  жалған  пайғамбарлығы  арқылы  мал-мүлік, 
дүниені  көздеген  көзбояушы  бір  адамның  өмірі 
жоғарыдағыдай болар ма еді? Жауабын өзіңіз беріңіз.
24
  Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет