Егер техник сол уақытта желідегі жерлендіру элементіне қорғалмаған дене бөлігімен жанасса,
электр зарядтарының қуатсыздануы орын алады; разряд тогы орташа мәнге жеткенде, шаншу
сезіледі. [1] Дәл осы сияқты, егер электр өрісінде жерлендіруден оқшаулайтын металл нысан
орналасса, электр зарядтарының шағын мөлшері электростатикалық индукция есебінен нысанда
жинақталады, осылайша нысанды бағытталған кернеу әсеріне ұшыратады. Бұл уақытта, егер электр
маманы жердің электр шамасында жүріп, нысанға қолын тигізсе, нысанда жинақталған электр
зарядтары ол арқылы жерге қуатсызданады, сонымен қатар ток разряды орташа мәнге жеткенде
шаншу сезіледі.
Адам ағзасы белгілі бір дәрежеде электр тогының әсеріне төзе алады, мұндайда, адам түрлі
сезімде болып, дене арқылы өтетін токтың түрлі қарқындылығынан туындайтын зиянды әсерге
шалдығады. Төмен кернеулі (0,5 мА және төмен айнымалы ток) сезілмейді, дегенмен, 1 - 5 мА
аралығындағы мәнде сезіле бастайды, бірақ ағзаға зиянсыз болып табылады. Осыған қатысты зерттеу
нәтижелері бойынша адам ағзасы тұрақты және айнымалы токқа түрлі дәрежеде қарсыласатыны
анықталған. Негізі, адам ағзасының қабылдау деңгейі ретінде минималды сезілетін айнымалы және
тұрақты ток үшін қуаттау желісінің 1 мА тогы мен 5 мА тұрақты тогының сәйкес мәндері
қабылданған. Минималды сезілетін токтың адам ағзасы арқылы ұзақ уақыт өтуі ешқандай қауіп
төндірмейді. Ерлер мен әйел адамдар қабылдау деңгейі бойынша біраз еркешеленеді, әдетте әйел
адамдардың қабылдау деңгейі ер адамдардан анағұрлым жоғары деп есептеледі. Егер ток тығыздығы
әр түрлі денелерден өтсе, адам ағзасының сезімталдығы айрықша болады.
Тиісті ақпарат пен клиникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, тығыздығы 0,127 мА/мм² болатын
ток адам ағзасының төзімді электр шаншуын сезінуге себеп болады. Адам денесі арқылы өтетін
қуаттау желісінің тогы жүздеген миллиамперден асқанда, ал энергия беру уақыты жүрек жиырылу
кезеңінен қысқа болса (ересек адамның жүрек жиырылуының орташа жиілігі минутына 75 соғыс, ал
жүрек жиырылуының орташа кезеңі 0,8 с болған жағдайда), қарыншалар бүлкілдейді. Егер энергия
беру уақыты жүрек жиырылу кезеңінен артық болса, жүрек токтап, өлімнің орын алуына соқтырады.
3.1-кесте Адам ағзасына физиологиялық әрекет ететін разрядты токтың шекті мәндері /мА.
Физиологиялық
әрекет
Қабылдау
Токтың
соғуы
Әлсіз
тыныс
Тыныстың
қысылуы
Қарыншалардың
бүлкілдеуі
Ер адам
1.1
3.2
16.0
23.0
100
Әйел адам
0.8
2.2
10.5
15.0
100
Егер адам ағзасы тұйық пішін болып табылса, ток денемен өтіп, электр тогымен зақымдайды.
Адамды электр тогының соғысымен зақымдау денеден өтетін ток шамасына тәуелді. Адам ағзасының
қуаттау желісінің белгіленген тогына физиологиялық әрекетіне қабылдау, шок, тыныстың әлсіреуі,
48
тыныстың қысылуы және қарыншалардың бүлкілдеуі жатады. 3.1-кестеде зерттеулерге сәйкес адам
ағзасына физиологиялық әрекет ететін разрядты ток шектері келтірілген.