46
ӘЙЕЛ КІСІЛЕРГЕ ТӘН ЖАҒДАЙЛАР
Сұрақ:
Рамазан айында неке қидыруға бола ма?
Жауап:
Рамазан айында неке қидыруға рұқсат. Бірақ,
ерлі-зайыптылар ауызашарға дейін жыныстық қатынасқа
түсуге болмайтынын ескергендері жөн.
Сұрақ:
Рамазан айында әйел кісілерге боянуға, түрлі
лак немесе жақпаларды қолдануға бола ма?
Жауап:
Оразаны сырттан ішке кірген нәрсе бұзады.
Сондықтан қолға, бетке жағылған түрлі жақпаларды, лак
т.б. қолдану оразаға кедергі келтірмейді. Алайда аталмыш
майлар, лактар су өткізбейтін болғандықтан құлшылық үшін
алынатын дәреттен бұрын сүрту не кетіру қажет.
Сұрақ:
Достарыңызбен бөлісу: