ары қарай сөз арқылы бейнелеуге тартылған жол әр халықта әрқа- лай, бұл олардың тарихының, мекенінің, өмір салтының, сондай-ақ
қоғамдық санасы дамуының әрқилылығымен байланысты. Біздің са-
намыз ұжымдық тұрғыдан да (өмір салты, әдет-ғұрыптар, салт-дәс-
түрлер, яғни этнографиялық мағынадағы мәдениет), жеке қасиетте-
рімізге де (жеке адамға тән әлемді қабылдау ерекшелігі) байлаулы
болғанымен, тілдің шындықты бейнелеу жолы тура емес, шындық
өмірден ойлауға, ойлаудан тілге қарай бағытталады. Басында келтір-
ген метафорамыз енді келіңкіремей қалды, айнамыздағы бейнеміз
қисық болып шықты, бейненің қисық болуының себебі, тіл өкілдері-
нің мәдениетіне, діліне, дүниетанымына байланысты.
Сөйтіп, тіл, ойлау, мәдениеттің өзара байланысының тығыз
екені соншалық, тіпті бір-бірінен бөліп-жарылып қызмет ете алмай-
тын, үш құрылымнан тұратын біртұтас дүние сияқты. Үшеуі бірлесіп
шынайы өмірмен арақатынасқа түседі: оған қарсы тұрады, оған тәу-
елді болады, оны бейнелейді және оны қалыптастырады.
Жоғарыда айтқанымыздың сызбасы мынадай болады: