Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет84/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

Зерттеу  жұмысының  қорытындылары  бойынша  төмендегідей  ұсыныстар 
туындады: 
-  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тәрбиелеу  мен  білім  мазмұнының  тұтас 
педагогикалық  үдерісін  қамтамасыз  ету  үшін  республикалық  деңгейдегі  төл 
туынды  бағдарламалар  мен  оның  оқу-әдістемелік  кешендерін  дайындау 
қажеттілігі; 
-  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  баланың  жеке  басының  дамуына, 
шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға,  коммуникативтілікті  және  баланың 


 
212 
денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге, олардың интеллектуалдық,, көркемдік-
эстетикалық  дамуын,  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  баланың  бойына 
сіңіруге баса назар аудару қажеттілігі:; 
-  мектепке  дейінгі  білім  беруге  арналған  балама,  аймақтық,  үлестік  және 
авторлық бағдарламалардың дайындалуы;  
-  мектепке  дейінгі  білім  беру  салаларының  мазмұнын  айқындау,  негізгі  және 
қосымша білім берудің өзара байласын, сипатын ашып көрсету керек;   
-  балабақшаларға  арналған  бағдарламалардың  мазмұнын  меңгерудің  сапасын 
бағалау жүйесінің жасалуы; 
-  мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен  бастауыш  білім  беру  мазмұнының 
сабақтастығын қамтамасыз ету керек; 
-  балабақшадағы  білім  беру  үдерісін  ғылыми,  бағдарламалық,  әдістемелік, 
ақпараттық-технологиялық, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге көңіл бөлі 
қажеттілігі;  
-  өзгермелі  жағдайларға  байланысты  баланы  мектепке  дайындауды  қамтамасыз 
етуге  бағытталған  инновациялық  білім  беру    бағдарламалары  мен 
технологияларын  тәжірибеге  ендіруде  тәрбиеші  –  педагогтардың  біліктілігін 
арттыру  және  қайта  даярлау,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  пайдалану 
жүйесін  жасау  мәселесіне  баса  назар  аудару,  озық  іс-тәжірибе  насихаттауда 
зерттеу  мәселесіне  сәйкес  арнайы  семинарлар  ұйымдастыруды  жетілдіру 
қажеттілігі;    
-  мектепке  дейінгі  жастағы  балалары  бар  отбасыларына  педагогикалық, 
психологиялық кеңес, әдістемелік, диагностикалық тұрғыдан көмек көрсетілуі  
-  зерттеу  мәселесі  күрделі  болғандықтан  оның  барлық  бағыттарын  толығымен 
қарастырып  шығу  мүмкін  емес,  сондықтан  студенттер  мен  магистранттардың 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  тарыптарында  білім  мазмұнын  жаңарту 
бағыттарымен байланыстыра қарастыру зерттеу аясын кеңейте түспек; 
    Біз өз зерттеу жұмысымызда мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуды 
теориялық-әдіснамалық  тұрғыдан  негіздей  отырып,  балабақшадағы  тәрбиелеу 
мен  оқыту  үдерісін  ұйымдастырудың  педагогикалық,  әдістемелік  және 
тәжірибелік 
мүмкіндіктерін 
қарастырып, 
тәрбиеші 
педагогтардың 
шығармашылығын  дамытудың  жолдарын,  мектепке  дейінгі  білім  беруге 
арналған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдарды пайдаланудың маңызын 
ашып  көрсеттік,  дегенмен  бұл  мәселе  өте  ауқымды  болғандықтан  әліде 
зерттеушілердің  назарынан  тыс  қалмайды  және  әр  қырынан  тереңірек  зерделей 
түсу алдағы уақыттың еншісінде деп есептейміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет