feof
жəне
ferror
функциялары жиі қолданылады:
□ int feof(FILE*)
– файл соңына жеткен кезде нөлге тең емес мəнді,
кері жағдайда 0 мəнін қайтарады;
□ int ferror(FILE*)
– енгізу/шығару кезінде қателік туындаса нөлге
тең емес мəнді, кері жағдайда 0 мəнін қайтарады.
Ағымдармен жұмыс істеу мысалы
Файлда мониторлар туралы ақпарат сақталған болсын делік. Мəліметтердің
əрбір жолында олардың типі, көтерме жəне бөлшек сауда бағалары жəне
ескерту жазылған. Жеңіл болу үшін əрбір жолда мəліметтер бірдей сипат-
та берілген: алғашқы 20 символ монитор типіне, содан кейін көтерме жəне
бөлшек сауда бағасын білдіретін бүтін сандардың əрқайсысына 5 символдан,
соңынан ескертуге 40 символдан артпайтын орын бөлінген.
Төменде берілген программа мəтіндік файлдан мəліметтерді s буферлік
айнымалысына жеке жолдар бойынша көшіреді, содан кейін олардан
mon
96
құрылымын қалыптастырып, оны екілік режимде нəтижелік (шығыс)
файлға жазады. Төменде осы файлдан кез келген жазбаны оқу мысалы
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |