§2. Т\л, мэдениет жэне мэдениет антропологиясы Ал енді, сөздер мен ұғымдардың жұмысына тікелей қатысы бар
маңызды екі ұғым - тіл мен мәдениеттің өзара байланысын алып
қарастыралық. Олардың өзара тығыз қарым-қатынаста екені бесе-
неден белгілі.
Тіл - мэдениет айнасы, онда адам айналасындағы шынайы
өмір мен оның өмірінің шынайы шарттары ғана емес, сонымен қа-
тар халықтың қоғамдық санасы мен менталитеті, өмір сүру салты,
дәстүр-салты, мораль, құндылықтар жүйесі, әлемді сезінуі және
түйсінуі қамтылған.
Тіл - мәдениеттің алтын сандығы, яки баға жетпес қоймасы. Ол
-лексика мен грамматикада, идиоматика мен мақал-мәтелдерде,
фольклорда, ауызша және жазбаша түрдегі көркем және ғылыми
әдебиетте мәдени құндылықтарды сақтайды.
Тіл - тасымал құралы, мәдениетті жеткізуші, ол ұрпақтан-ұр-
паққа сақталып келген ұлттық мәдениеттің жауьарларын та-
сымалдайды. Балалар ана тілін меңгере отырып, онымен бірге
ата-бабаларының бүгінге дейін жинақталған мәдени бай тәжіри-
бесін де игереді.
Тіл - қару, мәдениеттің қүралы. Адамның, сол тілде сөйлеушінің
түлғалық сипаты тіл арқылы дарыған, тіл арқылы әлемді тануы,
19