Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет93/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Жазықсыз қан тӛкті деп айтпастай ғып, 
Әр түрлі бұған керек амал таппақ, – 
деп аярланады. Сонда “күшке мықты, ойға олақ” Аю: 
 
Бәрін де ала қойдың қырсаң, тақсыр, 
Тұқымын не бар құртып, жоймайтұғын?! – 
 
деп, жауыздық ойын қарадүрсін жеткізеді. Оның бұл ойын Арыстан құп ала 
қоймайды. “Ала қойларды” аяп отырған жоқ, әрине, ӛзінің зымиян саясатын 
ыңшыңсыз  жүзеге  асырып,  “жаманатқа”  қалмай,  қамқоршы  ретінде 
танылуды  кӛздеп  отыр.  Сонда  саясатқа  шебер  сұм  Түлкі  сұмдық  ақыл 
айтады. Ол қойларды шӛбі шүйгін жайылымға жіберіп, қасқырға бақтыруды 
ұсынады.  Зұлымдығы  белгілі  қойшы  -Қасқыр  қойларды  бағып  жүріп, 
кӛздерін  жойсын,  жеп  тауыссын.  “Табылған  ақылды”  Арыстан  тез  қабыл 
алады. Қойларды Қасқыр бағып оңдырар ма?! Ақыры “Қасқыр баққан қойдан 
ала  түгіл,  ағы  да  аз  қалады”.  Бірақ  қойлардың  құрып  бара  жатқанын  ешкім 
Арыстаннан кӛрмейді. 
Мысалдың  түйінінде  Ахаң  ӛсиет  айтып,  пікір  білдіріп  жатпайды. 
Ақынның  ойы,  сюжеттің  іштей  ширығуы  мен  кейіпкерлердің  мінез-
құлқынан, ӛзіне тән іс-әрекетінен, диалогтарынан танылады. 
 
Бұл сӛзге дегенім жоқ жылар-күлер, 
Адам аз алдын болжап, анық білер. 
Кӛкжалдар қойшы болса, кім біледі, 
Береке ала қойға кірсе, кірер,..- 
 
деп  мысқылды  да  салмақты  ой  тастайды.  Сол  кездегі  цензураның 
“кӛркемдеген”  білетін  ақын  бұдан  түйер  негізгі  ойды  оқырманның  ӛзіне 
тастап,  аң  бейнесіндегі  зұлымдарды  танып  алуды  елдің  ақыл-таразысына 
салады. Ахметті Крылов сюжетінің ең бір қатты қызықтырғаны да, назарын 
аударғаны да “Ала қойлар” тағдыры еді. 
Крылов  творчествосын  зерттеушілер  осы  мысалдағы  Арыстан  бейнесін 
Александр І, Түлкі мен Аю бейнесін оны қоршаған Сарай қызметкерлері деп 
таниды.  Ала  қойларды  академиядан  қуылған  орыс  ғалымдары  деп  біледі. 
А.Байтұрсынов  Ала  қойларды  басқа  контексте,  патша  тепкісін  кӛрген 
бұратана, оның ішінде қазақ халқы деп түсіндіруге талаптанған. 
Осындай саяси мәнге ие, ӛткір жазылған мысалдардың бірі – “Қасқыр мен 
Қозы”.  Крылов  мысалы  ә  дегеннен  моральдан  басталады,  оның  түйіні:  “У 
сильного  всегда  бессильный  виноват”.  Ахаң  оқиғаға  бірден  тікелей  кірісіп 
кетіп,  ӛсиет-түйінді  соңынан  береді.  Осы  түйінді  екі  шумақтың 
алғашқысында  Крылов  айтқан  ойды  беріп,  екіншісінде  ӛз  жанынан  сӛз 
қосып, зорлықшылды анықтай түседі. Мәселен, бірінші шумақта: 
 
Орманға Қасқыр кетті Қозыны алып, 
Белгілі етер ісі алып барып, 


231 
 
Осындай жазықсызды жазғыратын 
Әр жерде күштілерде бар ғой қалып, - 
 
деп бір түйіп алып, екіншісінде: 
 
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі, 
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кісі. 
Нашарды талай адам талап жеп жүр, 
Бӛріден артық дейміз оның несі, - 
 
деп ойын нақтылай түседі. 
Аударманы  теориялық-практикалық  тұрғыдан  жете  зерттеп  жүрген 
Ж.Ысмағұлов  Ахаңның  Крыловтан  аударуда  екі  принципті  ұстағанын  айта 
келе,  екінші  принципті  былай  деп  кӛрсетеді:  “Бұл  шығармаларды 
(мысалдарды Ӛ.А.) Ахаң түп-түгел қазақ ортасына алып келеді де, ғибраттық 
тұжырымдарын  тұп-тура  қазақ  қауымының  шындығына  бейімдеп,  айтар 
үкімін  ӛз  тарапынан  айтады.  Кейде  тіпті  түпнұсқадағы  оқиғаны  ӛз  ойына 
тиек етіп қана алады. Сондықтан мұндай еңбекті аударма деуден гӛрі ұқсас 
сюжетке құралған тӛл туынды деп айтуға болар еді”.  
Міне,  осы  принципке  негізделген  аударманың  бірі  –  осы  “Қасқыр  мен 
Қозы”.  Мысалдың  ӛн  бойынан  қазақ  салт-тұрмысының,  қазақи  ойлау 
жүйесінің,  жан-жануар  туралы  аңыз,  ертегі,  әңгімелердің  табиғаты  есіп 
тұрады. 
Бұлаққа су ішуге келген Қозыны Қасқыр ұстап алып, кінә тағып, сол кінәсі 
үшін  жеп  қоймақ  болады.  Қозы  ӛзінің  кінәсіздігін  қанша  дәлелдесе  де, 
Қасқыр оны кӛтеріп алып жӛнеледі. Түпнұсқадағы 36 жолдық мысал Ахметте 
68  жолдық  тӛл  туындыға  айналған.  А.Байтұрсыновтың  бұл  мысалдағы 
ӛзіндік  ӛрнегі  мысалдың  басталуы  мен  аяқталуындағы  әр  түрлі 
ӛзгешеліктерінен айқын байқалады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет