240
ә) Күзгі жапырақтарды бояу түстерін үйлестіре отырып бояйды.
4
. Қорытынды. 1. Балалар бүгінгі зерттеу жұмысынан қандай қорытынды
шығаруға болады? 2. Өздеріңе қандай жаңалық аштыңдар?
Ей, адамзат, алдыменен досыңды ұқ,
Досың жер, су, ауа, өсімдік.
Ала отырып олардың сыйлығын,
Осыларды қорғамау деген не сұмдық!-деп зерттеу жұмысының мәнін
түсіндіру. Балалардың пікірін тыңдау, тәрбиешінің қорытынды пікірі.
Зерттелетін мәселе: Судың пайдасы.
Зерттеу іс–әрекетінің мақсаты: Балалардың су туралы түсініктерін кеңейте
түсу, судың денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру. Суды үнемдеп
пайдаланудың ережелерін түсіндіру. Зерттеу іс- әрекеттерін қалыптастыру.
Ұйымдастыру сәті. Тәрбиеші жұмбақ жасырады, оның шешуі бүгінгі зерттеу
мәселеміз болады.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тіршілік құрайды (Су)
Дербес ойлану: Балалар судың қасиеті туралы өз ойларын ортаға салады.
а) су – түссіз - бояғыш қоссақ - түс пайда болады
б) су-дәмсіз, иіссіз-дәмін келтіруші қоспалар қоса-дәм пайда балады.(Қант, тұз)
Іші суға толтырылған екі стақан: біреуінде тұзды су, екіншісінде тұзсыз су.
Балалардың әрқайсысы судың дәмін татып, тұзды су ішуге жарамсыз деген
қорытынды жасайды.
Тәжірибелік зерттеу іс- әрекеті: Үнтаспадан судың сылдырын есту. Су
туралы тақпақ айту.
Достарыңызбен бөлісу: