250
жолын айта алмады. Ал Ахмет кӛрер кӛзге, сезер жүрекке мұны меңзеп қана
қоймай, нысана етіп қоя білді. Бұның басты себебін С.Қирабаев: “Олардың
(А.Байтұрсынов, М.Дулатов Ӛ.Ә.) бүкіл россиялық дамудың жаңа бір кезеңі
туғанын дұрыс танып, соның ыңғайымен қазақ қоғамын қозғалысқа
келтірудің жолын іздеуінен”
77
деп біледі.
Ахмет поэзиясындағы ағартушылық – оянуға, ояну – қасіреттің сырын
білуге, бас кінәліні сезінуге, сезіну – бостандыққа жол ашар бұлқынысқа
жетеледі.
Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,
Сӛзі алтын, мағынасы меруерттей.
Осыдан ғибрат алып жас жігіттер,
һәммесі ӛз халқына қызмет еткей! –
деп, Міржақып тегін айтпаған. Сұлтанмахмұттың сонау 1914 жылы “Ӛткірсің
наркескеннің алмасындай” деп, ӛлең арнауы да осыдан болатын.
Бағаң жоқ кӛр соқырдың кӛз алдында,
Мұңыңды жылап шақшы ӛз алдымда:
Гауһар тұрсын айырып алтыныңды
Аузыңа керек тас деп бірі алды ма?
Ӛткірсің наркескеннің алмасындай,
Жүйріксің “полный ходтың” арабасындай.
Сен сұңқар, кӛңілі соқыр, сенімен қас,
Ӛзінің болмады деп қорғасындай.
Қашанда жаңа ой, жаңа жолдың қалыптасып кетуі, кӛкейден дӛп шыға
қалуы қиын. Кӛреген де дарынды Сұлтанмахмұт осыны меңзеп отыр.
Ахаң тағдыры қиын екені белгілі. Оның жасандылық атаулыға жат,
еркіндік үнін шырқау биікке кӛтерген сұңқар жыры қанатын кеңге жайған
тұста 1916-17-нің дүниені опай-топай еткен алай-дүлей заманына килікті.
Сеңдей соғылысқан заман ӛтіп, ел Ахмет жырының нәріне қайта ерін тигізе
бастаған тұста, ақын тағдыры сталиндік зұлматтың тырнағына ілінді. Ақын –
Ахмет, саясатшы – Ахметтің құрбанына айналып, ӛзіндік сенімі үшін
жазаланған ақынның ӛзімен бірге түйғын жыры да торға түсті. Жыр ӛрісіне
Ахмет, Міржақып әкелген елдік, еркіндік атты кӛркемдік ойдың тұнығы
лайланып, жасампаз жанды пікір тұмшаланды. Бірақ қазақ үшін “шам қылған
жүрек майын” (Сұлтанмахмұт) Ахмет Байтұрсынов жырының алтын арқауы
ӛз тұсында да, кейін де сақталды. Іле-шала қазақ әдебиетінің ӛрісті ӛлкесіне
77
Қирабаев С. Қазақтың алғашқы революцияшыл – демократтары. «Лениншіл жас», 1991. 17 маусым.