6.3.1.2 Жапониядағы робот-манипуляторлар 1980-жылдардың аяғында Жапония үкіметімен жүргізілген демографиялық санақтың
қорытындылары болашақта халықтың бірте-бірте қартаюы және еңбек ресурстарының тапшылығын
елеулі түрде өсетінін көрсетті. Нәтижесінде бүкіл Жапонияда автоматтандыру саласындағы
бүкіләлемдік революция толқыны туды. Kyushu Electric Power Co. Inc. (KEPCP) компаниясы
автоматтандыру революциясына жетекшілік етті. Кернеудегі таратушы желілерде жұмыс істеудің
дәстүрлі әдісінен туындауы мүмкін жоғары биіктіктен құлау және электр тоғынан зақымдану қаупін
ескере отырып,1984 жылы KEPCP компаниясы Yaskawa Electric Corporation компаниясымен кернеу
астында тарату желілерінде біршама қауіпсіз және тиімді тәсілмен жұмыс істеуге арналған
роботтарды әзірлеу үшін жұмыс бастады. Жұмыс істейтін роботтарды дамытатын алғашқы ел ретінде
Жапония бұл салада ең үлкен жетістіктерге қол жеткізді және әлемде индустрияландыруды
қолдануда үлкен мүмкіндіктерге ие болды. Үш даму кезеңі жүргізілді:
I кезең (1984-1989): Бірінші ұрпақ роботы - қолмен басқарылатын робот;
II кезең (1990-1997): Екінші ұрпақ роботы - жартылай автоматты робот;
III кезең (1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін): Үшінші ұрпақ роботы - толық автоматты робот;
6.9-кестеде роботтардың үш ұрпағына шолу жасалды.