Рамазанда әйел адамның етеккірі келсе немесе
жүкті әйел босанса, оразасы бұзылады. Етеккір күндері мен
нифас кезінде ораза ұстауына болмайды. Бірақ кейін ұстай
алмаған күндерінің қазасын өтейді. Сұрақ: Рамазанда әйел кісі таң намазына дейін етеккірінен (хайыз) тазарса не істейді? Жауап:
Егер әйел кісі Рамазан айында таң намазының
уақыты кіргенге дейін етеккірінен тазарса, ораза ұстауы
міндет. Ниет етіп оразасын тұта бастайды.
Рамазан айында әйел кісі таң намазы кіргеннен
кейін етеккірінен тазарса, ораза ұстамайды. Алайда Ра-
мазанның құрметі үшін, әрі айналасындағы ауыз бекіткен
адамдарға құрмет ретінде олардың көзінше ас ішпегені
абзал. Оразаны келесі күннен бастап ұстайды. Рамазанның
ішінде хайыз болған күндерінің және хайызы тоқтаған
күнінің қазасын кейінірек өтейді. Сұрақ: