Байланысты: isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda
мағынасы — нақты қойын деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2) екінші бір затқа
(жер) тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта'болуы, 4) қимылдың
(кірер) бағытын білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы — нақты кіру деген қимыл; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3) келер
шақ мәні, 4) 3-жақ субъект арқылы ол қимылдың іске асуы;
10. денең, лексикалық мағынасы - дене деген зат;
грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы,
2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру
қимылының грамматикалық субъектісі.
Осы шағын талдаудан көрінетіндей, сөйлемдегі әрбір мәнді
сөз бір лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық
мағынаны білдіреді. Және грамматикалық мағыналар біркелкі
19
емес, олардың берілу тәсілдері де әр түрлі. Осы сөздерді кейбір
ортақ грамматикалық мағыналарына қарап топтауға да бола-
ды. Мысалы, жалпы затты зат атауын білдіруіне қарай дүние,