Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет110/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

 
Қорытынды нәтиже: 
Нені білу керек: Балалар қыстың ерекшеліктерін нақты ажырата білуге үйренді, 
Жұмбақтарды шеше білуге үйрену. 
Қандай  түсініктерді  игерді:  Қыс,  суық,  боран,  аяз,  мұз,  аяз  ата,  аққала, 
мүсіндеу, аяз ата, ұлпа, мамық сөзерінің мағынасын түсінеді. 
 Меңгерген  дағдылары  мен  іскерліктері:  Сөйлеуге  және  сөйлем  құрауға, 
жұмбақ шешуге үйренді. Қарапайым тәжірибе жасауға дағдыланады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
243 
 
Қосымша В 
 
Тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін жетілдіруде ата - аналармен 
жүргізілетін жұмыстардың  мазмұны, формасы, әдістері 
 
Психологиялық – педагогикалық білім көтеру формалары 
Балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:  
А) ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер 
оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік 
жұмыстар т.б) 
Б) ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата аналар жиналысы, 
бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық -техникалық база жасауға 
көмектесу); 
В) балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (ата-аналар комитеті, ата-
аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер мектебі); 
Ата-аналармен  жүргізілетін  жұмыстың  формасы  мен  әдістері  олардың 
педагогикалық  мәдениетін  көтеруге,  балабақша  мен  отбасының  өзара 
ынтымақтастығына 
және 
тәрбие 
жұмысының 
әлеуетін 
арттыруға 
бағытталғандықтан ата-аналармен жүргізілген жұмыста төмендегідей әдістерді
бақылау,  әңгіме,  пікірлесу,  тест,  сауалнамалар  қолданып,  жұмысты 
ұйымдастырудың  формаларын  ұсындық.  (Аталған  жұмыс  түрлерінің  мазмұны   
қосымшада ұсынылды). 
Педагогикалық білім беру- бұл, бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-
аналарды  таныстырады  және  олардың  негізгі  педагогикалық  мәдениетін 
қалыптастыруға көмектеседі. 
Дәрістер – бұл, бала тәрбиесінің мәні мен маңызына  жан-жақты терең талдау 
жасау. Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайды немесе 
құбылысты талдау жасау болып табылады. 
Конференция – бұл, бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны 
бекіту. 
Ата-аналарға  арналған  конференциялар  –  балабақшаның  тәрбиелеу  мен  білім 
беру  жүйесінде  ерекше  маңызды  орын  алады.Ата-аналарға  арналған 
конференцияларда  болашақ  қоғамның  азаматтарын  тәрбиелеудің  өзекті 
мәселелері  қозғалып,  оны  тәжірибеде  жүзеге  асырудың  жолдары  нақты 
қарастырылады.  Ата-ананың  ролі,  бала  тәрбиесіндегі  қиындықтар,  отбасы 
тәрбиесінің маңызы,т.б тақырыптар болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет