Сүлеймен қарақшы
— Сүлеймен, — дедi осы жерге келгенде Көбек. — Сен бағана:
“Ұрлыққа барғанда жетекке ат алып керегi не?” — деп сұрадың
ғой. Ендi сол сұрағыңа жауап берейiн. Өзiң естiгендей, бiз
сапарға шыққанда жақын маңайға емес, ұзаққа кетемiз. Сондайда
жолда өзiмiз iшiп-жейтiн ас-су, аттарға беретiн жем-шөптi де ала
жүремiз. Қысқы күндерi болмаса, жем-шөптi былайғы уақытта ала
бермеймiз. Бұған қоса, артық-ауыс киiмдерiмiздi де жанымыздан
тастамаймыз. Осылардың бәрiн артып алатын бiзге бос ат
керек емес пе. Бұдан кейiн бiреуiмiздiң астымыздағы ат жолай
ауырып, болмаса жүрiске шыдай алмай қалуы мүмкiн. Ондайда
жетектегi аттың бiрiн ауыстырып мiне қоямыз. Бұлардан басқа
өзiмiз қуалап келе жатқан бөтен жылқылардың арасына жолға
әбден үйренген жетектегi бiр атты қосып айдаймыз. Ол ат анау
жылқылардың алдына түсiп алып, жол бастаушының қызметiн
атқарады. Олардың неге керек екендiгiн ендi түсiндiң бе?
Айтпақшы, кеше сен: “Ұрлыққа барғанда мен не iстеуiм
керек?” деп сұрадың-ә, тағы? Бөтен сөзге айналып отырып, соған
жауап берудi тарс ұмытыппын. Қазiр Аққорғанға жеткенше, сенiң
алдағы мiндетiңдi түсiндiрiп қояйын. Ықыласпен тыңдап ал.
Себебi шетiмiзден аласұрып кететiн барымта кезiнде: “Сүлеймен
бұлай шық, Сүлеймен олай шық”, — деп саған айқайлап
жүрмейiк.
Барымталайтын жылқыларымыздың шетiне жаудай тиiп,
қуа жөнелгенiмiзде бiреуiмiздiң атымызды атап, айқайлаушы
болма. Түнгi дауыстың алысқа кететiнiн бiлесiң. Жаудай тиiп деп
сөз ретi келген соң айтып келе жатырмын да. Әйтпесе жылқы
шетiне ат дүбiрiн бiлдiрмей, жай аяңмен жақындаймыз. Одан
соң үйiрдiң бiр қапталынан қаз-қатар тұра қалып, құрық пен
ұзын қамшыларды жәй сермеп, жылқыларды алға қарай айдай
бастаймыз. Үйiр орнынан бiраз қозғалған кезде, оны жан-жақтан
сыға қысып, қаттырақ айдауға көшемiз. Осы кезде сен қай
қапталда келе жатырсың, сол қапталдан не артқа, не алға ұзап
кетпейтiн бол. Жылқыларды дауыс естiлмейтiндей жерге айдап
келгенiмiзде оларға қамшыны аямай сiлтеп, барынша қуалай
жөнелемiз. Өстiп бес-алты шақырым жүрген соң, жылқыларды
тоқтатып, иiре ұстаймыз да, арт жақтан тың тыңдаймыз. Егер
18
Сүлеймен қарақшы
соңымыздан аттың дүрсiлi естiлмесе, ары қарай малдарды бүлкiл
аяңмен айдап кете барамыз. Ондайда қатты айдауға болмайды.
Өйткенi жылқы iшiндегi жас құлындар, буаз биелер зорығып
қалуы мүмкiн...
— Артта қалып жүретiн екi жiгiттi айтпадың ғой, Көбек, —
дедi Әрiпбай оның сөзiн бөлiп.
— Ә, ол жайында ұмытып барады екенмiн. Үш-төртеумiз
жылқыларды бүлкiл аяңмен қуғанымызда, екi жiгiтiмiз бiзден
едәуiр артта қалып жүредi. Екеуiнiң мiндетi — егер арттан
қуғыншы шыға қалатындай жағдай болса, олардың жолын тежеу.
Болмаса қашқансып, басқа жаққа қарай бұрып әкету.
Көбек осыны айтып болғанша, бұлар Аққорғанның шетiне
де жеттi. Кең сайлы шатқал iшi қараңғы тарта бастапты. Шатқал
етегiндегi бұлақты айналып өткенде, оң жақтағы жарқабаққа
шаншыла қадалған үлкен үшкiр тастың үстiне бiреу сопаң етiп
шыға келдi де, бұларға қарап қол бұлғады.
— Бұл қайсысы? Кендiр ме? — дедi Көбек Әрiпбайға.
— Жоқ, Тастан-ау шамасы. Серейген қолдары соныкiне
ұқсайды.
Үшеуi солай бұрылды. Сай табанындағы қиыршық тастарды
кеше жүрiп, Тастан тұрған жерге жеттi. Жаңағы үлкен үшкiр
тастың аржағында сегiз ат қосақталып байлау-лы тұр. Екi аттың
үстiнде теңдеп артылған жүк бар. Бұлар аттарға жақындағанда
тас түбiнен ұңғыларын шошайтып бердеңке мылтық асынған үш
жiгiт шықты.
— Ассалаумағалейкум, Көбеке, — деп үшеуi бiрдей Көбекке
қолдарын созды.
— Уағалейкумассалам! Қалай, жiгiттер? Бiздi көп күтiп
қалған жоқсыңдар ма?
— Уақтылы келдiңiздер. Мына Әрiпбай артына еңгезердей
қылып бiреудi мiнгестiрiп алғанына қарағанда, қатарымыз тағы
бiр сарбазбен толығатын болған-ау, сiрә, — дедi шеттегi ұзын
бойлы бiреуi.
— Бұл менiң Сүлеймен деген жиенiм. Нағашысына тартса,
бұл да жаман ұры бола қоймас. Бүгiн бiзбен бiрге барады. Ал
өздерiң қалай, ат-көлiк, құрал-саймандарың түгел ме?
|