Мазмҧны кіріспе


Бҧл  тҧстағы,  яғни  ХХ  ғасырдың



Pdf көрінісі
бет6/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Бҧл  тҧстағы,  яғни  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  мәдени-әлеуметтік 
дамудың  бір  кӛрінісін  қазақша  кітаптардың  кӛптеп  шығып,  ел  арасына 
кеңінен тарауы аңғартса керек. Қазақ кітаптарының даму тарихына арналған 
еңбектерде  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  кітаптарының  сапалық  жағынан 


10 
 
да,  сандық  жағынан  да  күрт  ӛсуі  дәлелді  айтылған.  Мәселен,  зерттеуші 
Ә.Жиреншин  400  кітап  атауымен,  180  басылымды  атаса,  Ү.Суханбердина, 
Д.Сейфуллиналар  480  кітап  атауымен  720  басылымды  кӛрсетеді.  Ал  татар 
ғалымы  А.Каримуллин  1917  жылды  қоса  есептегенде  қазақ  тілінде  509 
басылым  
2  млн.  201  мың  105  дана  болып  таратылды  деген  пікір  айтады.  ХХ  ғасыр 
басындағы әдебиеттің білгірі, ғалым Б.Кенжебаевтың дерегі бойынша 1900-
1917  жылдар  аралығында  200  кітап  жарық  кӛрген.  Бейсекең  негізінен  әдеби 
шығармашылыққа жақындау кітаптарды кӛрсеткен болуы керек. 
Қоғамдық  ӛмірдің  және  әлеуметтік  дамудың  айнасы  баспасӛз  десек, 
аталмыш  кезеңде  оянған  сананы  алға  жетелеген  кӛрнекті  басылымдар 
мәдениет  рухын  септі.  Отаршыл  әкімшіліктің  “Түркістан  уалаяты”,  “Дала 
уалаяты”  секілді  қазақ  тілінде  шығарған  ресми  газеттерімен  бірге  жаңа 
сипаттағы  еркін  басылымдар  дүниеге  келді.  “Серке”  (1907),  “Қазақстан” 
(1911-13),  “Ешім  даласы”  (1913)  газеттері,  “Айқап”  (1911-1915)  журналы 
және  жалпы  ұлттық  қоғамдық-саяси  һәм  кӛп  тиражбен  тараған  “Қазақ” 
(1913-1918) газеті қазақ ұлтының саяси-әлеуметтік ой-санасына түрткі салып, 
замананың  кӛкейтесті  мәселелерін  қозғады.  Отарлық  саясаттың  езгісінде 
отырған  қазақ  халқының  бостандығы  мен  азаттығын  аңсап,  ел-жұртын 
ғылымы мен білімі ӛркендеген халықтар санатында кӛруді қалады. 
Қазақ  зиялыларының  ағартушылық,  демократтық  бағыттағы  күрескерлік 
идеяларын ӛрістете түсуіне 1905-1907 жылғы орыс революциясының да әсері 
болмай  қойған  жоқ.  Патша  әкімшілігінің  революциялық  дүмпуден  кейін 
шарасыздықтан  бұратана  халыққа  кейбір  еркіндіктер  беруі  себепті  (1905 
жылғы 17 октябрь манифесі) қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының үгіт-
насихаттық,  әдеби-шығармашылық  қызметтеріне  жол  ашылып,  азда  болса 
мүмкіндік  туды.  Бұл  ең  алдымен,  қазақ  даласындағы  европалық  дәрежедегі 
білімі  бар  зиялылардың  сан  жағынан  алғанда  Орта  Азияны  мекендеген 
халықтар  ішінде біршама  жоғары  тұрғандығынан еді.  Бұл  туралы  тарихшы-
ғалым  М.Қойгелдиев  “Қазақтың  жоғары  және  аяқталмаған  жоғары 
білімділері 
200-ден 
астам 
(Ә.Бӛкейханов, 
Ж.Досмұхамбетов, 
Х.Досмұхамбетов,  Ш.Лапин,  М.Тынышбаев,  М.Шоқаев,  Б.Қаратаев  т.б.),  ал 
мектептерді, 
училищелерді, 
мұғалімдер 
семинариясын 
бітіргендер 
(А.Байтұрсынов,  Ә.Жангелдин,  А.Асылбеков,  М.Жұмабаев,  К.Тӛгісов,  т.б.) 
1000-ға таяу болды” дегенді айтады.  
Тарихи шындыққа жүгінер болсақ, мұнан да кӛп екенін аңғарғанымызбен, 
қолда  толық  дерек  жоқтықтан  әзірше  осы  шамада  білімді  жандардың 
болуының ӛзі отаршылдық бұғауындағы бұратана халық үшін аздық етпес-ау 
деген  ойға  тоқтадық.  Және  олардың  әрқайсысы  10  адамның  атқарар  істерін 
жасап кетсе, санынан сапасының жоғары екенін де байқаймыз. 


11 
 
Қоғам  дамуындағы  алдыңғы  қатарлы  ой-сана  әдеби-шығармашылық 
еңбектерде  кӛрініс  табады  десек,  жоғарыда  аты  аталған  зиялылардың 
кӛпшілігі ӛздерінің шұрайлы ойларына қаламгерлікті серік етті. Олар әртүрлі 
аударма шығармалары, тӛл туындылары, публицистикалық еңбектері арқылы 
халыққа ой салып, кӛп сұрақтарға жауапты әдеби шығармалар арқылы берді. 
Сӛйтіп,  замана  рухына  сай  дүниелер  туғызып,  ӛз  ұлтына  бағыт-бағдар 
сілтеді, дамудың даңғыл жолын кӛрсетуге тырысты. 
ХХ  ғасыр  бас  кезіндегі  жазба  әдебиет  –  ХІХ  ғасырдағы  қазақ 
әдебиетіндегі дәстүрлерді дамытумен бірге ӛзіндік ӛрнегін де тапқан әдебиет. 
Мұнда,  әсіресе,  ӛмір  шындығын,  замана  ӛзгерісін,  әлеуметтік  тұрмысты 
нақты  да  шынайы  бейнелеуге  ұмтылу  кӛзге  айқын  шалынады.  Дегенмен  де 
бұл 
тұстағы 
әдебиетте 
ақын-жазушылардың 
қоғамдық-әлеуметтік 
құбылыстарды суреттеудегі, ӛмір шындығын танудағы, ӛз мақсат-мүдделерін 
түсіндірудегі  даралығына,  әркімнің  дарын-талантына,  білік-танымына  сай 
әркелкілік  те  болды.  Мұндай  әр-алуандықтың  болуы  заңды  да  еді.  Ақын-
жазушылардың ӛскен ортасы, шығармашылық мектебі, білім дәрежесіне орай 
әртүрлі  бағыт-бағдарлар,  ағымдар  дүниеге  келіп,  олар  сол  бағыт  арқылы 
қалыптасқан  кӛзқарастарын  шығармашылығы  арқылы  танытуға,  халыққа 
жеткізуге тырысты. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  діни-ағартушы,  ағартушы-демократтық,  ұлт-
азатшыл әдебиет ӛкілдері ХХ ғасырдың, яғни ояну дәуірінің негізгі идеясына 
айналған  халықты  “оятуға”  әр  қырынан  келіп,  ӛздері  дұрыс  деп  таныған 
мақсат тұрғысынан кӛтергені белгілі. Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық-саяси 
ӛзгерістер алға тартқан кӛп мәселелерді шешуде ӛзіндік бағдар ұстанғанмен, 
олар  қазақтың  ӛзіне  ғана  тән  ұлттық  мәселелерде  – оқу-ағартуға  шақыруда, 
әйел теңдігін кӛтеруде, кертартпа мінез-құлықтарды сынауда, оларды түзеуге 
ұмтылуда  бірлік  таныта  білді.  Ал  азаттық,  тәуелсіздік  тәрізді  күрделі 
проблемаларға  байланысты  ізденістер  оларды  кӛркемдік  дәрежесі  биік 
деңгейдегі  туындылар  жасауға  ұмтылдырды,  соны  соқпақтарға  жетеледі. 
Сондықтан  да  бұл  кезеңде  әртүрлі  пікір  қайшылықтары,  артық-кем  түсіп 
жатқан тұстардың болғанын жасыра алмаймыз. 
ХХ  ғасыр басындағы  әдебиет  тарихына  байланысты  90-жылдарға дейінгі 
жазылған  еңбектерде  кӛбіне  бір  сарындылық  байқалуы  да  осыған 
байланысты.  Олардың  кӛпшілігі  ағартушы-демократтық  бағыт  ӛкілдерінің 
шығармашылығына  арналып,  қалған  екі  бағыт  діни-кертартпа,  ұлттық-
буржуазияшыл бағыттар ретінде бағаланып, кейде тіптен назардан тыс қалып 
жатты.  Бұл  туралы  қазіргі  баспасӛз  бетінде  кӛп  айтылып,  кӛп  жазылды  да. 
Ақталған  ақын-жазушыларымыздың  ӛмірі  мен  шығармашылығы  туралы 
жекелеген мақалалар, еңбектер жазылып, кейбірінің жекелеген жинақтары да 
жарық  кӛрді.  Бұл  ретте  Қ.Мұхаметқановтың,  Т.Кәкішевтің,  Р.Нұрғалидің, 
С.Қирабаевтың,  Ш.Елеукеновтің,  З.Ахметовтің  т.б.  әркезде  түрлі  баспасӛз 


12 
 
беттерінде  жарияланған  мақалаларын,  жеке  кітаптарын  атауға  болады. 
Қазіргі  кезде  сол  тұстағы  әдеби  процеске  қатысы  бар  біршама  зерттеу 
еңбектер де жарияланып үлгерді. 
Бұл  еңбектердің  барлығы  да  негізінен  бұрын  зерттелмей  келген 
тұлғалардың  әдебиетіміз  бен  мәдениетімізде  алар  орнын  айқындауға  басты 
назар аударып, кӛбіне архивтік, ӛмірбаяндық материалдарға сүйене жазылды. 
Жалпы  сол  тұстағы,  әсіресе,  тӛңкеріске  дейінгі  әдебиеттің  бүкіл  бағыт-
бағдарын,  кӛркемдік  ізденістерін  айқындайтын  зерттеулер  әлі  де  болса 
жоқтың қасы. Дегенмен кейбір еңбектерде жаңаша ізденіске деген бетбұрыс 
байқалады.  Мәселен,  сын  жанрының  ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  орнын 
бағалаған (Т.Кәкішев  “Қазақ әдебиеті сынының тарихы”, 1994), сол кезеңде 
ӛмір  сүріп,  әдебиетке  үлес  қосқан  ақын-жазушылар  шығармашылығын, 
ӛмірін  жинақтай  алып  қарастырған  (“ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  қазақ 
әдебиеті”,  1994),  әдебиетіміздің  тарихындағы  “ақтаңдақ”  беттерге  назар 
аударған  (С.Қирабаев  “Әдебиетіміздің  ақтаңдақ  беттері”,  1995.  Р.Нұрғали 
“Әуезов және Алаш”, 1997) еңбектердің жарық кӛруі осының айғағы. 
Жалпы  осы  кезге  дейін  ХХ  ғасырдың  басындағы  әдебиет  жеке  шығарма 
немесе  жеке  жазушы  шығармашылығына  ӛзіндік  баға  беру  тұрғысынан 
кӛбірек  зерттеліп  келгені  шындық.  Әрине,  әдебиеттегі  зерттеу  жалпыдан 
жалқыға  немесе  керісінше  жүретін  процесс  екені  де  анық.  Бірақ  әдебиет 
зерттеу ғылымында осы екінші бӛлік кенже қалып жатқан сияқты. Қандай да 
бір жаңалыққа жол ашар еңбекте осыны әсте естен шығаруға болмайды. 
Әдебиеттің жалпы даму үрдісін қарастыру ең алдымен сол әдебиет оятқан 
ұлттық  сананың  болмысын  бағдарлауды  шарт  тұтады.  Ол  үшін  сол  тұстағы 
тарихи әлеуметтік жағдайларға назар сала кеткен орынды. 
Ӛткен  ғасырдың  басындағы  қазақ  қоғамы  ӛзінің  құрылымы  жағынан 
феодалдық-патриархалдық  даму  ықпалында  болып  келді.  Капиталистік 
қатынастардың  кейбір  элементтері  ішін  ара  байқалып,  кӛрініс  тапқанмен 
(сауда-саттық,  ұсақ  қолӛнер,  т.б.),  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастардың 
іргесі сӛгіле қоймаған-ды. Патшалық Ресейдің езгісінде қиын да күрделі ӛмір 
сүрген  қазақ  халқының  қоғамдық  дамуының  басты  белгісі  халық 
шаруашылығының  табыс  кӛзіндегі  ӛнер-кәсіп  пен  ауыл  шаруашылығының 
ара-қатынасынан  айқын  байқалады.  Мәселен,  мал  шаруашылығы  табыстың 
60  процентін  құраса,  егіс  30  процентін,  ал  ӛнеркәсіп  бар  болғаны  
10 процентін құрады. 
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында,  яғни  1863  жылы  Черняевтің  әскері 
Әулие  ата,  Шымкент,  Ташкент  қалаларын  алуымен  Ресейдің  қазақ  жерін 
ӛзіне қаратуы аяқталды. Бұл болашақ кӛп нүктелерді туындатар, қазақ елін, 
қазақ  жерін  толық  түрде  орыс  колониясына  айналдыруға  қойылған  соңғы 
нүкте  еді.  Сӛйтіп,  бүкіл  Сібірді  бауырына  басып,  бір  тұяғы  Кавказды, 
екіншісі  қазақ  жері  мен  Орта  Азияны  бүрген  Ресейдің  екі  басты  самұрық 


13 
 
бейнесіндегі  империясы  жаңа  ғасырдың  басында 17,4  млн.  шаршы км  жері, 
33,2  млн.  халқы  бар  колонияға  ие  болса,  Азия  халықтары  орыс  империясы 
халқының 19,6  процентін  құрап,  жер  кӛлемінің  76,3  процентін  алып  жатты. 
Қазақ  жеріне  еркіндей  енген  Ресей  патшалығы  “мысық  табандаған”  тірлікті 
қойып,  саяси-әкімшілік  қысымды  бұрынғыдан  да  күшейте  түсті.  Қазақ 
ӛмірінің  барлық  қоғамдық-әлеуметтік  саласына  тізе  батыру  мен  басқа 
ұрудың  салқыны  тимей  қойған  жоқ.  Патшалық  ӛкімет  қазақ  жерінің  саяси-
әлеуметтік,  экономикалық  дамуына  тек  отарлық  саясат  кӛзқарасы 
тұрғысынан қарап, қазақ елінің халық, ұлт ретіндегі ӛзіндік даму жолдарын 
айқындауына,  салт-дәстүрінің  сақталуына,  ұлттық  табиғи  эволюцияда 
ӛркендеуіне  мүмкіндік  бермеді.  Мұның  ӛзі  патша  үкіметінің  Қазақстанның 
мол  байлығын  тек  шикізаттық  қор  ретінде  пайдалану  арқылы  халықты 
қараңғылық  қапасында  ұстап,  прогресті  дамуға  қол  жеткізбестен  этнос 
ретінде  жойылуын  кӛздеген  сұмдық  саясат  болатын.  Отаршылдытың  қыл 
бұрауы  қасірет  жайған  қазақ  ұлтының  ӛміріндегі  қиыншылықтарға  ХХ 
ғасырдың басында кесе-кӛлденең шыққан ел азаматтарын, халқының қамын 
жеген  ардақты  ұлдарын  қатты  ойландырған  үш  мәселе  еді.  Бұл  үш  мәселе 
түпкілікті  шешілмей,  қазақ  халқының  қараңғылық  пен  надандық  уысынан 
құтылмасы  айқын-ды.  Бұның  алғашқысы  және  Қазақстандағы  ең бір  қиыны 
жер  мәселесі  болатын.  Ӛйткені  жаңа  ғасырдың  басында  Ресейден  қазақ 
жеріне  шаруаларды  қоныстандыру  үдей  түскен  еді.  Патша  әкімдерінің  әккі 
саясаты  екі  нәрсені  кӛздеген  болатын.  Біріншіден,  Орталық  Ресейдегі  ауыл 
шаруашылығындағы  қиыншылықтан  шығуға  жол  табу,  екіншіден,  қазақ 
жеріндегі  үстемдік  саясатын  жүргізуде  сенімді  күшке  ие  болу.  Бұл  саясат 
патша  үкіметінің  үмітін  ақтады  да.  Бұған  аталмыш  кезеңде  европалық 
Россияны  4-4,5  млн.  крестьяндардың  тастап  кетуі,  Сібір,  Орта  Азия 
жерлеріне 
барлығы  
3  957  058  адамның  қоныс  аударуы  (П.Г.Галуза)  дәлел.  Және  бұл  қоныстану 
ХХ  ғасырдың  басында  жыл  артқан  сайын  ӛте  жоғары  қарқынмен  ӛсіп 
отырды.  Мәселен  1896-1905  жылдары  Ақмола,  Торғай,  Орал,  Семей 
облыстарына 294 296 жан қоныс аударса, 1906-1910 жылдар аралығында 770 
000  жан  қоныс  аударған.  Қоныс  аударушылар  қорына  бӛлінген  жерлер 
неғұрлым  шұрайлы,  егістікке  ыңғайлы  болып  келсе,  жергілікті  халық 
керісінше  қуаң  далаға,  сортаңды  жерге,  таулы  аймаққа  ығыстырылды. 
Мұның  ӛзі  мал  бағумен  айналысқан  халықтың  жағдайының  күрт 
құлдырауына  әкеліп  соғып,  түгелдей  бір  ұлттың  жойылып  кету  қаупін 
туғызды.  Себебі  “…Киргизское  хозяйство  извлекает  почти  3/4  (73,76 
процента) своего дохода от скотоводства, которое доставляет крестьянскому 
хозяйству  менее  1/4  (23,69  процента)  его  общих  доходов”
1
,  –  деген 
                                                 
1
 Букейханов А.Киргизы  ⁄⁄  Казахи о русских до 1917 года.-Оксфорд,1985.-С.2
 


14 
 
Ә.Бӛкейханов  пікірін  еске  алсақ,  әрі  осы  негізгі  табыс  кӛзінің,  яғни  мал 
басының жыл сайын кеми түсуі жоғарғы күдікті жоққа шығармайды. 
Мәселен  ХІХ  ғасырдың  70-ші  жылдарының  аяғы  мен  1902  жылдар 
аралығындағы  20  жылдай  уақыт  ішінде  бір  от  басына  тиесілі  мал  басы 
Жетісу  облысының  Верный  уезінде  806,8  пайызға  (13,2  бастан  7,3  басқа) 
кеміп кеткен. Жалпы ХІХ ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдың бас 
кезінде, дәлірек айтқанда 1893 жылдан 1905 жылға дейінгі 12 жылдың ішінде 
қазақ  халқының  4  млн.  десятинадан  артығырақ  жері  тартып  алынды.  Бұл 
озбырлық  тонау  патша  самодержавиесі  жағынан  үлкен  жұдырықтық, 
ӛктемдік,  әскери-феодалдық  қанаудың  әлімжеттілік  принципі  негізінде 
жүргізілді. 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ӛміріндегі екінші бір күрделі мәселе оқу-
ағарту  ісі  болды.  “Болғанмен  оқу  анық,  мақсат  танық”  деп  Сұлтанмахмұт 
айтпақшы ХХ ғасыр басында қазақта оқу аз болған жоқ. Бұған мұсылмандық 
мектептер туралы мына деректері куӛ: Жетісу мен Сырдария облыстарында 
1913  мектеп  болса, онда 22 422 оқушы  оқыған,  ал осындағы  56  меддреседе 
1330  шӛкірт  дӛріс  алған
1
.  Деген-мен  қазақ  даласында  жалпы  білім  беретін 
негізінен  күштеп  енгізілген  орыс-қазақ  мектептері  болды.  Мұндай  алғашқы 
бастауыш  орыс-қазақ  мектебі  1841  жылы  Жәңгірхан  ордасында  ашылды. 
Екінші  мектеп  Орынбор  шекаралық  комиссиясының  жанынан  1850  жылы 
жұмыс істей бастады. Ол негізінен отарлық аппараттың тӛменгі орындарына 
кеңсе  хатшылары  мен  тілмаштар  даярлау  мақсатын  ұстанды.  Алғашқы  30 
баланың  бірі  ретінде  онда  қазақтың  тұңғыш  ағартушысы  Ыбырай 
Алтынсарин  оқыды.  Ал  үшінші  осындай  мектеп  Омбы  қаласында  Сібір 
қазақтары  облыстық  басқармасының  жанынан  1865  жылы  ашылды.  Оған 
жиырмаға  жуық  оқушы  қабылданды.  Осылайша  бірте-бірте  мектеп  ашу  ісі 
белең  ала  бастады.  Бірақ  бұл  негізінен  орыстық  ықпалды  күшейте  түсуге 
бағыталған  оқу  жүйесі  болатын.  Орыс-қазақ  мектептерінің  кӛздеген  басты 
мақсаты жалпы қазақ балаларының ой-санасын, таным-түйсігін жетілдіруге, 
оларды  білімділік  пен  біліктілікке  ұмтылдыру  емес,  ӛз  кеңселеріне  қажетті 
тӛменгі  дәрежелі  қызметкерлер  даярлау  және  ел  арасында  солардың  тәлім-
тәртібі арқылы орыстандыру саясатының нарқын арттыру еді. Ӛйткені бұған 
дейін, Ә.Бӛкейхановтың пікірінше 1905 жылдың 17 октябріндегі манифестке 
шейін  әр  түрлі  әкімшілік  орындарында  тілмаштық  міндетті  қазақ  тілін 
білмейтін, қазақ жазуын түсінбейтін орыс азаматтары атқарды. Сондықтан да 
олардың  орнын  неғұрлым  қазақ  тілмаштары-мен  ауыстырып,  солардың 
қолымен от кесеуді мақсат еткен патша чиновниктері әлгідей оқу орындарын 
кӛптеп ашуға тырысты. Бұқара халықтың тіл білмеуі, орыс чиновниктерінің 
түсіне  алмауы  тілмаштардың  қолына  үлкен  ерік  берді.  Сондықтан  орысша 
оқу  білім  алудың  емес,  “тӛре”  атанудың,  мал  табудың  таусылмас  кеніне 
                                                 
1
 Гейер И.И.Туркестан.-Изд..2-ое,исправленное и дополненное.-Ташкент,1909.-С.29.
 


15 
 
айналды.  Бұл  туралы  тарихшы  С.Аспандияров:  “Знание  русского  языка 
становится  средством  эксплуатации…  Начиная  с  канцелярии  генерал-
губернатора  и  кончая  писарем  у  волостного  управителя,  эти  группы 
посредников-переводчиков  укреплялись  и  возрастали по  мере даль-нейшего 
проникновения  царизма  в  степь”
2
,  –  деп  тап  басып  айтқанды.  Мұндай 
“ағартушылықтың”  қазақ  халқына  берер  пайдасы  жоққа  тән  екендігі  айдан 
анық  еді.  Оның  мәні  1870  жылдың  26  мартында  шыққан  “О  мерах  к 
образованию  инородцев”  деген  оқу  тәртібінде  былай  деп  анық  айтылған: 
“…Конечной  целью  образования  всех  инородцев,  живущих  в  пределах 
нашего  Отечества,  бесспорно,  должно  быть  обрусение  и  слияние  их  с 
русской  народностью”.  Мұндай  “қамқорлыққа”  патша  әкімшілігі  ғана  емес, 
“халық  ағартуда”  отаршылдық  орыстандыру  саясатының  ірі  қайраткері, 
миссионер  Н.И.Ильминский  (1842-1891)  сияқты  “оқымыстылар”  да  үлкен 
еңбек сіңірді. 
Бұл жерде Ильминскийдің мына бір пікірі кӛп нәрсеге жӛн сілтеп, бұлаң 
құйрық  “пірадардың”  құпиясын  ашады.  “Главное  внимание  должно  быть 
обращено на то, чтобы эти молодые люди получали такое воспитание, чтобы 
они не чуждались от своих соплеменников и охотно возвращались бы в степь 
и там распространяли бы полученные в школе сведения. Поэтому бесполезно 
давать  этим  молодым  людям  слишком  высокое  воспитание.  Привлекать 
киргиз  в  наши  средние  учебные  заведения  даже  вредно”.  Бұл  –  алысты 
кӛздеген  “алғыр”  саясаттың  дегеніне  жетеріне  сенімі  мол  адамның  сӛзі. 
Айлалы  тәсіл  осылай  ӛрістей  берсе,  жемісінің  де  мол  болары  шындық  еді. 
Орыс әкімшілігі мұнымен ғана шектелмей, қазақ балаларының қазақша оқып
тіл  сындыруына  мүлде  қарсы  болды.  Олар  қазақ  даласында  мұсылман 
мектептерінің  ашылуына  мүмкіндік  бермеу  үшін  кӛптеген  айла-шарғылар 
жасап-ақ  бақты.  Соның  бір  кӛрінісі  –  жоғарыдан  жергілікті  орталық 
басқармалар  мен  оқу  ісінің  бастықтарына  мұсылман  мектептеріне  қатаң 
бақылау  жасау  жӛнінде  нұсқаулар  мен  ережелер  жіберіп  отыруы.  Нұсқау 
бойынша  балаларын  қазақша  медресе-мектепте  оқытқысы  келетін  қазақтар 
оқу ісі бастықтарынан арнайы рұқсат куәлік алуға тиіс болған, әр куәлік үшін 
50  тиын  алым  тӛлеген.  Ал  балаларын  үздіксіз  ӛз  бетінше  оқытқандарға 
бірінші  жолы  10  сом,  екінші  жолы  30  сом  айып  салынған.  Бұл  тәртіпті 
үшінші  рет  бұзған  адамдар  5  тәуліктен  15  тәулікке  дейін  қамауға  алынып, 
одан әрі балаларын мұсылман мектептерінде оқытуына тиым салатын болған. 
Бұдан  шығар  қорытынды:  патша  ӛкіметі  мен  оның  “туземдіктерді”  оқу-
ағарту  іс  жӛніндегі  негізгі  идеологтарының  жанын  сала  ізденуінің 
нәтижесінде  орыс-қазақ  мектептері  бұратана  халықтардың  христиандық 
уағызды тезірек қабылдау ошағына айналды. Орыстандырудың ең бір тиімді 
әдісі  ретінде  сауат  ашуды  орыс  алфавитімен  бастауда  да  үлкен  мән  жатыр. 
                                                 
2
 Асфендияров С.История Казахстана (с древнейших времен).Т.1.-Алма-Ата-Москва,1935.-С.152.
 


16 
 
Мақсат – ата дәстүрді, әдет-ғұрыпты бала жастан ұмыттырып, араб әріпімен 
жазылған ұлттық мұрадан қол үздіру. 
С.Аспандияров  Ильминскийдің  миссионерлік  саясатының  арыдан 
ойлайтын  сұрқиялық  құпиясын  былай  ашады:  “Он  предлогал  открывать 
побольше учительских семинарий, где ученики из “инородцев должны были 
воспитаться  в  духе  незыблимых  начал  самодержавия  и  православия  с  тем, 
чтобы  в  будущем  самим  явиться  воспитателями  своего  народа  на  этих 
началах.  …Казахские  дети  вербовались  в  учительские  семинарии,  а  в 
Ташкенте  при  учительской  семинарии  был  открыт  интернат  для  казахских 
детей.  Во  главе  этой  семинарии  стоял  известный  ученик  Ильминского, 
миссионер Остроумов”. 
Жалпы  патшалық  самодержавие  ағарту  саласында  екі  бірдей  бағыт 
ұстанғанын  аңғару  қиын  емес.  Біріншіден,  ол  жаппай  сауаттылыққа  қарсы, 
сондықтан да мұсылмандық бастауыш мектептердің кең ӛріс алмауын қатты 
қадағалаған.  Екіншіден,  жергілікті  әкімшілік  орындарына  кӛмекші  кеңсе 
қызметкерлерін даярлау үшін орыс-қазақ мектептерін ашып, онда орыс тілін, 
арифметиканың  тӛрт  амалын,  орыс  алфавитті  қазақ  тілін  оқытуға  мәжбүр 
болған.  Бірақ  мақсат  айқын,  бағыт  нақты.  Қалай  болғанда  да  академик 
Бартольдтің  тұжырымымен  айтқанда:  “Как  бы  не  сообщить  туземцам 
слишком  много  сведений  на  их  языке  и  не  содействовать  этим  упрочению 
местной  литературы  и  местных  культурных  особенностей,  в  ущерб 
обрусению”
3

Қaжетті  қызметкерлер  мӛлшері  түгенделе  бастаған  соң,  патшалық ӛкімет 
бірте-бірте орыс-қазақ мектептеріндегі жергілікті халық балаларының санын 
кеміте  бастағанын  байқаймыз.  Басты  себебі  –  қазақ  балаларының  мектеп 
кӛргендерінің  біразы  орыстандыру  саясатының  құрығына  ілінбей,  білімін 
ары қарай жалғастырып, жоғарғы мектептерді бітіре бастады. Мысық тілеулі 
миссионерлер қалағандай іс жүргізуші, тілмаш, орыс оқуын дәріптеуші қана 
болып қоймай, юрист, дәрігер сияқты мамандықтарды игеріп, халқының ке-
регіне  жарар  ғылым  жолына  түсе  бастауы  Ресейлік  әкімшілікті 
шошындырмай тұра алмаса керек. 
ХХ 
ғасырдың 
басына 
қарай 
қазақ 
балаларының 
орыс-қазақ 
мектептеріндегі  саны  күрт  тӛмендеп  кеткен  еді.  Бұл  туралы  академик 
Бартольд 
Түркістаннан 
мынадай 
деректер 
келтіреді: 
“…число 
воспитанников-туземцев  правительственных  школах  с  годами  иногда  не 
увеличивалось,  а  уменьшалось.  В  Ташкентских  гимназиях  мужской  и 
женской,  это  число  достигло  высшего  предела:  к  январю  1883  г.  –  20 
мальчиков из 286 /7 процента/ и 10 девочек из 333 /3 процента/, января 1896 
г.  …было  всего  10  мальчиков  из  327  /3  процента/  и  8  девочек  из  377  /2 
                                                 
3
 Бартольд В.В.История культурной жизни Туркестана.-Л.Изд.АН СССР,1927.-C.130.
 


17 
 
процента/  по  сведениям  1909  г.  Воспитанников-мусульман  было  около  2 
процентов в мужской гимназии и около 1 процента в женской”. 
Кӛріп отырғанымыздай, оқу-ағарту ісінде ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ 
ұлты екі түрлі қыспаққа ілініп тұрды. Бірі – ұлттық мектептің мәні жойылуы 
(мұның  ӛзі  жаппай  сауаттылықты  шектеді),  екіншісі  –  қалың  бұқараның 
сауат ашуына жоғарғы тӛлем жол бермеуі. Ал сауатсыздық  – халықтың ой-
санасын  тұмшалаған  тор.  Ӛз халін  ұғынып,  күңгірт  тірліктен  бостандықтың 
боз ала таңына ұмтылу үшін білімнің кәусар бұлағы қажет еді. 
Аталмыш  кезеңдегі  ой  толғантқан  үшінші  мәселе  және  ең  басты  мәселе 
қазақ  еліндегі  адамдық  құқық,  ұлттық  мүддені  табанға  таптаған  патшалық 
ӛкімет  отаршылдығының  шынжыр  бұғауы  –  басқару  системасы  еді.  ХХ 
ғасырдың бас кезінде Ресей патшалығының ішкі отары ретіндегі Қазақстанда 
самодержавиелік империяның билеп-тӛстеуі нақты күшіне ене бастады. Жаңа 
ғасырды  қазақ  халқы  сан  жағынан  5  миллионға  жетеміз  деген  үмітпен 
аттады. Нақтылай айтсақ 4 696 600-ге жетіп, ӛз жеріндегі халықтың 51%-тін 
құрады  (Ә.Бӛкейханов).  Бірақ  қазақ  жері  бір  әкімшілік  орталық- 
қа 
бағынған 
территориялық 
тұтастыққа 
ие 
бола 
алмады.  
Ә  дегеннен-ақ  бас  біріктірмеу  саясатын  берік  ұстанған  патша  ӛкіметінің 
әкімшілігі “бӛліп ал да билей бер” тәсілін қолданып, қашанда да уыста ұстау 
жағын орайластырып отырды. 
Ӛзінің  қазақ  жерін  бӛлшектей  билеу  саясатын  дамыта  отырып  патша 
әкімшілігі  1886 жылы  2  июньде  “Түркістан  ӛлкесін  басқару  туралы  ереже”, 
1891  жылы  25  мартта  “Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал  және  Торғай 
облыстарын басқару туралы ереже” қабылдады. 
Түркістан  ӛлкесінің  құрамына  Ферғана,  Самарқанд  және  Сырдария 
облыстары кірді. Сырдария облысы қазақ жерін қамтыған 5 уезден – Қазалы, 
Перовск,  Шымкент,  Әулиеата,  Ташкент  уездерінен  құралды.  1891  жылғы 
“Ереже” 
бойынша 
Орынбор 
және 
Батыс 
Сібір 
генерал-
губернаторлықтарының  орнына  орталығы  Омбы  болған  бір  Дала  генерал-
губернаторлығы  құрылды.  Оның  құрамына  Ақмола,  Семей,  Орал,  Торғай, 
Жетісу  облыстары  кірді.  Жетісу  облысы  1897  жылы  қайтадан  Түркістан 
генерал-губернаторлығының  қарауына  берілді.  Осы  ережелердегі  әкімшілік, 
басқару  жүйесі,  сот  құрылысы  Қазан  тӛңкерісіне  дейін  сақталды  және  ол 
қазақ  ӛміріндегі  бүкіл  саяси-әлеуметтік  және  экономикалық  мәселелерді 
бағыттайтын  негізгі  заң  жобасы  ретінде  пайдаланылды.  Қазақ  даласындағы 
отаршыл  ӛкіметтің  ең  жоғарғы  ӛкілі  генерал-губернатор  болып  табылды. 
Оның ӛкілеттілігінің құдіретін салыстырмалы түрде тарихшы С.Сапарғалиев 
былайша  кӛрсетеді:  “Он  не  только  осуществлял  высший  надзор  над 
причиненными  ему  областями,  но  и  являлся  как  бы  “законодательным 
органом”, принимавшим в случае необходимости правовые акты и развитие 


18 
 
Степного  положения.  Таким  исключительным  правом  генерал-губернаторы 
внутренних губерний не наделялись”
4

Ал  бүкіл  далалық  билікті  уезд  бастықтары  ӛз  қолында  ұстады.  Яғни  ӛз 
жерінде  қазақ  халқының  еркі  ӛзінде  болмады.  Бүкіл  бір  халықтың  тағдыры 
талай  қанқұйлы  генералдар  мен  шала  сауатты  офицерлердің  қолжаулығына 
айналды.  Түркістан  дала  генерал-губернаторлығында  бүкіл  әскер  генерал-
губернатордың қарауында, ал облыстағы әскерлер губернатордың қарауында 
болды.  Әскер  ұстауда  екі  мақсат  кӛзделді.  Бір  жағынан  шекараларды 
нығайту,  екінші  жағынан  отарлық  Қазақстанда  әскери-саяси  үстемділікті 
таныту.  Басты-басты  стратегиялық  нүктелерде  біршама  күштерді  жинақтай 
отырып, отаршыл-әкімшілік оларды үнемі жоғары жауынгерлік дайындықта 
ұстады және жергілікті халықтың кӛңіл-күйін қатты қадағалап отырды. 
Сӛйтіп,  жаңа  ғасыр  табалдырығын  қазақ  халқы  жерінен  айрылып, 
шаруашылығы  күйзеліп,  білім  нәріне  қанбай,  санасы  сансырап,  елдігінен 
айрылып,  мемлекеттік  қалпын  жоғалтып,  дауыл  алдындағы  тымырсықтай 
түнеріп аттады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет