Тарату электр


Оқшауланған буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғыларын сынау



Pdf көрінісі
бет136/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   331
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

6.1.4 Оқшауланған буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғыларын сынау 
 
Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғысының сынау параметрлері оқшауланған 
себетте  кернеуге  және  жылыстау  тоғына  төзімділік  сынауын,  оқшаулағыш  буында  кернеуге  және 
жылыстау  тоғына  төзімділік  сынауын,  бүкіл  құрылғыдағы  кернеуге  және  ток  ағуына  төзімділік 
сынауын  және гидравликалық майдың оқшаулау ағында  электр оқшаулауының беріктігін сынауды, 
оқшаулағыш    резеңке  гильзасында  сынауды,  көтергіш  құрылғының  оқшалауғышында  материалдың 
сипаттамаларын сынауды  қамтиды. 
1) Сынау әдістері 
1) Оқшауланған себеттің электр беріктігін және жылыстау тоғын сынау 
Дайын  оқшауланған  себеттің  айнымалы  кернеуіне  және  жылыстау  тоғына  төзімділікке  сынау 
(қолданыстағы  себеттің    және  оқшауланған  себеттердің  ішкі  және  сыртқы  қабаттың  айнымалы 
кернеуіне сынау пайдаланушылардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады) әдетте тұрақты ток 


124 
 
кернеуін арттыру әдісімен жүргізіледі. Сынау электродын  ені 12,7 мм  өткізгіш желім таспасы бар 
құрылғымен бекітеді.   6.2- кестені қарау. Сынау параметрлері. 
Өндірістік  жиіліктің  кернеуіне  төзімділік  сынауын  жүргізудің  сұлбалық  сызбасы  6.5-суретте 
көрсетілген.  Оқшауланған  себетті  ұшқын,  тұтану,  жарылыс  немесе  айтарлықтай  қыздыру  болмаған 
жағдайда  жұмыс  істеу  үшін  мақұлданған  деп  санауға  болады  (температуралар  айырмасы  10°C-ден 
төмен). Жылыстау тоғының сынауын жүргізу сұлбалық бейнесі 6.6-суретте көрсетілген. 
2) Оқшаулағыш буында  кернеу мен  ток кемуінің  төзімділігіне сынау 
i)  Сыртқы  оқшауланған  тартқыш  қарнағының  немесе  оқшауланған    себет  жебенің  электрлік 
беріктігі  сынауы,  оқшаулағыш  буындағы  кернеуге  төзімділік  сынауымен  бірге  дәл  сол  сияқты 
орындалады.  Әдетте  кернеуді  біртіндеп  ұлғайту  әдісі  қолданылады.  Сынау  электродын    ені  12,7 
мм  өткізгіш желім таспасы бар құрылғымен бекітеді. 6.3-кестені қарау. Сынау параметрлері. 
ii)  Оқшауланған  буындағы  өндірістік  жиіліктің  кернеуіне  төзімділік  сынаулары  және  сыртқы 
оқшауланған  тартқыш  қарнағындағы  және  оқшаулаған  себеттің  кіші  көтергішінің  жебесіндегі 
сынаулардың  негізінде  айырмашылығы жоқ.    Сынауларды жүргізу  сұлбалық  бейнесі  6.7-суретте 
көрсетілген.    L-сынау  электродтары  арасындағы  оқшаулағыш  жебенің  ұзындығы.  Оқшауланған 
себетті  ұшқын,  тұтану,  жарылыс  немесе  айтарлықтай  қыздыру  болмаған  жағдайда  (температура 
айырмасы 10°C-ден төмен болмаса) пайдалануға рұқсат етілген деп санауға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет