Байланысты: isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda
дүние, есік, жер - заттың атын білдіретін сөздер - зат есім,
туғаида, ашады, кірер - кимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер -
етістік, төрт, жеті - заттьщ санын білдіретін сөздер - сан есім,
ақ, көк, сары (жақсы, үлкен, биік) заттың сынын білдіретін
21
сөздер - сын есім, т. б. Сөйтіп, сөз лексикалық мағынасы
арқылы басқа сөзден дараланып, жекеленіп, бөлініп отыр-
са, жалпы грамматикалық мағынасы арқылы керісінше басқа
сөздермен ортақ сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық
топ қүрауға бейімделеді.