4.3. АҚШ-тағы критикалық ойлау бойынша емтихандар
АҚШ-та жылына жеті рет (Қазақстанда жылына алты
рет) SAT Reasoning Test деп аталатын «американдық
ҰБТ» жүргізіліп отырады. Емтиханның мүмкін болатын
нәтижелері әрқайсысы сәйкестікте 200–ден 800 ұпайға дейін
бере алатын үш тестінің бағасын құрайтын (математика,
мәтінді талдау және жазбаша бөлім) 600-ден 2400 ұпайға
104
дейінгі аралықта орналасады. Мәтінді талдау мен жазбаша
бөлім бойынша тесті құрылымын қарастырайық.
Мәтінді талдау (Critical Reading)
Мәтінді талдау — үш бөлімнен тұратын SAT бөлімі:
сөйлемді аяқтау (sentence completion), үлкен оқылымдарға
(long passages) және кішкентай мәтіндерге (short passag-
es) қатысты сұрақтарды қамтитын сұрақтардың әртүрлі
нұсқалары бар екі 25-минуттық және бір 20-минуттық
бөлім. Әрбір бөлім сөйлемді аяқтауға арналған 5—8
сұрақтардан тұрады. Ал, қалған сұрақтар оқылған мәтінді
талдауға бағытталған.
Сөйлемді аяқтауға арналған сұрақтар оқушының сөздік
қоры мен сөйлемдердің әртүрлі құрылымы жайлы түсінігін
бағалайды. Олардың ішінен сөйлемге логикалық мағына
беру үшін бір немесе екі сөзді қою керек. Мұндағы сөздік қор
айтарлықтай күрделі және айтарлықтай мықты мектепті
сонымен қатар, оқушының өзіндік дайындығын қажет
етеді. Классикалық ағылшын тілін және американдық
әдебиеттерді оқуды сонымен қатар, әртүрлі бағыттағы
мерзімді басылымдардың түпнұсқасын оқуды ұсынады.
Мәтінді талдау кезінде емтихан тапсырушы қандай
да бір үзіндіні (ғылыми кітаптан, журналдан, романнан
және т. б.) оқығаннан кейін сұрақтарға жауап беруі керек.
Өзара байланыста болатын мәтіндерді (paired passages)
салыстыруға арналған тапсырмалар да кездеседі. Негізгі
басымдылық әрбір жолды оқып, негізгі ойды түсініп
және мәтінді ұйымдастыру құрылымын анықтайтын
контекстегі сөздерді түсінуге жасалынады. Әрбір мәтінге
арналған сұрақтар саны мәтіннің көлеміне сәйкес келеді.
105
Грамматика (Writing)
SAT-тың жазбаша секциясы тесті мен эсседен
тұрады. Тесті қателерді іздеу, сөйлемді дұрыстау және
параграфтармен жұмыс жасаудан тұрады. Қателерді іздеу
мен сөйлемдерді дұрыстау оқушының сауаттылығы мен
грамматикалық тұрғыдан қате сөйлемдерді таба білу
қасиетін көрсетеді. Параграфтармен жұмыс жасау мәтіннің
логикалық
ұйымдастырушылығындағы
оқушының
түсінігін бейнелейді.
Эссе жазу 25 минутқа созылады. Барлық эссе негізінен
белгілі бір философиялық сұраққа арналған көрсетілген
тақырыптарға жазылады. Эссе құрылымы қатаң
бақыланбайды. Оқылған кітаптардан, зерттеулерден,
тәжірибе немесе оқушының өзіндік бақылауынан алынған
мысалдар келтіруге болады. Эссе тақырыптарына арналған
мысалдар қарастырайық:
1. Біз үшін адамдарды олардың әлеуетіне немесе
жетістіктері мен тәжірибелеріне қарап баға беру қажет
пе?
2. Лидерлердің өз сенімдері бойынша ма әлде қоғамдық
пікірге сүйене отырып басшылық еткені дұрыс па?
3. Адамдар жаңа дүниелерге өте көп көңіл бөледі деп
санайсыз ба?
4. Біз өзіміздің артық дербестігіміздің кесірінен қоғамның
бір бөлшегі болудың не екендігін түсінуден қалдық деп
санайсыз ба?
5. Қоғам әркімге қатысты бірдей әділ бола алады ма?
Егерде сіз өзіңіздің ата-анаңызды, атаңызды, әжеңізді
тыңдайтын болсаңыз, олардың балалық шағында
106
кітаптың қаншалықты маңызды болғандығына және
кітапхана олардың өмірінде қаншалықты маңызды рөл
ойнағандығына көз жеткізген боларсыз. Ал қазіргі кезде
сіздің компьютеріңіз немесе планшетіңізге мың, тіпті
миллион кітап сыйып кетеді. Критикалық ойлай алу
қабілетін дамыту үшін жаңашыл түрде және түпнұсқадан
көбірек қызықты кітаптар оқыңыз. Солай жасайтын
болсаңыз сізді критикалық ойлауға арналған ешқандай
емтихан, диктант немесе тесті қорқыта алмайды. Бұл кітап
Сіздің досыңыз, кеңесшіңіз болып, жәрдемін тигізеді деп
үміттенеміз.
107
РЕЗЮМЕ...
• Орталық Азиядағы дәстүрлі медреседегі негізгі сабақ
«мантық» (логика), грамматика, риторика, арифметика
және геометрия болып саналған. Қазақ мәдениетінде
кеңінен тараған жұмбақтарды шешу және мақал-
мәтелдерді түсіндіру жастар арасындағы критикалық
ойлау мен логиканы дамытудағы белгілі бір плацдарм
ретінде қызмет етіп келген еді.
• Автордың пікірі бойынша Ұлыбританияда өтетін
критикалық ойлау бойынша емтихандар арасындағы
ең қызықтысы Thinking Skills Assessment (TSA) Oxford
болып табылады.
• АҚШ-та жылына жеті рет (Қазақстанда жылына алты
рет) SAT Reasoning Test деп аталатын «американдық
ҰБТ» жүргізіліп отырады.
• Британдық және американдық критикалық ойлау
бойынша емтихандарда ең көп кездесетін сұрақтар:
1. Берілген мәтінді қалай атар едіңіз?
2. Автордың басты мақсаты қандай?
3. Аргументтегі қате талқылауды анықтаңыз.
4. Берілген аргумент қандай болжамға сүйеніп отыр?
Критикалық ойлау тесттеріне дұрыс дайындалу үшін
көп кітап оқу қажет деп есептеледі. Қазір қазақ тіліне
әлемнің ең үздік кітаптары аударылуда. Әзірше, сіздер
келесі кітаптарды орыс немесе ағылшын тілдерінде оқи
аласыз.
108
Достарыңызбен бөлісу: |