Коммуникация


Шынайы өмір Ойлау/Мәдениет



Pdf көрінісі
бет48/246
Дата31.03.2022
өлшемі11,31 Mb.
#29375
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   246
Байланысты:
1 тер-минасова

Шынайы өмір
Ойлау/Мәдениет
Тіл/Сөйлеу
Ъ
Зат/Қубылыс
Түсінік/Ұғым
Сөз


Сонымен, адамды  қоршаған орта үш формада  көрініс табады:
-  әлемнің шынайы  бейнесі;
-  әлемнің мәдени  (немесе түсініктер)  бейнесі;
-  әлемнің тілдік бейнесі.
Әлемнің  шынайы  бейнесі  -   бүл  адамзаттан  тыс  объективті 
мәліметтер, бұл  адамды  қоршаған орта.
Әлемнің  мәдени  (түсініктер)  бейнесі  -  үжымдық тұрғыдан  да, 
жеке адам түрғысынан да  адам  қабылдауының негізінде  қалыптас- 
қан,  сезім  органдары  арқылы  алынған  және  оның  санасы  арқылы 
жеткен тусініктер сүзгісінен өткен  шынайы бейненің көрінісі.
Әлемнің мәдени  бейнесі  ерекше және  әр халықта  өзгеше бола- 
ды.  Бул  көптеген  факторларға  тікелей  байланысты:  география,  ауа 
райы,  табиғи  жағдайлар,  тарих,  әлеуметтік  қүрылыс,  сенім, дәстүр, 
өмір суру салты т.с.с.  Мүны мысалдармен  безендіріп  көрелік.
1994  жылы  Финляндияда  өткен  халықаралық SIETAR  конгресін- 
де  норвегиялық Мәдениетаралық коммуникация  орталығы дайын- 
даған  Еуропаның  мәдени  картасы  үсынылды.  Карта  Еуропа  елде- 
рінің  географиялық  және  саяси  ерекшеліктерін  емес,  керісінше, 
норвегиялықтардың  мәдени  қабылдауындағы  стереотиптерге  не- 
гізделген  осы  елдердегі  ерекшеліктерді  үсынады.  Басқаша  айтқан- 
да,  бүл  Еуропаның Норвегия түрғындары  көзімен  жасалған  мәдени 
бейнесі.
Төменде  картаның суреті усынылып  отыр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   246




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет