8
әдебиетінің қаншалықты шырқау биікке кӛтерілгенін бағдарлауға,
әдебиетіміздің кейінгі легіндегі классиктеріміздің шығармашылығына
қаншалықты зор әсері болғандығын бағамдауға жол ашады. Бұл уақытқа
дейін дәріс тыңдаушылар фольклор, кӛне дәуір, 18-19 ғасырлардағы
әдебиетімізді оқып-үйреніп, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі
дамудың дәйекті ӛзгерістерін түсінуге толық мүмкіндік алады. Яғни Абайға
дейінгі Абайдан кейінгі әдебиеттің бағыт-бағдарын, идеялық-кӛркемдік
ізденістердің ара-қатынасын айқындауға жан-жақты дайындығы бар деп
түйіндеуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, мақсат – аталмыш кезеңдегі түрлі
әдеби
ағымдар
мен
бағыттардың,
олардың
айтулы
ӛкілдерінің
шығармашылығын түбегейлі қарастыру арқылы “алтын ғасыр” аталған
әдебиеттің табиғатын ашу. Сондықтан да оқулықта біз мынадай мәселелерге
басты назар аудардық.
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің тарихи қоғамдық-әлеуметтік
жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлттың ой-
санасын оятудағы міндетін анықтау.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетпен бай-ланысын,
дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен ӛзіндік ізденістерден туған
жаңашылдықтың белгілерін тану.
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттегі ірі әдеби тұлғалардың романтизм
мен реалистік әдіс-тәсілдерді қатар ала жүріп, ӛмір шындығын ашудағы
ӛзіндік қолтаңбасын бағамдау.
Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажыратып, белгілі
ӛкілдерінің шығармашылығын талдау арқылы творчестволық жетістіктер мен
кемшіліктерді саралау.
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттегі Абай дәстүрі мен үлгісін
дамытудың сан-салалы шығармашылық жетістіктеріне назар аудару.
ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің ӛркендеуіне негіз салған қоғамдық-
санаткерлік,
кӛсемсӛздік
(публицистік)
міндеттердің
нәтижелерін
салыстырмалы түрде қарастыру.
Әрқилы әдебиет ӛкілдерінің шығармашылық болмысына бойлау
арқылы ілгершіл әдеби қаламгерлердің шығарма-шылықтарындағы басты
жетістіктерді ашу.
Бұрын қарастырылмай, немесе біржақты қарастырылып келген
әдебиеттің айтулы тұлғаларының шығармашылығын бүгінгі кӛзқарас
тұрғысынан бағалау.
ХХ ғасыр басындағы әдебиетке азаттық сарын, ұлттық рух алып келген
ақын-жазушылар шығармашылығының қазақ әдебиетін ӛркендетудегі
қызметін, ӛзінен кейінгі әдебиеттің дамуына тигізген игі әсерін таныту.
Достарыңызбен бөлісу: