Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет11/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   265
Байланысты:
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы

қарай тұқыртып жатыр. Өгiзше де, бұл да берiлер емес. Бiр кезде 

апасы айқайлады: “Сүлеймен, жiбер, жiбер қарасанды! Қарашы, 

мүйiзiнiң  түбiнен  қан  ағып  кеттi.  Ендiгi  миы  айналып  кеткен 

шығар. Қазiр өзi-ақ құлайды. Болды! Жiбер деймiн оны!…”

Сүлеймен  бұрылып  қараса,  анадай  жерде  апасы,  ал  оның 

жанында  ақбоз  атқа  мiнген,  бiрақ  бет-әлпетi,  сақал-мұрты, 

киiмдерiнiң  бәрi  қап-қара  бiр  шал  тұр.  Апасының  бейнесi 

көмескi,  бозамық  көрiнедi.  Ал  ана  шалдың  бет-пошымы  ап-

анық.  “Әй,  балам,  жарадың!  Болашақта  үлкен  балуан  болады 

екенсiң. Бiрақ ылғи мал қуып, болмаса қанға араласып жүресiң-

ау деймiн”, — дедi де көрiнiстен таса болды. Лезде оның орнына 

адамдар бiрiн-бiрi қырып-жойып, соғысып жатқан алапат майдан 

басталды  да  кеттi.  Бұл  да  солардың  ортасында  жүр.  Қолында 

кiшкене  ғана  қанжар  мен  қамшыдан  басқа  ештеңе  жоқ.  Ал 

айналасындағы  жаулардың  ұзын-ұзын  найзалары,  қылыштары, 

иықтарына  асынған  мылтықтары  бар.  Әлден  соң  олардың  да 

қарулары жоғалып, бәрiнiң қолында тек қамшы мен қанжар ғана 

қалды. Сөйттi де бәрi әп-сәтте тым-тырақай қашып, iзiм-қайым 

жоқ  болды.  Есесiне,  бiр  жарау  ат  мiнген  қаба  сақалды,  денесi 

алпамсадай, түр-тұрқы әзiрейiлдей дәу кiсi мұның алдынан шыға 

келдi.  Қып-қызыл  алақандай  көздерiнен  от  шашып  тұр.  “Мен 

сенi қазiр бала кезiңде өлтiрiп тастайын! Әйтпесе сен менi кейiн 

өлтiрiп жүрерсiң”, — деп атын екпiндетiп бұған қарай өршелене 

ұмтылды.  Сүлеймен  әрi-берi  бұрылып,  одан  қашқақтап  жүр. 

Бiрақ  анау  өңмендеп  қояр  емес.  Ақыры  одан  қашып  құтылып 

кеткендей  едi,  алдынан  кiлең  бiр  жабайы  аңдар  кездестi.  Аң 

болғанда, өңкей iрi-iрi қабан мен жолбарыс. Бәрi бұған қарама-

қарсы  тұра  қалып,  айбат  шегедi.  Алайда  шабуға  батпайды. 

Қайта бұл оларға қолдарын сермеп, күш көрсетуге әрекеттенiп-

әрекеттенiп қояды. Әлден мезет: “Балам, тиiспе оларға! Олардың 

күшi сенен кем емес”, — дедi апасы. “Күшiм кем болса да, мен 

бұлардан  жеңiлмеймiн”,  —  дейдi  Сүлеймен.  Апасының  осы 

сөзiнен  кейiн  әлгi  аңдардың  барлығы  өз-өзiнен  жоғалды  да, 

олардың орындарының бәрiн қан басып кеттi. Қан, кәдiмгi қып-

қызыл  қан…




24

Сүлеймен қарақшы

IV

Түсi осы тұсқа келгенде, Сүлеймен оянып кеттi. Әдетте бұл 

ұйықтағанда екi аяғы мен қолын екi жаққа жайып, шалқасынан 

жататын. Бұл жолы қол-аяқтарын бауырына тыға, бүгiле жатып 

қалыпты. Алғашқыда қайда жатқанын аңғармаған ол, шалқасынан 

аунап түстi де, “уа” деп қолдарын екi жаққа соза берiп едi, оң 

қолы бiреудiң бетiне сақ етiп оңбай тидi. Анау: “А-а-а, қуғыншы, 

қуғыншы” деп айқайлай ыршып тұрды. Осы сәтте қайда жатқаны 

лезде санасына кiрдi:

—  Ей,  мен  ғой.  Қайсысың  бұл,  сонша  айқайлаған?  Тастан, 

сенбiсiң?  Қолым  байқаусызда  тиiп  кеттi.

— Әй, нең бар ұйықтап жатқан адамды сонша ұрып. Енеңдi 

ұрайынның қолының соншалықты қаттылығын қарашы, — деп 

анау не болғанын ендi аңғарғандай, орнына қайта жатты.

Одан  ары  ұйқысы  келмей,  орнынан  жайлап  көтерiлдi. 

Манағыдай  емес,  үңгiр  iшi  аз  да  болса  жарықтанып  қалыпты. 

Шығар есiктi оп-оңай тауып, сыртқа шықты. Тұрған жерi терең 

сайлы шатқал болғандықтан уақыттың қай мезгiл екенiн аңғару 

қиын. Дегенмен күн төбеден ауа бастапты. Жан-жағына қанша 

алақтап қараса да, бағана қай жақтан келгендерiн аңдай алмады. 

Жан-жақтың  бәрi  бiр-бiрiнiң  түр-түсi  мен  бет-бедерлерiн 

қайталайтын тұтасқан шың-құздар, тобылғылы жарқабақтар. Тек 

өзi тұрған үңгiр аузының алды ғана кiшкене алаңқай. “Адамдар 

iште жатыр, ал аттарымыз қайда?” деп iштей ойлана алға қарай 

бiрнеше  қадам  жүрдi.  Аздан  соң  әлденеге  үркiп,  осқырынып, 

тастарды  тасырлата  тепсiнген  аттардың  тұяқтарының  даусын 

естiдi.  Дауыс  жаққа  бұрылса,  алаңқайдан  төменiрек  жерде 

аттар  бiр-бiрiне  қапталдаса  жатқан  үлкен-үлкен  қойтастардың 

арасымен  құлақтарын  қайшылатқан  күйлерi  берi  қарай  асыға 

жүрiп  келедi  екен.

Әдетте жылқылардың ит-құстан немесе бiр аңнан үрiккенде 

ғана  осылайша  құлақтарын  қайшылатып,  осқырынатынын 

бiлетiн бұл “бұларға не болды екен” деп, соларға қарай жүрдi. 

Көбектiң айтуынша, мұнда дәл қазiргi мезгiлде ит-құс болмауы 

керек. “Аттар бiз тұрғанша, шығар жолы жоқ үңгiр айналасынан 

ешқайда  кете  алмайды»,  деген  ол  тағы.  “Демек,  аттар  әбден 




25



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет