зам, т. б. сияқты түлғалармен қатар қойып қарауға болады
(МСС, 19, 20, 220). Нольдік форманы осылай тануды И. Е. Ма-
44
манов та қолдайды. Түркологиялық әдебиеттерде ілік, табыс,
т. б септік мағыналарында, бірақ ешбір формасыз жүмсалып
түрған сөздерді атау септік терминінен басқа негіз (основной)
септік немесе белгісіз (неопределенный) септік деп атау тіпті
де кездейсоқ емес. И. Е. Маманов қазақ тілінде нольдік формаға
ілік, табыс, барыс септік түлғаларының түсіріліп айтылуы
мен бүйрық райдың екінші жақ жекеше түрін ғана жатқызады
(М.-ҚҚТ ЛТ, 74-79).
Міне осы ыңғайда нольдік форма мен грамматикалық
форманың ара қатынасын ашып алған жөн. Рас, қазақ тілінде
де, оасқа да түркі тілдерінде де негізгі сөз таптарына жататын
сөздер ешоір қосымша көрсеткіштерсіз-ақ негізгі түоір күиінде
түрьга белгілі лексикалық мағынаны білдіреді, міне соның
нәтижесінде ол сөз жалпы грамматикалық мағынаға да ие бо-
лады. Өйткені сөздің жалпы грамматикалық мағынасы оның
лексикалық мағынасы негізінде, атап айтқанда, лексикалық
мағьгааның жалпылануы арқылы туындайтыны талассыз нәрсе.
Соның арқасында сөздер белгілі ортақ қасиеттері арқылы топ-
талады. Мысалы, үй, бала, тас, қала, ойыншық, т. б. сөздер
лексикалық мағынасы жағынан бір-біріне ешбір жақындығы
жоқ: әрқайсысы жеке-жеке заттың атауы. Сол лексикалық
мағынасы негізінде қалыптасқан грамматикалық мағынасы
жағынан қарасақ, бүл сөздерде ортақ белгі бар: ол - зат атауын
білдіру. Сондықтан да бүл сөздер грамматикалық түрғыдан бір
топ - зат есім қүрайды. Сондай-ақ қызыл, үлкен, биік, жақсы,
т. б. сөздер заттың сын-сапасын білдіруі, он, екеу, жүз елу, т.
б. сөздер заттың санын білдіруі, кел, жүр ойна, жүгір, т. б.
сөздер қимылды білдіру жағынан жеке-жеке грамматикалық
топ (сөз таптары) қүрайды. Сондықтан да кейбір еңбектерде ай-
тылып жүрген “түбір сөздерде лексикалық мағына болады да,
грамматикалық мағына болмайды” деген қағида шындыққа жа-
наспайды. Бірақ түбір сөзде грамматикалық мағынаның болуы
оны нольдік формада түр деуге негіз болмайды, өйткені түбірдің
45
тұлғасына тән ерекше қызметі, синтаксистік қарым-қатынасы
бола бермейді және ол сөйлеу кезінде туатын форма емес.
Ы. Е. Мамановтың өте дұрыс көрсетуіндей, “грамматикалық
формалар - сөйлеу негізінде сөйлемде ғана қолданылатын
сөйлеу (речь) бүтіндері”. Оның білдіретін грамматикалық
мағынасы да сөйлеу кезінде айқындалады. Демек, нольдік
форма болу үшін ол сөз сөйлемде белгілі бір түрақты қызмет
атқарып, басқа бір сөзбен қарым-қатынасқа түсуі, түбір
білдіретін грамматикалық мағынадан басқа грамматикалық
мағына білдіріп түруы керек. Мысалы, Одан да шықты
жаңғырық. Кел, балалар, оқылық деген сөйлемдерде ш ы қты ,
кел деген сөздер қимылды білдіріп тұр. Бұндай мағына кез
келген негізгі етістікте бола береді, яғни қимылды білдіру
осы екі етістіктің шық, кел деген түбірлеріне тән. Сонымен
бірге осы мысалдағы ш ы қты , кел деген сөздерде осы топтагы
(етістік) басқа сөздерден ажыратылатын грамматикалық
мағына бар: ол - бірінші сөзде өткен шақтық (-ты қосымшасы)
және 3-жақ жіктік, екінші сөзде 2-жақ жекеше, анайы,
бүйрықтық мағына. Демек, етістік түбір мен нольдік форма
(2-жақ бұйрық), етістіктің бір формасы (шақтық) мен басқа
нольдік форма (3-жақ жіктік) бір емес. Кел, дегенмен сен мұнда
кел деген (яғни жеке түрғандағы етістік түбір мен сол түбірдің
бұйрық рай формасында сөйлемде қолданылуы) бірдей емес.
Біз әдетте сыртқы тұлғасында айырма болмаған соң, бір деп
үйреніп кеткенбіз. Біріншісі (жеке түбір күйінде тұрғандағы кел)
қимылды білдіреді, екіншіде (сен мұнда кел деген сөйлемде) сол
мағынаның үстіне тыңдаушы жаққа қаратылып бұйыра айтылу
мағынасы үстелген. Етістік түбірдің осындай ерекшелігі қазақ
тілі оқулықтарында болсын, тіпті етістікті зерттеуге арналған
монографиялық еңбектерде болсын дұрыс көрсетілмей жүр.
Соның салдарынан бір қараганда онша оғаштығы жоқ сияқты
көрінетін қате ережелер осы уақытқа дейін көрсетілмей қеледі.
Мысалы, мектепте де, жоғары оқу орындарында да: етістік
46
түбірі бүйрық райдың 2-жақ жекеше түрі деп үйретеміз. Соған
қалыптасқан оқушы бүл екеуін бір деп түсінеді де, одан басқаны
үқпайды. Ал шындығында бүл екеуі бір емес. Мысалы, сен
Достарыңызбен бөлісу: |