Сүлеймен қарақшы
Ойын там ішіне сөйлей кірген біреулер бұзды. Есік
жаққа қарап еді, бес-алты адам кіріп келе жатыр екен. Алдыда
– Қосыл. Оның артындағылардың арасында ұзын бойлы,
кесек денелі біреуі ерек көрінді. Онысының қолында мылтық.
Мылтық болғанда, Сүлеймен баяғыды таудағы басмашылырдың
қолынан талай көрген ағылшынның он патронды винчестері.
Басқаларының белдерінде бір-бір ұзын қанжар ілулі. Біреуінің
екі қолында екі қап бар. Қосыл сөйлеп келеді:
–Бекабаны өлтіргенмен, мені өлтіре алмаған дәу жатыр,
міне, өлімші боп. Бірақ басымнан қатты ұрғаны соншалық, миым
әліге дейін шашылардай боп, мең-зеңмін. Жайран, енді бұған не
істейміз? Анау төбедегі үлкен қазыққа асып кетеміз бе, жоқ, атып
тастап, тырдай шешіндіріп тастап кетеміз бе? Қайсысы дұрыс?
Жалаңаштап кетсек, өлігі құрт-құмырсқаға оңай жем болады.
–Өлтіру қашпас, – деді ұзын бойлысы. – Бұған қояр бірер
сауалым бар. Бұл баяғыда біздің жігіттерді құртар кезде «алдымен
бұлардан сауал алып алайын» деп оларды хайуанша қинап, бар
сырларын біліп алады екен. Сол тәсілін өзіне қолданайық та.
Ей, өгіз тектес хайуан, сенің атың Сүлеймен ғой-ә? Баяғыда
Қоқанға саған топырақ жалатайын деп барғанымда, ол жақтан
кетіп қалғаның себепті аман қалып едің. Ақыры қолды қылдық-
ау, өзіңді.
–Сен кімсің өзің?
–Ажалыңмын! Ертеректе Қоқанда сені таппаған соң
қатының мен балаңды өлтіріп кеткем. Өзіңнің де бір кезегің
келер деп ойлағам сонда, Сол сәт, міне, келді бүгін. Бірақ мен
сені өлтіруге қимай тұрмын. Ол үшін бір сауалыма нақты жауап
берсең болғаны.
Осы сәтте Сүлейменнің есіне Қоқандағы баяғы Жардақтың
«Сенің қатының мен балаңда бауыздаған Тәшкеннен келген –
Жайран» дегені сап етті. Сап етті де, бар ашуы көтеріліп шыға
келді:
–Ей, сен, қорғансыз, кінәсіз қатыным мен баламды өлтірген
Жайран залымбысың?! Оһ, сұрқия, қайылсыз жерде кездескеніңді
қарашы. Әйтпесе, Бекабадан бетер етер едім.
534
Сүлеймен қарақшы
–Енді өкінгеніңмен ештеңе тындармассың. Одан да, айт!
Тірі қалғың келе ме?!
Жыны қатты қозғанда басына не түссе де, ештеңенің
парқына бара бермейтін Сүлеймен осы сәт бойын сабырлыққа
жеңдірді. Егер қырсыға берсе, мынадай күйде түк те тындыра
алмайтынын, қайта әп-сәтте ажал құшатыны жайындағы қиял да
бірдемде санасын шарпып өтті.
–Сонда не қыл дейсің маған?
–Маған Парманқұл мен Пархадты ұстап берсең, өзің
амансың.
Өліп кетсе де, досын сатпайтын Сүлейменге мына сауал
ауыр тиді.
–Өзімді қандай тәсілмен өлтірсең де, мұның іске аспайтын
амал.
–Қалауың сол болса, өз обалың өзіңе. Әлгі екеуді сенсіз-
ақ тауып аламын. Айтпақшы, ана дүниге аттанар алдыңда біздің
қолға қалай түскеніңді білгің келмей ме? – Жайран жауап күтпей,
сөзін жалғады: – Бақырайған көзіңнен көріп тұрмын, сол жайын
білгің келіп тұрғанын. Екі күн бұрын Бекабаның үңгіріне барсам,
сен оны өлтіріп, бар қазынасын алып кетіпсің. Мұны сондағы
жаралы жөйіттен есіттім. Қосылды алып, арбамен кеткеніңді де
содан білдім. Сөйтіп, мына жігіттермен дереу соңыңнан түстік.
Кеткен бағытыңды шамалап келе жатсақ, бір көшеде теңкиіп
Қосыл жатыр. Әйтеуір өлтіріп кетпепсің. Су құйып есін жинатып
алдық та, не болғанын сұрадық. Содан артыңнан куайын деп
оқталып тұрғанымызда жол таппаған сен қайтып келе жатыр
екенсің. Дереу қулыққа басып, Қосылды жолға жатқызып қойдық
та, өзіміз тамдардың панасына тығылып тұрдық. Ойыңда ештеңе
жоқ сен ақымақ Қосылды тұрғызып, сөйлесіп тұрғаныңда ту
сыртыңнан ұрып, сілейтіп түсірдік. Жалпы, мен жолым болғыш
адаммын. Біреуді іздесем, түбі таппай қоймаймын. Одан соң
іздегенімді Құдай қолыма жүдә оңай түсіреді.
–Тасадан бас алатын жаман әдетіңді жолы болғыштыққа
санаймысың, кәззап. Әттең-ай, бір кегім сенде кетіп барады. Бірақ
ақырың оңбас... ол кекті мен алмасам да, сені қалай жазалауды
Құдайдың өзі-ақ ретін келтірер.
535
Достарыңызбен бөлісу: |