229
Елде кӛп бұл бидайдай адам, – дейді,
Такаппар, оны халық, – жаман, – дейді,
Қалпы емес данышпанның такаппарлық,
Тұтынба бұл мінезді, балам, – дейді.
Бұл мысалда ой ерекше тәсілмен әдемі берілген. Бұл – әрі сұраққа жауап,
әрі шығар қорытынды.
“Екі бӛшкеде” ірі әлеуметтік зор шындық бар. Мұнда атқа қонып
айқайлап, ұрандап жүрген ел ағаларының кӛпшілігі бос кеуде екенін, құрғақ
ұраншылдық терең ақыл-ой, кемерлі білімсіз жарға соғарын меңзейді ақын.
Кӛсемсініп күрпілдегенге назар аударып, үндемей іс бітіргенді “ілтипат етіп
ешкім аңғармауы” аңқау елге арамза молдалықты танытып тұрған жоқ па?!
Ахмет осы мысал арқылы халықтың ӛз даналығын ӛзіне қайыра береді.
Сондықтан да сӛз соңында:
Байқамас оны ешкім жақындаспай,
Істес боп, ой санасын, ақылдаспай,
Бӛшкеде не зат барын білеміз бе,
Қақапағын я бір жерін тесіп ашпай, –
деп түйін түйеді.
Ахмет Байтұрсыновтың Крыловтан аударған мысалдарының ішінде “Ала
қойлар” мысалының кӛтерер жүгі ерекше. Ахаң бұл мысалында жадағай
зорлық-зомбылықты ғана емес, отаршылдық саясаттың бет-пердесін
сыпырып, зұлым сұмдығын ашқан.
Крыловтың 1822 жылы жазған “Пестрые овцы” мысалы Петербург
университетінің маңдай алды профессорларының қуылуына байланысты
туған
58
. Ұлы мысалшының тірісінде цензура басуға рұқсат етпегені де
белгілі. А.Байтұрсынов Крыловтағы берілген сюжетті еркін аударма
тәсілімен аудара отырып, оған тыңнан жолдар қосып, ӛз мақсатына сай
мағына береді. Крыловтың 38 жолдық мысалын 64 жолға жеткізіп аударған
Ахаң сӛз кӛбейту, жол кӛбейтуді мақсат еткендіктен емес, ӛзінің айтар ойын
оқырманның тереңірек ұғынуына жол ашу үшін барған.
“Ала қойларда” Ахаң ақ патшаның құлқын құмар саясатын ашып, отар
елдерді қандай айлалы тәсілмен қанап отырғандығын суреттейді. Онда
Арыстан (орыстың ақ патшасы), Аю мен Түлкі (жақын кеңесшілері), Ала
қойлар (бұратана халық) кейпінде суреттеледі. “Әділ” патша “Ала қойларды”
кӛргенде кӛңілі бұзылып, кӛзі қарауытып кететінін айтып, олардан
құтылудың жолын “кеңесшілерімен” ақылдасады. Ол:
58
Сиепанов Н. Басни Крылова. – М., 1969. – С.42 б.