76
4) Диэлектрлік қолғаптар мен аяқ киімдерді саусақтарды ұстағышта немесе арнайы бөлінген
жәшіктерге жоғарғы бөлігін төмен қаратып қою арқылы құрғақ және салқын жерде сақтау.
Диэлектрлік қолғаптар мен аяқкиімді басқа құралдардан бөлек қойыңыз және олардың үстіне қандай
да бір заттар қоймаңыз.
5) Диэлектрлік қолғаптар мен аяқкиімдердің мұнай майының әсеріне ұшырауына жол бермеңіз.
Жұмыс жасаған кезде шатастырып алмас үшін оларды зақымдалған қолғаптармен және
бәтеңкелермен қатар қоймаңыз.
6) Диэлектрлік бәтеңкелерді жаңбырға арналған бәтеңке немесе басқа аяқкиім ретінде
пайдаланбаңыз.
4) Диэлектрлік қорғаныс каскасы
Диэлектрлік қорғаныс каскасы беріктігі жоғары пластик немесе шыны пластик сияқты
оқшаулағыш материалдардан жасалған. Сыртқы пішіні жағынан кәдімгі каскаға ұқсас. Жұмыс
алаңында қызметкердің басына бөтен заттардың құлап кетуінен қорғаумен қатар, қорғаныс каскасы
басты жабдықпен өзара жанасудан сақтайды. Сондықтан, ол жеңіл болуы тиіс әрі механикалық
соққыға, отқа жақсы төзімді және электрден қорғайтын күшті қасиеттерге ие болуы тиіс. Тексеру
кезінде касканың ішкі және сыртқы беті сызаттарсыз, жарықтарсыз немесе тесіктерсіз тиісті жай-
күйде болуы тиіс. Өлшемі қолданыстағы стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: