жылайсың?» – деген сұрағына ол: «Пайғамбарым, дәл қазір патшалар құс төсектерде жатқанда, Сен ши үстінде жатырсың. Ши денеңе батып із тастапты. Алайда Сен Алланың Елшісісің. Рахат өмірге бәрінен де лайықсың!» – деп жауап береді. Сонда Рақым Пайғамбар
(с.а.у.): «Омар, мына дүние – олардың, ал ақырет – біздікі болуына риза емессің бе?» 24 – деді.
Пайғамбардың отбасында үш ай бойы қазан асылып,
ыстық тамақ ішілмегенін Айша анамыз риуаят етеді. Алла
елшісі (с.а.у.) дүниеден озған уақытта артында ешбір
дүние қалдырмаған. Өйткені Ол – «Біздер – Пайғамбарлар артымызға дүниені мирас қалдырмаймыз», - деген тек
пайғамбарларға тән қасиетті сөздің иесі еді.
Ол (с.а.у.) алуды емес, беруді, ішіп-жеуді емес, ішіп-
жегізуді ұнататын. Киюді емес, өзгені киіндіруді, қуануды
емес, басқаны қуантып, жаралы жүректеріне шаттық сый-
лауды міндет деп білді. Қысқасы, Ол (с.а.у.) өзі үшін емес,
өзге үшін ғұмыр кешті.
Иә, жалған пайғамбарлығы арқылы мал-мүлік,
дүниені көздеген көзбояушы бір адамның өмірі
жоғарыдағыдай болар ма еді? Жауабын өзіңіз беріңіз.
24
Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-инсания.