6.4--сурет. Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғысы үшін арнайы гараж.
6) Көтергіш құрылғыға техникалық қызмет көрсету
1) 6.4-суретте көрсетілгендей, су өткізбейтін, шаңданбайтын және желдету құралдарымен
жабдықталған арнайы гараж болуы керек.
2) Барлық бөлшектер жиі жуылады немесе тазаланады. Қыста жоғары қысымды сумен жууға
тыйым салынады және мұздатуды болдырмау керек.
3) Шасси ілмесінің серіппесін қорғау үшін, сақтау кезінде тік тіректерді тіреу керек.
Оқшауланған себеттің және жұмыс жебенің шатырмен жанасуына және шатыры аласа бөлмеде
зақымдануына жол бермеу керек.
4) Ұзақ уақыт бойы көтергіш құрылғыларын сақтау кезінд, цилиндр піспегінің соташығы
коррозияға қарсы маймен майлануы керек және кез келген майлайтын бөліктерде май
пленкасын бұзуға жол бермеу мақсатында қозғалтқышты айына тек ғана бір рет қосу керек.