Тарату электр



Pdf көрінісі
бет154/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   331
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

6.9-кесте. Жапониядағы дамудың түрлі сатыларында кернеуде жұмыс істейтін роботтарға шолу. 
 

Фаза 
(Қолмен 
басқарылатын) 
II 
Фаза 
(Жартылай 
автоматты) 
III Фаза(Автоматты) 
Жұмыс жағдайлары 
 
 
 
Оператор 
Себеттен 
манипуляторды 
басқарады  
Көлік 
шанағы 
кабинасынан 
басқарады 
Қолмен  басқару  талап 
етілмейді 
Қауіпсіздік 
Құлау қаупі: төмен 
Қауіп жоқ 
Қауіп жоқ 
Жұмыс ортасы 
 
Жұмыс 
дағдылары: 
орташа 
Жұмыс 
дағдылары: 
төмен 
Жұмыс 
дағдылары 
талап 
етілмейді 
(болашақта) 
Техниктердің саны 
3 адам 
2 адам 
1 адам 
Бағасы 
$727 000 
$1 000 000 

 
 
6.22-сурет. «Фаза I» кернеуі астында жұмыс істейтін роботтандырылған жүйенің сыртқы түрі: а) 
Қозғалтқыш жетекті; (b) Гидравликалық жетекті. 


141 
 
6.22-суретте  көрсетілгендей,  екі  дәрежелі  бостандықтағы  (DOF)  бірінші  ұрпақ  роботтары 
қолмен  басқару  арқылы  жұмыстарды  орындауға  арналған  жән,  қозғалтқыш  немесе  гидравлика 
арқылы  басқарылады.  Техник  биіктікте  орналасқан  оқшауланған  себетте  жұмыс  істейді  және 
жұмыстың  барысын  бақылайды.  Роботты  пайдалану  үшін  кем  дегенде  үш  қызметкер  қажет.  Біреуі 
биіктікте механикалық қолды тікелей басқарады, екіншісі қашықтан басқару құралымен жерде көмек 
көрсетеді, ал үшіншісі қауіпсіздікті бақылайды. [13]  
Еңбектің  тиімділігін  арттыру  үшін  бірінші  ұрпақ  роботтарына  негізделген  екінші  ұрпақ 
роботтары қосымша функцияларға ие, соның ішінде визуалды орналастыру жүйесі, автоматты құрал 
ауыстыру  құрылғысы,  адам-машина  өзара  әрекеттесу  және  сөйлеуді  анықтау.  Олар  6.23-суретте 
көрсетілгендей,  кернеу  астында  жұмыс  істейтін  жартылай  автоматты    роботтар  деп  аталады.  Робот 
корпусына орнатылған ажыратуы жоғары камерамен түсірілген суреттер техник роботтың қашықтан 
басқарылуын  жүргізетін  жерүсті  басқару  кабинасына  жіберіледі,  осылайша,  жоғары  кернеумен 
тікелей байланыс және үлкен биіктіктен құлау қаупі жойылады. Жұмысты орындау үшін кемінде екі 
техник  қажет.  Біреуі  жерүсті  басқару  кабинасында  негізгі  басқару  дисплейі  арқылы  механикалық 
қолды басқарады, ал екіншісі қауіпсіздікті бақылайды [14] [15] Үшінші ұрпақтың роботы толығымен 
автоматты. Басқару кабинасы талап етілмейді,  жұмыс орнында тек бір қауіпсіздік инспекторы қажет. 
Техник жұмысқа бақылау жасау үшін қол терминалын пайдаланады, сол арқылы жұмыс процесінен 
адам факторын  жояды. Үшінші ұрпақтың роботы екінші ұрпақ роботымен ұқсас корпус құрылымына 
ие, бірақ оның интеллекті дамыған. Ол үш өлшемді көру жүйесімен жабдықталған. Осы жүйе жұмыс 
ортасын  автоматты  түрде  анықтайтын,  қорытынды  жасайтын  жасанды  интеллект  арқылы 
операцияларды орындайды. Сондай-ақ, ол  деректерді беру технологиясын, стереоскопиялық көруді 
позициялау  технологиясын,  компьютерді  басқару  технологиясын  және  бейне  танудың  техникалық 
құралдарын  біріктіреді  және  пайдаланады.  Үшінші  ұрпақ  роботы  автоматты  түрде  жұмыс  алдында 
жұмыс орнына орналасады, жұмыс барысында процесті автоматты түрде бақылайды, жұмыс сапасын 
автоматты түрде тексереді және жұмысынан кейін қажетті түзетулерді енгізеді. 
 
 
6.23-сурет. «II фаза» кернеуі астындағы роботталған жұмыс жүйесі. а) «ІІ фазаның» сұлбалық 
бейнесі; b) «II кезең» физикалық бейнесі. 
 
Жапониядағы  кернеудегі  желілерде  жұмыс  істейтін  роботтардың  даму  тарихын  ескере 
отырып, роботтар практикалық қолданысқа енгізілгенге дейін көптеген жапондық ғалымдар   KEPCP-
пен  қаржыландырған  роботтар,  солармен  бірге  арқан  жол,  автокөлік  трансформаторы,  автокөлік 
генераторы  немесе  көлік  негізіндегі  генератор  сияқты  басқа  да  ауыр  жабдықтар,    қол  режимде 
кернеудегі  жұмыстарды  орындауымен  салыстырғанда,  қымбат  бағаға  және  жоғары  техникалық 
қызмет көрсету бойынша шығыстарға байланысты соңында тиімсіз болып қалды. Көп жылдар бойы 
қалыпты  пайдаланудан  кейін  кернеу  астында жұмыс  істейтін  роботтар  экономикалық  тиімді  болып 
шықты.  Олар  күтуден  асып  түседі,  бұл  6.24-суретте  көрсетілген  пайда  талдауымен  дәлелденді. 


142 
 
Ғасырлар  тоғысында  Жапонияда  кернеу  астында  жұмыс  істейтін  93  робот  жасалды.  6.25-суретте 
KEPCP  электр  желілеріндегі    10  жыл  ішінде  жазатайым  оқиғалардың  саны  көрсетілген.  Қолмен 
жұмыс  істеудің  дәстүрлі  әдісімен  салыстырғанда  роботтардың  танымалдылығы  электр  тоғынан 
зақымданулар  санын  күрт  азайтты    және  қарапайым  қызметкерлердің  қауіпсіздігіне  кепілдік  береді 
[17]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет