Семинар сабақ тақырыбы: Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы



Pdf көрінісі
Дата29.03.2022
өлшемі103,25 Kb.
#29102
түріСеминар
Байланысты:
БП9



№9 Семинар сабақ тақырыбы: Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы 

1. Сәбилік кезеңде бала зейінінің көлемі 2. Еріксіз есте сақтау. 3. Сәбилік кезеңде 

басқа балалармен қарым-қатынасқы түсуі. 4. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір 

объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі. 5. Сәбидің эмоциясының 

ерекшеліктеріне тоқталу 

Сәбилік кезеңнен бастап бала қоршаған ортаны түсініп,қабылдай бастайды.Сонымен 

қатар бұл кезеңде бала жаңа заттарды түсініп,оларды өз әрекетінде қолдануды үйрене 

бастайды осы арқылы баланың ақыл-ойы жоғары деңгейде дами түседі. 

Жалпы бұл кезеңдегі қабылдау ерекшеліктеріне келетін болсақ,олар бір затты немесе адам 

бейнесін көргенде оның бір өзіндік ерекше белгілерін есте сақтау арқылы 

қабылдайды,3жасқа таман заттарды түстер арқылы ажырата алуы мүмкін,яғни бұл кезеңде 

8түсті біледі,және тілі шығып сөйлеуіне қарай да қабылдау қабілеті арта түседі. 

Ал,ойлау қабілеті балаларда бұл кезеңде лйлау ойын арқылы  қалыптасады,яғни жан-

жағынан қоршаған ортаға қарағанда немесе көптеген балаларға қарағанда,олармен ойнап 

жүргенде қалыптасады. 

Бала тілінің дамуы үшін бұл кезең меніңше өте маңызды кезең деп ойлаймын,себебі бұл 

кезеңде балаларда кішкене болсын ақыл-ой,түсінік қалыптаса бастайды.Сондықтан да бұл 

кезеңде  балалармен  үлкендерше  қарым-қатынас  жасау  олардың  тілінің  дамуы  үшін  өте 

маңызды.Бала 2жасында 200-300сөз білетін болса,3жасында 1500ге жуық сөз біледі. Ата-

ана  баласының  тілін  дамыту,  сөйлесе  білуге  үйрету  барысында   негізінен  үш  түрлі  тәсіл 

арқылы іске асырылады: 

1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы

2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу; 

3. Сол  бақылаған  оқиғалары  туралы  дербес  жаттығулар  орындатып,  көрген-білгенін 

тереңдете тиянақтап отыру. 

Мысалы,  балаға  үй  жануарларын  бақылатса,  олардың  төлдері  жайлы,  ұқсастығы, 

келтірер  пайдасы,  бір-бірінен  айырмашылығы  туралы  айтуды  сұрау  немесе  баланың 

назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару (  тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. 

б. сол сияқты.   

Сондықтан ата-аналар мына ережелердi ұстанғаны дұрыс: 

1. Өзіңіздің сөйлеу дағдыларыңызға   көңiл  бөліңіз, өйткенi ересек адам  айтқан сөз  дұрыс 

үлгi болып табылады; 

2.  Баланың күнделiктi өмiрiнде сөздерді сауатты және дұрыс айтқанын қадағалаңыз 

3. Бала тілін дамытуда, оның арнайы ойыншықтары мен кітаптары болуы қажет. 

Сәбидің зейінінің ерекшелігі. Сәбилік кезеңде баланың зейінінің шоғырлануы әлсіз және 

жаңа уақытқа өтеді, өйткені жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде 

болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып 

отыруының себебі осы. Мысалы: олар ойнап отырған ойыншығын 12 минуттың ішінде 8 

рет ауыстырады. Сонда баланың әрбір ойыншықпен әрекет етуі 2 минуттан аспайды. 

Себебі: бала өзінің зейініне басшылық жасап меңгере алмайды. Бұлардың зейіні көбінесе 

ырықсыз болады да, зейінінің ашық түсті затқа, қатты дыбысқа ерекше түске аудара 

береді.Баланың жасы өскен сайын есте сақтауының көлемі арта түседі. Үш жасата балада 

еріксіз есте сақтау күшті дамиды. Мысалы, тақпақты, өлеңді тез жаттап алғанымен оның 

мән мағынасына түсінбейді. 

Эмоцияның ерекшеліктері. Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық 

функциялардың дамуынан бөліп қарауға болмайды. Сәбилік кезеңде басқа балармен 

қарым – қатынасқа түсу пайда бола бастайды. Бірақ мұндай қарым – қатынастың мұндай 




түрі тұрақты емес. Сәбилік кезеңде бала басқаның тілегеін есепке алмайды, ол өз тілегінің 

қалауы бойынша жүреді. Өзімшіл басқа баланы түсінбейді және басқалардың көңіл – 

күйіне ортақтаса алмайды. Баланың эмоциялық механизімі кешірек, мектепке дейінгі 

кезеңнің алдында ғана қалыптасады. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет