Руководство для Студента ппс как Тренеры indd



Pdf көрінісі
бет56/336
Дата30.03.2022
өлшемі13,19 Mb.
#29201
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   336
Байланысты:
Руководство для студента

Сегізінші  тезис:  қолайлы  оқу  үшін  адамдарға  кері  байланыс  пен  мадақтау  қажет, 
сондықтан бағалау ізгі болуы керек.
Метатану және қалай оқу керектігін үйрету
Оқу үшін бағалауды пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың алға қойған мақсатына 
жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс ұсыну 
арқылы оларға өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі. Оқушылар мұндай білім 


33
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
мен  дағдыларды  меңгергенде,  олар  үшін  бұл  әдеттегі  философияға  айналып,  олардың  оқу 
үлгерімі  жоғарылайды.  Егер  мұғалімдер  оқу  үдерісін  оқушылар  бағдарламаның  мазмұнын 
игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілетін дамыта алатындай етіп құра алса, бұл тиімдірек 
оқуға мүмкіндік береді. Педагогикалық стратегия ретінде оқу үшін бағалау арқылы метатану-
ды дамытуға болатындығы ғылыми дәлелденген және ол мектептер, жоғары оқу орындары, 
сонымен қатар ғылым салаларындағы көптеген жүйелерде қолданылады. Сондықтан тестілеу 
нәтижелерінде  болсын,  қалай  оқу  керектігін  үйренуде  болсын  алға  қойылған  мақсаттарға 
жетудегі табыстылықты осы метатанудың ықпалы деп түсіндіруге болады.
Оқу  қағидаттарын  түсінуде  оқушыларға  көмектесу  үшін  мұғалімдердің  айналысаты- 
нының  айтарлықтай  бөлігі  метатану  әлеуетін,  атап  айтқанда,  олардың  қалай  ойлайты-
нын  әрі  оқитынын  қадағалау,  бағалау,  бақылау  және  өзгерту  қабілетін  дамытудан  тұрады. 
Бұл  оқуды  даралаудың  (жекешелендірудің)  ең  басты  идеясы  болып  табылады.  Бір  жағынан 
бұны  метатанудың  дараланған  оқудың  оқу  үшін  бағалау  сияқты  компоненттерін  кеңінен 
қолданатындығымен түсіндіруге болады. Метатану дағдыларының өрістеуі білім алушыларға 
ондай қабілеттері айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді 
және  пән  салаларын  жылдамырақ  оқуға  және  мұғалім  тарапынан  қосымша  назар  аударуды 
талап  етпеуге  жол  ашатын  ерекше  мүмкіндіктер  береді.  Басқаша  айтқанда,  метатанымдық 
қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Соның салдары ретінде, олар әдетте:
•  материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мой-
ындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді (мен мұны есте сақтай аламын ба? маған 
мұны есте сақтау қажет пе? бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?);
•  материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі 
бойынша бөлуге қабілетті (мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек);
•  материалды  игеру  деңгейін  анықтай  отырып,  өз  өздерін  тексеруге  және  тестілеуге 
қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?);
•  қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің 
стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет).
Соңғы тармақ ерекше маңызды. Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше 
оқушы болады. Кейбір өтініштер бос сөз, әрі ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін 
көрсетеді:  метатануды  игермеген  оқушылар  қиындық  кездескен  кезде  үнемі  басқа  адамнан 
көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің 
жалпы  мүддесінде  мұғалімдермен  тең  әрекеттеседі  және  ақыр  соңында  мұғалімнің  функ-
циясын өздері атқарады. Егер оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет 
болғанда ғана көмек сұраған жағдайда, мұғалімдерде оқу үдерісін өнімді қылу мақсатында 
оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге жұмсауға болатын уақыты көбейеді. 
Білім  алуда  тәуелсіздікті  қамтамасыз  ету  оқуды  даралаудың  шешуші  критерийі  болып 
табылады.  Кейбір  оқу  модельдерінде  мұғалім  оқу  үдерісінде  өте  басым  позицияда  болады. 
Мұғалім оқу мақсаттары мен оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; тапсырма-
ны  орындау  барысында  оқушыны  бағыттап  отырады;  тапсырманың  орындалу  мерзімі  мен 
жұмыстың ұзақтығын басқарады, күтілетін нәтижелерді анықтап, оқушылардың оқу үдерісін 
бағыттап, кері байланыс ұсынады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. 
Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындап, оқудың мақсаты 
мен мазмұнын белгілейді, жұмыстың мерзімі мен орындалу ұзақтығын, сондай-ақ нәтижесі 
қандай бола керектігін анықтайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқаруынан 
тәуелсіз болады. Екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға 
қолдануға болады. Бірақ оқушылар есейіп, білімнің күрделенуіне және кәсіби қызметке тар-
тылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады. 


34
студентке арналған нұсқаулық | руководство для студента
Қарқынды  дамып  жатқан  өмір  жағдайында  үздіксіз  білім  алу  қажеттігі  бізден  тәуелсіз 
оқи  білу  қабілетін  талап  етеді.  Сондықтан  жаңа  кезеңдерден  өтуіне  қарай  басқа  адамдарға 
тәуелділігін қысқарта алған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушылар тәсілдер, 
құндылықтар, дағдылар және білім кешенімен қаруланады, және де бір нәрсені үйрену қажет 
болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек 
қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы 
жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары 
деңгейіне көтеріледі. Өзін өзі басқарудағы метатанымдық қабілеттер тәжірибеге қарай және 
уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   336




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет